Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2014 в 15:47, дипломная работа
Қазіргі таңда, біздің елімізде бұл саладағы бар негізгі сұрақтар заңдармен емес, заңға сәйкес актілермен реттеледі. Қиянат жіберуші ережелер бар.
Айқындылықты жоғарылату үшін, “Тікелей инвесицияларды мемлекеттік қолдау туралы” заңына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізумен, инвестиция көлеміне сай салықтық жеңілдіктерді беру мерзімдері мен көлемін заңды түрде бекіту қажет. Осыған орай чиновниктердің жеңілдіктер көлемін реттеу мүмкіншіліктері заңмен қатаң шектеледі, сәйкесінше – осы саладағы корумпирлік төмендейді.
Кіріспе 3
1 Инвестициялық қызметтің экономикалық маңызы мен теориялық негіздері
1.1 Инвестицияның мәні, түрлері және инвестициялық саясат 6
1.2 ҚР экономикалық жүйесіне инвестицияны пайдаланудың ерекшеліктері және факторлары 15
1.3 Инвестицияны пайдаланудың көрсеткіштері және оны анықтау әдістемелері 30
2 “либелла боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын және инвестицияны пайдалану тиімділігін талдау
2.1 ҚР инвестициялық ахуалының мәні мен факторлары және оны бағалау 36
2.2 “Либелла Боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын талдау 45
2.3 “Либелла Боттлерс” ЖШС инвестициялық дамуын талдау 52
3 кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары
3.1 “Либелла Ботлерс” ЖШС ішкі инвестициялық мүмкіндіктерін пайдаланудағы стратегиясын дайындау 60
3.2 Кәсіпорынға қосымша инвестиция тартудың тетіктерін жақсарту 65
Қорытынды 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиет КӨЗДЕРІ 73
Инвестициялық сұраныс жағдаяттың (конъюктура) өзгеруіне әсер етеді. Оның әсері әр салаларда бірдей емес. Энергетикалық отын кешенінде оның икемділігі төмендеу және өңдеу өнеркәсіп салаларында жоғарырақ. Егер, соңғы 15 жылдағы инвестиция көлемінің динамикасын бақылайтын болсақ, онда келесідей көрініс аламыз: 1991-1996 жылдары – құлдырау; 1997-2001 жылдары – инвестиция өсуі; 2002-қазіргі кезге дейін - өсу қарқынының тұрақтануы. Инвестицияның салалық құрылымын талдауы өндіруші салалар жағына қарай ауытқуды көрсетеді. Сонда, 1998 ж. мұнай өндіру мен кен өндіруге инвестицияның жалпы көлемінің 34,5 % келді, ал басқа салаларға тек 25 %, сәйкесінше 2003 ж. 32,8 % және 31,5 %.
Инвестиция құрылымындағы сәйкессіздіктер тиімділік деңгейі бойынша салалар дифференцияларының күшеюіне алып келмеуге болмайды. Жоғарырақ тиімділік кен өндіру салаларында, кері тиімділік химиялық өнеркәсіпте және машина мен жабдықтар өндірісінде.
Қазақстандағы институционалды инвесторларға коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, инвестиция және зейнетақы қорлары жатады. Бұл институттардың инвестициялық ролі мыналарға негізделеді:
Институционалды инвесторлар ортасында көбірек дамыған институттар банктер болып табылады. 2005 жылдың соңына қарай республикада 34 екінші деңгейлі банктер жұмыс істеді. 2005 жылдың 1 қарашасына банк секторының жеке капиталының жиынтық есебі капиталы 486,3 млрд. теңгені құраған. Банктердің жиынтық активтері 3871,2 млрд. теңгені құрайды. Несиелік салымдардың көлемі 2001 жылдан 4 есеге өсіп, 2005 жылдың маусым айына 1901,9 млрд. теңге болған.
