Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 20:25, курсовая работа

Краткое описание

Экономиканы мемлекеттік реттеудің ең басты мақсаты – экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық және аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкінемес.

Содержание

Кіріспе.
1 Экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы.
1.1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі.
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу мәні және оның қажеттілігі.
1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері және негізгі бағыттары.
2 Қазақстандағы экономиканы мемлекеттік реттеу.
2.1 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеу.
2.2 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеудегі мәселелер.
3 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары.
Қорытынды.
Әдебиет тізімі.
Қосымша.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның әдістері.doc

— 161.00 Кб (Скачать документ)

Өсу және жұмыспен қамту деңгейін арттырудың анықтаушы факторы ретінде тиімді сұранысты қамтамасыз ету үшін Кейнстің негізгі әдістері:

1. Ақша саясаты, пайыздық мөлшерлемені реттеу. 

2. Бюджеттік саясат.

3. Табысы жоғары емсе әлеуметтік топтар мүдделеріне сай табыстарды қайта бөлу.

4. Жоғары жұмыссыздыққа жол бермеу және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін кеңейту мақсатындағы толық жұмыспен қамту саясаты.

Монетаризм.

70-жылдардың екінші жартысынан бастап (әсіресе 1974-1975ж.ж ірі әлемдік экономикалық дағдарыстан кейін) өндірістің жағдайы күрт төмендеді. Экономиканы реттеудің кейнсиандық әдістері тиімсіз екені белгілі болды. Осының негізінде экономикалық ғылымда жаңа бағыт – монетаризм пайда болды. Оның негізін қалаушы Милтон Фридмен болды.

Монетаристердің кейнсиандықтардан айырмашылығы:

Біріншіден, нарықтық экономика  өзінің тенденцияларына қарай тұрақтылыққа өзіндік реттелуге ұмтылады.Нарықтық бәсеке жүйесі жоғары тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Ауытқулар, сәйкессіздіктің  пайда болуы ішкі себептерден  емес, сыртқы араласу,мемлекеттік реттеу қателіктерінің нәтижесі ьолып табылады.

Екіншіден, ақша факторлары басым болуы тиіс. Демек экономикаға  әсер ететін әртүрлі құралдардың  ішінде әкімшілік, бағалы әдістер емес және салығ жүйесі де емес, ақша құралдары  таңдалады. Тек ақша құралдары экономикалық тұрақсыздықты қамтамасыз етуге қабілетті.

Монетаристік теория ақша-несие құралдарын экономиканы реттеудің басты құралдары ретінде санайды, яғни бұл құралдарды пайдалану ағымдық емес ұзақ мерзімді міндеттерге бағдарлануы тиіс.

 

 

                                     Кесте

 

Ұсыныс тұжырымдамасы.    

Соңғы жылдары дамыған нарықтық экономика елдерінде инфляция мен  жұмыссыздыққа әсер ететін классикалық  реттеу құралдарының өзара әрекет етуінде  өзгерістер болды.

70- жылдары нарықтық экономикада жаңа құбылыс – стагфляция пайда болды, яғни бір уақытта инфляция мен жұмыссыздықтың пайда болуымен сипатталады. Онымен күресу жолдарын іздеу экономиканы мемлекеттік реттеудің жаңа бағытына, американдық экономистермен дайындалған (А.Лаффер, М.Фельдстайн, Р.Риган) ұсыныс тұжырымдамасының қалыптасуына алып келді. Теория «ұсыныс тұжырымдамасы» деген атауға ие болды. Және онда монетаризм жетекші рөль атқарды.

Бұл тұжырымдама өндірісті, инвестицияларды  және жұмыспен қамтылуды ынталандыруға  бағытталған тәжірибелік ұсыныстардың жиынтығы.

Ұсыныс экономикасының негізгі  идеясы сұранысты ынталандырудың кейнсиандық  әдістерінен бас тартып, күш жігерді ұсынысты анықтайтын факторларды қолдауға көшіру.

Бұл тұжырымдаманың негізгі ұсыныстары:

- инвестицияларды ынталандыру мақсатында салықтық мөлшерлемені төмендету.

- мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру.

- бюджеттік жандану, әлеуметтік бағдарламаларды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын азайту.

Экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесінде  соңғы уақытта монетаризм идеясы, және де экономиканы конъюнктуралық реттеу, тұрақты жұмыспен қамтылу, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ұлттық табысты қайта бөлудің кейнсиандық тұжырымдамалары қолданылуда.

Осыған байланысты мемлекеттік  реттеудің негізгі үш түрін ажыратады:

1. Экономиканы басқаруда толық мемлекеттік монополизм. Ол КСРО және басқа да социалистік мемлекетерге тән болды. Қазіргі уақытта посткоммунистік елдерде мысалы ҚХДРда сақталған.

2. Нарықтық және мемлекеттік реттеуіштер үйлесімінің әртүрлі нұсқалары. Нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытталған мұндай нұсқалары «жапон» «швед» және «германдық» улгілерде жүзеге асырылған.

3. Либерализм жеке кәсіпкерліктің еркін дамуын тиімді деп санайды. Мемлекеттік реттеудің осы түрі АҚШқа тән.

  

   

 

 

         

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және оның қажеттілігі.

Нарықтық экономика  жағдайындағы экономиканы мемлекеттік  реттеу (ЭМР) қазіргі кезеңдегі әлеуметтік экономикалық жүйенің өзгерістерге бейімделуін қамтамасыз ету және оның тұрақтылығын сақтау мақсатында мемлекеттік меке мелермен қоғамдық ұйымдардың жүзеге асыратын заң шығарушы, атқарушы және бақылау шараларынің жүйесі.

«Экономиканы мемлекеттік  реттеу» терминін қолданғанда «мемлекеттік экономикалық саясат» (МЭС) термині  көп кездеседі. Теориялық көзқарастан  «МЭСті» кең ұғымда қарастыруға  болады. Өйткені оның құрамына экономиканы реттеу, мемлекеттің экономикаға араласпауы (экономикалық либерализм принциптері) енеді. Бірақ қазіргі кездегі нарықтық экономика шындықтарын есепке алатын болсақ, бұл көзқарас дұрыс емес. Қандай да әлеуметтік экономикалық жүйеде мемлекет фискалдық, әскери күштері мен басқару аппаратын қаржыландыру, сыртқы экономикалық байланыстар мен ақша айналымын реттеу, құрылыс жүргізумен айналысады. Ал қазіргі жағдайда мемлекет міндетті түрде элеуметтік экономикалық ұдерістерге қатысып ғылыми зерттеулерді, білім беруді, әлеуметтік қамту, қоршаған ортаны қорғауды қаржыландырады. Сондықтан «ЭМР» және «МЭС» терминдерін тең деп атауға болады.

XX ғасырда әлем елдерінің экономикасындағы мемлекеттің рөлі өсті. Бұл экономикасы орталықтан басқарылатын елдердің рөлінің өсуімен ғана емес сонымен қатар көп елдерге тән нарықтық экономиканың аумағының өсуімен және оның ішіндегі байланыстар мен үдерістердің күрделенуімен байланысты, нарықтық шаруашылықтың дамуымен қатар, жеке меншік негізінде автоматты түрде шешілмейтін экономикалық және әлеуметтік мәселелер туындады. Соның негізінде ұлттық экономиканың дамуына қажетті, бірақ жеке тұлғалар үшін тиімсіз пайдалылығы төмен салаларға ірі инвестицияларды тарту қажет болды.

 Капитализм құрыла  бастаған кезеңде пайда болған  классикалық экономикалық теория өкілдерінің табыстар икемділігі және қамтылу негізінде бәсеке мен бағаны нарық өз бетімен реттей алады деген ой пікірлері әлемдік сипатқа ие болған экономикалық дағдарыстардың күшейіп өсуі одан әрі күмән тудырды. Жаппай жұмыссыздық, ақша айналымындағы бұрмалаушылықтар, монополиялардың озбырлығы, экологиялық мәселелер, әлемдік нарықтардағы бәсекенің шиеленісуі сияқты экономикалық өмірдің осындай ақиқаттары нарық өз механизмі бойынша автоматты түрде өзін өзі реттеуді қамтамасыз ете алмайтынын сендіре дәлелдеді. Барлық айтылған мәселелер «нарық фиаскосы» деп аталды. «Нарық фиаскосы» ретінде нарық жұмыс істеу механизміндегі жолдан тайдыруды, олардың тиімді шешімдерінің қамтамасыз етілмеуі түсіндіріледі. Бұл жолдан тайдыруды келесідей түсіндіруге болады:

1. Ішінара жұмыспен  қамтылу кезіндегі ұзақ мерзімдік  нарықтық тепе теңдік. Дж.М.Кейнс  осыны зерттеу негізінде жұмыспен  қамтылуды мемлекеттік реттеудің  қажеттілігі туралы қорытынды  жасады.

