Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 20:25, курсовая работа

Краткое описание

Экономиканы мемлекеттік реттеудің ең басты мақсаты – экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық және аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкінемес.

Содержание

Кіріспе.
1 Экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы.
1.1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі.
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу мәні және оның қажеттілігі.
1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері және негізгі бағыттары.
2 Қазақстандағы экономиканы мемлекеттік реттеу.
2.1 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеу.
2.2 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеудегі мәселелер.
3 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары.
Қорытынды.
Әдебиет тізімі.
Қосымша.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның әдістері.doc

— 161.00 Кб (Скачать документ)

Әр түрлі деректерге сүйенетін болсақ, бүгінгі күнге  дейін барлық жобалар бойынша 171 нысанның құжаттамасы сараптамадан өткізілген, 25 нысанның құжаты сараптамада жатыр. 11 нысан бойынша құжаттар дайындалуда. Міне осы құжаттамаларды сараптамадан өткізу сылбырлыққа жол беруге болмайды.

    «Жол картасы» бойынша 2010 жылға Жамбыл облысына республикалық бюджеттен 2400 әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға 288,0 млн теңге қаржы қаралды.  4595 адамды кәсіптік даярлау және қайта даярлауға 581,0 млн теңге қаржы қаралды. Бұл жұмыс төмендегідей 3 бағыт бойынша жүргізіледі. Бірінші «Жол картасы» жобаларын іске асыру үшін 2195 адамды қайта даярлау. Екінші, экономика салалары сұранысын ескере отырып 11-ші сыныпты бітірген түлектер арасынан мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту арқылы техникалық және қызмет көрсету кадрларын даярлау бойынша 2300 адам. Үшінші, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды қайта даярлау (шетелдік мамандарды қазақстандықтармен алмастыру) бойынша 100 адам дайындалады.

        Тараз қаласы мен аудан бюджеттерінен жоғарыдағы көрсетілген санаттағы 9114 адамға 40,9 млн теңге қарастырылып отыр. Ал республикалық бюджеттен ТМД елдері мен Мәскеу, Астана қалаларымен Қазақстан аумағына темір жол және әуе жолдарымен жүретін 1853 ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне 21,7 млн теңге жол ақысын төлеу қарастырылды.

Бұл бағдарламаның экономикалық саласына қарайтын болсақ, қазіргі  экономикалық жағдай дағдарысқа дейінгі кезеңде, яғни 2005-2007 жылдары болған экономикалық әлемге, экономикалық модельге ұқсамайды. Қазіргі экономикалық жағдай мүлдем басқаша. Бизнестік шешімдер жеке бастамалар болып қалуда және нақты шешімді бизнес қоғамдастықтың өздері қабылдауы тиіс. Үкіметтің міндеті сол шешімдерді жүзеге асыру, бизнеске жеңіл болу үшін барлық жағдайды ынталандыру болып табылады. Бұл жеке сектор субьектілерінің несиелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялауға да қатысты.

Еліміздің келешектегі  экономикалық бамуы көп жағдайда Үкімет пен бизнес қоғамдастықтың қазіргі таңдағы тығыз жұмысымен байланысты болып отыр. Бұл ретте Қазақстпндағы бизнес дамып, экономикаға үлес қосуы үшін барлық жағдай жасалған.

Айта кететін бір  жағдай, бүгін ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі, барлық облыс әкімдіктері, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ, Қазақстанның қаржыгер қауымдастығы және екінші деңгейлі банктер арасында Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында кепілдік беру жөніндегі келісімге қол қойылды. Айта берсек, мұндай игілікті істер жеткілікті. Әрине ағымдағы жылы да бұл жұмыстарға жыл басынан жан жақты дайындық өрістеліп келеді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан экономикасын мемлекеттік ректтеуде шетелдік тәжірибелерді               қолдану.

Қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуын реттеуде шетелдік тәжірибені білу,оның тиімді бағыттарын іс қызметтерді реттеуде басшылыққа алу Қазақстан сияқты егеменді ел үшін өте маңызды. Елдің әлеуметтік экономикалық даму жағдайын реттеуде шетелдік тәжірибе өзгеріссіз күйде көшірілуі мүмкін емес. Себебі әр елдің өзіндік ерекшеліктері бар, яғни ол геосаясаттық, табиғи климаттық, экономикалық, әлеуметтік-демографиялық және басқа да жағдайлармен тығыз байланысты.

Шетелдік тәжірибені оқып, білудің және оны ғылыми зерттеудің өзіндік қажеттіліктері бар.

Біріншіден. Экономиканы реттеу бағытындағы мемлекеттік шаралар жүйесі мен жалпы ортақ принциптерді және концептуалды негіздерді анықтауға мүмкіндік туады.

Екіншіден. Аралас экономика дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік болады, ал ол Қазақстан экономикасының жағдайында мемлекеттік және нарықтық реттеу механизмдерін қолдануда қателіктер жібермеуге мүмкіндік береді.

