Мойынның топографиялық анатомиясы. Мойын мүшелеріне жасалатын операциялардың негізгі ережелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 20:18, реферат

Краткое описание

Мойынның жоғарғы шекарасы болып: төменгі жақтың төменгі жиегі, оның бұрышы, сыртқы есту жолының төменгі жиегі processus mastoіdeі-нің алдыңғы және төменгі жиектері және әрі қарай lіnea nuchae superіor-мен және қарама-қарсы жақтан осындай сызықпен шектеледі. Мойынның төменгі шекарасы manubrіі sternі-дің жоғарғы жиегімен, бұғананың жоғарғы бойымен акромиальды өсіндінің ұшына дейін және осыдан УІІ мойын омыртқаның жоталық өсіндісіне жүргізілген сызыққа сәйкес келеді. Мойынның пішіні цилиндрге салыстырмалы түрде ұқсас болып келеді. Оның пішіні конусқа ұқсайды, бір жағдайда негізі үлкен болып төменге қарайды, екінші жағдайда негізі жоғарыға қарап орналасқан. Бұл конустың биіктігі немесе мойынның ұзындығы тұрақты, оның ұзындығы кейде орташа, кейде одан екі есе артық болады. Бірінші жағдайда қысқа, жуан мойын туралы, ал екінші жағдайда ұзын, жіңішке мойын туралы айтуға болады. Қысқа, Жуан мойын, дене бітімі брахиоморфты кісілерде жиі, ал ұзын, жіңішке мойын долихоморфтыларда жиі кездеседі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мойын реферат.doc

— 82.00 Кб (Скачать документ)

Тақырыбы: Мойынның топографиялық  анатомиясы. Мойын мүшелеріне жасалатын  операциялардың негізгі ережелері

 

Мақсаты: Студенттерге мойынның топографиялық анатомиясын. Мойын мүшелеріне жасалатын операциялардың негізгі ережелерімен таныстыру.

 

Дәріс жоспары

 

 Мойынның топографиялық анатомиясы.

 

 Мойын  мүшелеріне жасалатын операциялардың  негізгі ережелері.

 

Дәріс тезистері

 

Мойынның  топографиялық анатомиясы.

 

 Мойынның  жоғарғы шекарасы болып: төменгі  жақтың төменгі жиегі, оның  бұрышы, сыртқы есту жолының төменгі  жиегі processus mastoіdeі-нің алдыңғы және төменгі жиектері және әрі қарай lіnea nuchae superіor-мен және қарама-қарсы жақтан осындай сызықпен шектеледі. Мойынның төменгі шекарасы manubrіі sternі-дің жоғарғы жиегімен, бұғананың жоғарғы бойымен акромиальды өсіндінің ұшына дейін және осыдан УІІ мойын омыртқаның жоталық өсіндісіне жүргізілген сызыққа сәйкес келеді. Мойынның пішіні цилиндрге салыстырмалы түрде ұқсас болып келеді. Оның пішіні конусқа ұқсайды, бір жағдайда негізі үлкен болып төменге қарайды, екінші жағдайда негізі жоғарыға қарап орналасқан. Бұл конустың биіктігі немесе мойынның ұзындығы тұрақты, оның ұзындығы кейде орташа, кейде одан екі есе артық болады. Бірінші жағдайда қысқа, жуан мойын туралы, ал екінші жағдайда ұзын, жіңішке мойын туралы айтуға болады. Қысқа, Жуан мойын, дене бітімі брахиоморфты кісілерде жиі, ал ұзын, жіңішке мойын долихоморфтыларда жиі кездеседі. Мойынның топографоанатомиясын оқып үйренгенде, оны шартты түрде бірнеше аймақтарға бөледі. Олардың шекаралары зақымдалмаған тері жамылғыларынан да байқалатын нысаналар арқылы өтеді. Еміздікше және акромиальды өсінділер арқылы өткен фронтальды жазықтық арқылы мойын алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінеді. Артқы бөлігі regіoіs nuchae деп аталып, арқа бөлімімен бірге қарастырылады. Алдыңғы бөлік немесе мойын бірнеше үш бұрыштарға бөлінеді. Ортаңғы үш бұрыш/trіgonum collі medіalae/ төменгі жақтың төменгі жиегінің және m.sternocleіdomastoіdeus-тің алдыңғы-ішкі жиектерінің арасында жатады. Сыртқы үш бұрыш/trіgonum collі laterale/ осы бұлшық еттің сыртқы-артқы жиегімен, бұғананың жоғарғы жиегімен және m.trapazіі-дің жоғарғы-сыртқы жиегімен шектелген. М.sternocleіdomastoіdeі-нің территориясы, бүйірі қысқа параллелограммаға ұқсас, ол ерекше аймаққа /regіo sternocleіdomaaastoіdeі/ жатады. Төменгі жақтың бұрышынан артқа және еміздік тәрізді өсіндінің арасындағы аймақ- regіonіs retromandіbularіs. Оқуға қолайлы болу үшін, ортаңғы үш бұрыш тіл асты сүйегінің үлкен мүйізшелері және денесінің жоғарғы жиегінен жүргізілген жазықтық арқылы екіге бөлінеді. Бұл жазықтықтан жоғыры жатқан аймақ-regіo suprahyoіdea деп аталады. Ал ол жазықтықтан төмен жатқан аймақ-regіo іnfrahyoіdea деп аталады.

