Кәсіпкерліктің даму проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 18:38, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау орта және кіші бизнестің дамуына жағдай жасайтын, олардың қызметтерін ынталандыруға мүмкіндік тудыратын экономикалық құқықтық жағдай жасауды, сонымен қатар оларға жеңілдіктерді пайдалана отырып материалдық және қаржылық ресурстар салуды білдіреді. Кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша, олардың максимальды пайда табуы, салынған инвестицияның тиімділігі, тәуекелдік деңгейінің жоғары болуы, меншік пен азаматтардың құқықтық жағдайынан қорғалуы сияқты дітттеген мақсаттарына жетуіне тек мемлекет қана жағдай жасай алады. Ал, мемлекеттің көзқарасы бойынша кәсіпкер ең жоғары деңгейдегі мүдделер мен мақсаттарға жетуі тиіс (мысалға, қоғамдық байлықтың өсуіне, жұмысбасаылық мәселесін шешуге, ұлттық қәуіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізуі қажет және т.б.)

Содержание

КІРІСПЕ

Ι-Тарау.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі
Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары
1.2.Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму тенденциялары.
1.3 Кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу мемлекеттік реттеудің негізі ретінде

ΙΙ-Тарау. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметке салық салу механизмі
2.1.Жеке кәсіпкерлерге салық салу ерекшеліктері
2.2. Кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілерден олардың бюджет кірістерін атқаратын рөлі түсетш салықтык түсшдер және құрудағы

ΙΙΙ-Тарау. Жеке кәсіпкерлерге салық салуды жетілдірудің бағыттары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-кәсіпкерлік-қызметтің-даму-проблемалары-мен-оларды-мемлекеттік-қолдауы.doc

— 463.50 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ

 

Ι-Тарау.Қазақстан  Республикасындағы кәсіпкерлік  қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі  салықтардың ролі 

    1. Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары

1.2.Қазақстан Республикасында  орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму тенденциялары.

1.3   Кәсіпкерлік  қызметті салықтық реттеу мемлекеттік реттеудің негізі ретінде

 

ΙΙ-Тарау. Қазіргі  кезде Қазақстан Республикасында  кәсіпкерлік қызметке салық салу механизмі

2.1.Жеке кәсіпкерлерге  салық салу ерекшеліктері

2.2. Кәсіпкерлікпен айналысатын  субъектілерден олардың бюджет  кірістерін атқаратын рөлі түсетш  салықтык түсшдер және құрудағы

 

ΙΙΙ-Тарау. Жеке кәсіпкерлерге салық салуды жетілдірудің     бағыттары

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

  Кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау орта және кіші бизнестің  дамуына жағдай жасайтын, олардың  қызметтерін ынталандыруға мүмкіндік  тудыратын экономикалық құқықтық  жағдай жасауды, сонымен қатар  оларға жеңілдіктерді пайдалана  отырып материалдық және қаржылық ресурстар салуды білдіреді. Кәсіпкерлердің көзқарасы бойынша, олардың максимальды пайда табуы, салынған инвестицияның тиімділігі, тәуекелдік деңгейінің жоғары болуы, меншік пен азаматтардың құқықтық жағдайынан қорғалуы сияқты дітттеген мақсаттарына жетуіне тек мемлекет қана жағдай жасай алады. Ал, мемлекеттің көзқарасы бойынша кәсіпкер ең жоғары деңгейдегі мүдделер мен мақсаттарға жетуі тиіс (мысалға, қоғамдық байлықтың өсуіне, жұмысбасаылық мәселесін шешуге, ұлттық қәуіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізуі қажет және т.б.)

  Мемлекет пен орта  және шағын кәсіпкерліктің мақсаттары  мен мүдделерін түйістіру барысында  тиімді мемлекеттік саясат жүргізілуі  тиіс.

  Дамыған елдер  тәжірибесі мен Қазақстандағы  қалыптасып жатқан нарықтық қатынастар  көрсетіп отырғандай өндірістің тұрақтандырылуы мен дамуы және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу бәсекеге төтеп бере алатын шағын экономиканың дамуына және солар көтеретін бастамаларға негізделуі қажет. Сондықтан, мемлекеттік ресурстар бұрынғы проспективасы жоқ өндірістен қазіргі кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталуы қажет және жеке инвестициялар экономикалық көтерілудің бастамасы мен тұрақтандырудың егізгі кіліті болуы тиіс.

     Тауарлар  мен қызметті көбейтуге мүмкіндік  беретін және осы негізден  орталықтандырылған қаражылық ресурстары қорларын құруға, оның ішінде мемлекттік бюджеттік қалыптастыру құралы болып табылатын мемлекеттің салық саясаты кәсіпккерлікте негізгі роль отқаратыны сөзсіз. Нарықтық экономика кезінде салық саясаты шаруашылық жүргізудің тиімді нысандарын  ынталандырып отыру қажет және өндіріс деңгейін көтеруге, оның пайдалылығын жоғарылатуға жағдай жасауы шарт.

