Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2014 в 15:47, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі таңда, біздің елімізде бұл саладағы бар негізгі сұрақтар заңдармен емес, заңға сәйкес актілермен реттеледі. Қиянат жіберуші ережелер бар.
Айқындылықты жоғарылату үшін, “Тікелей инвесицияларды мемлекеттік қолдау туралы” заңына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізумен, инвестиция көлеміне сай салықтық жеңілдіктерді беру мерзімдері мен көлемін заңды түрде бекіту қажет. Осыған орай чиновниктердің жеңілдіктер көлемін реттеу мүмкіншіліктері заңмен қатаң шектеледі, сәйкесінше – осы саладағы корумпирлік төмендейді.

Содержание

Кіріспе 3

1 Инвестициялық қызметтің экономикалық маңызы мен теориялық негіздері
1.1 Инвестицияның мәні, түрлері және инвестициялық саясат 6
1.2 ҚР экономикалық жүйесіне инвестицияны пайдаланудың ерекшеліктері және факторлары 15
1.3 Инвестицияны пайдаланудың көрсеткіштері және оны анықтау әдістемелері 30

2 “либелла боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын және инвестицияны пайдалану тиімділігін талдау
2.1 ҚР инвестициялық ахуалының мәні мен факторлары және оны бағалау 36
2.2 “Либелла Боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын талдау 45
2.3 “Либелла Боттлерс” ЖШС инвестициялық дамуын талдау 52

3 кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары
3.1 “Либелла Ботлерс” ЖШС ішкі инвестициялық мүмкіндіктерін пайдаланудағы стратегиясын дайындау 60
3.2 Кәсіпорынға қосымша инвестиция тартудың тетіктерін жақсарту 65

Қорытынды 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиет КӨЗДЕРІ 73

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорынның-инвестициялыққызметін-талдау.doc

— 427.00 Кб (Скачать документ)

Инвестиция көздері бойынша:

  • ішкі – республиканың банктік институттарымен несиелеу.

Жоғарыда айтып кеткендей, мемлекеттік банк қражаттары шектеулі, бұл жағдай Қазақстандағы екінші деңгейдгі акционерлік, жеке, біріккен және коммерциялық банктер үшін де сипатты. Екінші деңгейдегі банктер макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайында (инфляция, жұмыссыздық, өндірістің құлдырауы) тез арада табыс табу үшін қысқа мерзімді несиелер беруге бағдарланады. Коммерциялық банктер қаржы нарықтарындағы тұрақсыз жағдай мен инвестициялау тәуекелдіктерінің жоғарылау кезінде нақты секторды ұзақ мерзімді несиелеуге аз көңіл бөледі. Сонымен қатар, коммерциялық банктер көбінесе залалда қалады. Сонда, мемлекеттік те, коммерциялық банктер де ұлттық экономикаға әлеуетті инвестор бола алады.

  • Сыртқы – шетел жақтарынан капиталды тарту.

     Сонымен, әр түрлі  формадағы және түрдегі инвестицияларды  республикаға тарту үшін жағымды жағдайлар жасалу керек

Жұмсалымның жоғары тиімділігіне жету үшін фирма басшылығы инвестициялаудың базалық қағидаларын ескеру керек.

Инвестициялаудың шекті тиімділік қағидасы. Кез–келген кәсіпорын өндірілетін өнім бірлігіне шығынды минимальды болатындай өндірісті ұйымдастырып, максимальді табыс табуға тырысады. Өндірістің жеткен деңгейіндегі табыс өндіріс шығындарынан асатын жағдайда кәсіпорын өз қызметін жалғастырады. Тауар сатудан түскен жиынтық табыс өндіріс шығындарынан аспаған жағдайда ғана ол өз қызметін тоқтатады.

Ал, егерде тауардың бір қосымша бірлігінің өндірісі оны дайындауға кеткен шығындарды асса кәсіпорынға өнім шығаруын кеңейтуге тура келеді. Өнімнің соңғы бірлігін сатудан түскен түсім өндіріс шығындарына тең болса, кәсіпорын өндірісін кеңейтпейді. Кәсіпорын өндірісін жалғастырған кезде, шекті табыс өндірістің шекті шығындарына тең болатындай өнім көлемін шығару керек. Бұл екі шарттың әмбебап сипаты бар кез – келген нарық құрылымына, меншік формасына қолданылады.