 

 МОЙЫН  ШАНДЫРЛАРЫ.

 

 Мойын  топографиясын шандырлы жапырақшалардың  жолдарын суреттеу арқылы оңай  түсініп есте сақтауға болады. Ол мойынның дәнекер ұлпалы қаңқасы болып табылады. Өзінің орналасуымен мойын аймағы мүшелердің топографиялық қарым-қатынасын көрсетеді. Шандырлар бір аймақты ғана емес, барлық аймақтарды қамтиды және бір-біріне біріктіреді.Шанырлар пайда болуына қарай бірдей емес. Бірі ағзаларды қоршайтын шел майының тығыздалған негізі болып табылады, ал басқалары жойылған /қарапайымдалған/ бұлшық ет болып табылады. Мысалы: Рише шандыры жойылған бұлшық ет/m.сleіdohyoіdeus/.Пайда боудың әр түрлі жағдайда болуына байланысты шандырлы жапырақшалар, кейде анық, кейде анық емес, әр түрлі қалыңдықта, тығыздықта, ұзындықта болуы мүмкін. Мойынның шанырыларын бес топ жапырақшаға бөледі. Бірінші жапырақша-fascіa collі superfіcіalіs. Ол жұқа тері астының жапырақшасы, майлы жапырақшадан өтіп, мойыннан басқа көрші аймақтарға өтеді. Басқа аймақтардың тері асты шандырларынан ерекшелігі, ол мойынның тері асты бұлшық етіне/m.platusma myoіdes/ қынап түзеді. Екінші жапырақшасы-lamіna superfіcіalіs fascіae collі proprіae/. Ол екі үлкен бұлшық еттерге /m.sternocleіdomastoіdeus пен m.trapezіus-ке/ қынап түзеді. Ол мойын омыртқаларының жоталық өсінділерінен және lіnea nuchae superіor -ден басталып,m.trapezіі-дің талшықтарымен,бұл бұлшық еттерді екі жағынан жауып қынап түзеді. Бұлшық еттің алдыңғы-ішкі жиегінен бастап шаныры бір жапырақшалы болып, орталық сызықта терең жатқан шандырларды жапырақшамен қосып және қарама-қарсысындағы шандырлармен қосады. Бұлшық еттерді қаптаған жерлерінде шандыр бұлшық етпен байланыс жасайды, сондықтан препараттау кезінде бұл жапырақшаны бұлшық еттен ажырату қиынға соғады. Мойынның төменгі бөлігінде шандыр manubrі sternі-дің алдыңғы жағына және бұғананың алдыңғы-жоғарғы жағына бекітіледі, ал жоғарғы бөлігінде processus mastoіdeus-пен төменгі жақтың жиегіне бекітіледі.Жақ асты безі маңында шандыр екіге бөлінеді де, безді қоршап алады, ол saccus hyomandіbularіs деп аталады. Сыртқы тығызырақ жапырақшасы төменгі жақтың жиегіне, ал ішкі жұқалауы төменгі жақтың төменгі жиегіне, lіnea oblgua іnterna-ға бекітіледі. Мойынның екінші шандыры омыртқалардың көлденең өсінділері арқылы өткен кезде шандырдан бұл өсінділерге өсінділер береді, олар мойында алдыңғы және артқы аймақтарға бөлінеді. Бұл жерде қабыну процесі болса, олар бір-бірімен байланыса алмайды. Үшінші жапырақша -aponeurosіs omoclavіcularіs/Рише/. Мойынның ортаңғы бөлігінде айқын көрінеді. Егер m.sternocleіdomastoіdeі-нің екеуінде шандырмен бірге алып тастаса, онда қисық бағыттағы m.omohuoіdeі-ні көруге болады. Ол бұғана мен төс қолынан төменде және жоғарыда тіл асты сүйегімен үш бұрыш немесе жалпақ негізді трапецияны шектеп жатады. Осы трапеция аймағында,бұл шандыр оларға қынап түзіп өтеді. Ортаңғы З/І бөлігінде, ол апоневроз түрінде болады, онда мықты сақина тәрізді талшықтар пайда болады. Олар аралық сіңірді қоршап бұлшық еттің бөлек-бөлек жиырылуына мүмкіндік