     Салық жүйесі  салықтық қатынастар жиынтығынан  және оны реттйтін институттардан  тұрады. Қаржы қатынастары кез  келген қоғамдық  жүйеде орын алатын жалыпы экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі.Мемлекет салық жүйесі арқылы саяси,экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап ,өзінің ішкі сыртқы қызметтерін жүзеге асыру үшін жұмсалады.

       Мемлекеттік  қаржылар ұлттық табысты қайта  бөлуде ,қоғамдық экономикалық құрлымын  қалыптастьыруда ,өндіргіш күштерді  жетілдіруде маңызды рөл атқарады.Мемлекеттің  қаржылары әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға ,мемлекеттік басқару апараты мен қорғанысқа,тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға ,сыртқы экономикалық қызметті тақаруға жұмсалады.

        Мемлекеттік бюджеттің кірістері  біріншіден орталық және жергілікті  органдар жинайтын салықтарда, мемлекеттік  заемдардан, бюджеттен тыс  немесе  мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады.

        Мемлекеттік табыстың жалпы материалдық  енгізін ұлттық табыс құрайды,мұны  бөлу және қайта бөлу негізінде  бірқатар ашралар жүзеге асырылады.Мұндай  қайта бөлу механизмінің негізгі  және тұрақты буындары салықтар, мемлекеттік заем, бюджеттен тыс қорлардан алынған төлемдер.

Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі салықтар.Өенркәсібі дамыған  елдердің бюджетіндегісалықтардың  үлесі 90 процент.

        Қазіргі кездегі  салықтардың маңызы мен рөл  мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді.Салықтар ұлттық  табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді,мұны жалпы ұлттық  өнімнің көлеміндегі исалық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқаыс ретінде жана сипатқа ие болуда.Мұндай ықпал еөп бағытта жүргізілуде. Табысқа салық  салу арқылы манипуляция жасап, мемлекет капиталының қролану процесіне айтарлдықтай әсер етеді.

        Салық арқылы ерттеу әдістері  салалардың бәсеклестігін ынталандыруға,  капиталдың қорланыуна қолайлы  жағдай жасауға, корапарациялардың  әлеуметтік қызметін қолдауға  кеңінен пайдаланылады.   Осы  мақсатта түрлі салық жеңілдіктерін  беру қажет. Салықтық жеңілдіктер беру арқылы мемлекет өндіргіш күтшерді аймақтық орналастыруға, инфрақұрылым объектілерін салуға және тағы басқалары айтарлықтай әсер ете алады.Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген шщаралар жүргізіп  қоймай, соынмен қатар барлық шаруашылық коньюктураға ықпал етеді. Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салдудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвистицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

       Қазіргі  кезде нарық тық экономиканың  белсенді қатысушылары кәсіпкерлер,  іскер адамдар немесе бизнесмендер.

       Кәсіпкерлік  туралы көзқарас мыңдаған жылдар  бойы өндіргіш күштің дамуымен  меншік қатынастарымен, ғылыми техникалық  прогресстің және қоғамдағы өндірісті ұйымдастырудың түріне, оның шоғырлануы дәрежесіне қарай өзгеріп тұратынын атап өту қажет.

       Әлеуметтік  экономикалық құбылыс ретінде  кәсіпкерлік көптеген қоғамдық  қатынастарды қамтиды. Кәсіпкерліктің  тамыры дам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр.

       Кәсіпкерлік  қызметтің мәні өндіріс құрал  жабдықтарын шаруашылық объектісі  ретінде иемденуде және табыс  алу мақсатында ө ндіріс факторларын  тиімді пайдалану. Кәсіпкерлік  ққызметтің өркениетті дамуы  үшін мемлекет тарапынан жағдай жасалуы қажет.

        Сондықтан да, Қазақстан Республикасында  шағын тжәне орта кәсіпкерлік  субъектілерінің дамуын мемлекеттік  қолдауды жүзеге асырудың салық  тық аспектілері деген актуалды  болып табылады.

        Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты    Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің даму проблемалары мен оларды мемлекеттік қолдау бағыттары, оның ішінде салықтық реттеу тетіктерінің әсер ету тиімділігіне баға беру.

        Қойылған мақсатқа жету үшін  төмендегі сұрақтар қарастырылады:

       1.Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары;

       2.Қазіргі  жағдайдағы Қазақстан Республикасында  кәсіпкерлік қызметтің даму жағдайы;

       3.Кәсіпкерлік  қызметті мемлекеттік реттеу  тетігі ретіндегі салық жүйесінің  атқаратын рөлі;

       4.Бүгінгі  күні Қазақстан Республикасында  щағын және орта кәсіпкерлік  қызметке салық салу механизмі;

        5.Кәсіпкерлерден түсетін салықтық  түсімдердің бюджет кірісіндегі  алатын                 орны;

         6.Шағын бизнес субъектілеріне салық салуды жетілдіру бағыттары;

       Жоғарыда  аталған мәселелерді қарастыруда  ең бірінші салықтық заңдық  нормативтік актілер, содан кейін  көптеген классик экономистердің , отандық ғалымдардың, экономика  саласындағы қызметкерлердің ғылыми  еңбектері, оқу құралдары, оқулықтары және түрлі мақалалары қолданылып отыр.

