Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2012 в 19:31, контрольная работа
Банктік құқықтың түсінігі пәні.
Банктік құқықтың пәні.
Банктік құқықтың әдістері және жүйесі.
Банктік құқықтың қайнар көздері.
Банктік құқығы» пәні бойынша контактілік сабақтардың материалдары
Контактілік лекция сабақтарының кестесі
№ |
Тақырып |
Сағаттар саны |
1 |
Тақырып 1. Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері. |
2 |
2 |
Тақырып 2. Қазақстан Республикасының банк жүйесі:экономик алық мәні, сипаты, құқықтық негіздері. |
2 |
3 |
Тақырып 3. Банк жүйесіндегі Қазақстан Ұлттық Банкі: құрылу, жұмыс істеу ерекшеліктері, айрықша экономикалық-қаржылық құзыреті . |
4 |
4. |
Тақырып 4. Банктік шот шарты негізінде банктер жүргізетін операциялар. |
2 |
Барлығы: |
10 |
Тақырып 1. Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері.
Сұрақтар:
Банктік құқықтың құқықтық реттеу пәнін банк жүйесін құру және оның тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету, банктік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру, банктердің және басқа да қатысушылардың құқықтық мәртебесін белгілеу, банктердің қаржыларын мемлекеттік реттеу, банктік қадағалау – бақылау жүргізу, банктік құқық бұзушылық фактілерін анықтау және ол үшін заңи жауапкершілік шарасын қолдану барысында туындайтын қоғамдық валюталық қатынастар құрайды.
Банктік құқықтың пәніне жататын қоғамдық қатынастар өздеріне тән мынадай белгілерімен ерекшеленеді:
Банктік құқықтың құқықтық реттеу әдістері оның құқықтық реттеу пәнін құрайтын қоғамдық банктік қатынастарды құқықтық реттеу барысында пайдаланылатын заңи тәсілдер мен құралдар және амалдар жиынтығы ретінде көрініс табады.
Банктік-құқықтық реттеу әдістері банк жүйесіндегі және банктік қызмет ауқымындағы тиісті құқықтар мен міндеттердің туындау негізінде, қоғамдық банктік қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің мәніне-маңызына, банктік құқықтық санкциялардың мән-жайына және т.б. элементтерге сай қалыптасады.
Банктік құқық
ауқымында мемлекеттік өктем-
Императивтік банктік-құқықтық реттеу әдісі тиісті заңнамалық актілердегі мемлекеттің әмірлі өктем талабын бұлжытпай орындуа (орындатқызу) арқылы жүзеге асырылады.
Диспозитивтік банктік-құқықтық реттеу әдісі қоғамдық банктік қатынастардағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін, міндеттемелерін тиісті заңнамалық актілер және тараптардың арасында жасалған банктік шарттар негізінде регламенттеу барысында қолданылады.
Кешенді банктік-құқытық
реттеу әдісі негізінен қоғамдық
банктік қатынасқа қатысушылард
Демек императивтік және диспозитивтік банктік-құқықтық реттеу әдістерінің өзара байланысы мен бірыңғайлығы негізінде кешенді банктік құқықтық реттеу әдісі құрылады. Банктік құқықтың кешенді әдісі банк жүйесінің жұмыс істеуі барысында қоғам мен мемлекеттің және жекеше – корпоративтік ая субъектілерінің мүдделерін ұштастыруға, сондай-ақ қаржылық инструменттер қозғалысына байланысты қоғамдық банктік қатынастарды реттеуге ат салысады.
Банктік құқықтың жүйесі оның ішкі нысанын (құрылымын) білдіреді. Банктік құқық жүйесінің негізгі белгілеріне оның құқықтық нормаларының біртұтастығы және бірыңғайлығы, сондай-ақ оның құқықтық институттарының өзара байланысы, өзара шартталынғандығы және келісімділігі жатады.
Осындай құқықтық нормалар мен институттардың банктік құқық саласы ішінде орналасу тәртібі объективті сипат алады және өздері реттейтін қоғамдық банктік қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты болады.
Банктік құқықтың жүйесі мақсаттары мен міндеттерінің және функцияларының бірыңғайлығына орай біріктірілген, сондай-ақ өзара байланыстырылған және белгілі бір тәртіппен орналыстырылған құқықтық нормалардың жүйесінен тұратын өзінің ішкі құрылысын (құрылымен) білдіреді.
Банктік құқықтың құқықтыұ нормалары мен институттарын іштей жүйелеу және топтастыру нәтижесінде оның аса ірі бөлімшелері Жалпы және Ерекше бөлімдері қалыптастырылады.
Құқық саласы ретіндегі банктік құқықтың Жалпы бөлімі:
Банктік құқықтың Жалпы бөлімі елдің банк жүйесінің құрылуы және жұмыс істеуі, банктік қызметті жүзеге асыру ауқымын мемлекеттік басқару және реттеу, мемлекеттік банктік бақылау және қадағалау, банктік құқық бұзушылық үшін заңи жауапкершілік шараларын қолдану барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды құқықтық реттеу бірыңғайлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Банктік құқықтың Жалпы бөлімінің құқықтық нормалары оның Ерекше бөлімінде нақтылы көрініс таба отырып, Ерекше бөлім институттарының жұмыс істеуіне орай туындайтын банктік қатынастарды реттеуге ат салысады.
Құқық саласы ретіндегі Банктік құқықтың Ерекше бөлімін:
Банктік құқықтың қайнар көздері елдің банк жүйесінің құрылуына және жұмыс істеуіне, оны мемлекеттік реттеуге және қадағалауға, сондай-ақ банктік қызметті жүзеге асыруға байланысты туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейтін тиісті нормалары бар заңнамалық актілер мен заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілер ретінде көрініс табады. Демек банктік құқықтың қайнар көздері оның сыртқы (нақтылы) нысандарының жүйесін көрсетеді.
Банктік құқықтың
қайнар көздеріне Қазақстан
Уәкілетті мемлекеттік органдар шығарған, құрамында банктік құқықтың нормалары бар нормативтік құқықтық актілер банктік құқықтың қайнар көздері болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
2. Банктік құқық деректерін айтыңыз?
3. Банктік қызметтің түсінігін беріңіз?
4. Банктік қызметті лицензияландыру тәртібі қалай?
5. Банктік қызметтің қаржылық мәнін айтыңыз?
Негізігі әдебиеттер тізімі:
Нормативтік-құқықтық актілер
Негізігі әдебиеттер:
Тақырып 2. Қазақстан Республикасының банк жүйесі:экономикалық мәні, сипаты, құқықтық негіздері.
Сұрақтар:
Қазақстан Республикасының
егемен мемлекет ретінде дамуы, оның
экономикалық қауіпсіздігі, мемлекеттік
билік органдары мен жергілікті
мемлекеттік басқару органдарын
Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейде жоғарғы мен төменгі деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасы
банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейі
егемен Қазақстанның орталық банкі
болып табылатын Қазақстан
Мемлекеттің монетарлық билігінің және мемлекеттік банктік менеджменттің басты органы Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық-қаржылық мүддесін тиісінше қамтамасыз етуге ат салысады.
Қоғам мен мемлекеттің
мүддесіне сай инвестициялық-
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін:
Қазақстан Республикасының осындай нарықтық үлгідегі банк жүйесінің құрылуы және оның нормативтік құқықтық негіздерінің айтарлықтай қалыптасуы елімізде үзбей жүргізіліп жатқан экономикалық және құқықтық реформаның жемісті нәтижесіне жатады.
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің нормативтік құқықтық негізін құрайтын банктік заңнамалық актілердің, сондай-ақ банк секторына қатысы бар өзге де заңнамалық актілердің нормаларының өзара генетикалық, функционалдық және құрылымдық байланыстары банктік заңнаманың банк жүйесі ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызмет (банктік операция, мәміле, іс-әрекет) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды жан-жақты реттей алатынын көрсетеді.