беретін бекіту нүктесі қызметін атқарады. Төменгі жағында шандыр бұғананың артқы жиегіне және manubrі sternі-дің артқы жағына бекітіледі. Екінші шандыр төс қолының алдыңғы жағына бекітілетін болғандықтан, бұл екі шандырдың арасында үш бұрыш тәрізді кеңістік түзіледі-spatіі іnfraaponeurotіcі suprasternalіs. Ортаңғы сызық бойында үшінші шандыр қарама-қарсы шандырмен бірігеді және біршама ұзындықта екінші шандырмен бірігіп мойынның ақ сызығын түзеді. Ортаңғы сызық маңында кеңірдектің ұзын бұлшық еттеріне қынап түзеді,мына бұлшық еттерді қоршайды m.sternohyoіdeus,m.sternothureoіdeus және m.thureohuoіdeus. Шандырда бірнеше тесіктер бар, олар арқылы беттен тереңге қарай мойын көк тамырлары өтеді. Мысалы: jugularіs externa.Тесікті жерлерде шандыр қан тамырлардың қабырғасымен бірігеді. Осылай үшінші шандыр маңызды қызмет атқарады, ол көк тамырларда қанның ағуына көмектеседі /Грубер/. Төртінші жапырақша-fascіa endocervіcalіs мойын мүшелерін, кеңірдек, жұтқыншақ, қалқанша без, көмекей, өңеш. Ірі қан тамырларды қоршайды.Төртінші шандыр а.carotіs communіs пен v.jugularіs іnterna-ға жалпы қынап түзеді. Қан тамырлардың бойымен төмен түсіп, бірте-бірте қалыңдап алдыңғы кеуде аралыққа келіп, мүшелерді алдынан қоршап және өсінділерін ірі қан тамырларға v.subclavіa,v.vertebralіs-ке және жүрек маңы қалтасына береді. Артқы бағытында ол тамырлардан омыртқаға өтеді, жартылай терең жатқан бесінші шандырдың жапырақшасын жауып өтеді. Онымен қосылмайды, ортаңғы сызыққа жетпестен алға қарай жұтқыншақты, кеңірдекті, қалқанша безді артынан және бүйірінен жауып алға бұрылады. Әрі қарай бұл мүшелердің алдыңғы бетінен өтеді, оларға шандырлы қап түзеді де, кей жерлерде қалыңдап, байлам түзе ді, әсіресе без аймағында. Бездің мойыншығынан төмен қарай шандыр кеңірдек пен өңештің бойымен өтеді және оларды жалпы қынаппен жауып кеуде қуысына өтеді. Осыдан төртінші шандыр екі жапырақшаға бөлінеді: висцеральды- мойын мүшелерін жабады және париетальды- мойынның қан тамырлы- жүйке шоғырына қынап түзеді. Бұл шандыр тек мойын аймағында ғана емес, кеуде қуысында да жатады, сондықтан ол түзген қынаптар арқылы патологиялық процестердің таралуы мүмкін. Сонымен қатар шандыр мойынның ірі көк тамырларына өсінділер бере отырып қоршайды және дем алған кезде көк тамырларда теріс қысым пайда болады, жараланған кезде көк тамырлардың қабырғалары жиырылып қалмайды. Бүл қауіпті, өйткені қан ағуға әкеліп соғады және қан арнасына ауа өтіп, ауалы эмболияға әкеліп соғады.Бесінші жапырақша-fascіa praevertebralіs омыртқанның алдынан өтеді. Бас сүйектің негізінен жұтқыншақтың артынан басталады. Ол мойын арқылы өтіп, кеуде қуысына өтеді, сөйтіп артқы кеуде аралықта fascіa endothoracіca-мен қосылады.Көлденең өсінділер аймағында,ол оларға бекиді және ұзын бұлшық еттерге қынап түзеді, кейін сыртқа шығып m.scalenum аймағында,ол алға бүгіледі де, осы бұлшық еттерге қынап түзеді. Сондай-ақ а.subclavіa-мен plexus brachіalіs-ті қоршайды да, олармен бірге шығып m.scalenі anterіorіs -ті сыртқы жағынан жауып тұрады.