Инвестициялаудың оңтайлы көлемі  - 5 млн бірлік. 6 млн бірл. салымы тиімсіз болады.

Инвестициялаудың шекті тиімділігі екі маңызды факторға тәуелді:

  • өндіріс шығындарының өсу қарқыны;
  • өндірісті монополиялау деңгейі;

“Замазка” қағидасы. Бұл қағида инвестициялау тиімділігін бағалаудың жаңа тәсілін анықтауға мүмкіндік береді.

Инвестициялау замазкамен жұмыс істеу сияқты: шешім қабылдау еркіндігі оларды жүзеге асыру кезінде жәймен көбейетін еркінсіздікке алмасады.

Кәсіпорынның қандай станок сатып алу керек , оны жалға беру немесе өзіне өндіру керек пе, осы операцияға қанша, қай мерзімге және неше пайызға несие алу керек шешімдерін еркін қабылдай алады. Бірақ, осы үрдістерді жүзеге асырғаннан кейін артқа шегіну қиынға түседі. Бұл станокты бірнеше жылдар бойы (өтелу үшін) пайдалану керек, несие бойынша пайыздарын төлеу керек және тағы сол сияқты. Бірақта, инестициялық жоба күшіне енген соң әрекет еркіндігі шектеулі болады.

Инвестициялық шешім жүзеге асқаннан бастап еркіндік нольге теңеседі деуге болмайды. Сатып алынған станоктар немесе акцияларды қайта сатуға, дезинвестициялап, олардан құтылуға болады. Бірақ, ол үшін төлеу керек: уақытпен, басқарушылық қызметкерлердің күшімен, серіктестермен байланыстардың бұзылуымен. Капитал жұмсалымының көптігіне, іскерлік серіктестіктердің атақтығына орай қателіктерді жөндеу үшін төлемдері көбейіп отырады. Осыған орай, инвестициялық жоба жүзеге аспай тұрып, оның тиімділігін алдын - ала есептеп алу керек.

Күрделі қаржы жұмсалым тиімділігін материалдық және ақшалай бағалаудың ұштастырылу қағидасы. Тімділікті бағалаудың үш қағидасы бар:

  • шығын мен шығарылымның салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы, яғни тек құнды және ақшалай талдау. Инвестициялаудың дүниежүзілік тәжірибесі тиімділікті тек ақшалай бағалауға сүйену жеткіліксіз екенін көрсетеді – мұндай тәсіл инфляция жағдайында тиімсіз.
  • тиімділіктің ақшалай және техникалық критерилерін ұштастыру арқылы. Себебі, инестициялық жобадағы кепілдікке алынған (жобаға салынған) технологияның өзіне де байланысты. Технология өндірістік қуаттарды енгізудің айрықшалықты суретін тапсырады және инвестициялық мақаттарды жүзеге асыру тәртібіне әсер етеді.
  • тиімділікті бағалаудың техникалық тәсілі, ол бизнесті нарықтық (құндық) бағалауды ескермейді, осыған орай, ол көп қолданылмайды.

Биімделу шығындарының қағидасы. Биімделу шығындары – бұл жаңа инвестициялық ортаға үйренуімен байланысты барлық шығындары. Олар, жаңа жабдық қондырылған, бірақ оны өзгерген коньюнктура бойынша қайта баптау (переналадить) кезіндегі өндірісті қайта ұйымдастыру және кадрларды қайта дайындаудан жоғалған шығарылым ретінде өлшенеді. Жаңа инвестициялау туралы шешім, оны іске асыру алдында және өтемділік аралығында әрдайым уақытты артта қалуы болады.  Бірден үйреніп кету мүмкін емес. Кез – келген биімделудің өз шығындары болады: жаңа ақпарат, жаңа технология, кадрларды қайта дайындауға қаражат және тағы да  басқа керек.

