Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2014 в 13:46, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі - салық механизмі қаржы механизмінің құрамдас бір бөлігі, және салық саясатын жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Салық механизмі ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу қатынастарын жүзеге асыру арқылы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қаражат қорларын құруға, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеуге, шаруашылық субьектілерінің тұтынуын және қорлануын қамтамассыз етуге қажет салықтық қатынастардың амал -әдістерінің, ережелерінің жиынтығы.Қандай да болмасын мемлекеттің салық саясаты салық заңдылықтарын қабылдау, нормативтік актілерді бекіту, салықтардың түрлерін белгілеу, төлеушілердің ауқымын, ставкасын, жеңілдіктерін, төлеу мерзімдерін және салықтарды төлеу тәртібі, салықтық заңды бұзушылардың жауапкершілігі, бюджет жүйесі арқылы салықтарды бөлу, бір сөзбен айтқанда салық механизмі арқылы жүзеге асырылады.
КІРІСПЕ………………………………………………….………….................….3
1 САЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ, ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Салық механизмі - қаржы механизмінің құрамдас бөлігі...........................5
1.2 Салық теориясындағы салық механизмінің негізгі элементтеріне сипаттама............................................................................................................7
2 ЭКОНОМИКАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ ЭКОНОМИКАНЫ БАСҚАРУДА АЛАТЫН ОРНЫ
2.1 Қазақстан Республикасында салық механизмінің қызмет ету ерекшеліктері...............................................................……...............……….…11
2.2 Салықтық түсімдердің мемлекеттік бюджет кірістерін кұраудағы рөліне экономикалық талдау..…………………………………………….....................................…..21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Әлемнің дамыған елдеріндегі салық механизмінің қызмет ету тәжірибиесі....…..................................................................................................30
3.2 Қазақстан Республикасының салық механизмін жетілдіру жолдарындағы түйінді мәселелері...............................................................................................36
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................…...............….38
ӘДЕБИЕТТЕР................................................……………………...........
Салық жүйесі төмендегідей негізгі шарттарда жасалуы тиіс:
олардың ерекшеліктеріне және меншік формаларына байланыссыз, барлық кәсіпорындар мен шаруашылық жүргізуші ұйымдарының теңдігі; нақты және тұрақты салық заңымен қамтамассыз етілген кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекет пен тұрақты және ұзақ мерзімді қаржылар; министрліктер тағы басқа орталықтардың волюнтаризмінен қорғау, салық төлегеннен кейінгі қаржы ресурстарын пайдаланудағы негізгі өндіріс бөлімшелерінің толық дербестілігі; кәсіпорын ұйымдарының ақша - қаражаттар тартудағы және оны тиімді жұмсаудағы қызығушылығы; кәсіпорындардың өзін-өзі ақтау, өз қаржылары есебінен ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету; экономика дамуының приоритеттерін нақты анықтау және экономикалық реттеу құралы ретінде салық жеңілдіктері кеңінен қолдану; қаржылық санкцияларының бар болуы және оларды қолдану. Олар белгілі- бір салалардың, өндірістің және де қызмет түрлерінің дамуын шектей алады; бюджетпен есеп айрысуда түсінікті, қарапайым және ыңғайлы әдістер мен формаларды қолдану.
Салық жүйесінің моделі қолданылатын салық салу объектісінің, яғни табыстар мен шығыстардың әртүрлі арақатынасында жасалуы қажет. Салық объектісі ретінде табысты көп бөлігіне бағытталған модель табыс моделі АҚШ- та қолданылады. Онда халықтан жиналатын табыс салығы мен корпорациялар табысына салынатын салық үлесі салықтық түсімдердің басты бөлігі болып табылады.
Яғни салық салудың объектісі ретінде шығыстардың басым бөлігін алатын модель ТМД елдері ішінде, соның ішінде Қазақстанда (49%) кең өріс алды.
Бұл модельдер арасындағы принципиалды ерекшелік экономиканы салықтық реттеу мақсаттары мен мәселелеріне әртүрлі келу жолдарының шегінен шығып кетеді. Ол сонымен қатар салық салуды ұйымдастырудың сапасымен, яғни салық аппаратының жағдайымен, олардың салық төлемдерін толық және уақытылы алу мүмкіндіктерімен белгіленеді.