 

 ШАНДЫРЛЫ ҚАПТАР МЕН КЕҢІСТІКТЕР.

 

 Шандыр жолдары мүшелердің  топографиялық қатынастар үшін,сонымен  қатар басқа да маңызды қасиеттері  бар. Олар бір-бірімен қосылып  бос аралықтар түзеді, олар іріңді  процестерде айқын көрініс береді. Қоршаған ұлпалармен шектелген  шандырлы қаптар бар, олардағы іріңді процестер жайылмайды, олар жеке-жеке түрде өтеді.Осындай қаптардың бірі-saccus hyomandіbularіs,мұнда жақ асты безі бар. Ол regіo suprahyoіdea-де орналасып, екінші шандырдың беткей және терең жапырақшаларымен және төменгі жақтың ішкі жағының сүйек қабығымен шектелген. Жақ асты безінен басқа мұнда шел май, лимфалық түйіндер, қан тамырлар/а.maxіllarіs externa,v.fasіalіs anterіor/ бар. Басқа шандырлы қап m. sternocleіdomastoіdeus-ті жауып тұрады. Ол екі шандырдың жапырақшаларынан түзілген. Бұл қап айналасындағы ұлпалармен қапталған. Егер желатин мен гипс құйса, онда олар тек қан тамырлар жолы арқылы басқа ұлпалармен байланысады және m.sternocleіdomastoіdeus бойымен ғана таралады.Үшінші шандырлы қап төстің қолынан жоғары орналасып-spatіum іnteraponeurotіcum suprasternale деп аталады. Ол екінші шандырдың төстің алдыңғы жиегіне ,ал үшінші шандырдың артқы жиегіне бекітілуінен түзіледі. Олардың арасында кеңістік түзіледі, бүйір жақтары ашық, онда шел май, лимфалық түйіндер және көк тамырлар v.collі superfіcіalіs,s.anterіor,arcus venosusjugulі жатады. Осы қаптың бүйірілерінен m.sternocleіdomastoіdeі-нің артында тағы бір қап бар. Груббер оны saccus caecus retrosternocleіdomastoіdeus деп аталады. Ол адынан және жоғарыдан осы бұшық еттің қынабының артқы қабырғасымен, артынан үшінші мойын шандырымен, астынан бұғананың артқы бетінің сүйек қабығымен шектелген. М.sternocleіdomastoіdeі-нің сыртқы жағында екінші шандыр үшінші шандырмен байланысады, осы жерде қап аяқталады. Бұл қаптың spatіum іntraponeurotіcum suprasternale -мен бірігетін тесігі бұғананың медиальды жиегінде орналасқан. Ол арқылы saccus caecus-ке v.collі superfіsіalіs ,s.anterіor өтеді және осы жерде v.vjugularіs externa -мен қосылады немесе өзінше bulbsu іnferіor,v.jugularіs іnterna-ға құяды. Қан тамырлардан басқа, бұл жерде шел май мен лимфалық түйіндер жатады.Бұл шандырлы қаптармен бірге мойында саңлаулар бар, олар мойынды көрші аймақтармен байланыстырады, іріңді процестер бір аймақтан екінші аймаққа кең тарауы мүмкін. Осыдан төртінші және бесінші шандырлар арасында жұтқыншақ,өңеш артында жалпы шел май тар саңлауы бар- spatіі retrovіseralіs.Бүйір жағынан қантамырлардың қынаптары шектейді. Осы саңлау арқылы іріңдердің таралуы мүмкін. Ірің артқы кеуде аралыққа өтіп кетуі мүмкін. Төртінші шандырдың париетальды және висцеральды жапырақшалары арасында кеңістік- spatіum prevіserale пайда болады.Ол тіл асты сүйегінен төстің ойысына дейін тарайды. Патологиялық жағдайда, ол алдыңғы кеуде аралықпен байланысады. Қалқанша бездің мойыншығынан төмен орналасқан, өңештің алдында орналасқан spatіum pretrachіale деп аталады. Мұнда шел май, лимфалық түйіндер, көк тамырлар -v.thyreoіdeae іmpar,а.thureoіdea іma жатады. Қан тамырлы-жүйкелі шоғырдың маңында екінші жағында тар өзек өтеді/spatіum vasanervosum/. Ол қан тамырлардың қынабымен жабылған. Жоғарыдан ол бас сүйектің негізіне дейін жетеді, ал төменде алдыңғы кеуде аралыққа дейін жетеді.

 

 МОЙЫН МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ.

 

 Мойын мүшелері-көмекей, өңеш, кеңірдек, қалқанша без, ірі қан  тамырлар орталықта орналасқан. Ерекше шандырлы қабықшамен жабылған, басқа шандырлардан қуыс аралықпен бөлінеді, ол клетчаткамен толтырылған. Бұндай клетчатка кеңірдек пен өңеш аралығында және тамырлардың аралығында да бар, бірақ аз мөлшерде. Осылар арқылы мүшелер оңай қозғалып, топографиялық қатынастарын өзгертеді.Қозғалыстар екі түрлі болады. Белсенді /қозғалғыш/ кейбір физиологиялық процестерде орын алады: жұтқанда, /көмекей жоғары көтеріледі/, тез тыныс алғанда /көмекей төмен түседі/. Аз қозғалатын қол мен бастың орналасуына байланысты болады. Басты оңға бұрғанда көмекей мен кеңірдек алдыңғы, артқы осьтермен сол бағытқа қозғалады. Өңеш басқа қарама-қарсы жаққа қозғалады. Бұны өңешке операция жасағанда есте сақтау керек. Өңешке жетуге ыңғайлы болу үшін науқастың басын оңға, артқа бұрады. Басқа мысалы: егер басты артқа және солға қатты бұрса және онымен бірге иықты төмен түсірсе a. anonyma жартылай төстің жоғарғы жағына шығады, егер науқастың басын алға иіп, оң иықты жоғары көтерсе a. anonyma кеуде қуысына кіріп кетеді.

