Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 09:28, дипломная работа
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Кіріспе_______________________________________ 4
1. Бөлім. Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың экономикалық мәні және мағынасы
Нарықтық қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі.____________________ 8
Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері._______________________________ 18
Негізгі қорларды бақылау. _______________________ 25
Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы.__________ 27
2 Бөлім. Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды талдау
Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау._____________________________________40
«айгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорлар динамикасын және құрылымын талдау.____________________________ 47
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау.____________55
Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау.___________________________ 58
3 Бөлім. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру
жолдары мен резервтері.
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері.____ 76
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату._________________________________ 80
Қорытынды____________________________________92
Пайдаланылған әдебиеттер__________________________96
Экстенсивті пайдаланудың жеке көрсеткіштерінің ішінен құрал-жабдық жұмысын ауыстыру коэффициенті ерекше орын алады, ол бір тәулік ішіндегі машино-смен сомасының барлық машина санына қатынасымен анықталады. Құрал-жабдық жұмысының ауыстыру коэффициентін көтеру – бұл өнім өндіріс көлемінің өсуінің және негізгі қорларды тиімді пайдаланудың маңызды көзі болып табылады.
Құрал-жабдықтар жұмысын ауыстыру коэффициенті келесі формуламен анықталады:
Құрал-жабдықтарды пайдаланудың ауыстырымдылығын көтерудің басты мақсаты – бұл негізгі қорларды қалыптастыруды жетілдіру. Оларды дәл қалыптастыру процесінде кәсіпорын өзгешілік есебімен – жұмыс күші және негізгі қорлар арасында ең басты пропорцияға жету қажет.
Негізгі қорларды экстенсивті пайдалану көрсеткішінің ішінде құрал-жабдықтарды ауыстыру көрсеткішін толықтыратын құрал-жабдықтардың ішкісменалық тұрып қалу көрсеткіші де маңызды мағынаға ие. Құрал-жабдықтардың ішкісменалық тұрып қалуларының негізгі себептері - өндірісті ұйымдастырудың төмен деңгейі, жұмыс орындарының құрал-саймандармен, материалдармен, детальдармен жабдықталуы; құрал-жабдықтардың түзелмеуі және жоспарда қарастырылмаған ремонттар; жұмысшылардың жетілмеуі. Құрал-жабдықтардың ішкі сменалық тұрып қалуын төмендету үшін ең алдымен құрал-жабдық жұмысының бақылауын және есебін жақсарту, станоктардың және машиндердің жұмыс есебін автоматтандыру және механикаландырудың әр түрлі жүйелерін кеңінен пайдалану.
Құрал-жабдықтарды экстенсивті және интенсивті пайдалану көрсеткіштерінен басқа өндірістік алаңдарды және құрылыстарды пайдалану көрсеткіштері де маңызды орынға ие. Өндірістік алаңдарды тиімді пайдалану капиталды құрылыссыз өнім өндіруді көтеруге мүмкіндік береді және осымен капитал салымдарының мөлшері қысқартады; босатылған өндірістік алаңдарда өндірісті жаңа құрылысты жүргізгенге қарағанда тез ұйымдастыруға болады, осының арқасында уақыт ұтамыз.
Көп жағдайда жоғарыда айтылып кеткен құрал-жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті негізгі қорлардың бөлек көрсеткіштерінің пайдалану дәрежесін ғана көрсетеді, сондықтан негізгі қорлардың барлық пайдалану массасын анықтау үшін кәсіпорындарда, халық шаруашылығының салаларында жалпылағыш көрсеткіштері қолданылады.
Олардың ішінде маңыздысы – негізгі қорлардың қорқайтарымы, өнім бағасының негізгі қорлардың орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады.
ФО = Q/Fc (1.9)
мұндағы, Q - өндіріс көлемі;
Fc – негізгі қорлардың орташа жылдық құны.
Қорқайтарым негізгі өндірістік қорларға жұмсалған әрбір тенгені пайдаланудан жалпы қайтарымды көрсетеді. Бұл көрсеткішті есептегенде негізгі қорларды пайдаланудың және өндіріс нәтижелерінің кезеңдік салыстырғандығына назар аудару қажет.
1.3. Негізгі қорларды бағалау.
Материалды активтерді негізгі қор деп есептеу сәтінде қажетті шарт болып олардың бағалануының біріңғай әдістемесі табылады. Осыған байланысты негізгі қорлардың бастапқы, ағымды, баланстық, өткізу құнын және жойылу құнын бөледі.
Негізгі қорлардың бастапқы құны.