Ағымдағы табыстылықтың тез арада азаюы үйрену үшін төлем болып отыр. Тіпті акция мен облигацияның өздерін де, бағамы төмендеген кезде, тез арада тиімді қайта сату мүмкін емес. Уақыттың өтуі капиталдың құлдырауын, оның табыстылығының төмендеуін білдіреді. Ал, өндірістік инвестициялаудың биімделу шығындары бұдан да көп. Мысалы, қол еңбегін машиналыға алмастыру орынды. Бұл әйгілі биімделу шығындарын (тікелей және жанама) қажет етеді. Соның ішінде: кадрларды қайта дайындау; ескі жабдықты сатып жаңасын орналастыру; қысқарту нәтижесінде жұмыссыз қалған жұмысшылар мен қызметшілерге өтемақыларын төлеу; өз күшін сақтайтын ескі келісімшарттар бойынша тұрақсыздық төлемдері және т.б. Кәсіпорын жаңа өнімін сататын бағасына биімделу шығындарын да қосу керек. Бұл баға өндіріс үшін шикізат, материалдар, технологиялар ұсынысының бағасынан қаншалықты асса, соншалықты бұл вариант капитал жұмсалымына артықшылықты. Өнімге деген сұраныстың көп болуы, кәсіпорын өзіне рұқсат ете алатын биімделу шығындарының көп болуына әсер етеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан қаншалықты көп әрі ұзақ болса, биімделу шығындарына қарамастан соншалықты инвестициялау тиімдірек болады.

Мультипликатор (көбейткіш) қағидасы. Мультипликатор қағидасы салалардың байланысуына сүйенеді. Бұл айтарлықтай автомобильге деген сұраныстың өсуі технологиялық ілеспе тауарларының: металл, пластмасса, резина және тағы да басқаларының өсімін туғызады. Мультипликатор, салалар арасындағы нақты бар байланысын тұлғалайды және осы байланыстарды санды түрде сипаттайды.

Мультипликатор алдын ала нақты ықпалдың уақыты мен экономикалық қуатын білуге, осы ақпаратты тиімді пайдалануға: тиімсіз инвестициялауды тоқтату және коньюнктураны оза отырып, уақытылы жаңа бизнеспен айналасуға мүмкіндік береді. Осындай уақытылы әрекет акцияларды қайта сату және өндірісті қайта профильдеу формасында жүзеге асуы мүмкін.

Мультипликатор әсері саладан – сұраныс пен табыстылық қуат көзін (генератор) жоюына байланысты әлсіреп, өседі. Сонымен қатар, мультипликатор әсері уақытылы да өшеді. Кейін басқа сала алға шығуы мүмкін, мұнда, қайтадан инвестициялау стратегиясын түзету керек.

Q – қағида. Q – қағида – бұл қор биржасындағы активті бағалаумен оның нақты қалпына келтіру құны аралығындағы тәуелділігін анықтау. Бұл тәуелділік көрсеткіші – Q – қатынас:

Q=Материалдық активтердің  ұдайы өндірісін биржалық бағалау / Осы активтердің орнын басудың  ағымдағы шығындары

Егер, бөлшек бірден жоғары болса, онда инвестициялау тиімді. Қанша көп болса, сонша тиімді.

Инвестициялау тиімділігі сұраныс бағасы мен ұсыныс баға ара қатынасына бекітіледі. Бүкіл кәсіпорынды сатып алуды инвестициялағанда былай анықтаймыз

Q=Бүкіл фирманың биржалық  бағасы / Оның материалды бөлігінің  орнын толтыру шығындары

Бұл қағиданың қолданылуына қарағанда, оны мемлекеттік реттеу деңгейі көбірек.

Тәжірибе көрсеткенде,  Q – қағида келесі салаларда қолданысқа жақсы. Олар: көлік, автомобиль жасау, түсті металлургия, резинотехникалық өнеркәсіп, пластмасса өндірісі, бірақ ол мемлекетпен реттелетін салаларда қолданылады: мұнай шығару, газ саласы және тағы да басқа.

 

    1. ҚР экономикалық жүйесіне инвестицияны пайдаланудың ерекшеліктері және факторлары

 

Мемлекет, инвестициялық ресурстар нарығындағы жағдайды реттейтін, негізгі операторлардың бірі болып бой көрсетеді, ал оның шетел инвестицияларына деген саясаты көбіне елдегі инвестициялық ахуалдың күйін анықтайды, әлеуетті инвесторлардың шешім қабылдауларына әсер етеді.

Нарық қатынастарын дамытудың қазіргі кезегінде Қазақстанда инновоциялық – инвестициялық саясатты құру және жүргізу үшін алғышарттар қалыптасты: кәсіпорынның шаруашылық қызметін реттеудің нарық құралдарын пайдалану; макроэкономикалық процесстер арқылы басқарудың нарықтық әдістерін әзірлеу және енгізу; қос деңгейлі банк жүйесіне өту; мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды және оны қаржыландыру көздерін әзірлеу; инновациялық және инвестициялық саланың ролін түсіну және елдің ішкі резервтерінің есебінен инвестициялау көздерінің қажеттілігі. Бірақ, қалыптасқан алғышарттарға қарамастан, экономиканың инновациялық және инвестициялық тартымдылығы қалай ішкі, солай сыртқы инвесторлар үшін әлі төмен. Бұл жағдайдағы, мемлекеттің, аймақтағы өкімет органдарының міндеттері ресурстарды ғылымның және өндірістің басымдырақ салаларына шоғырландырудан және инвесторлар бұл процесстерге қатысу үшін қолайлы инновациялы – инвестициялық ахуал қалыптастырудан тұрады.

Мемлекеттік реттеу тетіктерінің жоқтығы, қаржылы–несиелік саясаттағы жаңсақтықтар нарық жағдайында тұрақтылықты қамтитын кәсіпорындардың инвесторлар үшін тартымдырақтығына алып келді, себебі, өз өніміне сұраныс шектеулері жоқ. Бұл көбінесе, үлкен экспорттық мүмкіншіліктері бар және осыдан шығатын, инвестиция көздерін қалыптастырудағы, артықшылықтары бар мұнай мен газ өндіру өнеркәсіптері. Осы мұнай мен газ өндірісінің өнеркәсібі инвестиция белсенділігінің деңгейін анықтады. Ол экономиканы ұзақ уақытқа қалыптастырушы фактор болып келеді. Нарық қатынастарына өту жағдайында инвестициялардың өндірістік емес және кен өндіруші өнеркәсіп салаларына қайта бағдарлануы болған. Бұл, өңдеуші өнеркәсібіне капитал салымдарының қысқаруына алып келіп, инвестиция қызметінің сапалы параметрлерінің жақсыруына жағдай жасамады.

Инвестицияның салалық құрылымы біздің толықтай тиімді емес құрылымымызды бекітеді де, түбінде экономика өсіміне жағымсыз әсер етеді. Осы құрылымдық қиғаштықтар консервациясының себептерінің біреуі – аймақ экономикасының дамуындағы артықшылықтарды анықтайтын және шетел инвестицияларын тартуға сараланған тәсілдемені іске асыратын экономикалық саясат шараларының жоқтығы. Шетел инвесторлары салынған капиталға жоғары табыс нормасын басшылыққа ала отырып, салаларды өздері таңдайды. Өкінішке орай біздің мемлекет бұл процесске елеулі әсер етпейді.

Отандық өндірістің құлдырауынан болған ішкі ұсыныстың жеткіліксіздігі, сол ішкі сұраныстың көп бөлігі импорт есебінен өтелуіне алып келеді. Екіншіден инфляцияның жоғары қарқыны, отандық өндіріс тиімділігінің төмендігі және тұрақсыздығы, ел капиталының кемуіне алып келетін, инвестициялауға жағымсыз жағдай жасайды.

Индустриалды–инновациялық дамытудың мемлекеттік инвестициялық саясатының мақсаты, жеке меншік секторы мемлекеттің араласуынсыз жүзеге асыра алмайтын тауашаларына, қаржыландыру көздерін және инвестицияны қолдау және тартудың қатысты механизмдерін анықтаудан тұрады. Мемлекет қолдауы мен нарық ынтасының сәйкестігінде ғана мүмкін болатын, инвестиция белсенділігін арттыру арқылы экономикалық дағдарыстан шығуға және өндірісті жандандыруға болады.

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің негізгі бағыттары болып, жоғары техникалық және технологиялық деңгейді сақтаған, салалар мен өндірістің экспорттық және импорттық орнын алмастырушы, бәсекеге қабілетті салаларды қолдау табылады.

