Маманданудың дамуы тек жағымды әсер
ғана емес, кері әсерін де тигізеді. Мамандандырылған
өндірістің барлық артықшылықтарына (жетілген
техника мен технологияларды қолдану,
өндірістік циклдың азаюы, өзіндік құнның
төмендеуі, еңбек өнімділігінің артуы, кадрлар квалификациясының
жоғарылауы, стандарттау мен унификациялаудың
дамуы, шығарылатын өнімнің сапасын арттыру,
яғни кәсіпорынның бәсекелестігін арттыру)
қарамастан, ол нарық жағдайына шамадан
тыс тәуелді болады. Тар мамандандырылған
кәсіпорын шығаратын өнімге сұраныс ауытқыған
кезде, оның тұрақтылығы мамандандырылмаған
кәсіпорынға қарағанда төмен болып келеді.
Сұраныс өзгеруі мен бағаның төмендеуінен
болатын шығындар тәуекелін төмендетуге
деген өндірушілердің талпынысы өндірістің
диверсификациясы тенденциясына әкелді.
Мамандану мен кооперациялаудың
кемшіліктеріне келесілерді жатқызу
керек:
- кооперациялау радиусының артуына байланысты
өнім бірлігіне тасымалдау шығынының
артуы;
- жұмыстағы монотондық, сондықтан осы
жағдайдың жұмысшыға кері әсерін азайту шараларын қолдану
керек.
Жоғарыда келтірілген
жағымды және кері әсерлерді
мамандануды жоспарлау және дамыту
кезінде, ең тиімдінұсқаны табу
мақсатымен ескеру керек.
Маманданудың дамуы
- өнеркәсіптің қарқынды түрде
өсуі мен жетілдірудің маңызды шарты болып табылады.
Ірі сериялы және жаппай бірегей өнім
шығаратын, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың
жоғары өнімді мамандандырылған жабдықтар
мен технологияларды қолданатын маманданған
кәсіпорындардың экономикалық артықшылығы
– материалды ресурстар мен еңбек құралдарын
қолдану тиімділігі, жұмысшылардың еңбегінің
өнімділігі мен квалификациясының артуы,
өзіндік құнның төмендеуі мен пайдалылықтың
өсуі, капитал салымдарының артуы.
Жоғарыда қарастырылған
салаларда мамандану айқын көрініс тапқан. Қазақстанда маманданған
салалар бір-бірінен өте алыс орналасқан.
Алайда дайын өнімнің жаппай және ірі
сериялық өнділуі оның өндіру шығындарын
төмендетуі соншалықты, бұл кооперацияланған
байланыстар мен тұтынушыларға алыс тасмалдауларды
ақтайды. Зауыттардың терең мамандануы
тиімді емес тасымалдауларды жүзеге асыруға
әкеледі. Бұл тасымалдаулар қазіргі машина
жасау өнеркәсібінің ұйымдасу жағдайында
қажет болып келеді. Ал машина жасау саласының
түпкілікті өнімін шығару машина жасаудың
өзіндік салаларының, халық шаруашылығының,
барлық экспорттың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған. Бұл өнімді тұтынушылар мемлекеттің
түпкірлерінде орналасқан, сондықтан
осы өнімді тұтынушыларына жақын орналастыру
экономикалық жағынан тиімсіз болып табылады.
Соңғы жылдары машина жасау кәсіпорындардың
санының өсу тенденциясы байқалады, бұл
машина және жабдықтар саласындағы шағын
кәсіпкерліктің дамуымен байланысты болады.
Республикадағы ең
ірі машина жасау бағыты –
тракторлық және ауыл шаруашылық
машиналарын жасау. Осы саладағы дағдарыстан
шығу үшін бірлескен кәсіпорындар құру
мақсатында шет елдік кәсіпорындармен
байланыстар жасау, басты өндірушілермен
біріге отыра, ауыл шаруашылық нарық франчайзингін
ұйымдастыру керек. Отандық компанияларды
бірлескен технологиялық процеске біріктіру
арқылы шығындарды азайту, республиканың
машина жасау және жөндеу кәсіпорындарында
кооперациялық байланыстарды кеңейту.
өйткені өндірістік бірлестіктерді құру
мамандануды дамыту және жетілдіруге
өз үлесін қосады.
Мұнай-газ жабдықтарын жасау өнеркәсібінің
мақсаты – жағымды жағдайларды жасау,
өнімнің бәсекелес жағдайын арттыру. Ол
үшін протекционизм мен отандық ең тиімді
проектілерге инвестициялық және несиелік
көмек көрсету.
Қорытындылай келе, мамандану
және оның салдары ретіндегі кооперациялау экономикаға
тиімді әсерін тигізетіндігін айтуымыз
керек, сондықтан маманданған кәсіпорындар
санын экономикалық тиімділікке сәйкес
арттыру саясатын қолдауымыз керек.
Өнеркәсіптік өндірістің
тиімділігін арттырудың негізгі
шарты, қоғамдық ұйымдастырудың жетілдіру
нышанының бірі орналастыру болып табылады.
Өнеркәсіптік орналастыру – бұл өнеркәсіптік
кәсіпорынның кеңістіктегі бөлінуі және
аумақтық экономикалық аудандардағы еңбек
бөлінісінің бір формасы. Өнеркәсіптік
өндірісті орналастыру үдерісі тек экономикалық
қана емес әлеуметтік-саяси міндеттер
шешімді – қала мен ауылдың арасындағы
теңсіздігін жою, елдің артта қалып қойған
аудандарын экономикалық даму деңгейіне
көтеру, жоғарғы маман кадрларды өсіру
болып табылады.
Өнеркәсіптегі орналастырудың басты қағидасы
өнеркәсіптік өндірісті шикізат көздеріне
жақындату, тұтыну аудандарына қажетті
өнімдерінің өндірісінде қоғамдық еңбек
шығынын төмендету болып табылады. Әрбір
аумақтық шикізат факторын есептеуде
қорларды, шикізат пайдалануының экономикасы
мен сапасын, отын және энергетикалық
ресурстарын терең зерттеуді талап етеді.
Өндірістің тиімділігіне
сайып келгенде орналастыру мәселесінде
табиғи-экономикалық, ээкономикалық-саяси
факторлары міндетті түрде басты
себепшісі болады. Еңбек ресурстарын, техникалық-экономикалық
факторына ҒТП әсерін атауға болады.
2.3 Жаңа технологиялық өндірістердің
дамуы мен өндірілуінің тиімділігі
Қазіргі кезде әлемде және отандық экономикада
терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер
орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық
парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи
алғышарттарды қалыптастырды. Ұзақ уақыт
бойы қоғамдық әл-ауқат көздеріең алдымен
материалды-техникалық базаның қалыптасуы
тұрғысында қарастыылады, ал елдің даму
деңгейі материалды өндіріс көлемін арттыру
қарқындарымен анықталады.
Экономикалық ғылымдар
және экономикалық тәжірибесі
көрсеткендей инновациялық дамуда
жаңа технологиялар экономиканы
тиімді модернизациялауды қамтамасыз етеді.
Бұл әсіресе ҚР үшін өте маңызды, өйткені
1990 жылдан бастап елімізде технологиялық
дағдарыс қалыптасты. Өндірістің техникалық
деңгейі құлдырады, ғылыми өнімдекрдің
шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциалымыз
қысқарып кетті, сондай-ақ бұрынғы экономикалық
жүйе түгелімен жойылды, еліміз өзінің
ішкі сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды.
Осының салдарынан ЖІӨ көлемі де 1990 жылмен
салыстырғанда 1995 жылы 40%-ға дейін азайды.
Егер, өткен шаққа
көз салатын болсақ, Кеңестік Одақ кезеңінде материалдық-техникалық
қамсыздандыру, соғыстан кейінгі жылдар
қарқынмен дамып, жүйелі іске аса бастады.
Айталық машина құрылысындағы өндірістік
процестерді автоматтандыру деңгейінің
елеулі артуы 40-50-ші жылдар сандық бағдарламалық
басқару (СББ) жүйелерінің пайда болуымен
және олармен металл кесуші станоктарға
орнатумен байланысты.
70-80-ші жылдары СББ
бар станоктардың негізінде автоматтандырылған
бағдарламалау жүйелері орнатылған
икемді өндірістік жүйелер (ИӨЖ)
түрінде алғашқы салыстырмалы кішігірім өндірістер құрыла
бастады.