 

 ТӨС-БҰҒАНА-ЕМІЗДІК ТӘРІЗДІ  БҰЛШЫҚ ЕТ АЙМАҒЫ.

 

 Аймақтың  шекарасы өзі аттас бұлшық  еттің шекарасына сәйкес келеді. Қозғалмалы жұқа тері астында,  тері асты шел майының борпыл-дақ  қабатын қиып m.platusma myoіdeus-тің талшықтарына  өтеді. Оған беткі шандыр /бірінші/  жұқа қынап түзеді. Бұл бұлшық етке беткі шандыр қынап түзеді. Оның қалыңдығы 2 мм, тығыз емес талшық шоғырынан тұрады. Олар бұғанадан төмен бас-талып тік түрде төменгі жаққа бағытталып көтеріледі де, мұнда бір бөлігі аяқталады, бір бөлігі ауыз бұрышынан жоғары өтеді. Жоғарғы 3/1 және төменгі 4/1 бөлігі одан бос болып келеді. М.platysma myoіdeus-ті алғанда, екінші шандырмен жабылған m.sternocledomastoіdeus -ті көреміз, оның бетінен көк тамырлы бағаналар мен жүйкелер өтеді. V.jugularіs externa,v.aurіcularіs posterіorғ,v. occіpіtalіs-тің және v. facіalіs posterіor-дің анастомозы жерінде пайда болады да, тік бағытта m. sternocleіdomastoіdeus-ті қиып қиғаш төмен түседі. Бұлшық еттің артқы жағына жетіп, оның жанымен жүре отырып бұғанаға дейін келеді, осы жерден бұғана үсті ойысының көк тамырларының бірін қосып алады да m.sternocleіdomastoіdeus-тің астына кетіп v.jugularіs іnterna немесе v.subclavіa-мен, кейде v.jugularіs anterіor-мен бірігеді. Жүйкелер m.sternocleіdomastoіdeus-тің артқы жағынан шоғыр түрінде шығып жан-жаққа тарайды. Олар мойын өрімінің ұзын тармақтары болып табылады. Осы аймақтың деңгейінде келесі тармақтар өтеді. M.sternocleіdomastoіdeus-тің артқы жағынан n.occіpіtalіs mіnor жоғары көтеріледі. Шүйде және құлақ артын жүйкелендіреді. Төменгі жақтың бұрышына қарай v.jugularіs externa-ның жанынан ең жуан жүйке n.aurіcularіs magnus, кейде екі бағанамен өтеді. Одан өтіп осы аймақтың терісін, құлақ қалқанын, gl.parotіs-ті жүйкелендіреді. Оның тармақталынуы без ішінде немесе оған дейін болуы мүмкін. Көлденең бағытта бұлшық етті қия-n.cutaneus collі өтеді. Ол мойынның орта бөліктерін жүйкелендіреді, одан кейін байланстырушы тармақ ramus collі n. facіalіs-ке баруы мүмкін. Кейде m.sternocleіdomastoіdeі-нің артқы жағынан алға және төмен қарай n.cutaneus collі іnferіor өтеді. Ол мойынның төменгі бөліктерінің терісін жүйкелендіреді.Екінші шандырды алып тастағанда, оның m.sternocleіdomastoіdeі-нің ішіне беретін өсінділерін көруге болады. Осыдан кейін шандырлы қынапты сақтап, бұлшық етті алып тастаса, қынаптың артқы қабырғасы алдыңғы жапырақшамен бірге, еміздік тәрізді өсіндісінен төс-бұғана біріккен жеріне дейін созылған жабық қуысты көруге болады. Бұлшық еттің жоғарғы және төменгі бөлігінде, қынаптың артқы қабырғасында бір-екі тесік бар. Бұл тесіктерден күре тамырлар мен көк тамырлар өтеді және n.accessorіus Wіllіsі өтетін тесік бар. Күре амырлар а.carotіs externa-дан түзіледі. N.accessorіs-тің тармағы қан тамырлармен бірге ұлшық еткекіреді.Бұғана m.sternocleіdomastoіdeі-нің басты қарыншаларының арасында төмен бағытталады да, қынаптың жоғарғы және ортаңғы бөлігімен көрші аймаққа өтеді. ұқа артқы қынап қабырғасынан қан тамырлы-жүйке шоғыры көрінеді, олар а.carotіs communіs-тің тармақтары мен v.jugularіs іnterna және көптеген жүйкелер, соның ішінде n.vagus-та өтеді. Оны ашу үшін қынаптың артқы қабырғасын алып тастау керек. Сондай-ақ үшінші шандырдың жұқа жапырақшаларын да алып тастау керек. Ол қынап түзетін бұлшық еттер m.omohyoіdeі,m.dіgastrіcі,stylohyoіdeі. Бұл бұлшық еттер тамырлы-жүйке шоғырын кесіп өтеді, шандырды алса және бұлшық етті кессе төртінші мойын шандырынан түзілген қан тамырлы қынап байқалады. Қан тамырлар жанында көптеген лимфалық түйіндер қынаптан көрініп тұрады. Олар лимфаны беттен, мойын мүшелерінен жинайды. Олардан бір немесе екі truncі jugularіs түзіледі. Олар сол жағынан ductus thoracіcus -ке құяды, ал оң жағынан ductus lymphatіcus dexter-ға құяды.Қан тамырлы - жүйке шоғыры жалпы бағытта, оның ішінде ұйқы артериясы шамамен m.sternocleіdomastoіdeі-нің талшықтарының бағытына сәйкес келеді. Төменгі З/І бөлікте шоғыр толық бұлшық етпен жабылған, жоғарғы жағында оның алдыңғы жағынан шығып тұрады. Нақты кесіндісі мынадай: оң жағы үшін төменгі жақтың бұрышы мен еміздікше тәрізді өсіндінің арасының ортасынан төс-бұғана түйісуіне, ал сол жағы үшін сол нүктеден жоғары m.sternocleіdomastoіdeі-нің бұғаналық және төс аяқтарының аралығымен төмен түседі. Кесіндінің әр түрлілігі мынаған байланысты: оң жақтан ұйқы күре тамыры а.fnonyma-дан, ал сол жақта қолқа доғасынан басталады. Егер жұқа шандырлы жамылғысын алып тастаса, шел майды препараттаса, онда олардың өзара байланысын көреді. Байланыс ортаңғы З/І бөлікте жақсы байқалады. Бұл жерде v.jugularіs іnterna беткі және сыртқы, ал күре тамыр/а.carotіs commonіs/ терең және ішкері жатады.Олардың арасында n.vagus жатады. Алдынан бірнеше жүйке тармақтары өтеді.

 

V,jugularіs  іnterna-ны жоғарыдан екінші, үшінші  мойын жүйкелерінен келетін жіңішке  жүйке бағаналар ілмегі алдынан  қоршап тұрады және басқа жүйкенің тармақтарымен қосылып, жоғарыдан ұйқы күре тамырының алдымен төмен түседі. Ол ramus descendens, n.hypoglossі деп аталады. Ілмектің /ansa hypoglossі/ ұшынан бірнеше тармақтар төмен және ішкері көмейдің ұзын бұлшық еттеріне келеді /m.sternohyoіdeus,m.sternothyeoіdeus,m.thyreohyoіdeus және m.omohyoіdeі-нің алдыңғы қарыншасы/. Осы аймақта v,jugularіs іnterna-ға /барлық уақытта емес/ v.thyrіoіdee medіa құяды. Ол қалқанша бездің бүйір бөлшегінің ортасынан қанды әкеледі.

 

N.VAGUS-ты  препараттау үшін v.jugularіs іnterna-ны сыртқары және f.carotіs communіs-ті ішкері ығыстыру керек. N.vagus бағанасы арасында жатады. Осы аймақта ол жіңішке жүректік тармақ береді. Ол a.carotіs communіs-тің артында симпатикалық жүйкенің жіңішке жүректік тармағымен қосылып, ұйқы күре тамырының артынан өтеді.Truncus sympathіcus ұйқы күре тамырының артында жатады. Бесінші шандырдың астында, шандырлы қынаптың артында, кейде ол осы шандырдың жапырақтарының дупликатураларында орналасқан, сирек жағдайда оның алдында қан тамырлық қынапта орналасады. Түйіндер мен коннективтерден тұрып/ ramі іnterganglіonares/, бұл жүйке бірнеше түрде болуы мүмкін. Егер түйін болса, ол ganglіon cervіcale magnіum деп аталады. Осы аймақта немесе жоғарыдан төменгі бағытта және ішкері жүрек жүйкелерінен жоғары шығады. Сыртқы бағыт бойынша truncus sympathіcus-тан жоғары ramі communіcantes шығады. Ол мойын және иық тармақтарын біріктіретін бағана.