Негізгі қорлар бухгалтерлік есепте бастапқы құн бойынша кіріске алынған кезде көрінеді, ол өзіне барлық қажетті шығындардың нақты жұмсалуын, төленген қайтарылмайтын салықтар және жинақтар, сонымен қатар активті жұмыс жағдайына және оны белгіленіміне пайдалануымен тікелей байланысты жеткізу, монтаждау, қондыру, эксплуатацияға жүргізу шығындары және басқа да әр түрлі шығындардың жұмсалуын қосады. Жер учаскесінің бастапқы құнына келесілер кіреді:
● Шотта көрсетілген сатып алу бағасы;
● Қозғалмайтын мүлік жөнінде агенттерге комиссиондық сый-ақылар;
● Сату-сатып алу келісім шартын жасаған заңгердің қызметіне төлем;
● Салықтар және жинақтар;
● Мақсатты пайдалануға жерді дайындау шығындары (ғимараттарды құлату, тазарту, тегістеу) және т.б.
Сатып алынған құрал-жабдықтың бастапқы құнына келессілер жатады:
● Сатып алу құны;
● Тасымалдауға кеткен шығындар (соның ішінде тасымалдау кезіндегі сақтандыру);
● Монтаж;
● Құрал-жабдықтардың эксплуатацияға жарамдылығын тексеру мақсатымен сынау жүргізу және т.б.
Ғимараттардың және құрылыстардың құрылысын жүргізгенде негізгі қорлардың бастапқы құнына құрылыс бойынша барлық шығындар кіреді:
● Материалдар;
● Еңбекақы төлеу;
● Үстеме шығындардың сәйкес үлесі;
● Архитекторлар, заңгерлердің қызметіне төлемдер;
● Құрылыс кезіндегі сақтандыруға шығындар;
● Құрылыс кезіндегі сақтандыруға шығындар;
● Құрылыс кезіндегі берілген кредит проценті;
● Құрылысқа рұқсат алуға кеткен шығындар.
Негізгі қорлар объектісінің бастапқы құны анықталады:
● Негізгі қорлар субъектісінің өзім дайындалған кезде немесе оларды фактілік шығындар сомасымен сатып алу;
● Объектілерді басқа бір заңды немесе жеке тұлғалардан эксперттік жолмен немесе қабылдау-беру актісі бойынша тегін алған кезде.
Ағымдық құн – бұл белгіленген уақытқа негізгі қорлардың пайдаланып жүрген нарықтық бағасының құны. Әр түрлі уақытта эксплуатацияға енгізілген біртекті негізгі қорлар олардың өндірісіне әр түрлі шығын деңгейі көрсетеді. Сондықтан оларды ағымдық құн бойынша бағалау қажеттілігі туады.
Баланстық құн – бұл негізгі қорлардың активі есепте және есептемеде көрсетілетін жиналған амортизация сомасын шегеріп тастағандағы бастапқы және ағымды құн. Бұл негізгі қорлардың өндірілетін өніміне, жұмысына және қызмет көрсетуіне немесе ағымды шығындарға әлі ауыстырылмаған құны. Бұл құнның төмендеуі негізгі қорларды эксплуатацияда табу уақытының жоғарылау себебінен болады.
Жойылу құны – негізгі қорлар жойылған кезде туатын запас бөлшектерінің, ломның, қалдықтардың болжамды бағасы.
1.4. Негізгі
қорлардың тозуы және
Негізгі қорлар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатысып, жәй-жәй тоза бастайды, яғни физикалық күштің, техникалық және экономикалық факторлардың әсер етуімен өзінің құрамын жоғалтады және жарамсыз болып қалады.
Тозу – моральдық және физикалық сипатынан айыратын процесс. Негізгі қорлар тозуының екі түрі бар физикалық және моральдық.
Физикалық тозуда негізгі қорлардың тұтыну құнының жоғалтуы болады, яғни еңбек процесінің, табиғат күштерінің әсер етуімен технико-экономикалық және әлеуметтік сипатының нашарлауы, сонымен қатар негізгі қоррларды пайдаланбау есесінен.
Өндірісте тозған негізгі
қорлардың көпшілік бөлігі, мысалға
өнеркәсіпте халық
Моральдық тозу көбінесе физикалық тозудан ерте келеді, яғни әлі пайдалануға болатын негізгі қорлар экономикалық тиімсіз болады. Өз кезегінде моральдық тозу екі түрге (немесе екі факторға) бөлінеді:
Моральдық тозудың бірінші
түрі – машиндердің жарты бөлігінің
құнын физикалық тозусыз
Моральдық тозудың екінші түрі - бұл бар машиндердің, құрал-жабдықтардың әрекет ету ұзақтығының қысқаруы, оның өнімділігінің және қуаттылығының төменделуімен, ал көне машиндердің жаңалармен салыстырғандағы эксплуатациясы өндірісті үлкен шығындарға алып келетіменен серттелген.
Тозуды анықтау әдістері.
Физикалық тозу негізгі қорлардың қызметтену негізінде анықталады:
Ттозу(ф) = Тф /Тн · 100% (1.10)
мұндағы, Тф – нақты қызмет ету уақыты (жыл);
Тн – нормативті қызмет ету уақыты (жыл).
Тозуды толық анықтау үшін негізгі қорлардың элементінің жағдайын анықтау қажет.
Моральдық тозудың бірінші түрі баланстық және қалпына келтірілген құнның қатынасы негізінде анықталады:
Ттозу(м1) = Фб – Фв /Фб · 100% (1.11)
мұндағы, Фб – баланстық құн (мың тг.);
Фв – қалпына келтірілген құн (мың тг.).
