Кәсіпорында еңбекті мөлшерлеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 20:24, курсовая работа

Краткое описание

Еңбекті адамның табиғатқа қатынасы жағынан анықтау ғана жеткіліксіз, сондықтан еңбек үрдісін сипаттайтын, бірақ қоғамдық нысанға қатыссыз категорияларды айқындау керек. Оларға еңбек өнімділігі, интенсивтілігі және еңбек өнімділігінің күші жатады.
Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Еңбек өнімділігі дегеніміз уақыттың бір өлшем бірлігінде (1сағатта, 1күнде, 1айда, 1жылда) шығарылған өнімнің көлемін немесе бір өнімді өңдеуге кеткен еңбек уақытысы.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
1. Қазіргі жағдайларда еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы...........................5
1.1 Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні....................................................5
1.2 Еңбек өнімділігін өлшеудің әдістері мен көрсеткіштері.......................8
1.3 Еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар.............................................15
2. «Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігін талдау...................17
2.1 «Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін есептеу......................................................................................................17
2.2 Еңбек өнімділігін көп факторлы талдау және болжау.........................21
3. Еңбек өнімділігін жоғарылату...................................................................25
3.1 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың жолдары........................................25
3.2 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың тиімділігі.......................................28
Қорытынды.....................................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттер................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Рамазан Эконом.doc

— 183.00 Кб (Скачать документ)

Тәжірибеде көп тараған әдіс құндық (ақшалай). Ол өндірілетін өнім көлемінің құндық көрсеткіштеріне негізделген. Құндық әдіс кезінде еңбек өнімділігін өндірілген өнім көлемін ӨӨП-дың орташа тізімдік санына бөлу арқылы есептелінеді. Еңбек өнімділігін өлшеудің құндық әдісі әртүрлі түрлерін қамтиды, ол өндірілген өнімнің әртүрлі құндық түрлеріне байланысты (тауарлық, жалпы, өткізілген, таза, нормативті-таза). Жалпы, тауарлық, өткізілген өнім бойынша есептелінетін еңбек өнімділігінің көрсеткіштері ұқсас артықшылары мен кемшіліктері бар. Басты кемшіліктері ол өнімділік деңгейінің өткен еңбек шығындарының тірі еңбек шығындарына қарағанда шартталуы. Жалпы өнім бойынша есептелінетін өнімділік мөлшеріне шығарылатын өнімнің ассортиментінің өзгеруі, басқа кәсіпорындардан алынатын кооперирленген жеткізу көлемінің өзгеруі, аяқталмаған өндіріс көлемі, өнімге бағалардың әртүрлілігі мен динамикалығы теріс әсер етеді.

Аяқталмаған өндіріс  көлемі біршама тұрақты және онша үлкен емес, көптеген кәсіпорындарда еңбек өнімділігі тауарлық өнім арқылы анықталынады. Бірақ егер кәсіпорын  өнім шығаруға көп еңбек шығарып  оны толық дайын күйде жеткізбесе, онда дайын тауарлық өнім бойынша еңбек өнімділігін өлшеу нақты өнімділік деңгейін төмендетеді.

Өткізілген өнім бойынша  еңбек өнімділігін өлшеу бұл  тұтынушыға жіктелген және толық  төленген дайын өнімді есепке алу. Бұл  жағдайда кәсіпорын жұмысының тиімділігі ұжым қызметіне тәуелсіз себептермен анықталады. Жетілдірілген әдістерді іздеу таза өнім мен оның әртүрлерін пайдалануға алып келді.

Таза өнім-өндірістің материалды шығындарын алып тастағанда кәсіпорынның көтерме бағалардағы  құны. Таза өнімнің шартты-таза өнім мен нормативті таза өнім түрлері бар. Шартты-таза өнім өзіне амортизация сомасын қосады. Шартты-таза өнімді өндірісті жоспарлауда және еңбек өнімділігін жоспарлауда қолдану мүмкіндігі көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындарда тексеріліп, күтілетін нәтижелер берген жоқ. Бұл нақты бұйым бойынша рентабельділіктің үлкен айырмашылықтарына байланысты. Көтерме бағасындағы пайда бөлігінің үлкен тербелістеріне байланысты өнім өндірісінің әртүрлі рентабельділігі таза өнім динамикасына және көлеміне тауарлы өнім көлеміне қарағанда жоғары деңгейде әсер етеді. Демек, таза өнім бойынша есептелінетін еңбек өнімділігінің көрсеткіші көтерме бағадағы пайда бөлігіне жоғары деңгейде байланысты болады.

