Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 20:18, реферат
Мойынның жоғарғы шекарасы болып: төменгі жақтың төменгі жиегі, оның бұрышы, сыртқы есту жолының төменгі жиегі processus mastoіdeі-нің алдыңғы және төменгі жиектері және әрі қарай lіnea nuchae superіor-мен және қарама-қарсы жақтан осындай сызықпен шектеледі. Мойынның төменгі шекарасы manubrіі sternі-дің жоғарғы жиегімен, бұғананың жоғарғы бойымен акромиальды өсіндінің ұшына дейін және осыдан УІІ мойын омыртқаның жоталық өсіндісіне жүргізілген сызыққа сәйкес келеді. Мойынның пішіні цилиндрге салыстырмалы түрде ұқсас болып келеді. Оның пішіні конусқа ұқсайды, бір жағдайда негізі үлкен болып төменге қарайды, екінші жағдайда негізі жоғарыға қарап орналасқан. Бұл конустың биіктігі немесе мойынның ұзындығы тұрақты, оның ұзындығы кейде орташа, кейде одан екі есе артық болады. Бірінші жағдайда қысқа, жуан мойын туралы, ал екінші жағдайда ұзын, жіңішке мойын туралы айтуға болады. Қысқа, Жуан мойын, дене бітімі брахиоморфты кісілерде жиі, ал ұзын, жіңішке мойын долихоморфтыларда жиі кездеседі