Үшіншіден. Мұндай зерттеу мен болжаулар мемлекеттік реттеу нәтижелерін бағалауға, салыстыруға, қажетті мәліметтер жүйесін алуға, қалыптастыруға және мемлекеттік экономиканың әлемдік шаруашылық процесіне енуіне байланысты экономикалық бағытқа өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

Нарықтық экономикасы  дамыған елдерде мемлекеттің  қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық процестеріне араласу тәжірибесі төмендегі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:

  1. Ұлттық әлеуметтік-экономикалық дамуды мемлекеттік реттеу барлық нарықтық экономикасы дамыған елдерде іске асырылады.  

2. Мемлекеттердің қоғам өміріндегі экономикалық саясаты олардың құқықтық іс қызметтері шеңберінде анықталады.

3. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық процестерге араласуы әкімшілік шаралар негізінде де іске асырылады. 

4. Әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетуде мемлекет еңбек пен капитал арасындағы қатынасқа заң шеңберінде араласады.

5. Мемлекет өзінің қоғам өміріндегі міндеттерін (функцияларын) ұлттық пайданы қайта бөлуден түсетін қаржылар шеңберінде атқарады. 

6. Мемлекет өзінің реттеушілік қызметін мемлекеттік және мемлекет меншігіндегі секторлар арқылы іске асырады.

7. Дамыған елдерде мемлект экономика салаларында пропорциялық қатынастарды реттеуге маңызды көңіл бөледі. Бұл қатынастарға мемлекеттің араласуы конъюнктуралық, құрылымдық, салалық және аймақтық реттеулер арқылы жүргізіледі.

Конъюнктуралық реттеу негізінен сұраныс пен оны  қанағаттандыру арасында ұтымды қатынас  орнатуға, ал құрылымдық ел экономикасындағы салалар мен аймақтар және аудан араларындағы қажетті пропорцияны қалыптастыруға бағытталады.

 Дамыған елдердегі аймақтық реттеу мемлекет экономикасындағы аймақтар мен аудан араларындағы ықшамды, тиімді пропорцияларды қалыптастыруға бағытталады.

Нарықтық қатнастарды  дамыған елдерде мемлекеттік реттеу қоғам өмірінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында тікелей және жанама әдістер арқылы қолданылады.

Тікелей ықпал – заң құжаттары, әкімшілік нормалар мен нұсқаулар арқылы іске асырылады, ал жанама ықпал экономикалық құралдар жүйесі шеңберінде(яғни салық, ақша несие, амортизациялық төлемдер, мемлекеттік тапсырмалар) іске асырылады. Мемлекеттің экономиканы реттеу ісіне экономикалық саясаттың түрлі бағыттары да әсерін тигізеді (әсіресе инфляцияға қарсы, әлеуметтік, инвестициялық, ғылыми техникалық прогресс). Мысалға Францияның мемлекеттік реттеу жүйесі мемлекеттің даму жолында үш кезеңнен өтті:

  1. XX-шы ғасырдың 40-60 жылдары.
  2. XX-шы ғасырдың 60-90 жылдары.

3.  90-шы жылдардан бастап бүгүгі күнге дейін.

Бірінші екезең мемлекеттік басқару органдарының экономикаға қатты араласуымен сипатталады. Өйткені соғыстан кейінгі экономиканы жылдам қалпына келтіру қажеттілігінен туындаған әміршілдік немесе директивті жопарлар арқылы мемлекеттік реттеу жүргізілді.

60-шы жылдарда жеке меншіктің даму және қалыптасу бағыты индикативтік жоспарлар арқылы кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүзеге асырылады(2кезең). Еуропалық одаққа кіруге байланысты мемлекеттік реттеуде стратегиялық жоспарлауға көшу бағыты жүзеге асырылды(3 кезең).

Нарықтағы экономикаға көшу еліміз экономикасынан шаруашылық механизмді түгелдей қайта құруды талап етуде, ал ол күрделі экономикалық әлеуметтік реформаларды жүйелі, кешенді жүргізуді көздейді.

Сондықтан да қазіргі кезде экономиканы  мемлекеттік реттеу процесінде республикамыздың макроэкономикалық көрсеткіштерін тиімді пайдалануда нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесін қолдануға болады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің  негізгі мақсаты – мемлекеттің, қоғамның және халықтың мүдделерін қорғау. Тұрақты экономикалық даму бағытын алған республикамыз үшін бұл мақсаттарды жүзеге асыру түрлі мемлекеттік реттеулер арқылы іске асырылады. Атап айтсақ:

- мемлекеттік меншікті басқару.

- салықты реттеу.

- ақша несиені реттеу.

- бюджетті реттеу.

- еңбек қатынастары мен еңбекақыны реттеу.

- қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік деңгейде реттеу.

- мемлекеттік бағдарламалар мен тапсырмалар арқылы экономиканы реттеу.    

 


Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның әдістері