Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 11:11, реферат
Курстық жұмыста қарастырылып отырған өзекті мәселе: «Қаржылық бақылау». Бұл мәселеде курстың негізгі функцияларын, қағидаларын, әдіс – тәсілдерін қарастырамыз.
Курстық жұмыс негізінен көлемді үш бөлімнен тұрады. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі орындалған жұмыстың әдістері мен негізгі нәтижелері, мәселенің мәні мен құрамын бейнелейтін мәліметтерден тұрады.
Қорытынды берілген сұрақ және мәселені зерттеудің қысқаша шешімдер мен жалпы нәтижелерден тұрады.
Кіріспе
І Бөлім. Қаржылық бақылау түсінігі
1.1.Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы
ІІ Бөлім. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері
2.1.Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
2.2.Қаржылық бақылаудың әдістері
ІІІ Бөлім. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру
3.1. Қаржылық бақылаудың шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қаржылық бақылау
Жоспар:
Кіріспе
І Бөлім. Қаржылық бақылау түсінігі
1.1.Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы
ІІ Бөлім. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері
2.1.Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
2.2.Қаржылық бақылаудың әдістері
ІІІ Бөлім. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру
3.1. Қаржылық бақылаудың шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік – экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қоғамдық өнімді бөлумен және
осының негізінде ақшалай
Қаржы туралы ғылымға және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі – материалистік диалектикалық – тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.«Қаржы» курсының құрылымы, оның тақырыптары мен сұрақтарын қарау дәйектілігі қаржы теориясы туралы ғылымның мазмұнымен және оның міндеттерімен айқындалатыны белгілі.
Курстық жұмыста қарастырылып отырған өзекті мәселе: «Қаржылық бақылау». Бұл мәселеде курстың негізгі функцияларын, қағидаларын, әдіс – тәсілдерін қарастырамыз.
Курстық жұмыс негізінен көлемді үш бөлімнен тұрады. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі орындалған жұмыстың әдістері мен негізгі нәтижелері, мәселенің мәні мен құрамын бейнелейтін мәліметтерден тұрады.
Қорытынды берілген сұрақ және мәселені зерттеудің қысқаша шешімдер мен жалпы нәтижелерден тұрады.
Қаржылық бақылау түсінігі
Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы
Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретінде қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: Бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешілігі – оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттықтабыстың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңды тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен қатар салықтық бақылауды да кіріктіреді.
Қаржылық бақылаудың іс - әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процесстері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро немесе макродеңгейде жүргізіледі.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері мыналар болып табылады:
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары (сметалары),
аумақтық, салалық тұрғыда олардың атқарылуы туралы
есептер бақылаудың предметі болып табылады.
Әр түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың
(сметалардың) және есептердің бірқатар
өндіргіштік көрсеткіштері
Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік органдары бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы – шаруашылық қызметі бұл деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер (табыс, пайда, өзіндік құн, аударысдар, салықтар және басқалар) оның предметі болып табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да тартылады.
Кейінгі (келесі) қаржылық бақылау қаржы операцияларын жасағаннан кейін (бюджеттің кірісі мен шығыс бөліктерінің орындалуынан кейін, шаруашылық органдардың ақшаны пайдаланғаннан кейін және т.б.) жүргізілетін бақылау және алдын ала бақылау мен ағымдағы бақылау кезінде анықталмаған бұзушылықтарды ашуға жетелейді.
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады.
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы
Қ о ғ а м д ы қ | ||||||
|
Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақтардың, партиялардың, жастардың, бұқаралық қозғалыстардың, ғылыми-техникалық, мәдени-ағартушылық, спорт, шығармашылық, ардагерлердің, түрлі қорлардың бақылауы | |||||
|
Мемлекеттік қаржылық бақылау
(сыртқы және ішкі) – мемлекеттік
қаржылық бақылау объектілерінің республикалық
және жергілікті бюджеттердің атқарылуы,
олардың атқарылуы бойынша
Мемлекеттік қаржылық бақылау
объектілері – Қазақстан
Мемлекеттік қаржылық бақылау
органдары – Республикалық
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай типтерге бөлінеді: