Каржылы бакылау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 11:11, реферат

Краткое описание

Курстық жұмыста қарастырылып отырған өзекті мәселе: «Қаржылық бақылау». Бұл мәселеде курстың негізгі функцияларын, қағидаларын, әдіс – тәсілдерін қарастырамыз.
Курстық жұмыс негізінен көлемді үш бөлімнен тұрады. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі орындалған жұмыстың әдістері мен негізгі нәтижелері, мәселенің мәні мен құрамын бейнелейтін мәліметтерден тұрады.
Қорытынды берілген сұрақ және мәселені зерттеудің қысқаша шешімдер мен жалпы нәтижелерден тұрады.

Содержание

Кіріспе

І Бөлім. Қаржылық бақылау түсінігі
1.1.Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы

ІІ Бөлім. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері
2.1.Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
2.2.Қаржылық бақылаудың әдістері

ІІІ Бөлім. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру
3.1. Қаржылық бақылаудың шетелдік тәжірибесі

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаржылық бақылау.docx

— 76.95 Кб (Скачать документ)

Қаржылық бақылау –  қаржы жүйесінің барлық буындарының  ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге  бағытталған айрықшалық қызмет.

Қаржылық бақылау қаржыны  басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретінде қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы  қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: Бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.

Мемлекеттің алдында  жан-жақты, жүйелі, кешенді бақылауды, соның ішінде қаржылық бақылауды  да ұйымдастыру міндеті туып отыр. Бұл шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер мен олардың қаржы – шаруашылық қызметінің барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді білдіреді. Қойылып отырған  міндетті іске асыру үшін қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы тиіс:

  • мемлекеттік бақылауды нығайту;
  • тәуелсіз аудиторлық бақылауды дамыту;
  • түрлі бақылаушы органдар мамандарының еңбегін компьютерлендіру;
  • бақылаудың барлық органдарының қызметін үйлестіру және басқалары.

Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны  бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

 

  1. «Қаржы» Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., Алматы 2005
  2. Балабанов А.И., Балабанов И.Т.,  Финансы, учебное пособие. – Петербург: 2000 – 192 стр.
  3. Финансы, деньги, кредит. Учебник, под/ред. О.В. Соколовой – М.: ЮРИСТ., 2001 – 784 стр.
  4. Құлпыбаев С. Қаржы теориясы. Оқу құралы., - Алматы . Мерей, 2001 – 176 бет.
  5. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ., Қаржы менеджменті. Оқу құралы. Алматы., 1999 – 188 бет.
  6. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., Қаржы, оқулық – Алматы., 2003 – 448 бет.
  7. Финансы. Учебное пособие. (Под/ред., профессора А.М.Коволевой). 4 изд. – М.; 2000

 

                            

 

 

Аудиторлық  бақылау 

 

Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.

Жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкімет, жергілікті өкілетті органдар депутаттардың жиналыстары, жергілікті әкімшілік органдар. Бақылаудың бұл түрін Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитеті де жүргізеді.

Құқықтық мемлекет құрылысының  тұжырымдамасын негіздей отырып қаржылық бақылауды жүзеге асырудағы заңнамалық органдардың рөлі күшейе түседі. Сондықтан  бақылаудың субъектісі ретіндегі Қазақстан Республикасы Парламентінің функциясы және бақылаудың тиісті түрі – парламенттік депутаттық бақылау бөлектеліп көрсетіледі. Бұл бақылаудың объектісі:

  • мемлекеттік бюджеттің шығыстарын шамдандыратын кез келген шараларды бекіткен кездегі;
  • бюджеттегі шығыстардың қабылданған заңдардың мақсаттарына сәйкестігін тексеру кезіндегі;
  • бюджеттің жасалуына тексеріс кезіндегі мемлекеттік шығыстар болып табылады.

Қазақстан Республикасы Парламенті мыналарға бақылауды  жүзеге асырады:

  • бюджет ресурстарының түсу көздеріне, оларды үкіметтің де, заңнамалық органның да үнемді пайдалануына;
  • ақша қаражаттарының ысырапқорлығын кесіп тастауға;
  • мемлекеттік меншікті пайдаланудың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс тиімділігіне, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алуға және жекешелендіруге;
  • арнаулы қорлар қаражаттарының пайдалануына;
  • әр түрлі партияларды қоса, қоғамдық ұйымдардың ақшалай табыстарының көздеріне, жарғылық мақсаттарға сәйкес бұл қаражаттарды пайдалануға.

Парламенттің алдын  ала бақылауының негізгі мақсаты осы нақты саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлардағы қарастырылған шығыстардың жалпы тұтастығын анықтау болып табылады. Бюджеттің жаалуына тексеріс сметаларға кіріктірілген цифрлардың дұрыстығын белгілі бір тұрғыдан қарай отырып жүргізіледі. Сонымен бірге парламент ағымдағы бақылауды және Республикалық бюджет туралы қабылданған заң бойынша қаражаттарды иеленушілердің есебін тексерген кезде әсіресе кейінгі келесі бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Бұл орайда парламенттік бақылаудыңнегізгі нысаны алдын ала бақылау болуы тиіс. Қазақстан республикасының парламентінде екі Палатада – Сенат пен Мәжілісте арнаулы жұмыс органдары – экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитеттер бар. Бұл органдар заң – жоба жұмыстарын, палаталардың құзырына қатысты мәселерді алдын ала қарау және әзірлеу процесінде қаржы – бюджет қызметінің сферасында мемлекеттік бюджет қаражаттарының жұмсалуына бақылау жүргізеді. Қаржы – бюджет мәселелері бойынша сараптамалық бағалаулар мен қырытындыларды шаралар қабылдау үшін палаталар тиісті инстанцияларға – министрліктерге, ведомстволарға, сондай-ақ Республика үкіметіне жібереді.

Ел басының жарғылықтарының, қаулыларының және өкімдерінің атқарылуын бақылауды ұйымдастыру, талған актілердің талаптарын лауазымды адамдардың атқармағаны  үшін жауапкершілігін күшейту мақсатында президент аппаратында жұмыс істейтін ұйымдық – бақылау бөліімі бар. Жалпы президент аппараты министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің және мемлекеттік басқарудың басқа органдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады. Аппарат президентке ашылған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөніндегі қабылданған шаралар туралы хабарлап отырады, Президент актілерін тиісті тәртіппен орындамаған кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөніндегі ұсыныстар жасайды; президент актілерінің атқарылмауына немесе тиісті тәртіппен атқарылмауына мүмкіндік туғызатын ашылған бұзушылықтарды, себептерді және талаптарды жою жөніндегі ұсыныстарды қарау үшін Үкіметке, әкімшілік басшыларына,  мемлекеттік басқарудың басқа органдарына табыс етіп отырады. Өзінің функцияларын жүзеге асыруда Аппаратқа тексерілетін органдардың басшылары мен лауазымды адамдарынан қажетті ақпараттарды алуға тиісті өкілеттік берілген.

Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан республикасының президенті тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады.

Республикалық бюджеттің  атқарылуына бақылау жасау жөніндегі  есеп комитетінің негізгі міндеттері мен функцияларына мыналар жатады:

  • республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі заңдар мен басқа нормативтік актілердің атқарылуына бақылау жасау;
  • республикалық бюджеттің атқарылуымен байланысты мәселелер бойынша мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау;
  • мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық бюджеттің түсімдері мен оның шығыстарын атқару сәйкестігіне, қаржы есептемесі мен тиімділігін бақылау;
  • респукбликалық бюджеттік  бағдарламалардың орындалуына және мемлекеттік қажеттіліктерін қаржыландыруға бөлінетін республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бақылау;
  • бюджеттік инвестицияларды бақылауды жүзеге асрыу;
  • Қазақстан  Республикасының парламентіне қарауға республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті тапсрыу және т.б.

Қазақстан Республикасының  үкіметіне бақылау сферасында кең өкілеттіліктер берілген. Үкімет республика дамуының индикативтік жоспарын, экономиканың сфералары мен секторларының, салалардың, аймақтардың даму бағдарламаларын, инвестициялық қызметтің маңызды бағыттарын жасап, қарау процессінде алдын ала бақылауды жүзеге асырады. Көрсетілген іс-қимылдарды орындау барысында Үкімет олардың жүзеге асырылуының, сондай-ақ ауқымды, мезгілдігі, атқарушылар бойынша мақсатты қаржыландырудың толымдылығына ағымдағы бақылау жасайды. Республика Үкімет ммлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырады.

Өздерінің өкілеттілігіне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды, олар негізінен  бюджеттерді, олардың  атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту процесінде қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

Қаржы министрлігі, оның қаржылық бақылау комитеті және мемлекеттік  сатып алу комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік –  экономикалық сфераның қаржы саласын  тексереді. Олар жоспар, смета және қаржы тәртібінің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдылығын және дер кезділігін, сәйкестілігін, бухгалтерлік есеп – қисаптың және есептеменің дұрыстығын бақылап отырады. Қаржылық бақылау комитетінің маңызды функциясы бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, экспорт – импорттық операцияларды  валюталық бақылау болып табылады.

Мемлекеттік бақылауды  Қаржы министрлігінің заңи тұлға  құқығындағы Қазынашылық комитеті де орындайды. Қазынашылық органдарының негізгі міндеттерінің бірі республикалық  бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау болып табылады.

Қаржы министрлігінің  Салық комитеті, оның аумақтық органдары есептелген салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің, өсімдер мен айыппұлдар сомаларының бюджеттерге толық және дер кезінде түсуіне салықтық тексерулерді жүзеге асырады.

Экономика мен қаржы  қызметі сферасында қаржы тәртібін сақтауға Қазақстан Республикасының  экономикалық және жемқорлық қылмыстықпен күрес жөніндегі агенттігі (қаржы  полициясы) де қатысады. Ол заңмен белгіленген өкілеттіліктері шегінде жедел – іздестіру қызметін, алдын ала тергеу және анықтау, әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі сферасында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады.

Агенттік (қаржы  полициясы) органдарының негізгі міндеттері  мыналар болып табылады:

  1. өкілеттігі шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
  2. салықтарды төлеуден жалтарынуға байланысты қылмыстардың, экономика мен қаржы саласындағы өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
  3. экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқ<span class="Normal__Char" style=" font-family: 'Times New Roman

Информация о работе Каржылы бакылау