Екінші деңгейлі банктер несиелерінің құрылымын талдау несиелеу объектілер кескінінде (в разрезе) келесі тенденцияларды анықтады. Айналым құралдарын сатып алуға несиелер ең көп үлес салмақты қамтиды – 2000 жылы 81 % және 2005 жылдың маусымында 57 % , позитив ретінде соңғы 5 жылда 24 % құлдырау тенденциясын айтып кетуге болады. Негативті болып негізгі қорларды сатып алуға несиелердің төмен деңгейі келеді, соңғы 5 жылда шамамен – 5,6 %, бірақ, осы көрсеткіш өсуінің оң динамикасын айта кеткен жөн – 2000 жылы 2,7 %-дан 2004 жылы 9,4 % (3,4 есеге өскен). Жаңа құрылыс пен реконструкцияға несиелер жағдайы: 2000-2005 жылдар аралығында несиелер көлемі 1 % -дан 5,9 %-ға өскенмен төмен деңгейде қалып отыр. Сонда, екінші деңгейдегі банктер қызметі, бір жағынан, инвестициялық саясаттың мақсаттарына сай келмейді, ал екіншіден, банктер институционалды инвестициялардың ішінде ең дамығандары бола отырып өз потенциалын жеткіліксіз пайдаланады.
Қазақстанның даму банкі мемлекеттік институционалдық инвесторлардың бірі болып табылады. Қазақстанның Даму Банкінің үш жылдық тәжірибелік жұмысы кезінде қаржыландыруға 55 инвестициялық жобалар мен экспорттық оперциялар, 1033,5 млн. АҚШ доллары Банк қатысуымен 555,7 млн. АҚШ доллары эквиваленттік жалпы соммаға, мақұлданған және қабылданған. Осы жобаларды жүзеге асыру 60 мың жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның Даму Банкі – “ұзын” инвестициялық жобаларды (20 жылға дейін) ең төмен пайызға (орташа 8-9 жылдық пайыз) несиелейтін, бүгінгі таңда Қазақстандағы жалғыз қаржылық институт. 2002 жылдан бастап Даму Банкі ел экономикасының нақты секторын несиелеу көлемін үнемі үлкейтіп отырады. Жылдық өсім шамамен 100 % құрайды. Даму банкінде ең аз маржа – 1,4 - 1,5 %, коммерциялық банктерде – 5-6 %.
Инвестициялық қорлар инфрақұрылымдық облигациялар арқылы салымдар жасайды. Мемлекет жеке сектордың бос ақша қаражаттарын ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін – электр желілерінің құрылысы, машина құрылыстық газ және мұнай құбырлары, темір және автокөлік жолдарын – мобильдеу негізгі мақсаты болып табылады. Оның бірінші жобасы Шар - Өскемен теміржолдарын салу, кезекте – Жезқазған-Бейнеу теміржолының құрылысы, Солтүстік-Батыс электр желілері және тағы да басқа.
Қазақстандағы институционалды инвесторларға жинақтаушы зейнетақы қорлары 2005 жылдың аяғына салымшыларының зейнетақы жинақтары 610,3 млрд. теңгені құрады, ал, зейнетақы жинақтарының жалпы соммасындағы таза инвестициялық табыстың үлесі 23,7 % құрайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің талдауы келесі көріністі бейнелейді. Мемлекеттік құнды қағаздарға инвестициялар үлесі төмендеді, сонымен қатар ҚР-ң қаржы Министрлігінің құнды қағаздарына 2001 жылы 53,8 %-дан 2005 жылы 24,4 %-ға дейін. Шетел имитенттерінің құнды қағаздарына салымдар 2001 жылы 3 % -дан 2005 жылы 2 %-ға дейін азайды, сонымен қатар, халықаралық қаржы ұйымдарының құнды қағаздарына 2001 жылы 3,6 %-дан 2005 жылы 0,6 %-ға дейін. Толықтай, мұны біз позитивті динамика ретінде бағалаймыз, немесе шетел активтеріне инвестицияларды кеңейту ресми ұзақмерзімді капиталды шығаруға жағдай жасайды деп есептейміз.
Отандық экономикалық агенттердің мемлекеттік емес құнды қағаздарына инвестициялардың өсуін оң тенденция ретінде қарастырамыз: 2000 жыл 23,2 %-дан 2005 жылы 34,6 % -ға дейін.