2. Классикалық теорияға сәйкес  нарықта тепе теңдіктің кезкелген бұзылуынан кейін өзгерген жағдайларға сай бейімдеу механизмдері жұмыс істей бастады. Соның нәтижесінде жаңа тепе-теңдік орын алады. Бірақ бұзылған макроэкономикалық тепе-теңдік кумулятивтік процестермен тереңдетілуі мүмкін. Нарықтық механизмнің жаңа жағдайға бейімделуі барысында бағалар және өндірілетін тауарлар мен қызметтер арасында ерекше ара қатынас орын алуы мүмкін, яғни нәтижесінде дағдарыстың ұдайы өндірісі пайда болады.

Тауарлар мен қызметтерге сұраныстың қысқартылуы өндірістің қысөартылуына әкеледі. Ал ол жұмыспен қамтудың, табыстардың және халықтың төлеуге қабілеті бар сұранысының қысқартылуына әкеледі. Фирмалар және қысқартылған сұранысқа бейімделеді және одан әрі жұмыс күші бойынша үнемдейді, бұл сұраныстың кезекті қысқартылуына әкеледі. Қорытындысында, инвестиция көлемі азаяды, өндіріс тез қысқартыла бастайды және бұл үдеріс барлық жаңа салаларды қамтиды. Сонымен сұраныстың бастапқы қысқартылуы тізбек түріндегі реакцияға әкеледі. Бұл жағдайда бағалар мен еңбек ақы төмендей бастаса да өндіріс және жұмыспен қамтудың төмендеуі әлі біраз уақыт созылуы мүмкін.        

3. Экономикалық өсу  салалық құрылымдағы өзгерістрмен тығыз байланысты,өндірісті қысқарту ескі, «болашақсыз» салалардың жойылуына әкеледі. Сонымен қатар ҒТП жетістіктеріне негізделген жаңа салалар пайда болды. Нарықтық механизм салалық өқрылымдағы сондай прогресстік өзгерістеге мүмкіндік туғызады. Бірақ осындай өзгерістерді іске асыру уақыты созылуы мүмкін, демек төлем балансы мен жұмыспен қамтылудағы біршама мәселелермен анықталатын экономикалық тепе-теңсіз жағдайы созыла түседі. Куммулятивтік әсердегі дағдарыстарды болдырмау үшін бұл жағдайда тиімді мемлекеттік экономикалық саясат қажет.

4.Нарықтық механизмнің  әлсіз жерлеріне өндірісті тиімді  орналастыруды қамтамасыз ету, күрделі қаржы қаражаттарын, табыстарды және жұмыспен қамтудың тиімді территориялық үйлесімдерін қамтамасыз ету жатады. Нарықтық механизмнің жұмыс істеу нәтижесінде басқа аудандар есебінен шағын территорияларда (шаруашылық агломерациялардың дамуы) өндірістің капиталдың, және жұмыспен қамтудың шоғырлануы сияқты тұрақты процестер болып тұрады. Нашарлау дамыған аймақтарда табыс және инвестиция табыстылығы да нашар болады. Мұндай аймақтарда төлеуге қабілеті бар сұраныс қысқартылады, соның нәтижесінде салыстырмалы төмен еңбекақы мен жер бағасына қарамастан, күрделі капитал салымдарына деген ынталылық азаяды. Бәсекеге қабілеті бар жұмыс күші, кәсіпкерлер біршама дамыған агломерацияларға ұмтылады, бұл жеке аймақтардың дамуындағы сәйкессіздіктерді тереңдетеді. Бұл мәселенің шешімі мемлекеттің қатысуын талап етеді.

