Кәсіпорында еңбекті мөлшерлеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 20:24, курсовая работа

Краткое описание

Еңбекті адамның табиғатқа қатынасы жағынан анықтау ғана жеткіліксіз, сондықтан еңбек үрдісін сипаттайтын, бірақ қоғамдық нысанға қатыссыз категорияларды айқындау керек. Оларға еңбек өнімділігі, интенсивтілігі және еңбек өнімділігінің күші жатады.
Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Еңбек өнімділігі дегеніміз уақыттың бір өлшем бірлігінде (1сағатта, 1күнде, 1айда, 1жылда) шығарылған өнімнің көлемін немесе бір өнімді өңдеуге кеткен еңбек уақытысы.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
1. Қазіргі жағдайларда еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы...........................5
1.1 Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні....................................................5
1.2 Еңбек өнімділігін өлшеудің әдістері мен көрсеткіштері.......................8
1.3 Еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар.............................................15
2. «Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігін талдау...................17
2.1 «Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін есептеу......................................................................................................17
2.2 Еңбек өнімділігін көп факторлы талдау және болжау.........................21
3. Еңбек өнімділігін жоғарылату...................................................................25
3.1 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың жолдары........................................25
3.2 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың тиімділігі.......................................28
Қорытынды.....................................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттер................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Рамазан Эконом.doc

— 183.00 Кб (Скачать документ)

                                  ВПф+ Р↑ВП     ВПф

Р↑ЧВ=ЧВв-ЧВф= —————— - ——

                                 Тф-Р↓Т+Тд           Тф

 

Мұндағы: Р↑ЧВ-орта сағаттық өнім шығаруынан жоғарылау резерві;

       ЧВв,ЧВф-сәйкесінше орта сағаттық өнім шығарудың мүмкінді және нақты деңгейі;

        Р↑ВП –ҒТП шараларын енгізу есебінен жалпы өнімнің жоғарылау резерві;

        Тф-нақты өнім көлемін шығарудағы жұмыс уақытының нақты шығындары;

 Р↓Т-өндірістік үрдістерді механизациялау мен автоматтандыру,еңбекті ұйымдастыруды жақсарту, жұмысшылардың біліктілік деңгейін жоғарылату есебінен жұмыс уақытының қысқару резерві;

Тд-өнім шығуының көбейуімен байланысты қосымша еңбек шығындары. Ол өнім өндірудің әрбір жоғарылау резервінің көзі бойынша, осы резервті және өнім шығару нормативтерін меңгеру үшін қажетті қосымша жұмыс көлемі есебімен анықталады.

ВПф-нақты шығарылған өнім көлемі.

Орта сағаттық өнім шығарудың  өсу резервін жұмыс күнінің жоспарлану ұзақтығына көбейту арқылы орта күндік өнім шығарудың өсу резервін аламыз. Егер де осы резервті бір жұмысшының жұмыс уақытысының жоспарланған қорына көбейтсек, онда жұмысшылардың орта жылдық өнім шығарудың өсу резервін табамыз.

Өнім шығарудың жоғарылау  резервін анықтау үшін орта сағаттық өнім шығарудың мүмкін өсімшесін  барлық жұмысшылардың жұмыс уақытысының  жоспарланған қорына көбейту қажет:

Р↑ВП= Р↑ЧВ·Тв

Белгілі бір іс-шараны өткізу есебінен еңбек өнімділігінің өсу резервін былай анықтауға болады:                            Р↓ЧР%хі

                             Р↑ПТхі(%)= ——————— *100

                                                    100- Р↓ЧР%хі

Мұндағы: Р↓ЧР%хі-белгілі бір шараны өткізу есебінен жұмысшылардың немесе басқарушылық персонал санының қатысты қысқару проценті.

 

 

 

 

 

 

 

    1. Еңбек өнімділігін жоғарылатудың тиімділігі.