Әрбір салықтық алымдар салық төлеушілердің тұтынудағы мүмкіндіктерін шектейді. Алайда салықты алу әдістері төлеушілердің экономикалық жағдайына дифференциалды түрде әсер етеді.
Бірінші модельде бұл әсер адресті болады, және ең үлкен дәлділікке бұл жерде жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы ие. Кәсіпорындарға салынатын табыс салығы осы кәсіпорын ұйымының, иелері мен акционерлерінің қызығушылығына әсер етеді. Оның адрестілігі төмендеп, жеке тұлғалар топтарына бағытталады. Сондықтанда болар, АҚШ- тың федералдық бюджет түсімдерінің 41% жеке түлғаларға салынатын табыс салығы құрайды.
Бұл модельді қолдану, яғни тікелей салықтарды қолдану табыс пен салық түсімдерінің мөлшері арасында қажетті байланыстылықты орнатуға мүмкіндік береді. Мұндай байланыстылықты мемлекеттің фискалды мақсаттарына және қолда бар табыс мөлшерін реттеу мәселелерін шешуде кең көлемде қолдануға болады.
Тікелей салық салудың маңызды аспектісі болып салықтардың табыс құрамына (табыс ішінде) орналасып және табыс алушылардың ол табысты алу кезінде олардың қызығушылығына әсер ететіндігі табылады. Тікелей салықтар, заң бойынша, тауар бағасына әсер етпейді. Тікелей салық салу шығындарын жабу мақсатын өндіруші бағаларды көтерсе, оған кедергі болып бәсекелестік орта табылды. Сәйкесінше бәсекелестік механизмі
нақты тауар, өнім, қызмет түріне салық салынғанда, салық салынатын пайда, табыс көлемін азайту мақсатында өндіріс шығындарын көбейтуге жол бермейді. Тікелей салық көлемдері алдын-ала жеңіл есептелінеді, төлеушілердің қолында қалатын табыс көлеміне алдын-ала жұмсау жолдарын белгілеуге көмектеседі.
Екінші модельдің қызметінде, төлеушілердің тұтынуы кезінде, яғни тауарлар мен қызметтерге ақша қаражаттарын жұмсау кезінде төленетін жанама салықтар қолданылады. Жанама салықтардың басты ерекшелігі тауарлардың, өнімдердің, қызметтердің бағасының өсуі болып табылады.
Жанама салықтарды қолданғанда салық төлеушінің табысын дәл, адресті реттеуге қол жетпейді. Сонымен қатар жанама салықтар регрессивті сипатқа ие. Төмен табысты төлеушілер жанама салықтарды төлеуге жоғарыларға қарағанда көп ақша
қаражаттарын жүмсайды. Бұл фактор өмірге қажетті өнімдерді, қызметтерді иемдену қажеттілігінде басқа құрамына енгізілген салықтарды төлеумен қызмет етеді.
Тікелей және жанама салықтардың экономикалық мазмұнын талдау белгілі бір қоғамдық-экономикалық жүйеге қатысты олардың мәні мен қолданылуын анықтауға мүмкіндік береді:
а)негізінен тікелей салықтарды қолдану реттелген, жоғарғы ұйымдастырылған жүйелерге тән. Оларда шаруашылық жүргізуші субьектілер әсер ету үшін салықтық мүмкіндіктері тиімді қолданылады;
б)негізінен жанама салықтарды қолдану ұйымдастырушылық-экономикалық мүмкіндіктері аз жүйелерге тән: халық шаруашылығының салық базасы және салық апараты бар жүйелерге тән.
Мұндай жағдайда мемлекетке жанама салықтар арқылы фискалды саясатты жүргізуге қолайлы. Бұл салықтарды бюджетке акуммуляциялауға оңай, себебі мемлекетке табыстар қозғалысына қарағанда тауар қозғалысын есепке алу жеңілірек, ал төлеушілерге салық салудан құтылу оңай емес.
Жанама салықтардың маңызды қасиеті болып олардың тауар бағаларымен фискалды сәйкестілігі табылады, инфляция жағдайында бұл мемлекетке тұрақты табыс көзі қызметін атқарады, бағалардың өсуіменен жанама салықтардың түсімдері өседі. Сондықтан да болар, қазіргі өтпелі кезеңде, экономикалық тұрақсыздық, инфляция, жұмыссыздық кезінде біздің еліміздің осындай жанама салықтардың моделін таңдап алуы, тікелей және жанама салықтардың ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін қарастыру, салық жүйесін салықтардың оптималды құрамымен құруға, қаржылық және макроэкономикалық теңдікке жету мақсатында олардың мөлшерін өзгертуге мүмкіндік береді.
Салықтық реттеудің тағы бір тетігі салық салу ставкасы. Салықтық реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділікке қызығушылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл салық салу ставкасының мөлшері арқылы мүмкін болады. Салық салу мөлшері ең алдымен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесімен байланысты. Егер, олар салық түсімдерінің есебінен құрылатын жалпы мемлекеттік ақша қорлары арқылы қанағаттандырылса, онда салық салу деңгейі жоғары, ал егер қоғамдық қажеттіліктерді өтеу жүйесі халықтың жеке табысымен кәсіпорындардың қаржы - қаражаттарына бағытталса, онда сәйкесінше салық салу деңгейі де төмен болады. Мемлекеттік шығындарды қаржыландыруға қажетті салық түсімдері сомаларының жетіспеушілігі бюджет тапшылығын тудырады, ал ол өз кезегінде инфляцияға әкеледі. Қаржыландырудағы тапшылық ақшалардың сатып алу қабілетілігінің түсүіне әкеліп, оның нәтижесінде зардапты кәсіпорындар мен халық шегеді. Бұл әсер қысқа мерзімді болуы мүмкін, егер қаржылық тапшылық кезінде мемлекеттің мобилизацияланған ақша қаражаттары тиімді қолданылса және айналымдар кезінде экономикалық өсуге әкелсе. Ал, егер керісінше болса, онда қаржыландырудағы, тапшылық экономиканың натуралды затының теңсіздігінің ұлғаюына, инфляцияның артуына және ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің түсуіне әкеледі.
Салықтық реттеудегі салық ставкаларына байланысты маңызды аспект болып ішкі нормаларды ұстап қалу және шетел инвестицияларын тарту мүмкіндігі табылады. Жоғары салықтар капиталдың сыртқа қашуын тудырады, яғни капиталды қолданудан, түскен табыстардан аз салық көлемі алынатын қоздырма салықтық климаты бар елдерге ағылуы мүмкін. Бұл механизмнің әсер етуіне сонымен бірге офшорлық зоналар ықпалын тигізуі мүмкін. Екінші жағынан, жоғарғы салық ставкалары елге шетел капиталының көптеп ағылуын тежейді, себебі шетел капиталы ішкі қорлардың жеткіліксіздігі жағдайында экономиканың дамуын тежейді.
Сондықтан да салықтық реттеу бұл факторларды есепке алуы керек және экономикалық қатынастардағы елдердің салықтық жағдайларының теңестірілуіне үлес қосу керек.
Салықтық реттеуде салық ставкалары факторларымен қатар, салықтық жеңілдіктер жүйесі маңызды мәнге ие.
Жеңілдіктер арқылы қоғамға қажетті даму бағыттары ынталандырылады. Әлеуметтік сфераға ақша қаражаттарын салу, табиғатты қорғау және қайырымдылық шараларын қолдау, жаңа қызмет, өнім түрлерінің дамуына, тіпті әлеуметтік маңызды өнім мен қызмет түрлерінің өсуіне ықпал етеді. Алайда жеңілдіктер беру шекаралар эканомиканың негізделген шектерде болуы тиіс. Шаруашылық субьектілердің өзін-өзі қаржыландырудағы әр түрлі мүмкіндіктеріне байланысты салықтық жеңілдіктер шаруашылық жүргізудің тиімділігінің шынайы нәтижелерін бұрмалайды. Сонымен қатар, жеңілдіктер беру кезінде салық салудың негізгі принципі: субьектілердің салық алдындағы теңдігі бүзылады.
2 ЭКОНОМИКАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ ЭКОНОМИКАНЫ БАСҚАРУДА АЛАТЫН ОРНЫ
2.1 Қазақстан Республикасының салық механизмінің қызмет ету ерекшеліктері
Салық механизмінің элементтері салықтық жоспарлау мен болжау, шешімді қабылдау және өңдеулер жүйесінде негізгі элементтер болып табылады.