Экономиканың нақты секторындағы №1 артықшылық Каспий теңізінің Қазақстандық секторын меңгерудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру болып келеді. Бұл құжат, 2003 жылы мамырда Президент Жарлығымен бекітілген, елдің мұнай салаларын 2015 жылға дейін дамытуды болжайды. Сонымен қатар, оның бағыттарына халықаралық ынтымақтастық, көмірсутекті кешенді және қалдықсыз пайдалануға келісім шарттар жасау арқылы елдің тәуекелін азайту.
2.2 “Либелла Ботлерс” ЖШС экономикалық жағдайын талдау
“Либелла Боттлерс” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алматы қаласы бойынша юстициялық басқармада 1999 жылдың 13 наурыз айында тіркелді. Оның заңды түрде тіркелген мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, село Теректі, Зеленая көшесі 2А. “Либелла Боттлерс” ЖШС-нің негізгі құрушысы шетел азаматтығы бар (Литва Республикасының азаматы) жеке тұлға: Сурвилла Элегиус. Жарғылық қордың үлесі – 100 %. Құжаттарға сәйкес жарғылық капиталдың көлемі – 150 000 қазақстандық тенге, соның ішінде нақты құрылған жарғылық капиталдың көлемі 120 000 қазақстандық тенге.
“Либелла Боттлерс” ЖШС қызметінің негізгі бағыты – концентратталған және концентратталмаған, яғни газдалған және натуралды (аса газдалмаған) сусындар өндірісі болып табылады.
Кәсіпорынның экономикалық қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдайтын болсақ 2004 және 2005 жылдың мәліметтеріне тоқталайық. Мұнда, өнімді өткізуден түскен түсім бір жылда 465 145 мыңға көбейіп, өсу қарқыны 178 %-ға көбейген, осы өткізілген өнімнің өзіндік құны да 410 991 мың теңгеге көбейген. Өзіндік құн азайған кәсіпорының қызметінің тиімділігі арттып, қаржылық – шаруашылық жағымды әсерін тигізетін еді, бірақ, керісінше азаймай, артып отыр.
Пайда мен шығын өссе де жалпы табыс 72 154 мың теңгеге көбейіп, оның өсу қарқындылығы 84 % құраған.
Өнім өткізу көлемі, өзіндік құн, төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдар және экономикалық санкциялар тағы басқа факторлар оң әсерін тигізгендіктен таза табыс 2004 жылы 32 999 мың теңге болып 2005 жылы 49 119 мыңға көбейіп 82 118 мың теңгені құрады. Өткізілген өнімнің 1 теңгеге кеткен шығыны 0,11 – ға көбейіп отыр.
Жұмыскерлер мен жұмысшылар саны 4 және 2 адамға есепті жылы көбейіп, өсу қарқыны 267,6 % және 272,1 % құрады.
2-кесте – Кәсіпорынның экономикалық қызметінің негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Өлш. бірлігі |
2003 ж. |
2004 ж. |
Ауытқуы | |
(+;-) |
% | ||||
Өнімді өткізуден түскен түсім |
мың тг. |
260 516 |
725 661 |
+465 145 |
278 |
Өткізілген өнімнің өзіндік құны |
мың тг. |
175 299 |
586 290 |
+410 991 |
334 |
Жалпы табыс |
мың тг. |
85 217 |
157 371 |
+72 154 |
184 |
Таза табыс |
мың тг. |
32 999 |
82 118 |
+49 119 |
249 |
Өткізілген өнімнің 1 тг. кеткен шығындар |
тг. |
0,85 |
0,90 |
+0,11 |
113 |
Жұмыскерлер саны |
адам |
98 |
102 |
+4 |
104 |
соның ішінде: |
|||||
-жұмысшылар |
адам |
85 |
87 |
+2 |
102,3 |
Еңбек өнімділігі |
|||||
- 1 жұмыскерге |
мың тг. |
2 658,3 |
7 114,3 |
+4 456 |
267,6 |
- 1 жұмысшыға |
мың тг. |
3 064,9 |
8 340,9 |
+5 276 |
272,1 |
Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры |
мың тг. |
23 405 |
29 988 |
+6 583 |
128,1 |
Жұмысшылардың еңбек ақы қоры |
мың тг. |
17 684 |
21 750 |
+4 066 |
123 |
1 жұмыскердің орта жылдық еңбек ақысы |
мың тг. |
238,8 |
294 |
+55,2 |
123,1 |
1 жұмысшының орта жылдық еңбек ақысы |
мың тг. |
208 |
250 |
42 |
120,2 |
Өнім рентабельдігі |
% |
14,8 |
12,4 |
-2,4 |
Кәсіпорын мәліметтері бойынша есептелген.
Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры 2005 жылы 6 583 мыңға көбейген, ал жұмысшылардың еңбек ақы қоры 2004 жылы 17 684 мың теңге болып 4 066 мыңға көбейіп 21 750 мың теңгеге жеткен.
Сәйкесінше, бір жұмыскердің орта жылдық еңбек ақысы 238,8 мың теңгеден 294 мың теңгеге өсті, ал бір жұмысшының орта жылдық еңбек ақысы 2005 жылы 42 мыңға көбейіп, 250 мың теңгені құраған.
Ал өнім рентабелділігі 2004 жылы 14,8 % – дан 2005 жылы 12,4 % – ға жеткен.
Осы көрсеткіштерден көріп отырғанымыздай кәсіпорын салыстырмалы түрде қызметін табысты орындаған.
Бұл жағдай қаржылық жағдайға қолайлы болып тұр.
3-кесте – Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану көрсеткіштері
№ |
Көрсеткіштер |
Өлш. Бірілігі |
2003ж. |
2004ж. |
Ауытқуы | |
(+;-) |
% | |||||
1. |
Өнімнің қорқайтарымдылығы |
теңге |
3,4 |
6,6 |
+3,2 |
194 |
2. |
Өнімнің қорсыйымдылығы |
теңге |
0,2 |
0,1 |
-0,1 |
50 |
3. |
Қормен қарулану |
мың. тг. |
795,3 |
1062,9 |
+267,6 |
133,6 |
4. |
Тозу деңгейі |
% |
72,1 |
79,4 |
7,3 |
|
5. |
Жарамдылық деңгейі |
% |
27,9 |
20,6 |
-7,3 |
Кәсіпорын мәліметтері бойынша есептелген.
Жоғарыда, кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану көрсеткіштері көрсетілген кестеге тоқталайық. Мұнда, есепті жылы өнімнің қорқайтарымдылығы +3,2 теңгеге көбейген, пайыздық қатынаста 94 % өскен 2005 жылда. Сатылатын өнім санының артуы мен негізгі өндірістік қорлардың орта жылдық құнының қысқаруы бұл көрсеткіштің оң белгіленуіне себеп болып отыр, бірақ өнімнің қорқайтарымдылығы (+) – ке артқандықтан,өнімнің қорсиымдылығы -0,1 теңгеге азайды.
Қормен қарулану есепті жылы +267,6 мың теңгеге көбейген, сонда бір адам 2005жылы негізгі қордың құнын ағымдағы жылға қарағанда 33,6 % – ға көп жұмсайтын болған.
Ал, тозу деңгейі 2004 жылы 72,1 % – дан 2005 жылы 79,4 % – ға жеткені таңқаларлықтай емес.
Бұл кәсіпорынның атқаратын қызметі артып, өнім саны көбейіп, жұмысы оң нәтиже беріп отырғаны бізге мәлім. Сонымен қатар, негізгі құралдарын тиімді әрі үнемдеп пайдаланатынын көріп отырмыз. Себебі, тозу деңгейі аз ғана мөлшерде артқан, ал оның жарамдылығы бір жылда шамалап (7,3 % – ға) азайып отыр.
4-кесте - “Либелла Боттлерс” ЖШС еңбек ресурстарының жағдайын жалпы бағалау
№ р/р |
Көрсеткіштер |
2004 ж. |
2005 ж. |
2004 ж. %-бен 2003 ж. | ||
адам |
% |
адам |
% | |||
1. |
Барлық жұмыскер.саны |
98 |
100,0 |
102 |
100,0 |
104 |
соның ішінде: |
||||||
2. |
-жұмысш. |
85 |
86,7 |
87 |
85,3 |
102,3 |
3. |
-ИТЖ және қызметкерлер: |
13 |
13,3 |
15 |
14,7 |
115,3 |
4. |
-мамандар |
8 |
8,2 |
9 |
8,8 |
112,5 |
5. |
-қызметшілер |
5 |
5,1 |
6 |
5,9 |
120 |
Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары