Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 19:08, реферат
Рефараттың бірінші тарауында қоғамның әл-ауқатын қамсыздандырудағы экономикалық өсу теорияларының буржуазиялық және қазіргі жаңа көзқарастарының негізінде қарастырылады. Теориялық мәселеде экономикалық өсу ұғымының мәнін ашу және оған әсер етуші факторлардың ерекшеліктерін көрсетіп, талданды.
Буржуазиялық экономистердің ойынша, жоспарлау өндіріс құралдарына меншік сипатымен байланысты емес, және жоспарлы шаруашылықты жеке меншік негізінде құруға болады. Бұл жасалған бағдарламалар экономикалық жағдайды талдау мен кол жеткізуге тиісті мақсаттарды анықтауды қамтиды. Олар сондай-ақ міндеттердің 2 типін құрайды: нақты, яғни ұлттандырылған салаларға қатысты заңдық сиаптқа ие негізгі қызметтер мен өндіріс салалары бойынша және басқа да барлық салалар үшін тапсырмалар. Мұндай жағдайда олар кепілдемелік сипатқа ие.
Бағдарламалардың орындалуын қадағалау жанама сипатта. Сонда да экономикалық бағдарламалау мемлекеттің экономикаға араласуына жаңа мүмкіндіктер береді. Ол экономиканың өсу темпін арттыру, экономикадағы құрылымдық жылжуларды ынталандыру міндеттерін алға тартады. Осымен байланысты мақсатты реттеу шаралары жасалады. Бағдарламалау көмегімен монополиялар пайдасын арттыра алады, еңбек етушілердің эксплуатациясын күшейте алады.
Осылайша, біреулер өсу темпінің артуына пайдаға қатысты ұлттық табысты қайта бөлу жолымен қол жеткізуге болады десе, басқалары өсу темпінің артуына жалақыға қатысты ұлттық табысты қайта бөлу. Экономикалық өсудің посткейнстік теориясының кейбір өкілдері өз теорияларын Маркстің ұдайы өндірісті талдауымен байланыстырады. Негізінде олар қоғамдық өндірістің бірінші және екінші бөлімшелерінің технико-экономикалық өзара байланысында өсу мен бөлудің өзара байланысының негізін табуға тырысады. Посткейнстіктердің жасаған қорытындылары экономикалық процестерді бейнелейді және реакционды саясаттың негізделуі үшін қызмет етеді.
Н. Калдор моделі. Неокейнстік экономикалық ойдың өкілдері Дж. Робинсон, Н. Калдор, Л. Назинетти және т.б. әртүрлі бағыттарда тепе-тең, балансталған экономикалық өсуді зерттеу дәстүрін жалғастырды. Тепе-тең өсу моделін нақты өсу моделіне жақындатуға ұмтыла отырып, олар бұл модельге ұлттық табыстың пайда мен жалақы арасында бөліну, жетілмеген бәсеке, инфляция, өнімнің тұтыну және өндіріс игілігіне бөліну факторларын қосты. Кейнстік теорияға сәйкес инвестициялар экзогенді болып табылады – олар пайда нормасын анықтайды. Сондықтан Калдор бойынша жағдай келесі 2 сценарий негізінде сипатталады:
1. Инвестициялардың өсуі олардың
жинақтан да жоғары болуына
әкелсін. Мұндай жағдайда инфляция
табыстың жалақыдан да тез
өсуінен болады. Өйткені жалақының
өсуі ұжымдық кемсімнің
2. Керісінше, егер инвестициялар жинақтан төмен болса, еңбек келісімі бойынша бекітілген жалақыға қарағанда тауар бағасы тез түседі, нәтижесінде жинақ та төмендейді және тепе-теңдік қайта орнайды.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясы. Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясының пайда болуы мен таралуы біріншіден, кейнстік теорияға негізделген мемлекеттік – монополиялық реттеу (мемлекеттік шығындардың өсуі, мемлекетік бюджет тапшылығы, инфляцияның күшеюі) тәжірибесінің теріс салдарларымен, ал екіншіден, экономиканың даму темпі жоғарылап, ал жұмыссыздық төмендейтін салыстырмалы жағымды конъюктурамен түсіндіріледі. Осындай ортада өндірістің өсуі пайдаланылмаған күштер есебінен ғана емес, сонымен қатар жаңа техника енгізу, еңбектің өнімділігін арттыру есебінен де мүмкін екендігі туралы сұрақ туады. Үшіншіден, өсудің кейнстік теориясы капитал жеткіліксіздігі мен жұмыс күшінің үлкен ресурстары орын алатын дамушы елдер үшін ұсынылмаған.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориялары неокейнстік модельдерді сынау процесінде пайда болды. Осылайша кейнстік модельдің кейбір нағыз сезімтал белгілері алға тартылды /3/:
- Бұл модельдерде өндірістің өсімі жаңа капитал салымдарының функциясы ретінде қарастырылады, ал өсім пайдаланылмай қалған өндірістік күштерді пайдалану үшін жаңа жұмысшыларды тартумен де қамтамасыз етіледі.