Таза өнімді нормативті әдіспен жоспарлау кезінде алғашқы кезектегі рентабельділігі жоғары бұйымдарды шығару ұмтылысы түседі, себебі жеке өнім түрлері бойынша пайда мөлшері орташаланады. Осы кезеңге дейін өнім өндіруді көлемін өлшеуді әртүрлі әдістері туралы сөз болды, яғни оның негізінде есептелінетін өнімділік көрсеткіші. Алайда, өнімділік көрсеткіші тек бұл көрсеткішке ғана емес, сонымен қатар жұмыс уақытының бірлігіне де тәуелді болады. 

Жұмыс уақыты әртүрлі  мәнде көрсетіледі: сағат, күн, квартал, жыл. Соған байланысты өнімділік  істеген адам-сағатқа, адам-күнге немесе 1 жылда (кварталда, айда) орташа тізімдік жұмысшыға есептелінеді. Сағаттық және күндік өнімділік көрсеткіштері көбінесе талдау есептерін шешуге және оперативті жоспарлау үшін қолданылады.

Кәсіпорында еңбек өнімділігі натуралды және құндық түрдегі өнім шығаруының өлшем бірлігіне байланысты өлшенеді. Еңбек өнімділігінің натуралды бірлігі-тонна, кг, м3  және т.б. Еңбек өнімділігін өлшеудің универсалды бірлігі болып ақшалай табылады.

Еңбек өнімділігі бір  жұмысшыға және бір жұмыскерге есептелінуі мүмкін және оны сағаттық, ауысымдық, айлық, кварталдық, жылдық түрлерін айырады. Ірі кәсіпорындарда еңбек өнімділігін есептеген кезде, есеп соңғы өнім бойынша жүргізіледі.

Өндірісті жүргізе отырып, әрбір кәсіпорын көптеген сұрақтарды шешеді, соның ішінде қанша шикізат сатып алу керек, қанша жұмысшыларды жұмысқа алу керек, қандай техникалық үрдісті таңдау және т.б. Сонымен, бар өндірістік қуаттар негізінде өндірісті қалай жақсы ұйымдастыру, ғылым мен техника даму деңгейі есебінен қандай жаңа өндірістік қуаттар мен технологиялық үрдістерді таңдау, техникалық прогреске бетбұрыс беретін ашулар мен жаңалықтарды қалай жақсы қолдану туралы сұрақтары шешіледі.

Нарықтық экономикада  еңбек өнімділігін есептеу бір  еңбек бірлігінде, белгілі бір  уақытта өндірілетін жалпы өнім саны арқылы жүргізіледі. Бірақ бұл мөлшер орташа болып табылады. Бұл мөлшер жұмысшылар санының жоғарылауы, яғни қосымша өнім көлемі және қанша көлемде әкелінетінін анықтамайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін, өндіріске алынған қосымша еңбек бірлігі есебінен сомалық өнім мөлшерінің өзгерісін шығару негізінде болады. Шекті еңбек өнімі негізінде (МР) шекті еңбек өнімділігі есептелінеді. Шекті еңбек өнімінің құндық мәні бұл шекті еңбек өнімінің ақшалай түрі (МRР). Демек, еңбек өнімділігін өлшеу көрсеткіші-шекті еңбек өнімділігі, яғни қосымша еңбек бірлігін қолданудан шығарылатын өнім көлемін өсіру болып табылады.

Еңбек өнімділігін бағалауда, жалпы талдау кезінде жалпылама, жеке және көмекші көрсеткіштер жүйесі қолданылады.

Жалпылама көрсеткіштерге-бір жұмысшымен шығарылатын орта жылдық, орта күндік, орта сағаттық өнім көрсеткіштері, сонымен қатар құндық мәндегі бір жұмсшыға келетін орта жылдық өнім шығару жатады.

Жеке көрсеткіштерге-өнімнің белгілі бірлік түрін өндіруге кететін уақыт шығындары (өнімнің еңбек сыйымдылығы) немесе бір адам-күн немесе бір адам-сағатта шығарылатын натуралды мәндегі өнім түрі.

Көмекші көрсеткіштер белгілі бір жұмыс бірлігіне кететін уақыт шығындарын немесе уақыт бірлігінде орындалған жұмыс көлемін сипаттайды.

Еңбек өнімділігінің  ең бір жинақталған көрсеткіші-бір жұмысшымен шығатын орта жылдық өнім көлемі. Оның көлемі жұмысшылардың өнімділігіне ғана емес, сонымен қатар ӨӨП-дың жалпы санындағы жұмысшылардың үлес салмағы (олар жұмыс істейтін күндер саны және жұмыс күннің ұзақтығы).

Еңбек өнімділігінің өсу көрсеткіштерін келесі тізбектілікпен есептейді:

  • Жоспарлы кезеңдегі ӨӨП-дың санын анықтау, яғни 1 жұмысшы шығаратын өнімнің базистік деңгейін сақтай отырып, жоспарлы өнім көлемін шығару үшін керекті шартты жұмысшылар саны;
  • ӨӨП санының қатысты үнемін орнату және әрбір фактор бойынша алғашқы санының азаюын сәйкесінше орнату,
  • Жоспарлы кезеңдегі еңбек өнімділігінің өсуін есептеу.

 

 

 

1 сурет.  Еңбек өнімділігінің көрсеткіштер  жүйесі.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар.

Факторлар бұл қандай да бір үрдіске немесе құбылысқа  әсер ететін қозғалмалы күштер, себептер. Еңбек өнімділігінің деңгейіне  әсер ететін сипаты мен дәрежесіне қарай факторларды келесі топтарға біріктіруге болады: материалды-техникалық, ұйымдастырушылық-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, табиғи-климаттық, саяси, меншік факторлар.

Материалдық-техникалық факторлар жаңа техниканы, прогрессивті технологияны, шикізат пен материалдың жаңа түрлерін қолданумен байланысты. Өндірісті жетілдірудің міндеті былай шешіледі:

  • Құрал-жабдықтарды модернизациялау;
  • Моральді тозған құрал-жабдықтарды жаңысымен ауыстыру;
  • Өндірістің механизациялық деңгейін жоғарылату: қол жұмыстарын механизациялау, кіші механизация құралдарын енгізу, цехтар мен учаскілерде механизациялау жұмыстарының кешенділігі;
  • Өндірістің автоматизациясы;
  • Жаңа прогрессивті технологияларды енгізу,
  • Жаңа шикізат түрлері мен прогрессивті материалдарды қолдану.

Материалды-техникалық факторлар  өте маңызды, себебі олар затталған еңбектің үнемін қамтамасыз етеді.

Ұйымдастырушылық-экономикалық факторлар еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру деңгейімен анықталады. Оларға өндірісті басқаруды ұйымдастырылуының жетілдіруі жатады: басқару аппаратының құрылымы, өндірісті басқару жүйесі, өндірісті басқарудың автоматизацияланған жүйесін енгізу мен дамыту.

Әлеуметтік-психологиялық  факторлар еңбек ұжымдарының сапасымен, олардың әлеуметтік-демографиялық құрамымен, дайындық деңгейімен, еңбек белсенділігімен, моральді-психологиялық климатты қалыптастыратын бөлімшелерді және жалпы кәсіпорынды басқару стилімен анықталады. Табиғи-климаттық факторлар өндірістің жұмыс істеуі барысына маңызды әсер етеді. Бұл факторлар құрылыс үрдісін жобалаудың алғашқы кезеңінде есепке алынуы тиіс.

Саяси және заңдылық факторлар салық салудың, инвестициялаудың, лицензиялаудың, кедендік реттеу және т.б. үрдістерін реттейді, халық шаруашылығының барлық салаларының даму бағыттарын анықтайды.

Меншік факторы. Өндіріс құралдарына және еңбек нәтижелеріне меншік формаларының өзгеруімен байланысты мемлекеттегі экономикалық мезанизмнің өзгеруінің қазіргі жағдайында, кәсіпорын экономикасы да үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұл кәсіпкерлік және бәсекелестік базасында жаңа экономикалық қатынастарға алып келеді.

Жоғарыда аталған барлық факторлар өзара тығыз байланысты, сондықтан да олар кешенді түрде зерттелуі керек. Бұл әрбір фактордың әсерін дәл бағалау үшін қажет, себебі олардың әсері бірдей емес. Олардың кейбіреулері еңбек өнімділігінің тұрақты өсімшесін берсе, басқалардың әсері өтпелі болып қалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.«Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігін талдау.

    1. Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін есептеу.

Көрсеткіштерді есептеп  талдау жасау үшін 1 кестені құрамыз. Талдауға кәсіпорынның 2001-2002жылдардағы еңбек бойынша есептің мәліметтері алынған.

1 кесте.  Кәсіпорынның еңбек  және еңбекақы  бойынша көрсеткіштерінің жүйесі.

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Кезең

Индекс

2001жыл (базис)

2002жыл (есепті)

1

ӨӨП-дың  саны, оның ішінде:

адам

10260

10200

0,994

 

А) жұмысшылар;

адам

8700

8700

1,0

Б) басшылар мен мамандар;

адам

930

900

0,968

В) қызметкерлер;

адам

400

380

0,95

Г) басқалар;

адам

230

220

0,956

2

Тауарлық өнім

мың тг

469400

511640

1,09

3

Еңбек өнімділігі (2жол:1жол)

тг

45750

50160

1,0964

4

Еңбекақы қоры, оның ішінде:

мың тг

225310

231200

1,026

 

А) жұмысшылар;

мың тг

194260

199320

1,026

Б) басшылар мен мамандар;

мың тг

20750

21226

1,022

В) қызметкерлер;

мың тг

7740

7889

1,02

Г) басқалар;

мың тг

1670

1982

1,06

5

Орташа еңбекақы (4жол:1жол)

тг

21960

22667

1,032

 

А) жұмысшылар;

тг

22329

22910

1,026

Б) басшылар мен мамандар;

тг

22311

23584

1,06

В) қызметкерлер;

тг

19350

20760

1,07

Г) басқалар;

тг

8130

9009

1,11

6

Өнімнің 1 теңгесіндегі еңбекақы шығындары (4жол:2жол)

тг

0,48

0,452

0,993


 

Кестедегі берілген мәліметтер бойынша ӨӨП-дың саны тұрақты  жұмысшылар саны кезінде 60 адамға азайған. Еңбек өнімділігі есебінен өндіріс  көлемі 9%-ке көбейген. Бірақ қазіргі  кезде өндіріс пен еңбек өнімділігі төмендеді.

Бұл кестеде көрсетілгендей еңбекақының тауарлық өнімдегі үлес салмағы сәйкесінше базистік және есепті жылдарда 48% және 45,2%. Тауарлық өнім, оның ішіне кіретін өткен еңбек, еңбек өнімділігінің динамикасын талдау үшін, нормативті-таза өнімге қарағанда азырақ жарамды. Сондықтан 1 кесте мәліметтерін нормативті-таза өнім көрсеткіштерімен толтыру керек. Берілген мысалда ол сәйкесінше 51% және 51%. Демек, нормативті-таза өнім және оның өсімі сәйкесінше 23939,4 мың тг және 26093,64 мың тг құрап отыр.

Норматвті-таза өнім көлемі бойынша еңбек өнімділігінің деңгейін, оның өсу динамикасын (нормативті-таза өнімнің бір жұмысшыға, бір жұмыскерге, бір адам-сағатқа, бір адам-күнге орташа шығу көрсеткіші бойынша) анықтауға болады.

  1. кесте. Еңбек өнімділігі (жұмысшылар).

Жұмыс уақытының көрсеткіштері

Орташа шығару көлемі, тг

Индекстер

Базистік жыл

Есепті жыл

Базистік жыл

Есепті жыл

Бір адам-жыл (1кестедегі 2жол:1жол)

53950

58810

1,0

1,0956

Бір адам-күн

234,2

253,5

1,0

1,0824

Бір адам-сағат

31,14

33,06

1,0

1,0617


 

Персоналдың тұрақты  саны кезінде өнімнің физикалық көлемінің және еңбек өнімділігінің индекстері бірдей санмен белгіленеді. Персонал санының индексі төмендеген кезде еңбек өнімділігінің индексі өнімнің физикалық көлемі индексіне қарағанда жоғары болады.

Jпт=1,09:0,994=1,0965 (базалық жылмен салыстырғанда)

Еңбек өнімділігінің, өнімнің  физикалық көлемінің және персонал санының индекстері арасындағы бұндай байланысты мына формуламен көрсетуге  болады: Jпт=Jо:Jрс 

Мұндағы: Jпт-еңбек өнімділігінің индексі;

                 Jо-өнімнің физикалық көлемінің индексі;

                 Jрс-жұмыс күші индексі.

Еңбек өнімділігінің  орта күндік және орта сағаттық индекстері жұмыс уақытының қорын қолдану  негізінде мына формулалармен анықталынады:

Информация о работе Кәсіпорында еңбекті мөлшерлеу