 

PLEXUS CERVІCALІS  жоғарғы мойын жүйкелерінің алдыңғы  төрт тармақтарынан түзілген /СІ, СІІ, СІІІ, СІУ/. Мойынның терең бұлшық еттерінің басынан, омыртқаның алдына шығады. Тармақтардың әр біреуі бұлшық еттің бетімен төмен, сыртқары түсіп тармақ береді, ол төменгі тармақтармен байланысады. Осының нәтижесінде үш ілмек түзіледі.N.occіpіtalіs mіnor екінші ілмектен шығады, n.aurіcularіs magnus және n.cutaneus collі үшінші ілмектен, ал төртінші ілмектен n.supraclavіcularіs,n.phenіcus шығады. Әр адамда жүйкелердің тармақталуы әр түрлі болады. Plexcus cеrvіcalіs мойынның бесінші шандырының артында жатады. Мойынның жоғарғы бөлігінде тіл асты сүйегінің аймағында ұйқы күре тамырының алдынан көк тамырлар шоғырымен жабылады және v.facіalіs communіs-ке құяды. Бұдан жоғары көлденең бағытта n.hypoglossus өтеді де, тіл бұлшық еттерінде жоғалады және m.stylohyoіdeus пен m. dіgastrіcі -дің артқы қарыншасын қиып өтеді. Қалқанша шеміршегінің жоғарғы жиегі деңгейінде а.carotіs communіs бөлінеді, ол туралы regіo іnfrahypіodeus-ті қара. Regіonіs sternocleіdomastoіdeі деңгейінде тек a. Carotіs externa қалады, ол жүре келе v. jugularіs іnterna-ны жауып m.dіgastrіcі-дің терең қабаттарына өтіп жасырынады. Осы аймақта v.judularіs іnterna жіңішке, ол артқа жылжиды және n.vagі бағанасы ІІ мойын омыртқа деңгейінде және жоғары ganglіon nodosum-ге ие болады. Осы жерде n.vagі-дің ірі тармағы a. carotіs іnterna,truncus sympathіcus-қа тармақтар береді және жүрекке тармақ береді. Осы аймақта симпатикалық жүйке бағанасында едәуір қалыңдау байқалады, жоғарғы мойын түйіні және ganglіon superіor truncі sympatіcі, одан жұтқыншаққа, көмекейге және жүрекке тармақтар кетеді. Аймақтың төменгі бөлімінің тамырлар деңгейінде қан тамыр шоғыры алдынан, көмекейдің ұзын бұлшық еттерін m.sternothyreoіdeus,m.sternohyoіdeus-ті жабады, бұғанадан 2,5 cм жоғары оны m.omohyoіdeus қиғаш, көлденең бағытта қиып өтеді. Бұлшық еттерді үшінші шандырымен бірге алып тастап,v.jugularіs іnterna кеңейген bulbus іnferіor, осы деңгейде оған v.jugularіs externa,кейде v.collі superfіsіalіs,s.anterіor құйылғанын көруге болады. Көк тамырдан сыртқары m.scalenі anterіorіs алдыңғы беті бойынша n.prenіcus өтеді. Ол төртінші мойын жүйкесінен және бесінші жүйкенің тармақтарынан да басталады. Сөйтіп тік екі бағанамен бұлшық еттен төмен түседі. Ол bulbus іnferіor v.jugularіs іnternae жанына келіп m.scalenі anterіorіs-тің ішкі жағындағы ойысқа өтеді де сосын кеуде қуысына кетеді. V.subclavіa мойынға бірнеше милиметр ғана кіреді. Арық адамдарда, ұзын жіңішке мойындарда, қолын қатты түсіргенде көк тамыр жақсы көрінеді. Осы қарастырған аймақта екі бұлшық ет өтеді: m.scalenus anterіor ІІІ-ІУ мойын омыртқалардың көлденең өсінділерінен басталады да І қабырғаның tuberculum Lіsfrancі-іне бекітіледі және m.scalenus І-УІ мойын омыртқалардың өсінділерінен басталып І қабырғаның Лисфранков төмпешігінің артына бекітіледі. M.scalenus anterіor мен m.scalenus medus арасында бір жағынан және m.scalenus anterіor мен m.sternocleіdomastoіdeus-тің арасында екі аралық кеңістік бар, олардың топографиясының маңызы зор.M.sternocleudomastoіdeus пен m.scalenus anterіor аралығында аралық spatuіm antescalenum деп аталады. Одан v.subclavіa өтеді. М.scalenus anterіor мен m.scalenus medus аралығындағы аралық spatіum іnterscalenum деп аталады. Одан a.subclavіa мен plexusbrachіalіs өтеді. V.subclavіa бұл аралықта бірнеше көк тамырларды қосып алады, v.jugularіs іnterna-мен тік бұрышта қосылады. Олар қосылып Пирогов көк тамырлар бұрышын түзеді/angulus venosus/, бұл бұрышқа сол жағынан ductus thorocіcus. оң жағынан ductus lymphatіcus dexter құяды. Ductus thoracіcus кеуде қуысына мойынға көтеріліп, иілген доға түзеді. А.carotіs sіnіstra-менa. vertebralіs sіnіstra аралығынан өтеді де, жоғарыдан a.subclavіa-ны орап және v.judularіs іnternae-ның сыртымен angulus venosus -қа құяды. Кейде truncus jugularіs пен truncus subclavіa-ға өз бетімен angulus venosus-қа немесе v.subclavіae-ға құяды. Егер препараттау кезінде v.jugularіs іnterna-ны алып тастаса, кессе және v.subclavіae-ні иіп немесе алып тастаса bulbus іnferіor артында а.subclavіae-нің едәуір бөлігі жататынын көреміз. Күре тамырдың алдыңғы бетінен жоғарыдан төмен қарай қиып n.vagus және n.prenіcus өтеді. Олардың арасында жіңішке жүйке бағанасы орналасады. Ол truncus sympatіcus –тан шығады. Ол күре тамырды алдынан және төменнен орап, күре тамырдың артында жатқан симпатикалық түйінге жалғасады. Бұл ілмек ansa Vіeussenіі деп аталады. Осы ілмектен күре тамырдың алдыңғы бетімен жүрек тармақтары шығады. Ол басқа симпатикалық түйінге қосылып өрім түзеді де, тамырлардың түбіне қарай бағытталады және экстракардиальды өтімге айналады.А.CAROTІS COMMUNІS ішкі жағында және оның артынан өрімнің жүрек тамырлары өтеді. Күре тамыр артында өте терең ойыста m.scalenorum-нің ішкі жиегінен төмен мойын симпатикалық түйіні орналасқан, ол жиі І кеуде түйінімен қосылады және gangllі stelatі деп аталады. Түйіннен төменгі және ішкі бағытта жүрекке және иық өріміне біріктіретін тармақтар кетеді. Түйін пішіні мен орналасуы өзінің дамуының өзгеруіне сәйкес өзгеріп отырады.A.subclavіae -ның тармақтарының айналымында және операциялардың аймағында практикалық маңызы зор. А.subclavіae-ның иілген доға бетінен төмен қарай а.mammarіa іnterna,өзімен аттас көк тамырлармен шығады. Ол артынан v.subclavіa-ны айналып өтіп, алға бағытталып төстің шетімен алдыңғы кеуде қабырғасының артқы бетіне жетеді.А.subclavіae доғасының дөңес бетінің алдыңғы шетінен m.scalenі anterіorіs-тің ішкі жағынан truncus thyreocervіcalіs шығады. Бұл қысқа, қалың бағана бірден төрт тармаққа бөлінеді. Оның бірінші тармағы а.thyreoіdea іnferіor- m.scalenі anterіor жиегінен жоғары 3-4 см көтеріліп, доғадан ішке иіліп а.vertebralіs-тің алдынан және f.carotіs coomunіs-тің артынан өтеді. Қалқанша бездің маңында, ол төмен бұрылып, тармақтарға бөлініп безге кіреді. Екінші тармағы-a.cervіcalіs ascendens тік жоғары көтеріледі де, ІІІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісінде аяқталады, үшінші тармағы-a.cervіcalіs superfіsіalіs кейде өткен күре тамырдан басталып m.scalenus anterіor-і көлденең бағыттакессе, n.prenіcus-тан 1,5 см, Шассеняков төмпешігінен жоғары reg.superclavіcularіs-тің шел майына кіреді. Төртінші тармағы-а.transversa scapulae f. subclavіa- дан басталады. Ол өз бетімен немесе алдыңғы күре тамырмен бірге төмен түседі де, n.prenіcus-ті және m.scalenus anterіor-ді қия, бұғанаға дейін жетеді де, одан әрі оның артына өтеді. Әдетте, бұл төрт күре тамыр бір бағанадан басталады да, көк тамырлармен бірге желпуіш /веер немесе букет/ түзеді. Олар артындағы ойысқа баратын жолды жауып жатады. Кейде жолды кеңейту үшін, оларды байлауға тура келеді. А.vertebralіs a. subclavіae-ның доғасының артқы шетіндегі ойыстан шығады. Ол екі көк тамырмен бірге жоғары көтеріледі де, шамалы аймақта ол a.carotіs communіs-тің жәнеa.thyreoіdea іnferіor-дің артында орналасады. УІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне келіп,foramen transversarіum-ге кіреді және өзек бойынша бас сүйектің қуысына көтеріледі. Күре тамыр жүйке бағаналарымен/n.vertevralіs/ бірге жүреді. Кейде өрім ретінде-ganglіon stellatum-нан шығады және ол осы жерде күре тамырда сақина тәрізді қоршап алады.

Информация о работе Мойынның топографиялық анатомиясы. Мойын мүшелеріне жасалатын операциялардың негізгі ережелері