Қазақстанның станок-құралдық
өнеркәсібі негізгі қор құрайтын
сала ретінде өнеркәсіптің ғылыми-техникалық
прогресі мен өнімнің бәсеке
қабілеттілігіне жетудің негізі
болып табылады. Станок жасау
дамуының деңгейінен мемлекеттің технологиялық
және де ақырында экономикалық қауіпсіздік
дәрежесі тәуелді. Осы саланың даму бағыттары
оның өнімдерін металл өңдеуде және мәшіне
құрылысында1, өнім ішкі және шетел нарықтарында
бәсеке қабілеттілігін арттыруда болашақ
технологияларын ендіру үшін тиімді пайдалану
шарттарынан анықталады.
Станок жасау саласының
қор құраушы рөлі өнім шығару
көлемініңЖІӨ артуы мен өнеркәсіптік
өндіріспен салыстырғанда өсуінің
жоғары қарқындарын анықтайды, оның
сапасына жоғары талаптар қояды.
Экономиканың әлемдік
дамуы келешекте мәшіне құрылысының
келесідей салалары приоритетті
дамиды: ғарыштық және авиациялық
техника, автомобиль құрылысы,тұрмыстық
және шаруашылық техникасын өндіру,
энергетикалық мәшіне құрылысы
және т.б. Бұл өнім түрлеріне қойылатын негізгі талаптар: жоғары
сенімділік, сапа мен дизайн, сонымен қатар
бөлшектерін жасау тиянақтылығы, төмен
материал, энерго, еңбек шығындары, жасап
шығарудың салыстырмалы қысқа циклі, қолайлы,
экономикалық негізделген баға.
Осыған сәйкес приоритетті салаларда өндірілетін
техниканың жоғары деңгейін қамтамасыз
етуге тиіс станок жасау өнеркәсібінің
өнімдеріне қойылатын талаптар: тапсырыс
берушіге жабдықтарды жеткізуде өндіріс
проблемаларны кешенді шешу (алдыңғы қатарлы
техника немесе «ноу-хау», жиынтық жеткізу,
ақпаратты қамсыздандыру), оптималды өнімділік,
өңделетін бөлшекті жасаудың үздіксіздігі,
сенімділік, жоғары тиянақтылық, ұзақ
мерзімді, минималды қолданушылық шығындар,
төмен материалды және еңбек шығындары,
бәсекеге қабілетті баға, сервистік қызмет
етудің жөнге салынуы.
Дүние жүзіндегі мәшіне
құрылысының дамуын зерттеу металл
өңдеу технологияларында үлкен
өзгерістер күтілуде, алдымызда
станоктардың дамуының «үшінші
толқыны» келе жатыр. Қазіргі
кезеңде технологиялардың дамуына
тән тенденциясы технологиялық жүйелердің
қайта құрылуы мен интеграциясы болып
табылады. Олар өз кезегімен әр салада
тым күрделі, кең және тым мамандырылған.
Әрқашанда адам қуатты технологияны басқара
алмау жағдайының тәуекелі бар.
Осыған сүйеніп техникалық дамудың келесідей бағыттары болжамданады:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдаланумен және автоматтандырылған
жабдықтардың (өңдеу орталықтарының, икемді
өндірістік модульдердің, икемді өндірістік
жүйелердің және т.б.) негізінде құрылған
өндірістерді қолдануды кеңейту;
- ірі өндірістік сипаты бар салалар үшін
шығындарды төмендетіп, өндірісті елеулі
арттыруда өңдеу талаптарына бейімделудің
өңдеуші орталықтар құрылады. Мұндай салаларда
арнайы жабдықтарды қолданудың елеулі
дәрежесі тоқтатылады;
- өңдеуші мәшінелердің құрылымындағы тиімді
өзгерістер орын ауыстыруда, осі бойынша
үдеуіде, шпиндель айналымының жиілігінде,
шапшаңдату мен тежеу уақытынан, құрал
мен өңделетің бөлшектің орын ауыстыру
тездігінде байқалуға тиіс. Станоктардың
тез жұмыс істеуніе сызықтық жетектерді, жаңа материалдарды, сызықтық подшипниктерді, лазерлік жүйелерді, жылдамдық аутқуын жөндеу үшін байланыс датчиктерін қолданудың арқасында қол жеткізуге болады;
- келешектің станоктары өндірістьің қоршаған
ортаны қорғау, ресурстарды екінші реттік қайта өңдеу сияқтыжаңа талаптарына
сай болады. Құралдарды матеиралдародың
жаңа түрлерінен (синтетикалық алмаздар,
керамиканың жаңа түрлерін, құрамында
кобальты бар болат) өндіу дамиды. Бөлшектреді
жасаукдың дәстүрлі емес технологоиялары
(мысалы, арқылы жасау) дамы маңызды болады;
- келешектіңғ станоктарына ашық конфигурациялы
сандық басқару жүйелері, опеациялық жүйелер
мен графикалық интерфейсті үш өлшемді
бавғдарламаларды қолдану анықтаушы әсер
етеді. Басқару жүйелері өндіріс жағдайнына
бейімделдуді жәнек жоғарғы тиянақтылықты қамтамасыз етуде аппараты бөліктің және математикалық қамсыздандырудың жоғары икемділігіне ие болады;
- болашақтағы күрделі жабдықтарджа жұмыс
істеу үшін жоғары мамандалған қызметкерлер
керек, ал ол арнайы шаралар кешенін қажет етеді.
Әлемдік тәжірибе
бойынша өзіндік станок құрылыс
дамуы мемлекеттің маңызды приоитетінің
бірі. Қазіргі даму кезеңінде
негізгі мақсаттарының бірі жоғары
технологияларының жетістіктерін
қолдану, күрделі ғылыми өнімдеерді
құру болып табылады. Икемді өндірістік жүйеленржді өндіруме байцланысты
маңызды ұйымдастырушылық техникалық
шешімдер 2000 жылдыңғ басынан сынақты компьютерлі
интеграцияланған өндірістерді (КИӨ) көзделді.
Олар бұйымның өмір сүру циклінің: маркетинг,
бұйымды құру, технологиялық процестерді
құру, материалды қпамсыздандырылуы мен
өндірісін дайындау, өнімді жасап шығару,
ноны өткізу, икемді өндірістік жүйелерді
іске кірісітіру процесінде қыщзмет ету
мен пайдаланудан шыққаннан кейін жоюдың
барлық мәселелерін шешекді. Бізлдің ойымызша
КИӨ құрумен кешіктіру Қазақстанның технологиялық
және тұтастай экономикалық қауіпсізілдігіне
ұқатер тудырады.
Компьютерлді интеграцияланған
өндірістер бпарлық КИӨ-ге ортақ
үш ерекшекліңктерімен сипатталады.
Біріншіден, бұл икемдіңлік. Яғни, жабдықтардың
минималды ттоқтап тұруымен, өнімнің тұрақиты
сапасы мен оның нарық жағдайында бәсекеге
қабілеиттілігін қамтамасыз ете отырып
бұйымның бір түрінен екіншішісін өндіруге
көшудің мүмкіндігі. Екәінші ерекшелік
– ақпараиттық технологиялар негізінде
интеллекуалды есептерді шешетін, функционалдаудың
оптималы режимін таңдайтын, кемшіліктерді
тауып, оларды жоятын және т.б. мүмкңндңктерң
бар «ойлайтын» мәшінелердің жаңа класы.
Үшіншісі - өндірісті, мркетингті және
ндірісті дайындауды (конструкторлық
және технологиялық) ұйымдпастыратын
күрделі интеллектуалды процестерді автоматтандырылыған
түрде жүргізу.
Ғылыми және техникалық
тұрғыдан күрделі өнімдерді шығаратын
жоғарғы деңгейлі иекмділігі
мен автоматтандыроылуы бар КИӨ
мәшіне құрылысында автоматтандырылған
зауыт (АЗ) атауына ие болды.
Мәшіне құрылысы саласы
АЗ-да қажеттігін анықтайтын басты
факторлар:
- өнімнің әр түріне тұтынушылардың тілектерінің
дербесмтігінің артуы. Оларды уақытында
қанағаттандыру тек өндіріс жоғары икемді
болғанда мүмкін, ал оған тек бұймының өмір сүру циклін басқарудың барлық
функцияларын автоматтандыру арқылы қол
жектізуге бюолады.
- сапаға талаптардың қатаң болуы (өнімді
сертификаттау тәжірибесінің кеңеюі және
сапаның халықаралық стандарттарын ендіру).
Бұл сауалдарды қанағаттандыру тек өндірістің барлық фазаларында технологиялық
процесті автоматтандырылған бақылауы
бар бағдарламалық басқару жабдықтарын
пайдалану көмегімен мүмкін;
- технологиялық процестің автоматтандырылуы
тек жоғары деңгейде болғанда ғылыми өнімге
деген қажеттіліктің өсуі.