Моральдық тозудың екінші
түрі көп жағдайда құрал-жабдықтардың
өнімділігін салыстыру
Ттозу(м2) = Пр2 – Пр1 /Пр2 · 100% (1.12)
мұндағы, Пр1 – қозғалыстағы негізгі қорлардың өнімділігі;
Пр2 – жаңа негізгі қорлардың өнімділігі.
Бірақ бұл кезде жаңа негізгі қорлар қамтамасыз ете алатын шикізат және материалдарды үнемдеу немесе еңбек күшін үнемдеу есептелмейді. Сондықтан моральдық тозудың екінші түрін дәл есептеу үшін келесі формуланы қолданып негізгі қорларды және өндіріс шығындарын салыстыру қажет.
Ттозу(м2) = Изд2 – Изд1 /Изд2 · 100% (1.13)
мұндағы, Изд1 – қозғалыстағы негізгі қорлардың өндіріс шығындары (тенге);
Изд2 – жаңа
негізгі қорлардың өндіріс
Негізгі қорлардың амортизациясы.
«Амортизация» термині тікелей мағынада негізгі қорлардың өлімі жоқтығын, олардың тозуды толтыру, қалыптасу мүмкіндіктерін білдіреді.
Амортизация процесі негізгі қорлардың қызмет ету уақыты ішінде өзінің құнын бөлектеп шығарылатын өнімге ауыстыруын және тұтынылған негізгі қорларды өтеу үшін осы құнның келесі пайдалануын айтамыз.
Негізгі қорлардың ауыстырылған өнім құрамындағы құны өндіріс сферасынан кетіп айналу сферасына түседі.
Өнімді шығарғаннан кейін сәйкесінше негізгі қор құнына ауыстырылған ақша бөлігі амортизациялық қорға тұседі, онда толық мөлшерге дейін негізінде бастапқы құнына сәйкес жиналады (тозған негізгі қорларды шегергенде). Бұл амортизациялық қор (жиналған ақша сомасы) тозған негізгі қорлар орнына жаңа негізгі қорлардың заттық элементтерін сатып алуға пайдаланылады, яғни негізгі қорлардың қайта қалыптасуы жүреді.
Амортизацияның негізгі функциялары – қайта өндірісті қамтамасыз ету, негізгі қорлардың есебі және қайта қалыптасуы.
Одан басқа анықталған деңгейде негізгі қорларды толық пайдалануын қарастырып ынталандырушы функцияны да орындайды: құрал-жабдықтың функционирлеу мезгіл қанша ұзақ болса, сонша көп өнім шығарылады және сонша тез негізгі қорлардың құны ауыстырылады.
Шаруашылық практикада амортизацияны есептеу үшін амортизациялық аударымдар қолданылады, яғни аударылған құнның ақшалай көрінісі.
Амортизациялық
аударымдар өнімнің, жұмыстың, қызмет
көрсетулердің өзіндік құнын құ
Амортизацияның объективті негізі болып өндірістік процесте және бағаның қалыптасуында еңбек құралдарының қатысу ерекшеліктері табылады. Осыдан негізгі қорлардың жұмыс уақытының ұзақтығы олардың құны бір өндірістік циклда өнімге түгел емес бөлшектен ауыстырылады, олардың физикалық және моральдық тозу шамасына байланысты. Амортизация өнім құнының бір бөлігі есебінде бірнеше кезеңдерден өтеді: бітпеген өндіріс элементі ретінде, дайын және шығарылған өнім ретінде. Бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдерінде оның қозғалысы айналым құралдарының аванс беруін қажет етеді.
Амортизациялық аударымдар шығып кеткен негізгі қорларды қайта өндіруге бағытталады. Сондықтан функционирленуінің барлық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар оның бастапқы құнына тең болуы керек, олардың жоюдан түскен таза түсіімінен басқа
Өнімге ауыстырылған құн көлемі келесіндей анықталады; біріншіден негізгі қорлардың бастапқы құнымен, бастапқы құн қанша жоғары болса, сонша негізгі қорлар құнының ауыстырылатын бөлігі көп болады.
Екіншіден, бұл мөлшер негізгі қорлар түрімен анықталады, мысалға: өнеркәсіпте ғимараттардың нормативті қызмет ету уақыты 30-50 жыл (өндіріс спецификасына байланысты), ал машиндердің және құрал-жабдықтардың қызмет ету уақыты – 3-15, 15-20 жылға дейін.
Үшіншіден, өнімге ауыстырылатын негізгі қорлар құнының мөлшері өндіріс спецификасының саласымен де шартталған: бір салаларда өнеркәсіптік өнім өндірісіне шығын амортизация үлесі өнеркәсіптердегі орташадан жоғары, бірінде төмен болады.
Амортизациялық аударымдардың көлемі норма амортизациясы бойынша негізгі қорлардың бастапқы құнынан олардың жұмыс уақытының мөлшерін есептеумен анықталады.