Дүниежүзілік тәжірибені талдау, құрылымының қайта құрылуының шешуші шарты болып қарастырылатын, экономикадағы инвестициялық үрдістерді мемлекетпен қолдау экономика өсуінің тұрақты қарқындарын қолдау және жетістік түріндегі нақты нәтиже береді. Қазақстанда инвестицияларды ынталандырудың заңды және экономикалық негіздері 2003 жылы  8 қаңтарда қабылданған ҚР–сының “Инвестициялар туралы” заңында анықталған. Бұл заң ҚР–дағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейді, инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындайды, ҚР–да инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвестициялардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгілейді.

Қазіргі технологияларды пайдаланатын қолданыстағы өндірісті жаңарту, кеңейту және жаңаларын жасаудағы инвестицияны ынталандыру үшін және экономиканы дамыту үшін жағымды инвестициялық ахуалды қалыптастыру мақсатымен инвестицияны мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады.

Инвестицияны мемлекеттік қолдау келесі преференцияларды ұсынумен тұжырымдалады:

  • инвестициялық салықтық преференциялар;
  • кеден баждарымен салық салудан босату;
  • мемлекеттік натурдық гранттар;

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту үшін инвестицияға сұраныс ұсынатын тауарларын экспорттайтын салаларға бағдарлану қажет, оларға бюджеттік қаржыландыру, салықтық престі төмендету, мемлекеттік тапсырыс беруді кеңейту және сыртқы экономикалық саясаттағы орынды қолдампаздық (протекционизм) түрлерінде көмек көрсету қажет. Халықтың әл – ауқаттық деңгейін және отандық өнімдерге деген оның төлем қабілеттілігі бар сұранымын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдануы қажет. Бұл мультипликативті әсер беріп, кәсіпорындарға инвестициялар іздеуге, оларды төлеуге, несие берушілермен және мемлекетпен төлеп құтылуға, өндірісті дамытуға мүмікіндік беретін еді.

Инвестициялық процеске кәсіпорынның өз қаражатын және халықтың жинақ ақшаларын тарту халықтың әл–ауқатын жоғарлату және экономикалық өсу үшін маңызды болып келеді. Зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар және басқа да институционалдық инвесторлар капиталдың отандық нарығын дамытуға жәрдемдесу керек және осы арқылы – сапалы экономикалық өсуге.

Басқа ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстан Республикасы, инвесторлар үшін тартымды болып келетін, жоғары несиелі рейтингке ие. Батыс сарапшылардың көзқарасы бойынша саяси дамудың тұрақтылығы ҚР – сының артықшылықтарының бірі болып табылады. Салық тәртіптемесінің тұрақтылығы, қоғамның демократияландырылуы, нарық реформаларының жалғасуы жағымды инвестициялық ахуалды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Әлеуетті инвесторлар алдында тұрған проблемаларды мемлекетпен ұғыну қажет.

Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикалық жүйеге бірігуі шетел инвестициялары үшін қалыпты инфрақұрылымды және құқықты жағдайларды қалыптастырусыз мүмкін емес. ҚР-ның экономикасын жаңғыртуда шетел капиталы маңызды роль атқарады. Ұзақ мерзімді саясаты бар жаңа іскерлік ахуал жасау міндетті түрде қажет. Тек осы жағдайда ғана ҚР артықшылықтары, табиғи ресурстарды, транзиттік геополитикалық жағдайды, ғылыми–техникалық әлеуеті мен білімі бар халықты қосқанда, капитал тартудағы ҚР–ның бәсеке қабілеттілігінің маңызды шарттары болады. Республиканың дамыған инфрақұрылымдағы өмірлік қажеттілігі кең территориялы–орнықтырушылық базамен және экономикалық шаруашылық–салалық құрылымымен анықталады. ҚР–сы қысқа мерзімде негізгі өндірістік қорларға капитал түсімін қамтамасыз ету қажет және базалық салалар мен өндірістерді сақтау мен дамыту мақсатында шикізат ресурстарын экспортқа бағдарланған қайта өңдеуді ұйымдастыру керек. Болмаған жағдайда, экономика құрылымын  қайта құру міндеттерін шешпейтін, экспорттың тауарлы – шикізаттық бағдарлануы ҚР – на көптеген жылдарға бекітіледі.

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары