Әлемнің дамыған елдеріндегі салық механизмінің қызмет ету тәжірибиесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2014 в 13:46, реферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі - салық механизмі қаржы механизмінің құрамдас бір бөлігі, және салық саясатын жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Салық механизмі ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу қатынастарын жүзеге асыру арқылы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қаражат қорларын құруға, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеуге, шаруашылық субьектілерінің тұтынуын және қорлануын қамтамассыз етуге қажет салықтық қатынастардың амал -әдістерінің, ережелерінің жиынтығы.Қандай да болмасын мемлекеттің салық саясаты салық заңдылықтарын қабылдау, нормативтік актілерді бекіту, салықтардың түрлерін белгілеу, төлеушілердің ауқымын, ставкасын, жеңілдіктерін, төлеу мерзімдерін және салықтарды төлеу тәртібі, салықтық заңды бұзушылардың жауапкершілігі, бюджет жүйесі арқылы салықтарды бөлу, бір сөзбен айтқанда салық механизмі арқылы жүзеге асырылады.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………….………….................….3
1 САЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ, ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Салық механизмі - қаржы механизмінің құрамдас бөлігі...........................5
1.2 Салық теориясындағы салық механизмінің негізгі элементтеріне сипаттама............................................................................................................7
2 ЭКОНОМИКАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ ЭКОНОМИКАНЫ БАСҚАРУДА АЛАТЫН ОРНЫ
2.1 Қазақстан Республикасында салық механизмінің қызмет ету ерекшеліктері...............................................................……...............……….…11
2.2 Салықтық түсімдердің мемлекеттік бюджет кірістерін кұраудағы рөліне экономикалық талдау..…………………………………………….....................................…..21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Әлемнің дамыған елдеріндегі салық механизмінің қызмет ету тәжірибиесі....…..................................................................................................30
3.2 Қазақстан Республикасының салық механизмін жетілдіру жолдарындағы түйінді мәселелері...............................................................................................36

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................…...............….38
ӘДЕБИЕТТЕР................................................……………………...........

Прикрепленные файлы: 1 файл

салық жүйесін басқару және реттеу.docx

— 104.37 Кб (Скачать документ)

АҚШ-тағы корпорациялық салық салудың негізгі қағидасы болып бұл "тазаланған пайдадан" алынатын салық соммасы, бұл жерде барлық жеңілдіктер мен салықтар есептелгеннен кейін жасалады. АҚШ- та кеңінен жіңілдктілген амортизация әдісі кеңінен қолданылады. Ал бұл өз кезегінде машиналармен құрылғылардың эксплуатация барысында оның кең көлемі салықтық жеңілдіктер пайдаланумен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 1986 жылы салық реформаларының заңында мерзімімен амортизациялық әдістерінің негізгі қорларының топтамасы қолданылды. Ал бұл классификация бойынша шығару уақыты бойынша 8 негізгі классқа бөлінген болатын. Осы топтамаға сәйкес барлық жоғарғы техналогиялық құрылғылар, ЭЕМ және тағы басқа бірінші және екінші классқа жатқызылады және амортизация мерзімі 4 жылдан 10 жылға дейін.

АҚШ- тың әкімшілік бюджеттік басқармасының эксперттерінің бағалары бойынша 1988 жылында жеңілдетілген амортизацияны қолдану барысында, сомма 30,7 млрд АҚШ долларын құраған болатын.

Бұны салыстыру мақсатында 1987 жылы АҚІЫ- тың өндіруші және өңдеуші салаларындағы корпорациялардың соммасының көлемі 140 млрд долларға дейін жеткен. Бұндай салық саясаты шығындарға қарамастан, АҚШ өзінің өндірісті дамуына көптеген мүмкіндіктер жасады.

ҒТП-ның қазіргі таңдағы даму этаптары дамыған мемлекеттерде, оның жетістіктерін пайдалану үшін арнайланған салық жеңілдіктерін пайдаланып отыр.

Кейбір кезеңдерде бұндай фирмалар үшін "салық каникулдары" қарастырылады . Бұл жерде акциялары нарықтағы "Ноу-Хауды" ынталандыру үшін қолданады. Бұндай әдістер тиімділігін ескере отырып АҚШ үкіметі бірнеше рет салық ставкасын төмендеткен болатын. 1986-жылғы салық реформасымен капитал ұлғаюының ставкалары, табыс салығымен мөлшері 15 немесе 28%-ға дейін табыс деңгейіне тікелей байланысты.

Германиядағы салық реформасымен экономикалық өсуді ынталандыру шаралары ретінде нарықтық механизмнің активизацияларының бағыттарының алар орны ерекше. Реформалардың негізгі міндеті ретінде - инвестициялық жағдайды жақсарту , өндірісті өзіндік қаржыландыру, кіші және орташа фирмалардың жұмысын ынталандыру шаралары жөне жаңа тауарларды енгізу және т.б. Осы ережелердің орындалуы Германия фирмаларының өнімдерінің бәсекелестік қабілетін көтереді.

Соңғы жылдары көптеген елдерде жалпыға ортақ салық саясатынан өзгеше салық жүйелерін қолдана бастады, бұның мазмұны келесіден көрінеді: үкімет бірнеше кәсіпкерлік бағыттарды таңдайды ( салық белгісі бойынша, ғылымды қажет ететіндігіне байланысты, экологиялық жағдайына байланысты және т.б.). Бұлар көптеген салықтық жеңілдіктерге ие болады : салық салудың жеңілдетілген ставкалары, инвестициялардың жеңілдіктері, жеңілдетілген амортизацияға рұқсаттың болуы. Бұндай салық саясаты Францияда өткізілген. Салық жеңілдіктері келесідей салалар маңында шоғырланған: электроника, аэро-ғарыштық өндіріс, формацевтикалық өндіріс.

Бірақ бұндай саясаттың көптеген кемшіліктері де кездеседі. Бұндай саясат өз табиғаты жағынан инвестициялық саясат нарықтық механизмнен көрі орталықтандырылған реттеуге жақынырақ болады.

Сонымен қатар салық базасының қысқартылуына байланысты корпаративтік салық ставкасы, жалпы салық ставкасынан үлкен болуы керек. Ал бұл өз кезегінде жинақтауға мүмкіндік бермейді және де инвестициялардың көп бөлігі тек приоритетті салаларға ғана жұмсалады.

Қазақстан үшін дамыған елдердің бұрыннан қолданып келе жатқан әдісі - салықтық жоспарлау өте үлкен қызығушылық туғызып отыр. Салықты жоспарлауды макроэкономиканың құралы реттінде және кейбір нарық субъектілерінің салық менеджменттінің элементі ретінде қарастыруға болады.

Соғыстан кейінгі кезеңде дамыған елдерде экономикалық және әлеуметтік дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламаларын жүзеге асыру үшін экономикалық болжау негізінде жасалған бағдарламалар орын алды. Бұл жерде Германияның салық потенциалын жинақтаудағы бағдарламаларын айта кету керек. Сонымен қатар, Жапонияның да соғыстан кейінгі даму жолы да үлгі бола алады. Сондай концепция 1987 жылы КСРО- да жүзеге асыру үшін қарастырылған болатын.

Жапонияда әлеуметтік экономикалық даму үшін орта және ұзақ мерзімді бағдарламалар құрылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің көбісі жалпы жоспарға байланысты болжамдар жасайды. Ал бұл өз кезегінде салық төлеушілердің мемлекетке деген көрсеткіші. Жапонияның көптеген болжамдары жүзеге асырылған болатын. Жапония үкіметімен зандық күші бар "ұлттық дамудың кешендік жоспары" бекітілген болатын. Ал оның мақсаты -мемлекеттің дамуын қамтамасыз ету.

Жапонияның экономикалық жоспарлануының күшті жағы әуелі экономиканың дамуында ұзақ мерзімді бағдарламаларды жасау және капиталдық салымдар саясатында арнайыланған құрылымын жасау және де өндірістің аумақтық орналасуы.

Жапонияның тәжірибиесі нарық жағдайында жалпы мемлекеттік жоспарлау өте тиімді екенін дәлелдеп берді.

Батыс елдерінде салықты жоспарлау мазмұны: заңмен бекітілген барлық құралдарды қолдану және өз салықтарын төмендету үшін қолданатын жолдар мен әдістерді іздестіру. Сонымен қатар батыста салықтық жоспарлау әр түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін жасалады. Осы аталған заңды салалардан тыс салықтық жоспарлаудың қарамағында салықты төлемеу, одан бас тарту, заң жүзінде салықтық қылмыс деп саналатын әрекеттер салықтан бас тартудың мөлшері, шеңбері әр мемлекетте әр қалай. Егер бір мемлекеттегі белгілі бір қиянаттар қылмыс деп саналса,басқа мемлекеттерде сондай қиянат аз заңға қайшы келмейді деп саналады.

Көптеген ірі компаниялар заңды салықты жоспарлау және заңсыз салықтан бас тарту үшін арнайыланған қызметкерлерді жұмысқа алады. Сонымен қатар олар көптеген басқа да жолдарды пайдаланады. Әрине салықтарды экономдау бұл кәсіпорынның басты мақсаты емес. Сонымен микродеңгейдегі салықтық жоспарлау салық тексерудің заңды тәсілі салық жеңілдетуге мүмкіндік беретін барлық заңды қолдану және салық міндетін қысқарту әдістері.

Жүргізілген зерттеу шетел практикасының салық механизмімен жұмыс істеу мынандай нәтиже шығаруға мүмкіндік береді. Салық құралдарын дұрыс қолдану арқылы нақты экономикалық мақсатқа жетуге және экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік береді. Инвестицияны ынталандыруда салық

құралдарын белсенді қолдану, өндірістің техникалық дамуы және ғылыми техникалық зерттеулер Қазақстан үшін үлкен қызығушылық білдіреді. Бірақ дамыған мемлекеттердің тәжірибиесін қолданғанда ұлттық, тарихи, экономикалық және басқада ерекшеліктерін ескермей автоматты түрде көшіруге болмайды.

 

3.2 Қазақстан Республикасының  салық механизмін жетілдіру жолындағы  түйінді мәселелері

 

Салық саясаты өз алдына мемлекеттің салыққа байланысты шараларын көрсетеді және ол қаржы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Салық саясатының мақсаты мен мазмүны қоғамның мәдени-экономикасына байланысты болады. Салық саясатының қызметі мемлекетке қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, елдің шаруашылығын реттеу үшін жағдай жасау және де нарықтық қатынастар процесінде туындайтын тепе-теңсіздіктерді шешеді.

Нарықтық қатынастарының даму жағдайында экономикалық реформалардың басты мақсаты әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің кіріс көзінің жоғарлату проблемаларын шешетін нарықтық экономиканың негізгі құралы ретінде салық механизмінің тиімді пайдалану болып табылады.

Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қызмет етуін талдап зерттегенде салық салу механизмінің теориялық және практикалық проблемалары әлі шешілмегені анықталды.

Салық механизмінің тиімсіз аспектілерінің бірі негізінде салық жинау проблемалары жатыр. Соңғы жылдары осы проблемаларды шешу мемлекеттің салық саясатының басты мәселенің бірі ретінде саналады.

Салық төлеушілердің іс-қимылы салық салу базасының жиынтығы негізінде мінез-құлықтың құрылуы келесідей критерияларға жауап беру қажет:

- салықтарды жеңілдету  және салықтардан жалтаруды мүмкін  емес ету;

- салық төлеушілердің  потенциалды мүмкіндіктерін өндіріске және өны өндіруге қамтып көрсету;

- қызмет нәтижесі салық  төлемдерінің мөлшерінің тәуелсіздігін  қамтамасыз ететін мінез-құлықтың тұрақтылығы болу керек, бұл салық төлеуден бас тартуға кедергі жасайды.

Потенциалды салық төлеушілердің салық жинау процесінде нақты қамтамасыз ететін салық салу базасының анықтамасы айқын болу қажет. Қазіргі таңца салық ставкалары жоғары екені бәріне белгілі. Олардың анықталуы кезінде тапшылықта тұрған кәсіпорындардың мүмкіншілігін ескермейді. Негізінен басқа елдердің қолданылып жүрген ставкаларын қабылдайды, бірақ сол елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын, халықтың өмір сүру деңгейін ескермейді.

Фискалдық саясаттың жаңартылуына ат салысу жұмысына Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қызметінің бір түрі болып табылады. Салық саясаты мемлекет пен салық төлеушілердің қажеттіліктерін біріктіру керек. Бірақ, тәжірибиеде бұл мүлде бұлай емес. Салық заңдылықтары толық жетілмегені туралы көп жазып, көп айтады. Жылына бір неше рет өзгертіп отырған заңдылықтарды салықтырдың толық төленуіне және жетілуіне кедергі жасайды. Ол салық төлеушілерге де, кейінірек мемлекетке де зиян келтіреді. Салық зандылықтарының барлық өзгертулері болжам жасамай тұрған кезде жылына бір рет өзгертілуі тиіс. Осыған сәйкес болжам, шығындарды ескермей, тек қана тікелей есептеу әдісімен есептелінуі тиіс.

Салық механизмінің маңызды бір бағыты ТМД елдерімен және басқа елдермен ақпарат алмастыратын жүйе құру қажет. Ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде жұмыс істейтін жеке тұлғалардың табысын анықтап отыру үшін және салықтардан жалтару үшін белгілі бір жағдай жасау керек.

Ішкі инвестицияларды ынталандырмайынша экономиканы көтеру мүмкін емес. Сол сияқты, Қазақстан Республикасының салықтық қарым-қатынастарды жаңғыртудың басты бағыттарын болжамдайды:

- Қазақстан Республикасының  Парламент Мәжілісіне салықтық  және кедендік заңдардың жаңғырту  мақсатында маманды ассоциация  және қоғам ұйымдарының өкілдері, заңгерлер, аудиторлардан тұратын  тәуелсіз байқауларды тартуда  комиссия құруды ұсынады;

- қаржы тапшылығына байланысты  отандық және шетел инвесторлары  мен  өндірушілерін  қолдауға  бағытталған  салық  және кеден  ісі  жөнінде жұмыстарды жүргізу  жүйесін құрастыруды ұсыну;

- Қазақстан Республикасының  Үкіметіне салық және кеден  заң актілерін жаңғырту жүмыстарын  жүргізген кезде максималды түрде  кәсіпкерлердің, тәуелсіз аудиторлардың, қоғамдық бірлестіктер мен құрылымдардың  жұмыс тәжірибиесін үсыну.

Егер осы айтылған ұсыныстар іске асырылса, онда Қазақстан Республикасының салықтық қарым-қатынастары жақсы дамиды.

Казіргі кезде Қазақстанда өндірістің дамуына ғана емес сонымен бірге кез-келген бизнестің дамуына жақсы жағдайлар құрылған. Бүгінгі таңда шағын және ірі бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер келесідей негізгі проблемалармен қақтығысады: салықтар, заңдылықтардың тұрақсыздылығы, мемлекеттік органдардың қайшы келуі, сот жүйесінің дамымауы, несие берудің аздығы, қылмыс. Біздің ойымызша шағын және ірі кәсіпорындарға, жеке кәсіпорындарға салық жеңілдіктерін енгізу қажет. Экономиканың тұрақтылығының жоқ болуы, өндірістің төмендеу жағдайларында белгілі бір қызмет түрлеріне салық каникулын, салықтық несие, салықтық жеңілдіктерін беру арқылы ынталандыру қажет. Біздің салық жүйеміз отандық өндірушілерді ынталандыру қажет. Өйткені, әлемдік тәжірибиеде көрсеткендей экономиканың өсуі шағын және ірі бизнестің дамуына байланысты болады.

Қазақстан Республикасының даму жағдайында үкімет шешімімен жаңа принциптерді құру және енгізуде шетел инвестицияларын ынталандыру және тарту маңызды орын алады. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу механизмін реформалау  бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Бұның басты мақсаты аталынған салаға инвестиция тартуды қамтамасыз ету болып табылады.

 

Қорытынды

 

 

Нарықтық экономиканың дамуы барысында салық механизмін тиімді пайдаланудан мемлекет кірістерінің құрылуы тікелей байланысты. Себебі салық механизмінің негізгі элементтеріне салықтық болжамдау мен жоспарлау, салықтық реттеу және салықтық бақылау жатады. Осы компоненттерге байланысты салық жүйесінің дамуында жүзеге асырылады.

Сонымен салық механизмі деген категорияға мынандай нақты тұжырымдалған анықтама беруге болады, яғни: салық механизмі дегеніміз салықтық қатынастарды ұйымдастырудың әдістері мен ережелерінің жиынтығы, және ол арқылы бөлу және қайта бөлудің кең ауқымы мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын құру және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу мақсатында өз функцияларын  жүзеге асыру болып табылады.

Салық механизмі құрылымы бойынша мынандай элементтерден тұрады:

-    салықтардың түрлерінің  жиынтығы (салық жүйесі);

-    салықтарды жоспарлау  мен болжамдау;

-    салықтық реттеу;

-    салық салу  принциптері;

-    салық зандылықтары  мен құқықтары;

-    салықтық бақылау;

-    салық элементтері;

-    салықтарды есептеу  алу әдістері.

Салық механизмі арқылы біз салықты қашан, қандай мөлшерде, қандай мерзімде, кімге, қайда төлейтінімізді білумен қатар, салық салу обьектілеріне не жатады, салық көзі, өлшем бірлігі, салықтық айыппұлдар дегеніміз не деген сұраққа жауап аламыз.

Осы курстық жұмысты    қорытындылай    келе салық механизмін жандандыруға байланысты мынадай ұсыныстар жасап отырмын:

а) методикалық жағынан жаңа салық кодексі оқырманға бір оқығанға түсінуге қиын, сондықтан қандай да болмасын салық заңдылықтары мен нормативтік құжаттар оңайлатылған, түсінікті болу керек;

б) барлық экономиканың салалары бойынша және салық түрлері бойынша мониторингті жандандыру мен дамытуды қажет;

в)салық заңдарына өзгерістер жасау өте жиі жасалынады, соның себебінен салық механизмінің қызмет істеуі кәсіпкерлердің ынтасын жоюмен қатар бюджет кірістерін толтыруға кері әсерін тигізеді, сондықтан өзгерістер жылына әрбір жарты жылдықта бір реттен артық емес жасалуға тиіс;

Информация о работе Әлемнің дамыған елдеріндегі салық механизмінің қызмет ету тәжірибиесі