5. Өнеркәсіп салаларының сандық жағынан дамуы қайта өңделмейтін ресурстарды толассыз жұмсауымен, қоршаған ортаға ауырлық тигізуімен тікелей байланысты болып келеді.Болашақ ұрпақтар үшін шаруашылықты сандық дамудан сапалық дамуға айналдыру керек. Осындай айналымды орта мерзімдік мемлекеттік бағдарламалар қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар нарық  кемшіліктеріне нарық механизмінің әлеуметтік мәселелерді шешуге қабілетсіздігін  жатқызуға болады.

Табиғи монополиялардың  болуы және оладың қызметін реттеу-шешуді талап ететін мәселелер.

ЭМР себептерінің біріне қоғамдық игіліктерге деген қажеттіліктерді тиімді қамтамасыз ету жатады.      

Экономикаға мемлекеттің  араласуын талап ететін мақсаттарға, сонымен қатар сыртқы әсерлерді тегістеу қажеттігі, инфрақұрылымның дамуы, экономиканың кейбір салаларының жаңғыртылуы, ҒЗТКӘні жалпы мемлекеттік ауқымда қаржыландыруы жатады. Бұл мақсаттардың шешімі мемлекеттік сектор шектерінде қамтамасыз етіледі.

ЭМРдің факторлары алуан  түрлі болғанымен, түрлі экономикалық мәселелерді шешуге бағытталуына сәйкес оларды топтауға болады.

 

 

                                        Кесте

Әрине ұсынылған факторлардың топтамасы шартты болып табылады: мысалы жұмыспен қамтылу мәселесін  қайта өндіру үдерісінің оңтайлы қамтамасыз етілуіне әкелсе, макроэкономикалық тепе теңдікті қолдау әлеуметтік шиеленістің қысқаруына әкеледі.

Қазіргі заманғы жағдайда экономиканы мемлекеттік реттеу ұдайы өндіріс процесінің құрама бөлігі болып табылады. Оның нақты  бағыттары, түрлері, ауқымдары нақты  кезеңдегі белгілі бір елдің  экономикалық және әлеуметтік мәселелерінің  сипаты мен өткірлігіне байланысты анықталады.  ЭМРдің объективті мүмкіндігі экономикалық дамуының, өндіріс пен капитал шоғырлануының белгілі деңгейге жетуімен қатар пайда болады.

Экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, әлемдік шаруашылық мәселелерінің  өткірлігі мемлекет тарапынан болатын нақты акцияларды талп етеді. 

      

          

 

 

 

 

 

 

          

 

 

 

 

 

    1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері және негізгі бағыттары.

Мемлекет, әлеуметтік-экономикалық процестерге реттеу жүргізуде, экономикалық міндеттерге, мемлекеттің материалдық мүмкіндіктеріне, реттеу туралы жинақталған тәжірибеге байланысты өзгеріп отыратын әдістер мен инструменттер жүйесін қолданады.

Мемлекеттік реттеу әдістері құқықтық, әкімшілік, экономикалық – тікелей, жанама болып бөлінеді.

Құқықтық реттеуге мемлекет тарапынан өндіруші – фирмалар және тұтынушылар үшін « экономикалық ойын » тәртібінің белгіленуі жатады. Заң нормалары мен ережелерінің жүйесі, меншік формалары мен меншік құқықтарын, контракт жасау мен фирманың қызмет ету шарттарын, кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің еңбек қатынастарына байланысты өзара міндеттемелерін және т.б белгілейді. 

Әкімшілік реттеуге – реттеу, контингенттеу, лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады. Әкімшілік шаралардың көмегімен ( бекіту, рұқсат ету, зорлау түрлерінде) бағаларға, табыстарға, есепке алу ставкасына, валюта курсына мемлекеттік бақылау жүргізеді. Осы заманда әкімшілік шаралардың әрекет ететін сферасы, көп елдерде қоршаған ортаны қорғаумен, тұрғындарды әлеуметтік қорғаумен шектеледі.

Экономикалық әдістер нарықтық қатынастардың сипатын және ұлттық құрамының шеңберінде нарықтық ортаға ықпал етуді талап етеді. Бұл жиынтық сұранысқа, жиынтық ұсынысқа капиталдың шоғырлану дәрежесіне әсер ету арқылы экономиканы және әлеуметтік шарттарды құрылымдау, экономикалық өсу факторларын қолдану арқылы жүріп жатады. Осы мақсатпен қолданылады:

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның әдістері