 Еңбек өнімділігінің өсуі жалпы және жеке факторлар бойынша мына формуламен анықталады:

К=Э/Т-Э*100%

Мұндағы: Э-еңбек өнімділігінің өсу факторлар қызметі нәтижесінде

                 ӨӨП-ды үнемдеу (адам);

                 Т-базистік жылда шығарылған өнім бойынша жоспарлы

                 кезеңдегі  өндіріс көлеміне  есептелінген ӨӨП саны, адам; 

Жеке факторлар есебінен еңбек өнімділігінің өсуін есептеген  кезде, сәйкес факторлардың әсерінен ӨӨП  санының өзгеруі көрсетіледі. ӨӨП-ға өндірісте қызмет ететін (негізгі  және көмекші учаскілер, лабораториялар, күзет, шикізат және дайын өнім қоймалары) қызметкерлер жатады.

Атқаратын функцияларына  байланысты ӨӨП келесі категорияларға бөлінеді: басшылар, қызметкерлер, мамандар, кіші қызмет көрсету персоналы, күзет  қызметкерлері. Қызметкерлер категорияларына  шикізатты дайын өнімге айналдыру  бойынша технологиялық үрдістерді жүргізумен тікелей қызмет жасайтын жұмысшылар жатады.

Еңбек өнімділігіне негізгі  технико-экономикалық факторлардың әсер етуі жұмысшылар санының шартты босатылуын (жоғарылауы) есептеу жолымен анықталынады.

 «Өндірістің техникалық  деңгейінің жоғарылауы» атты топ факторларының әсер ету есебінен жұмысшылар санының өзгеруі былай анықталады:

Э1=(Ч0К/100-Ч1)·Кс

Мұндағы: Чо,Ч1-участікте (жұмыс орнында) іс шараны жүргізуге дейін

              және жүргізгеннен кейін жұмысшылардың  орташа тізімдік саны;

              К-жоспарланған шараны жүргізу есебінен жоспарлы кезеңнің 

             есепті кезеңмен салыстырғанда  тауарлы өнім өндіру көлемінің 

             өсуі, %.

             Кс-жоспарлы кезеңде іс шараны өткізу мерзімін есепке алатын

          коэффициент (іс шараны енгізгеннен кейінгі жұмыс айларының

          санын 12-ге бөлу).

«Өндірістің техникалық деңгейінің жоғарылауы» топ факторлардың әсер ету есебінен жұмысшылар санының  өзгеруін жоспарлаған кезде қол  еңбегін қолдануды қысқарту бойынша қойылған тапсырманы өндірістік үрдістерді механизациялау бойынша сәйкес шараларды жүргізу жолымен орындалуын қарастыру керек.

«Басқаруды, өндірісті  және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру» топ факторлардың әсер ету есебінен жұмысшылар санының үнемін есептеу тек өндірістің техникалық деңгейін жоғарылату бойынша шаралармен байланыссыз жағдайларда ғана жүргізілуі керек. Бұл топ факторлар бойынша жоспарда қарастырылған, саланың озат кәсіпорындарында нақты қалыптасқан басқару құрылымы мен ұйымдастыру тәжірибесімен сәйкес түзетілген мамандардың және қызметкерлердің босатылуын есепке алу керек. Бұл фактор бойынша көмекші жұмысшылар санының (мысалы, жөңдеу қызметін орталықтандыру есебінен) үнемін де көрсету қажет. Өндірісті басқаруды жетілдіру нәтижесінде жұмысшылар санының үнемі, есепті кезеңдегі басқару аппаратының санын шараны енгізу мерзімін есепке алып, шараны жүргізгеннен кейін жоспарланған жұмысшылар санын салыстыру арқылы анықталады.

Қызмет көрсетуді жоғарылатумен  байланысты жұмысшылар санының азаюын есептеу келесі формуламен жүргізіледі:

Эз=(Сп/Н1-Сп/Н2)·К1с

Мұндағы: Сп-қызмет көрсету нормалары жоғарылайтын құрал-жабдықтардың жоспарлы саны, адам;

                    Н1,Н2-жоспарды және есепті кезеңдегі қызмет көрсету нормалары, адам/құрал-жабдық;

                    К1с-жаңа қызмет көрсету нормаларын енгізу мерзімін есепке алатын коэффициент.

Өнім шығару көлемінің  нормаларын жоғарылату нәтижесінде, кесімді  жұмысшылар санының үнемі келесі формуламен анықталады:

Э4=(П/НР1-П/НР2)·Кр

 Кр=Бп/Тп

Мұндағы: П-кесімді жұмысшылар шығаруға жоспарланатын өнім көлемі;

                    НР1,НР2-еңбекті ғылыми ұйымдастыру бойынша шараларды өткізгенге дейін және өткізгеннен кейін өнім шығару көлемінің нормалары;

                    Кр-келген жұмысшылар санының орташа тізімдегі қайта есептеу коэффициенті;

                    Бп-жоспарлы баланс сағат бойынша жоспарлы кезеңдегі 1 жұмысшының тиімді жұмыс уақытысының қоры;

                   Тп-учаскінің, цехтың, кәсіпорынның күнтізбелік жылдағы өндірістік кезеңнің ұзақтығы.

Жұмыс уақытының жоғалуын қысқарту есебінен жұмысшылар санының босатылуы, пайдалы жұмыс уақыты қорының өзгеруімен баланысты. Сондықтан да бұл факторлардың әсер етуін жұмыс уақытының жоспарланған балансынан есептеу керек. Жұмысқа щықпауды қысқарту (демалыс және мейрамдарды қоса алғандағы барлық себептер бойынша) есебінен жұмысшылар санының азаюын мына формуламен анықталады:

Э5=(Бо-Бп)·(Чр-∑Э)/Бп

Мұндағы: Бо,Бп-жоспарлы және есепті кезеңдегі 1 жұмысшының тиімді жұмыс уақытының қоры;

                 Чр-жұмысшылардың есептелінген саны (өткен жылғы жұмысшылардың санын жоспарлы өндіріс көлемінің өсу индексіне көбейту);

                 Э-барлық факторлардың әсерінен жоспарлы кезеңдегі жұмысшылар санының жалпы үнемі.

«Өндіріс құрылымының  және көлемінің өзгеруі» топ факторлары бойынша ӨӨП санының қатысты азаюымен байланысты өндіріс көлемінің өсуі, негізгі кесімді жұмысшыларды есептемегенде ӨӨП барлық категорияларының саны өнім өндіру көлемі өскенде немесе тұрақты болып қалған жағдайға қарағанда аз деңгейде өседі. Өндіріс көлемінің өсуімен байланысты жұмысшылар санының қатысты үнемі мына формуламен анықталады:

Э6=Чо·(К1ч-Ко)/100

Мұндағы: Чо-есепті кезеңдегі ӨӨП саны (кесімді жұмысшыларды қоспағанда);

                  Ко-есепті кезеңмен салыстырғанда жоспарлы кезеңдегі өнім өндіру көлемінің өсуі,%;

                  К1ч-өндіріс көлемінің өсуімен байланысты есептеу үшін      қабылданған, есепті кезеңмен салыстырғанда жоспарлы кезеңдегі ӨӨП санының қажетті жоғарылауы (кесімді жұмысшыларды қоспағанда);

Жеке өнім түрлерінің (ассортимент құрылымындағы қозғалыс) үлес салмағының еңбек өнімділігінің көрсеткішіне әсері, еңбек сыйымдылығының әртүрлі бұйым үшін өнімнің көтерме бағасының дәл емес келуімен шартталған. Осыған байланысты ассортименттегі құрылымдық қозғалыстар кезінде ӨӨП санының және тауарлы өнімнің мөлшері бірдей емес өзгереді. Бұл еңбек өнімділігінің өсуіне немесе төмендеуіне алып келеді.

Факторлар және өндіріс  көлемі бойынша еңбек өнімділігінің  өсуі ӨӨП жалпы санын есептеу  үшін негіз болып табылады. Ол жеке жұмысшылар категорияларының санын қосу жолымен анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей еңбек өнімділігін жоғарылату, тұрақты  экономиканы тұрғызу үшін негіз  бола алады. Сондықтан да осы мәселе әлемнің барлық өнеркәсібі дамыған  мемлекеттерінде ең маңызды мәселелер құрамында тұр. Өнімділік көрсеткіші-басқарушылық әдістердің ең прогрессивті индикаторы.

Еңбек өнімділігін жоғарылату өндіріс факторларының әлеуетті сапалы өсуін бейнелейді және экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ол әлеуметтік-экономикалық үрдістерді басқару үшін маңызды орын алады, себебі ол өндіріспен және нарық конъюктурасымен байланысты факторларды бөлуге мүмкіндік береді.

Еңбек өнімділігін жоғарылату-экономикадағы  инфляциялық тенденцияларды әлсіретудің  құралы, сонымен қатар халықтың әлеуметтік дамуына және оған көмек беруге бағытталған іс-шараларды жүргізудің негізгі көзі болып табылады.

Еңбек өнімділігінің  өсу резервтерін қалыптастырудың  маңызды шарты-сәйкес жоспарларды  немесе бағдарламаларды құрастыру  болып табылады. Еңбек өнімділігін басқарудың ең тиімді бағдарламалары күтілетін эффектіні береді, егер де оны өндірісті ұйымдастыру туралы мәселелерді және еңбек өнімділігінің факторлары мен резервтерін жақсы білетін сызықты басшылар бағдарламада қатысқан болса.

Демек еңбек өнімділігінің жоғарылауы еңбек үрдісінің қатысушыларына, олардың біліктілігінің өзгеруіне, сонымен қатар еңбек қатынастарының жағдайына байланысты.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Гаврилов «Производительность труда: показатели планирования и методы измерения». Москва: Экономика, 1985г.
  2. Костин Л.А., Костин С.Л. «Кардинальное повышение производительности труда». Москва, 1986г.
  3. Маркин Ю.П. «Анализ внутрихозяйственных резервов». Москва: Финансы и статистика, 1991г.
  4. Скоморохов Р.В. «Производительность труда: резервы роста». Москва, 1989г.
  5. «Производительность труда и ыакторы ее роста» под ред. Ф.И.Гилицкого. Минск: Наука и техника, 1982г.
  6. «Производительность труда-важнейший фактор повышения эффективности производства». Москва: Наука, 1982г.
  7. «Резервы ускорения роста производительности труда» под ред. Д.Н.Карпухина. Москва, 1987г.
  8. «Роль финансов и кредита в повышении производительности труда» под ред. Грязновой. Москва: Финансы и статистика, 1990г.
  9. Брылев В. «о методике выявления и реализации внутренних резервов повышения производительности труда».// Труд в Казахстане: проблемы, факты, комментарии. 2001год №8.
  10. Коробейников А., Катков А. «Повышение производительности возможно при условии».// Казахстан: экономика и жизнь. 1996год №3.
  11. Рожкова В. «Производительность труда».// Труд в Казахстане: проблемы, факты, комментарии. 2003год №7.  

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

2001-2002жж. «Алматы Қанты»  ААҚ негізгі технико-экономикалық  көрсеткіштері.

Көрсеткіштер

2001ж.

2002ж.

Өзгеруі,+,-

1

Негізгі қызметтен түсетін  табыс, мың тг.

469400

511640

+42240

2

Өнімнің өзіндік құны, мың тг.

409812

426930

+17118

3

Негізгі құралдардың  орташа жылдық құны, мың тг.

23654

36923

+13269

4

Өнеркәсіптік өндірістік персоналдың саны, адам.

10260

10200

-60

5

Орташа еңбекақы, тг (6жол:4жол)

21960

22667

+707

6

Еңбекақы қоры, мың  тг.

225310

231200

+5890

7

Еңбек өнімділігі, мың  тг (1жол:4жол)

45750

50160

+4410

8

Қор қайтарымдылығы, тг (1жол:3жол)

19,8

13,9

-5,9

9

Өнімнің рентабельділігі (1жол:2жол)

1,15

1,2

+0,05


 




Информация о работе Кәсіпорында еңбекті мөлшерлеу