Салықтық жоспарлау мен болжаудың негізгі мақсаты- бюджеттік тапсырмалардың сандық және сапалық көрсеткіштердің экономикалық негізін қамтамасыз ету және салық концепциялардың заңдық тәртібінде қабылданған және өңдеулерден елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Бұл мәселенің орындалуының бірінші қаржылық жолы (ағымдағы салықты жоспарлау) және келешектегі перспектива (салықтық болжау). Осымен байланысты салықтық жоспарлаудың тактикасы мен стратегиясы ерекшеленеді.
Салықтар бойынша ағымдағы бюджеттік тапсырманың өңделуі, тоқсандық салықтық түсімдердің анықталуы. Олардың шешімі салық салудағы стратегиялық мақсаттарды зерттеуде және олар үшін құқықтық жағдай жасайды. Бұл жағдайда салықтық болжаудың негізі болып, ғылыми зерттеу есептерінің нәтижесі және ағымдағы салық міндеттерін орындау барысында. Бұл мәліметтерді жинау және өңдеу олардың позитивті және негативті жақтарын айтуға болады, оны инвестициялау темптеріне әсері, салалар қозғалымдағы құрылымына, табыстарды территоияларға деген сәйкестігі, корпорациялар мен тұрғындарға әсері.
Салықтық тактика - дегеніміз билік органдарының тәжірибиелік әрекет кешені және бюджеттің табыс баптарының жалпы құрылымын өңдеу, салықтық реттеумен бақылауды өткізу. Тактикалық қадамдардың сапалық мазмұны барлық деңгейдегі бюджеттердің уақыттылы және толық орындалуының дәрежесін көрсетеді.
Бюджеттік салықтың қарым-қатынасқа қолданылатын оперативті салықтық әдістердің араласуы, салықтың әкімшілік салықтық құқық бұзушылықтың алдын алады, және де бюджетті салықтық тексерулер нәтижесінде айқындалған төленбеген салық сомалары арқылы толтырады. Соның нәтижесінде салық жүйесінің тиімділігі анықталады және оның салықтық топтарымен жекелеген салық түрлері, осының барлығы қабылданған оптималды салық концепциясын куәландырады, яғни экономикалық шындылыққа сай салық салу процесін реттейтін салық кодексіне өзгерістер енгізу қажет. Ағымдағы жылдағы салық міндеттемелерін орындалуын қамтитын салықтық қатынастардың мазмұнын зерттеп талдау, стратегиялық салықтық жоспарлаудың (болжаудың) ұтымдылығын білдіретін негізгі шарт қызметін атқарады.
Стратегиялық салықтық жоспарлау (болжау) басқару теориясы мен тәжірибиесінде айырықша орын алады. Ол барлық дамыған елдерде экономикалық алдын көру тәсілі ретінде қолданылады.
Орта мерзімдік перспективаға салықтық болжамның өңделуі мыналарды қосады:
1. Территориялық меншіктің
табыстылығына баға беру (аймақтардың
қаржылық
2. Аймақтық экономикалық
қарқынын ескере отырып, салықтық
түсімдердің көлемін болжау. Бюджеттің
барлық деңгейлерін
3. Аймақтық әлеуметтік-
Салықтық жоспарлау мен болжау қаржылық менеджменттінің негізгі базалық элементі деп қарастыруға болады. Бұл жағдайда қаржы менеджменті кең мағынада қарастырылады. Басқару позициясынан елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Жалпы мемлекетің қаржы менеджменттінің құрамында негізгі позицияны бюджеттік салық менеджменті алады. Бұл басқару әрекеті, мемлекетік қаржы миистрлігі, есептеу комитеті және басқада басқару органдарымен жүргізіледі.
Жалпы мемлекеттік салықтық жоспарлаудың мақсаты, бюджетке салық төлеушілерінің салықтарының түсуін және қаржы ресурстарын анықтау. Бұл ресурстарды жоспарлауда басқару органдары мүмкіншілігінше жоғарғы деңгейде алуға бағытталады. Бұл процесс қоғам дамуына байланысты жалпы мемлекеттік тұтынушылардың өсуін есептеуге негізделеді. Қаржы қажеттілігінің өсу объективтілігін А. Вагнер енгізген. Көптеген себептерге байланысты мемлекеттік шығындардың өсу
Информация о работе Әлемнің дамыған елдеріндегі салық механизмінің қызмет ету тәжірибиесі