Банктік шоттар
бойынша шығыс операцияларын
тоқтатып қою немесе банктік шотта
жатқан ақшаға арест салу Қазақстан Республикасының заң
кесімдеріне сәйкес банктік шоттардан
шығыс операцияларын тоқтатып қоюға немесе
клиенттің банктік шотта жатқан ақшасына
арест салуға құқығы бар уәкілетті органдардың
тиісті шешімдері (қаулылары) негізінде
жүргізіледі.
Банк шот
шарты бойынша банктер орындайтын
міндеттіліктер (операциялар) ағымдағы
банктік шот шартының, жинақ шоты – банктік
депозит шартының, карт-шот шартының және
корреспонденттік шот шартының негізінде
жүзеге асырылады.
Ағымдағы банктік
шот шартының негізінде банк:
- банктегі клиенттің ақшасының ол талап еткенде немесе ол тапсырма бергенде қажетті мөлшерде болуын (сақталуын) қамтамасыз етеді;
- клиенттің банктік шотындағы ақша қаражатының белгілі көлемін банктік кредиттеу процесінде пайдаланады;
- клиенттің атына (пайдасына) түскен ақшаны оның банктік шотына есептейді (қабылдайды);
- аталған шартта белгілеген тәртіппен клиенттің қолма-қол ақшасын қабылдайды;
- клиентіне аталған шартта көзделген тәртіппен қажетті мөлшерде қолма-қол ақша сомасын береді;
- клиенттің банктік шотындағы ақшасын пайдаланғаны үшін банктік шот шартында айқындалған мөлшерде және көзделген тәртіппен клиентке сыйақы төлейді;
- клиенттің талап етуіне орай шартта кһзделген тәртіппен оның банктегі (банктік шоттағы) ақшасының сомасы және банктік шоты бойынша жасалған операциялар туралы клиентке ақпарат береді;
- шартты көзделген тәртіппен клиенттің өз банктік шотынан үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару жөніндегі өкімін орындайды;
- тиісті заңнамалық актілерде немесе шартта көзделген негіздер бойынша клиенттің банктік шотынан өздеріне тиесілі ақша сомасын алып қою туралы үшінше тұлғалардың өкімін орындайды;
- клиентке шартта, тиісті заңнамалық актілерде көзделген және банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналымы дағдыларынаорай өзге де банктік қызметтер көрсетеді.
Банктік депозит
(салым) шартының негізінде банк:
- клиенттің жинақ шотындағы оған тиесілі ақшаның (депозиттің/ салымның) болуын қамтамасыз етеді;
- клиенттің аталған банктік шотындағы ақша қаражатын пайдаланады;
- клиенттен немесе үшінші тұлғадан клиенттің жинақ шотына қолма-қол және қолма-қол емес тәсілмен ақша қабылдайды;
- клиенттің ақша қаражатын өз мүддесіне орай пайдаоанғаны үшін оған осы шартта көзделге тәртіппен және айқындалған мөлшерде сыйақы төлейді;
- клиенттің үшінші тұлғаның пайдасына депозит енгізу жөніндегі өкімін орындайды.
Банктік карт-шот
шарты негізінде банк:
- клиенттің шоттағы ақшасының ұдайы болуын қамтамасыз етеді;
- клиенттің атына (пайдасына) түсетін ақшаны осы шотқа есептейді;
- шартта көзделген тәртіппен клиенттің төлемдік карточкасын пайдалана отырып үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдер жүргізеді;
- заңнамалық актілерде немесе аталған шартта көзделген негіздерге орай шоттағы клиент ақшасының өздеріне тиесілі сомасын алып қою жөніндегі үшінші тұлғалардың өкімін орындайды;
- заңнамалық актілерде немесе шартта айқындалған тәртіппен клиенттің қолма-қол ақшасын қабылдайды;
- клиенттің төлемдік карточкасын пайдалана отырып оған қолма-қол ақша береді.
Коммерциялық
банкті алғашқы рет құру және оның
жарғылық қорын қалыптастыру барысында Қазақстан Ұлттық Банкінде
ашылған корреспонденттік шот, сондай-ақ
басқа коммерциялық банкпен (банктермен)
өзара жасалған корреспонденттік шот
шарты негізінде көбінесе есеп айырысу,
банк жүйесінің резервтік қорын қалыптастыруға
қатысу, ақша аудару, ақша қаражатын корреспонденттік
шотқа есептеу, корреспонденттік шотты
кредиттеу сияқты және т.б. осы корреспонденттік
шот арқылы жүргізілуге тиіс банктік операцияларды
жүзеге асыру жөніндегі корреспонденттік
банк пен респондет банктің (керісінше
респондент банк пен корреспондент банктің)
банктік операциялық қызметі болып табылады.
Корреспондент
банктің респондет банкке ашатын
корреспонденттік шоты “ЛОРО”, ал респондент
банкте “НОСТРО” деп аталады.
Банк клиенттері
заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің
корреспонденттік шоттарын есепке алмағанда
басқа банктік шоттары бойынша тиісті
операцияларды тоқтата тұру:
- салық есептілігін табыс ету мерзімі аяқталғаннан кейінгі он жұмыс күні ішінде салық төлеуші өзіне қатысты салық есептілігін табыс етпеген болса;
- салық төлеуші өзіне тиесілі салық берешегін өтемеген жағдайда;
- салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді салықтық тексеруге, қарауға жол бермеген жағдайда заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Банк клиенті
салық төлеушінің (заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің)
банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын
тоқтата тұру туралы салық органының өкімі
уәкілетті мемлекеттік орган мен Қазақстан
Ұлттық Банкі белгілеген нысан бойынша
шығарылады және ол (өкім) банкке табыс
етілген күннен бастап күшіне енеді.
