Банк жүйесінде
жүргізілетін әр алуан банктік (операциялық)
қызметтің ұйымдастырылу ерекшелігі
және ресурстық – ұйымдастыру
негізі банк жүйесінің экономикалық,
сондай-ақ заңнамалық негізін құру прцесінде
айқындалады.
Қазақстан Республикасы
банк жүйесінің құрылуы өзіне
тән біртұтастық және құрылымдық
ерекшеліктерге байланысты болады. Осындай
иерархиялық, біртұтастық және құрылымдық
сипаты-мәні банк жүйесінің тиісінше
қалыптасуына септігін тигізеді. Қазақстан
Республикасының қазіргі заманғы банк
жүйесі өз ауқымындағы мемлекеттік банктік
менеджмент мән-жайларымен ғана емес,
сонымен бірге өзіндік (корпоративтік)
басқаруға және ұйымдастыруға қабілеттілігімен
ерекшеленеді.
Сонымен Қазақстан
Республикасының бүгінгі банк жүйесінің
сипаттамалық белгілері мынадай
көрініс табады:
- Қазақстан Республикасының банк жүйесі күрделі әлеуметтік жүйе тобына жатады;
- Банк жүйесінің қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне сай жұмыс істеуін оның нормативтік құқықтық базасын құрайтын банктік заңнамалық актілер және заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілер, сондай-ақ халықаралық банктік келісімдер мен банктік стандарт ережелері қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының банк жүйесі мемлекеттік банктік менеджмент (мемлекеттік басқару-реттеу ықпалы) ауқымында жұмыс істейді;
- Банк жүйесі Қазақстан Республикасы қаржы-кредит жүйесінің аса маңызды бір бөлігі болып саналады;
- Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейлі, иерархиялы, біртұтас және өзіндік ұйымдастырылуға қабілетті құрылым болып табылады;
- Жоғарғы және төменгі деңгейлі банк жүйесі Қазақстан Ұлттық Банкінен, Қазақстанның Даму Банкінен, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ банкінен, коммерциялық банктерден, мемлекетаралық банктерден, банктік инфрақұрылымнан және банктік рыноктан тұрады;
- Банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейіндегі Қазақстан Ұлттық Банкі белгілі бір дәрежеде – көлемде тиісті мемлекеттік билік органдарының ықпалына тәелсіз, кредиттік-қаржылық сипатта айрықша құқықтық мәртебесі бар экономикалық субъект – мемлекеттік монетарлық биліктің басты органы болып табылады;
- Қазақстан Республикасының банк жүйесі, оның ұйымдастырылуы нысандары мен басқа да мән-жайлары Қазақстан Республикасы Конституциясымен, ҚР банктік заңнамалық актілерімен, қатысы бар өзге де заңнамалық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерімен регламенттелінеді;
- Банк жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыруға айтарлықтай септігін тигізеді және дүниежүзілік экономика аясындағы халықаралық банк жүйесімен өзара тиімді қарым қатынас механизмін құрады;
- Банк жүйесі мемлекеттік меншікті реформалауға, баға тұрақтылығын және ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді, сондай-ақ инфляцияны төмендетуді нәтижелейді;
- Банк жүйесінің жұмыс істеуі кредиттік-қаржылық қызметтер көрсетуді тиісінше ұйымдастыру барысында экономикалық, салалық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен тығыз байланыс арнасында көрініс табады.
Бүгінде нарықтық
талаптарға және халықаралық банктік
стандарт ережелеріне сай жетілдірілген
Қазақстан Республикасының банк
жүйесіндегі барлық банктер бірыңғай
кредиттік-қаржылық механизм ауқымында
өзара іс-әрекеттері мен өздеріне
тиесілі кәсіби қызметін, экономикалық-қаржылық
банктік операцияларын жүзеге асыруда.
Бақылау сұрақтары:
- Қазақстан Республикасының банк жүйесі неден тұрады?
- Банктік операция дегеніміз не?
- Банк қызметінің мазмұнын айтыңыз?
- Қазақстан Республикасының банк жүйесінің белгілері қандай?
Негізігі әдебиеттер тізімі:
Нормативтік-құқықтық актілер
- Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995г.
- Закон Республики Казахстан «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» от 31 августа 1995 года
- Указ Президента Республики Казахстан от 30.03.95 «О национальном банке Республики Казахстан».
- Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты по вопросам банковской деятельности» от 11.07.1997.
- Закон Республики Казахстан «О платежах и переводах денег» от 29.06.1998.
- Закон Республики Казахстан от 2 июля 2003 года № 461-II «О рынке ценных бумаг»
- Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июля 2003 года № 753 «О Концепции развития финансового сектора Республики Казахстан»
- Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2001 года № 190 «О минимальных размерах уставного и собственного капиталов банков второго уровня»
- Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 января 2002 года № 26 «Об утверждении Правил лицензирования деятельности, связанной с использованием валютных ценностей»
- Правила лицензирования деятельности, связанной с использованием валютных ценностей Утверждены постановлением Правления Нацбанка РК от 24 апреля 1997 года N 130
Негізігі
әдебиеттер:
- Банковское право Республики Казахстан. / Под ред. Л. Давыдова, Д. Раймонова. Алматы 2000г.
- Банковское дело. / Под ред. О.И. Лаврушина. М., 1992.
- Основы банковского права. / Под ред. О.М. Олейник. М., 1997.
- Банковское право. / Под ред. Н.Д. Эриашвили. М., 1999.
- Банковское дело Российской Федерации. / Под ред. Г.А. Тесуняна, А.Ю. Викулина, А.М. Экмаляна. М., 1999.
- Банковская система: какой ей быть? // Деньги и кредит. 1989. №12. С.13.
- Белов В. Трастовые операции банков с ценными бумагами // Бизнес и банка. 1993. №40.
- Гвирцман М.В. Правовое регулирование банковской тайны // Деньги и кредит. 1992. №6. С.57.
- Долан Э Дж., Кэмпбелл К.Д. Кэмпбелл Р. Дж. Деньги, банковое дело и денежно-кредитная политика. М., Л., 1991.
- Ефимова Л.Г. Банковское право. М.: БЕК, 1994.
- Ефимова Л.Г. Вексельное право // Бизнес для всех. 1992. №14.
- Ефимова Л.Г., Каблукаво Л.А. Ответственность банков за нарушение правил совершения расчетных операций // Бизнес и банки. 1993. №19. С.5.
- Кабатова Е.В. Лизинг: понятие, правовое регулирование, международная унификация. М., 1991.
- Новоселова Л.А. О правовой природе договора расчетного счета // Вестник МГУ. Сер. Право. М., 1990. №9.
- Новоселова Л.А. Денежные расчеты в предпринимательской деятельности. М.: Юринформ, 1996. 145с.
- Олейник О.М. Залог в банковском кредитовании // Законность. 1995. №7.
- Правовые основы банковской деятельности. Уч. пособие Р. Хау, Д. Райс, Н. Козлов, М., 1995.
- Ухтуев Г.А. Банковское право. М., 1990.
- Эбке В. Международное валютное право. М., 1997.
- Эрделевский А.М. О расчетах по аккредитиву // Деньги и кредит. 1998. №8.
Тақырып 3. Банк жүйесіндегі
Қазақстан Ұлттық Банкі: құрылу, жұмыс
істеу ерекшеліктері, айрықша экономикалық-қаржылық
құзыреті .
Сұрақтар:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі, құқықтық мәртебесі.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін құру.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жұмыс жасау ерекшелігі.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің экономикалық-қаржылық құзыреті .
Қазақстан Республикасы банк
жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін
білдіретін мемлекеттің банктік менеджмент
әрі аса ірі кредиттік-қаржылық басты
органы Қазақстан Ұлттық Банкі елдің эмиссиялық,
кассалық және резервтік орталығы, банктердің
банкі, банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор
болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
ақша-кредит, валюталық және сыртқы экономикалық
қызмет саясатын айқындап, оның ұстанымдарын
қоғамдық және мемлекеттік маңызы басым
бағыттарда өз құзыреті шегінде іске асыруға
ат салысады.
Қазақстан Ұлттық
Банкі мемлекеттік мекеме ұйымдастырылу
– құқықтық нысанындағы заңды
тұлға болып табылады. Қазақстан
Ұлттық Банкінің өзіндік (дербес) балансы
болады, сондай-ақ ол өзінің филиалдарын,
өкілдіктерін және ұйымдарын қоса алғанда
біртұтас құрылымды құрайды.
Қазақстан Ұлттық
Банкі өз құзыретін және банктік
қызметін жүзеге асыру барысында
Қазақстан Республикасы Конституциясын,
“Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметі туралы”
заңдары, өзге де заңнамалық актілерді,
Қазақстан Республикасы Президентінің
актілерін, Қазақстан Республикасының
басқа мемлекеттермен жасасқан халықаралық
шарттарын (келісімдерін) басшылыққа алады.
Ел экономикасының
банктік секторындағы қоғамдық-мемлекеттік
маңызды мән-жайларға орай Қазақстан
Ұлттық Банкінің негізгі мақсатына Қазақстан
Республикасындағы баға тұрақтылығын
қамтамасыз ету жатады.
Ал осындай
негізгі мақсатты іске асыру тұрғысынан
Қазақстан Ұлттық Банкіне мемлекеттің
ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу; төлемдік жүйелердің
жұмыс істеуін қамтамасыз ету; валюталық
реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге
асыру; қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз
етуге жәрдемдесу тәрізді міндеттер жүктелген.
Қазақстан Ұлттық
Банкі өз құзыреті шегінде:
- айналыстағы ақша көлемінің мөлшерін реттеу жолымен мемлекеттің ақша-кредит саясатын жүргізеді;
- банкноттар мен монеталардың бірден-бір эмитенті болып табылады және мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асырады;
- өзара келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетеді;
- банктерге және Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша өзінде банктік шот ашқан заңды тұлғаларға кредит береді;
- Қазақстандағы банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор қызметін атқарады;
- “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Қазақстан Республикасы заңының 30-бабында белгілеген барлық банктік операцияларды жүргізу тәртібін айқындайды;
- Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігіне валюталық құндылықтармен жасалатын операциялардан басқа банктік операциялардың жекелеген түрлері бойынша лицензияның беруінің мән-жайлары туралы қорытынды береді;
- банктік операцияларды жүзеге асыру барысында электрондық банктік қызмет көрсету ережелерін белгілейді;
- валюталық операциялардың барлық түрлерін жүргізе алады;
- валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуге лицензиялар береді;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
- банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізуге, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға және банкке өткізу үшін салып жіберуге, банкаралық клиринг жөніндегі операцияларды жүргізуге лицензиялар береді;
- валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша есептілік тәртібін, нысандарын және табыс ету мерзімдерін белгілейді;
- банктік қызмет, ақша төлемдері мен аударымдары, валюталық операцияларды жүргізу мәселелері бойынша барлық банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ олардың клиенттері орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады және олардың сақталуын қадағалайды;
- мемлекеттің ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;
- банктік шоттардың режимін белгілейді;
- Қазақстандық банктердің жиынтық балансы мен өз балансын жасайды;
- елдің есептік төлемдік балансын қалыптастырады;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асырады;
- банкноттар мен монеталардың резервтегі мемлекеттік қорын құрайды;
- өзінің (мемлекетке тиесілі) жарғылық капиталын 20 миллиард Қазақстан теңгесі мөлшерінде қалыптастырады;
- резервтік капиталын жарғылық капиталы мөлшерінде қалыптастырып, өзінің таза бөлінбеген табысы есебінен толықтырады;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттары бойынша төлемдер жүргізеді;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенті ретінде оның мемлекеттік заемына қызмет көрсетеді;
- ақша-кредит саясаты шеңберінде валюталық интервенциялар жүргізеді;
- банктердің және өзге де тұлғалардың қызметін көрсетеді;
- мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және азаматтардан өзінің бақылау және қадағалау жүргізуіне қажетті мәліметтерді ала алады.
Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде көзделген
басқа да функцияларды және өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан
Ұлттық Банкінің банктік қызмет жөніндегі
басқарушы-реттеуші функциялары нақтылы
нарықтық даму кезеңіндегі ақша-кредит
жүйесінің тиімді жұмыс істеуін және бағалар
тұрақтылығын қамтамасыз етуге,инвестициялық
қызметті жандандыруға, сондай-ақ қаржы
жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге
жәрдемдесуге бағдарланады.
Қазақстан Ұлттық
Банкі өзіне мемлекет жүктеген мақсаттар
мен функцияларды іске асыру барысында
экономикалық әдістерді қолданады,
сондай-ақ нарықтық және нарықтық емес
экономикалық-қаржылық мән-жайларды
ұштастыруға ат салысады.
Қазақстан Ұлттық
Банкінің өз құзыреті шегінде жүзеге
асыратын барлық іс-шараларының ықпалы
нарықтық икемделігімен және өркениеттілігімен
ерекшеленетіндіктен банктік қызмет
ауқымына қатысты үйлесімді көрініс табады.
Қазақстан Ұлттық
Банкі жүргізетін мемлекеттік банктік
менеджмент аясындағы әр түрлі меншік
нысанына негізделген барлық банктердің
қызметі объективті және субъективті
факторларды ескере отырып жүзеге асырылатын
мақсатты-бағдарлы, тәртіптеуші ықпалдың ауқымымен қамтылады.
Бақылау сұрақтары:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің мәртебесі?
- Ұлттық банкінің құзыреті не?
- Ұлттық банкін құру тәртібі?
- Ұлттық банкін құру тәртібі?
- Ұлттық банкінің жұмыс ерекшелігі?
Негізігі әдебиеттер тізімі:
Нормативтік-құқықтық
актілер
- Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995г.
- Закон Республики Казахстан «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» от 31 августа 1995 года
- Указ Президента Республики Казахстан от 30.03.95 «О национальном банке Республики Казахстан».
- Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты по вопросам банковской деятельности» от 11.07.1997.
- Закон Республики Казахстан «О платежах и переводах денег» от 29.06.1998.
- Закон Республики Казахстан от 2 июля 2003 года № 461-II «О рынке ценных бумаг»
- Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июля 2003 года № 753 «О Концепции развития финансового сектора Республики Казахстан»
- Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2001 года № 190 «О минимальных размерах уставного и собственного капиталов банков второго уровня»
- Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 января 2002 года № 26 «Об утверждении Правил лицензирования деятельности, связанной с использованием валютных ценностей»
- Правила лицензирования деятельности, связанной с использованием валютных ценностей Утверждены постановлением Правления Нацбанка РК от 24 апреля 1997 года N 130
Негізігі
әдебиеттер:
- Банковское право Республики Казахстан. / Под ред. Л. Давыдова, Д. Раймонова. Алматы 2000г.
- Банковское дело. / Под ред. О.И. Лаврушина. М., 1992.
- Основы банковского права. / Под ред. О.М. Олейник. М., 1997.
- Банковское право. / Под ред. Н.Д. Эриашвили. М., 1999.
- Банковское дело Российской Федерации. / Под ред. Г.А. Тесуняна, А.Ю. Викулина, А.М. Экмаляна. М., 1999.
- Банковская система: какой ей быть? // Деньги и кредит. 1989. №12. С.13.
- Белов В. Трастовые операции банков с ценными бумагами // Бизнес и банка. 1993. №40.
- Гвирцман М.В. Правовое регулирование банковской тайны // Деньги и кредит. 1992. №6. С.57.
- Долан Э Дж., Кэмпбелл К.Д. Кэмпбелл Р. Дж. Деньги, банковое дело и денежно-кредитная политика. М., Л., 1991.
- Ефимова Л.Г. Банковское право. М.: БЕК, 1994.
- Ефимова Л.Г. Вексельное право // Бизнес для всех. 1992. №14.
- Ефимова Л.Г., Каблукаво Л.А. Ответственность банков за нарушение правил совершения расчетных операций // Бизнес и банки. 1993. №19. С.5.
- Кабатова Е.В. Лизинг: понятие, правовое регулирование, международная унификация. М., 1991.
- Новоселова Л.А. О правовой природе договора расчетного счета // Вестник МГУ. Сер. Право. М., 1990. №9.
- Новоселова Л.А. Денежные расчеты в предпринимательской деятельности. М.: Юринформ, 1996. 145с.
- Олейник О.М. Залог в банковском кредитовании // Законность. 1995. №7.
- Правовые основы банковской деятельности. Уч. пособие Р. Хау, Д. Райс, Н. Козлов, М., 1995.
- Ухтуев Г.А. Банковское право. М., 1990.
- Эбке В. Международное валютное право. М., 1997.
- Эрделевский А.М. О расчетах по аккредитиву // Деньги и кредит. 1998. №8.
Тақырып
4. Банктік шот шарты негізінде
банктер жүргізетін операциялар.
Сұрақтар:
- Банктік шоттар түсінігі.
- Банктік шот шартының түсінігі.
- Банктер жүргізетін операциялар.
- Банктік шот шарты негізінде жүргізетін операциялар.
Уәкілетті банкте ашылған резидент
емес банктің корреспонденттік шоты арқылы
жжүзеге асырылатын ақша төлемі мен аударымы
тек аудару тәртібімен жасалады.