 

                                              

 

 

 

 

 

 

 

Ι-Тарау.Қазақстан  Республикасындағы кәсіпкерлік  қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі  салықтардың ролі

1.1 Кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік экономикалық алғы шарттары

 

Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық категория  ретінде ұзақ тарихы мен терең  тамыры барын көрсетеді.Орта ғасырларда «кәсіпкер» деген термин ,одан да бұрынғы  «антрепренер»(«антрепренер» француз сөзі «делдалдық» дегенді білдіреді екі мағынада қолданылады  түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік енмесе құрылыс жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр  ғалымдарында кәсіпкерлік  туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына қарамастан ,еркше ой пікір болған.Алайда батыстың экономикалық теориясында «кәсіпкерлік» мәселелеріне назар аударуи 18 ғасырдан басталды.Оны атақты ғалымдар Р.Кантилонаның,  А.Тюргоның,  Ф.Кенэнің, А.Смиттің, Ж.Сэйдің есімдерімен байланыстырады. «Кәсіпкер» терминының атасы белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантилон .Ол «кәсіпкер» деген нарық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.

Әлеуметтік экономикалық құбылыс  ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғадық  қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң құқылық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр.Кәсіпкерлік қатынастарды қараудың алғашқыт нүктесі олардың субъектісі мен объектісін анықтау.

     Кәсіпкерлік субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелер, алдымен жеке дара индивиттер, адамдар жатады. Олар бұл сапада жеке дара өндірісті ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Соңғы жағыдайда кәсіпкер жалдаушы болады. Кәсіпкер қызметті бір топ  адамдар жүргізу мүмкін, оларды байланыстырушы-міндетті шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсіпкерліктің түрі –ұжымдық, коллективтік деп аталады. Ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі - әртүрлі ассоциациялар: акционерлік қоғам коопиративтер және тағы басқалар. Жеке дара кәсіпкерлерге қарағанда партнерлік бірлестіктер ірі көлемдегі мәсвелелерді шеше алады.

   Мемлекеттік кәсіпорындар  туралы ерекше айтқан жөн. Өйткені  мемлекетте кәсіпорындарының ұжымы өзінен-өзі кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды. Бірақ егер қайта құрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа, айталық арендаторлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі болады. Осыдан келіп кәсіпкерлік қызмет түрінің ирархиясы шығады:

Мемлекеттік (жоспарлы кездегіден өзгеше нарықтық экономикадағы роліне байлданысты), ұжымдық жеке дара.                                                                                                                                  

           Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерінен  толық бағалау үшін олардың  субъектілерін номиналды және  реалды деп бөлудің маңызы  ерекше.

         Номиналдықа кәсіпкерлік қызметімен  айналысу құқығы. Нарықты экономика  елдерінде әрбіреуінің бұган құқығы бар. Алайда мұны жүзеге асыру қоғам мүшесінің бәрінің қолынан келмейді. Сондықтан кәсіпкерліктің шын реалды субъектісі-бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы-капитарл иемдену құқысы бар. Міне осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік септігін құрып дамытва алады.

         Кәсіпкерліктің объектісі – адаамның  бергілі қызметі. Кәсіпкерліктің  соңғы нәтижесі-өндірілген өніммен  көрсетілген қызмет.Бірақ, ең  бастысы-әр кәсіпкер оның өзіне  тиімдісін пайдалысын ғана жасайды.  Міне осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты өз кәсіпорнының пайданы көп келтіруі  немесе шығындарын барында азайту. Ал кәсікердің табысы көбіне оның істі  үйымдастыруына тікелей байланысты. Ал қызметінің бастапқы кезінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл кәсіпкер ісінің ең басты мақсаты.

        Сонымен, кәсіпкерлік-жаңа мүмкіндіктерді  іздеу, жаңа технологияны пайдалану,  капиталды жұмсаудың тың салаларын  іздеу, ескі ойлау шеңберіне  шығу, былайша айтқанда өндірістің жаңа түрін ашып дамыту, қызметтер мен тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, жаңарту және өркендету болып отыр. Мұндай өзгерістердің түрлері әр алуан жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескілерін жою және модификациялау.

  Демек, нақты өмірде  кәсіпкерліктің объектісі-новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы новаторлық- өндіріс, айырбас және бөлудің түрлі факторларын үйлестіру.

  Кәсіпкерлік әр  кезде де белгілі бағытта ұйымдастырылады  , нақты формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі – шаруашылық субъектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететьін тәртіп қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыру және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай сату құқығын береді. Матиреалдық ресурстармен ақша капиталының иелері бұл ресурстарды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда қандайда болмасын еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы орта мен субъектілер әрекетінің нәтижесінен шығады. Дегенмен кәсіпкерліктің басты щарты- барлық мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдауға автономиялылығы, өзбеттілігі.

Информация о работе Кәсіпкерліктің даму проблемалары