Осы өкім банктер
тұрғысынан сөзсіз орындауға тиіс.
Осындай өкімді
шығарған салық органы банктік шоттар
бойынша шығыс операцияларын
тоқтата тұру себебі жойылған күннен
бастап бір жұмыс күні ішінде оның
(өкімнің) күшін жояды.
Клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын
тоқтата тұру тек салық берешегін өтеу
жөніндегі операцияларға ғана емес сонымен
бірге оның барлық шығыс операцияларына
да қолданылады.
Тиісті заңнамаларда
немесе банктік шартта нақтылы мән-жайлар
көзделмеген болса, клиенттің өтініші бойынша банктік
шот шарты кез келген уақытта бұзылады.
Банктік шот
шартын тоқтату негіздері ретінде:
- банктік шот шартын бұзу және шотты жабу туралы клиенттің жазбаша өтініші;
- банк клиенті заңды тұлғаны құрған органның шешімі;
- банктік шот шартының бір тарапы болып табылатын заңды тұлғаның таратылуы;
- банктік қызмет сипатының өзгеруіне орай шарт бойынша шотқа қатысты нақты бір белгінің жойылуы көрініс табады.
Заңды тұлғаның
– клиенттің таратылуына немесе
қайта құрылуына немесе заңды
тұлғаның шотында бір жылдан астам, ал жеке
тұлғаның шотында үш жылдан астам уақыт
бойы ақша болмауына байланысты жабылған
жағдайларды қоспағанда, осы шотқа қойылған
талаптардың орныдалмауы орын алған кезде
банктік шотты жабуға, сондай-ақ заңды
тұлғаның – клиенттің таратылуына немесе
қайта құрылуына байланысты шотты жабу
жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының
валюталық заңдарына сәйкес клиент ұсынатын
сыртқы экономикалық экспорттық-импорттық
келісім-шарттар бойынша клиентте орындалмаған
(клиент орындамаған не орындай алмаған)
талаптар болған кезде ағымдағы банктік
шотты жабуға тыйым салынады.
Заңды тұлғаның
немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен
айналысқан жеке тұлғаның банктік шоты
жабылғаннан кейін банк он күндік
мерзімде осындай мән-жай туралы
тиісті салық қызметі органдарына жазбаша
түрде хабарлауға міндетті.
Мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік
мекеменің банктік шотын банк
Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі осы мемлекеттік
мекеменің банктік шотын ашуға
берген рұқсатты қайтарып алған жағдайда жабады.
Бақылау сұрақтары:
- Қазақстан Республикасының Банктік шоты?
- Банк шот шарты бойынша банктер орындайтын міндеттіліктер?
- Корреспондент банктің респондет банкке ашатын корреспонденттік шоты?
- Банктік депозит (салым) шартының негізінде банк не істейді?
Негізігі әдебиеттер тізімі:
Нормативтік-құқықтық актілер
- Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995г.
- Закон Республики Казахстан «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» от 31 августа 1995 года
- Указ Президента Республики Казахстан от 30.03.95 «О национальном банке Республики Казахстан».
- Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты по вопросам банковской деятельности» от 11.07.1997.
- Закон Республики Казахстан «О платежах и переводах денег» от 29.06.1998.
- Закон Республики Казахстан от 2 июля 2003 года № 461-II «О рынке ценных бумаг»
- Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июля 2003 года № 753 «О Концепции развития финансового сектора Республики Казахстан»
- Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2001 года № 190 «О минимальных размерах уставного и собственного капиталов банков второго уровня»
- Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 января 2002 года № 26 «Об утверждении Правил лицензирования деятельности, связанной с использованием валютных ценностей»
- Правила лицензирования деятельности, связанной с использованием валютных ценностей Утверждены постановлением Правления Нацбанка РК от 24 апреля 1997 года N 130
Негізігі
әдебиеттер:
- Банковское право Республики Казахстан. / Под ред. Л. Давыдова, Д. Раймонова. Алматы 2000г.
- Банковское дело. / Под ред. О.И. Лаврушина. М., 1992.
- Основы банковского права. / Под ред. О.М. Олейник. М., 1997.
- Банковское право. / Под ред. Н.Д. Эриашвили. М., 1999.
- Банковское дело Российской Федерации. / Под ред. Г.А. Тесуняна, А.Ю. Викулина, А.М. Экмаляна. М., 1999.
- Банковская система: какой ей быть? // Деньги и кредит. 1989. №12. С.13.
- Белов В. Трастовые операции банков с ценными бумагами // Бизнес и банка. 1993. №40.
- Гвирцман М.В. Правовое регулирование банковской тайны // Деньги и кредит. 1992. №6. С.57.
- Долан Э Дж., Кэмпбелл К.Д. Кэмпбелл Р. Дж. Деньги, банковое дело и денежно-кредитная политика. М., Л., 1991.
- Ефимова Л.Г. Банковское право. М.: БЕК, 1994.
- Ефимова Л.Г. Вексельное право // Бизнес для всех. 1992. №14.
- Ефимова Л.Г., Каблукаво Л.А. Ответственность банков за нарушение правил совершения расчетных операций // Бизнес и банки. 1993. №19. С.5.
- Кабатова Е.В. Лизинг: понятие, правовое регулирование, международная унификация. М., 1991.
- Новоселова Л.А. О правовой природе договора расчетного счета // Вестник МГУ. Сер. Право. М., 1990. №9.
- Новоселова Л.А. Денежные расчеты в предпринимательской деятельности. М.: Юринформ, 1996. 145с.
- Олейник О.М. Залог в банковском кредитовании // Законность. 1995. №7.
- Правовые основы банковской деятельности. Уч. пособие Р. Хау, Д. Райс, Н. Козлов, М., 1995.
- Ухтуев Г.А. Банковское право. М., 1990.