Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 20:25, курсовая работа

Краткое описание

Экономиканы мемлекеттік реттеудің ең басты мақсаты – экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық және аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкінемес.

Содержание

Кіріспе.
1 Экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы.
1.1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі.
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу мәні және оның қажеттілігі.
1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері және негізгі бағыттары.
2 Қазақстандағы экономиканы мемлекеттік реттеу.
2.1 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеу.
2.2 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеудегі мәселелер.
3 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары.
Қорытынды.
Әдебиет тізімі.
Қосымша.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның әдістері.doc

— 161.00 Кб (Скачать документ)

- Бюджеттік және фискалдық саясат;

- Ақша-несие саясаты;

- Жоспарлау; Болжау және жоспарлау.

 Мемлекеттік реттеудің  келтірілген әдістері мен инструментарилері  оларды кешендік қолдануды талап етеді. Тепе-теңдік экономикалық өсуге ықпал етуде, өзара байланысты инструментариді пайдалануды, нарықтардың өзара байланысы және шарттасқандығы тудырады.

Нарықтық жүйенің мемлекеттің  кірісуінсіз мүмкін еместігін барлық экономикалық даму айқындайды. Бірақ мұның шегі бар, одан шығып кеткен болса нарық процестері деформацияға ұшырайды, өндірістің тиімділігі түседі. Реттеудің маңызды шектелуі болады.

Реттеудің тікелей  әдістері үкіметтік үстемдік қатынастарға негізделеді. Олар шаруашылық субъектілерінің қызметіне және оның нәтижесіне әкімшілік түрде әсер ету арқылы жүргізіледі. ЭМР-дің тікелей әдістерінде экономиканың секторларын, аймақтарын, фирмаларды қайтарылмайтын, мақсатты қаржыландырудың әр түрлі формалары басым болады. Бұлар субвенция немесе субсидиялар және жеңілдеткен несиелер түрін алады.

Мемлекет экономикаға  тікелей ықпалын шаруашылықтын  белгілі салаларына инвестиция жасау  арқылы жүргізеді. Бұл екі бағытта  жүргізіледі: мемлекеттік кәсіпкерлікті  дамыту арқылы немесе мемлекеттік емес кәсіпорындарына субсидия беру арқылы.

Мемлекет реттеуді меншіктің  бірлескен немесе индивидуалдық-жеке формасындағы кәсіпорындарын қолдау арқылы да жүргізеді. Бұл оларға төмен бағамен тауарлар, қызметтер немесе субсидия беру арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекет білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау сфераларын қолдау бағдарламасын орындайды. Бұлар мемлекеттік қолдаусыз баяу дамыған болар еді, немесе олардың қызметтерінің бағасы өте жоғары болып, көпшіліктің қолы жетпес еді. Осы салалар аграрлық өндіріспен, шығаратын өнеркәсіппен, көлікпен, көп мемлекеттердің субсидия жасауының тұрақты объектісі болып табылады.

Тұрақтандыру саясатын жүргізгенде көптеген үкіметтер  ақша-несиелік, бюджеттік және фискалдық саясатпен қатар әлеуметтік және сыртқы экономикалық реттеушілерді қолданады.

Сонымен, үкіметтің экономикалық саясаты – экономикалық инструментарий арқылы жүзеге асырылатын, шаруашылық субъектілерінің іс-әрекеттер нормасы мен ережелерін тәртіпке келтіру болып табылады.

Мыналар инструментарийге жатады:

1. Несие саясатында:

- банк резервтерін нормалау;

- банк проценттерінің есепке алу ставкасын өзгертіп тұру;

- валюта нарығында операциялар жүргізу;

2. Бюджеттік саясатта:

- мемлекеттік шығындарды реттеу,

- мемлекеттік сатып алуды жүргізу; 

- мемлекеттік ішкі заем шығару;

- мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау және оны тәртіпке келтіру.

3. Фискалдық саясатта:

- азаматтар мүлігіне салық салуды реттеу;

- муниципалдық салық енгізу,

4. Әлеуметтік саясатта:

- еңбек төлемінің минималды ставкасын реттеу;

-зейнетақының, жұмыссыздық жәрдемақысының және т.б. көлемін белгілеу;

5. Сыртқы экономикалық саясатта:

- заң жүзінде баж салығының, валюталардың айырбас курстарын белгілеу;

- шетел қарыздарын, инвестицияларды және валюталық шектеулерді қолдану.

Мемлекеттік-үкіметтік реттеудің әдістері мен инструменттерін кешенді түрде қолдану ұлттық экономиканың макромаркетингін құрады. Бұл тікелей және жанама бағыттармен салыстырғанда кешендік әдіс болып табылады және бір мезгілде ұдайы өндіріс пен экономикалық өсудің барлық фазаларын, территорияларды, аймақтық екіншілік жүйелерді қамтиды. Мазмұны жағынан маркетинг икемді болады: экономикалық конъюнктура өзгерістері маркетингтік іс-әрекеттерді өзгертіп отырады.

 

Нарықтық инфрақұрылымды мемлекеттік реттеудің тәсілдері, әдістері және инструменттері.

 

      тәсілдер


 

 

  заңдылық

 

әкімшілік

 

     соттық


 

   әдістер


 

 

     тікелей

Жеке 

бизнесті 

шектеу

Мемлекеттік

кәсіперлік


 

                    жанама

Несиелік ақшалай

Салық-тық

Бюджет-тік

Индика-тивтік жоспарлау


  инструменттер


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік реттеу механизмі  өзгеріп отырады. Оның эволюциясы технологиялық  дамудың, экономикалық өсудің, саяси  күштердің қайта топталуының  қажеттіліктерімен және осы жүргізетін экономикалық және әлеуметтік саясаттың  өзгерістерінің, шаруашылық жүргізудегі  қатынастардың, даму дәрежесінің және т.б. қажеттіктерімен белгіленеді.

Қалай болмасын мемлекеттік  реттеу тиімді болуға тиісті, ол партнерлікті тереңдетіп және бизнесті жандандыру үшін кәсіпкерліктің қуатын барынша  толық пайдалануды тілейді.

Егер мемлекеттік реттеу нарықтық механизмдермен реттелмейтін немесе шамалы реттелетін сфераларды – денсаулық сақтау, білім беру, макроэкономикалық тұрақтылық, кедейлерді қорғау – қолдаса, онда оның тиімді болғаны.

Дамыған нарықтық және транзитивтік экономикалы елдердегі мемлекеттік реттеудің тәжірибесін талдаудың нәтижесінде, экономикада орын алатын реттеулік тенденцияларды айқындауға болады.

Мемлекеттік реттеудің қызметтері, біріншіден ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын сақтауды қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылады. Бәсекелестіктің артықшылығына экономикалық факторлар арқылы, өндіріс факторларының пайдалану дәрежесін үздіксіз көтеруге қабілетті, бірегей институционалдық механизмдердің , ресурстардың, жұмысшы күшінің, капиталдың, кәсіпкерлердің осы елде бар болғанының арқасында жету мүмкін.

Ұлттық экономикаға  пайдалы техниканы жетілдіруді  ынталандыратын жаңалықтар енгізетін  саясатты жасау, үкіметтің барынша  мойындаған міндетіне айналады. Бұл  өндірістің тиімділігін өсіруге, жоғары сапаға байланысты бағаны көтеруге, жаңа ғылыми салаларды игеруге мүмкіндік береді. Екіншіден, көптеген инструменттерді пайдалану, оның ішінде алдымен контракт жүйесін пайдалану – жеке бизнесті қоғамның приоритеттік мәселелерін шешу үшін мемлекеттік бағдарламаларды орындау мақсатымен, мемлекеттік тапсырма және сатып алу жүйесін ұйымдастырудағы әр түрлі формалардың жиынтығын қолдану.

Үшіншіден, ұлттық экономиканың әлемдік нарықтардағы бәсекелестік артықшылықтарын қамту мақсатымен, мемлекеттің белсенділік әрекеттерінің мүмкіндіктерін ұлғайту. Осыны жүзеге асыру жолдары: ұлттық кәсіпкерлер үшін қолайлы шарттардың жасалуы, жеке бизнес үшін мемлекеттік емес қолдануды ынталандыру, ірі масштапты стратегиялық мәселелердің шешілуін қамтамасыз ететін және жоғары қауіппен байланысты болатын немесе жетімді пайда әкелмейтін, жеке инвестицияларындағы фирмалардың бәсекелестік қабілетіне ұнамды жағдай тудыру.

Төртіншіден, экономикалық процестерді жалпылама үйлесімділікке келтіру, экономиканың дамуын үкімет белгілеген бағыттарға сәйкес ынталандыру, мемлекеттік реттеудің мәндік мағынасы бар қызметіне айналып келеді. Жоспарлық-болжамдық институтционалдық құрылымдар жүйесі арқылы өнеркәсіптік саясаттың ұзақ мерзімді стратегиясы жасалып отыр (Франция, Жапония, ҚХР).

Бесіншіден, мемлекет конъюнктуралық артықшылыққа жетуді көздеп, елдің жеке және өндірістік сұранысының динамикасын жобалап отыр. Мемлекет, мемлекеттік шығындармен, салықтармен, несие құнымен, айлалы әрекет жасайды, бәсекелестікті тәртіпке келтіреді, мемлекеттік секторды дамытады.

Алтыншыдан, әлеуметтік стратегия және оны жүзеге асыратын әлеуметтік саясат бағытынан келгенде табыстар, бағалар, жұмыспен қамту, еңбек қатынастары, еңбекті қорғау, тауарлар мен қызметтер сапасы мемлекеттік реттеу сферасына айналып отыр. Бұндағы мақсат -  әлеуметтік теңсіздікті жеңілдету, мүдделер балансын қолдау, жалпы консенсусқа жету, тұрғындардың әр түрлі топтарының экономикалық белсенділігін ынталандыру.

Жетіншіден, экономикалық реттеудің өзгеріп отыратын шаруашылық жағдайларына үйлесін мемлект әрекеттерінің әр түрлі болып дамуы айқындайды. Бүгінгі нарықтық құрылымдар экономикалық және әлеуметтік саясаттың диверсификациялануын (көп түрлі болуын) талап етеді. Осы күнгі дамыған индустриялық елдердің экономикасында қайта реттеу және децентрализация (мәселелердің шешімін микродәрежеге беру) процестері қатар жүріп келеді. Қайта реттеу – бұл қоғамдық ұдайы өндіріс механизміне тікелей мемлекеттік кірісудің масштабының қысқаруы болып табылады. Мемлекеттік реттеу корпоративтік реттеумен толықтырылып отыр, бұл комулятивтік және компенсациялық эффект береді.

Децентрализация процесі  – көп мәселелердің шешімін макродәрежеден жекелеген региондардың мегадәрежесіне және жекелеген фирмалардың микродәрежесіне  аудару болып табылады. Регионалдық, муниципалдық, және коммуналдық басқару органдары мемлекеттік реттеудің субъектілеріне айналып отыр. Әкімшілік реттеудің тікелей формаларының рөлі төмендеп, мемлекер әсерінің әр түрлі тетіктерінің маңызы өсіп келеді.

Территория дәрежесінде  экономикалық реттеу аймақтардың дамуы бір қалыпты еместігін төмендетеді, тоқырауға ұшыраған аймақтардағы әлеуметтік шиеленісті жеңілдетеді, территорияның экономикалық потенциялын тиімді қолдануды ынталандырады.                                     

 

 

                                         Жол картасы.

«Алда тұрған он жылдықтың  аса маңызды міндеті –Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%ға өсуі үшін мемлекет  барлық қажетті жағдайларды жасайтын болады. Біздің мемлекеттік әлеуметтік саясатымыздағы басты басымдылық халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады».

                                                                                            Н.Ә. Назарбаев.

Екі жылдан астам дүниені  дүр сілкіндіріп әлем елдері экономикасының есін шығарған қаржы дағдарысын Қазақстан  сәтті еңсерді. Бұл жайында қазіргі  уақытта әр түрлі болжамдар мен  жорамалдар айтылуда. Менің  ойымша, Қазақстан дағдарысқа қарсы қолданған амалдарының басым көпшілігі жүйелі ойластырылып, кешенді түрде іске асырылғандықтан күзелістен қиналмай шықты. Бұл ретте халықты жұмыспен қамту стратегиясы, яғни «Жол картасы» бағдарламасы аса сәтті жобаладың бірі болды. Бұл бағдарламаның дағдарыс уақытында ел үшін, мемлекет үшін, жалпы экономика үшін аса тиімді болғанын қазіргі таңда өмір шындығы көрсетуде. Ең бастысы дағдарыс кезінде елімізде әлеуметтік ширығуға жол берілмеді. Осылайша «Жол картасы» бағдарламасы Қазақстанның дағдарысқа қарсы қолданған тиімді әрі игі шараларының бірі болды. Игі шара дейтін себебім, бұл бағдарлама аясында дағдарыс кезінде республикамыздағы көптеген адамдар жұмыспен қамтылды. Мыңдаған азаматтар жаңа мамандық түрлерін игеріп, білімдерін жетілдірді. Еліміздің көптеген аймақтарында әлеуметтік маңызы зор нысандар күрделі жөндеуден өткізіліп, халыққа қызмет көрсететін орындардың қатары көбейді. Ең бастысы осының барлығы қазынадан бөлінген қаржының арқасында іске асырылды. Сөйтіп, «Жол картасы» бағдарламасы еліміздің дағдарысты еңсерудегі сенімді құралдарының біріне айналды. Үкімет ендігі кезекте бұл жобаны экономиканы оңалтып одан әрі ілгерілендіру үшін пайдалануда.

«Жол картасының» бағыттарына тоқталатын болсақ:

Біріншіден тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жүйелерін қайта жаңғырту мен дамыту бойынша 33 нысанға республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 2 млрд. 933,9 млн. теңге қаржы қаралып, 2117 жұмыс орны құрылады.

Екіншіден жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 71 нысанға 2 млрд. 519,4 млн теңге қаржы қаралып, онда 2294 жұмыс орны ашылмақ.

Үшіншіден мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеу мен жылылауға, 33 білім беру нысанын жөндеуге 1 млрд. 240 млн теңге қаржы қаралған. Бұл жұмыс 1696 жұмыс орнын құрайды. 12 денсаулықсақтау нысанын жөндеуге 600 млн. теңге қаралып, онда 821 адам жұмыс істейтін болады. 4 спорт нысанын жөндеуге 100 млн теңге бөлініп, онда 138 жұмыс орны ұйымдастырылады. 2 мәдениет нысанын жөндеуге 116,8 млн теңге бөлініп, 162 адам жұмыспен қамтылмақ.

Төртіншіден ауылдық жерлердегі басымды әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға байланысты 12 ауылдық клубты жөндеуге 437,2 млн теңге қаралып отыр. Бұл игілікті іске 601 адам жұмысқа тартылады. Ауылдық жердегі 40 су шаруашылығы каналын жөндеуге 650,8 млн теңге қаралған. Мұнда 660 адам жұмыс істемекші. Бұл үстіміздегі жылы атқарылатын жұмыстардың ауқымды екенін көрсетеді.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның әдістері