- Модельдер өндірістің капитал
сыйымдылығының
Бұл теорияның көренкті өкілдері американ экономисті Р. Солоу және ағылшын экономисті Дж. Мид. Бұл бағыттың өкілдері өндіріс факторларының иелері шекті өніммен марапатталатын жағдайдағы еркін бәсеке тұпсырымына сүйенеді. Олардың пікірінше өндіріс факторларының бағасына әсер ететін еркін бәсеке механизмдері арқылы басты өндіріс факторларының толық пайдаланылуына қол жеткізуге болады. Егер мысалы, капитал салымдарының темпі өте жоғары болса, онда өндіріс құрал-жабдықтарына бағалар жоғарылайды. Соңғысы капиталистерге капитал сыйымдылығын төмендетудің шараларын іздестіруге мәжбүр етеді, бұл капитал бағасының төмендеуіне әкеледі. Бұл теорияның тағы бір ерекшелігі – оның өсу факторы ретінде тек капитал салымын ғана емес, басқа да компоненттерді – еңбек, табиғи ресурстар, техникалық прогресс, т.б. қарастыруында. Соңғысы дербес факторы ретінде немесе басқа факторлардың өнімділігіне әсер ету құралы ретінде қамтылады.
Өсудің қазіргі теорияларының еркшелігі – олар өсуді тепе-теңдіктің бұзылуы емес, қалыпты жағдай деп түсінуінде. Әңгіме, сұраныс пен ұысныс сәйкес болатын балансталған өсу туралы болып отыр.
Еркін бәсекеден тыс балансталған өсу шарты – тұрақты ақша жүйесі болып табылады. Сондықтан да неоклассикалық теорияның жақтаушылары мемлекеттің экономикаға араласуын тұрақтылықты бұзудың факторы ретінде қарастыра отырып, мемлекетік инфляциялық шығындарға қарсы шығады.
Неоклассикалық теория негізінде «алтын ғасыр» моделі жасалынды. Бұл модельде ұлттық табыстағы жинақ үлесі тұрақты деп қабылданады, өсу темпі техникалық прогресс пен өз алдына қызмет ететін халықтың көбеюіне тәуелді және тұтынудың өсуіне, әл-ауқаттың артуына тәуелді емес.
Неоклассикалық теорияда негізгі рольді өндіріс факторларының бар болуы және олардың тиімді пайдаланылуында потенциалды мүмкін өсу темпі проблемасы пайда болды. Бұл Кобб-Дугластың өндірістік функциясында жақсы сипатталады. Олар ең алғаш АҚШ-тың өндеу өнеркәсібінде өнім көлеміне капитал мен еңбек шығындарының әсерін эмпирикалық жолмен анықтауға тырысты. Осыдан жасаған олардың тұжырымы: өнім бір-бірін шексіз ауытыра алатын екі фактор – капитал мен еңбектің функциясы болып табылады. Кіші квадраттар әдісін пайдалана отырып, Кобб пен Дуглас өнім мен капитал еңбек шығындары арасында статистикалық байланыс орнатты.
Кобб-Дуглас функциясы экономикалық өсудің жекелеген факторларының ролін сандық бағалау жұмыстарына бастама болды. Ол екі бағытта жүзеге асады:
- өндіріс масштабына тәуелсіз факторларының тұрақты тиімділігі алғышарттарынан бас тарту
- ұлттық табыстың өсуіне әсер
ететін үшінші айнымалы
Бұл зерттелер практикалық қызығушылық тудырады, алайда өндірістік функцияның теориялық негізі бұрынғыша «шекті өнімділік» теориясының антиғылымдық постулаты болып қала береді.
Өсудің неоклассикалық теориясы сондай-ақ «кемімелі табыстылық заңына», «шекті өнім» категориясына негізделеді.
Неоклассикалық теорияның өкілдері өсудің көзі ретінде пайданың өсуін айтады. Кәсіпорынның толық жүктелмеуінің, жұмыссыздықтың себебі неоклассиктердің пікірінше, инвестиция мен техникалық прогрестің төмен темпі, оның негізінде пайданың, техникалық жаңашылдыққа ынтаның төмендігі жатыр. Бұл тезисте олардың практикалық қолданысқа ұсынылуы да негізделеді. Олар жалақыны көтеруге, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерге, шығындардың көбеюіне бағытталған мемлекеттің шараларына қарсы шығады, пайдаға салықты төмендетуді және жанама салықтарды ұлғайтуды ұсынады.
Өсудің неоклассикалық теориясының «көтерілуі» олардың техникалық прогресті қамтуымен тығыз байланысты. Өзінің алғашқы вариантында бұл теория ұлттық табысты бөлудегі өзгерістерді түсіндіре алмады. Оның өкілдері өндіріс факторларының өсу темпіндегі өзгерістерді олардың шеткі өнімдерінің өзгеруімен түсіндіреді. Бірақ та табысты бөлудегі қатынас бұрынғыша қалады. Егер өзгеріс болатын болса, онда «шекті өнімділік» заңы әсер етпейді. Олар бұған келіспейді. Сондықтан да олар ұлттық табысты бөлудегі пропорцияның бұзылуының себебі техникалық прогресс екенін дәлелдеуге ұмтылды. Егер техникалық прогресс капиталды-интенсивті сипатта болса, онда капиталдың шекті өнімі мен пайда нормасы жалақыға қарағандатез өседі. Бұған тағы ресурстарды алмастыру икемділігінің әсері қосылады.
Өсудің неоклассикалық теориясының қазіргі варианты – монетарлық теория болып табылады. Бұл теориның авторлары М. Фридмен және Шварц 1869-1960 ж.ж. АҚШ-тың монетарлық тарихы кітабында ұдайы өндіріс процесінің тұрақсыздығының бұзылуының себебі ақша сферасындағы қозғалыстар болып табылады және «ұзақ мерзімді жоспарда ақшалардың тұрақсыздығы экономикалық өсудің тұрақсыздығына әкеледі». Олардың ойынша, ақша массасының қысқаруы экономикалық өсу темпінің баяулауына, ал көбеюі – жылдамдауына әкеледі. Бірақ бұл теорияның осы тұжырымы нақты дәлелдеулерден шықпағандықтан, нақты практикаға жақындығы төмен.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясының тамыры өнімді өткізу проблемасын ескермегендігінен тұрады. Бұл экономистер минималды шығындарда максималды пайда алу мүмкіндігіде өндіріс шығындарына назар аудара отырып, ұдайы өндіріс проблемасын бір жақты талдайды.Олар осы мақсаттарда жалақының төмендеуі өткізу шарты мен сұраныстың азаюына әкелетінін ескермейді. Бұл теория экономикалық дағдарыстарды ескермей, тұрақты тепе-теңдік концепциясына негізделгендіктен, нақты өмірден мүлдем алыс.
Неоклассикалық бағытты сынауда посткейнстіктер белсенді араласады. Мысалы, осы бағыттағы итальян экономисті Т. Сраффа еркін бәсекенің билік етуі туралы тезистің әлсіздігін алға тартады, неоклассиктердің ұлттық табысты «әділетті» болу және ресурстарды тиімді пайдалану арқылы максималды пайда табуға ұмтылысын нәтижессіз дейді. Рикардоның құн теориясына сүйене отырып, Сраффа неоклассиктердің табысты бөлу, «шекті өнімділік», «шекті пайдалылық» теорияларын сынға алады.
Жалпы экономикалық өсу проблемалары ертеден бері экономистердің назарында болған. Солардың ішінен бес негізгі проблеманы атауға болады: /4/
Кез-келген державаның гүлденуінде немесе құлдырауында маңызды роль ойнайтын ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету проблемалары сонау меркантилистер теориясында үлкен орынға ие болған.
Ағылшын классикалық мектебінің экономикалық өсудің жекелеген маманданған теориялары болмады. Бірақ та ол ұлттық байлықтың өсу факторларымен және оның табысты болуымен арақатынасымен анықталады. Классиктердің бұл тақырып шеңберіндегі қысқаша тұжырымы келесідей: байлықтың өсімі өндіріс факторларының көлемімен және олардың өнімділігімен анықталады.
Р. Солоудың неоклассикалық өсу моделі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өсу теориялары соғысқа дейінгі дағдарыстық кезеңмен салыстырғанда басқаша дами бастады. 1950- жылдары көптеген батсы елдерінде тұрақты өсу кезеңі басталды. 1950-жылдың ортасынан бастап, экономикалық өсу теорияларының дамуының жаңа кезеңі басталды, ол 1970-ж дейін жалғасты. Осы кезеңде басты рольді Р. Солоудың өсу моделі алды. Американ экономисті Р. Солоу өзінің ғылыми жұмыстарын негізінен журанл мақалалары түрінде жариялады. Басты еңбектері: «Сызықты бағдарламалар және экономикалық талдау», және «Өсу теориялары». Солоу моделінің негізі оның «экономикалық өсу теориясына үлес» мақаласында салынған. Ол Харрод-Домар моделіндегі экономиканың тұрақсыздығының негізгі себебі өндіріс факторлары – еңбек пен капитал арасындағы қатаң арқатынасты сипаттайтын капитал сыйымдылығының тұрақты, белгіленген көлемі болып табылады. Мұндай жағдайда осы факторлардың бірі «жүктелмеген» болып қалады. Неоклассикалық теорияның принциптеріне сәйкес капитал мен еңбек арасындағы қатынас айнымалы болуы тиіс.
Экономикалық өсудің қазіргі жаңа көзқарастарының сипаты. Ұзақ мерзімді экономикалық өсудің себептерін түсіндіруде неоклассикалық талдаудың әлсіздігі дәстүрлі теорияның көңілінің толмауына әкелді. Олардың жағдайына сәйкес экономикада ұзақ уақыт мерзімде өсудің қандай да бір ішкі көздері жоқ. Мұндағы талдау капитал мен еңбек ресурстарының арақатынасы ұзақ мерзімді жоспарда тепе-теңдікке жететінін көрсетуге бағытталады. Мұндай біржақты әдісте сыртқы «шоктардың» немесе техникалық прогрестің жоқтығы нәтижесінде кез-келген экономиканы нольге әкеледі. Халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ - нің өсуі технологиялардың өзгеруінен пайда болатын уақытша құбылыс ретінде қарастырылады. Мұндай теория әлемдік экономиканың әртүрлі бөліктерінде ұзақ мерзімді экономикалық өсудің феноменін түсіндіре алмауы таң қаларлық емес.
Дәстүрлі неоклассикалық модельге көңіл толмаушылық 1980-1990 ж.ж өсу темпінде ел аралық айырмашылықтарда қарыздық дағдарыстың тереңдеуімен күшейе түсті. Дәстүрлі теория бұл құбылыстарға қанағаттанарлық түсіндірмелер бере алмады. Неоклассикалық сызбада техникалық прогрестің себептерін көру мүмкін емес, себебі ол экономикалық субъектілердің шешіміне мүлдем тәуелді емес. Капиталдың тапшылығы 3-әлемде инвестициялардың жоғарғы рентабельділігіне әкеледі. Үлкен сыртқы қарыздары бар елдерге арналған Әлемдік Банк пен Халықаралық валюталық қормен құрылған инвестициялардың өсуіне еркін нарық құру саясаты бағытталады. Инвестициялардың өсуі, күтілгендей, өмір деңгейі мен еңбек өнімділігінің өсуін тудыруы тиіс. Алайда, сыртқы сауда мен ішкі нарықтың еркіндікте болуына қарамастан, көптеген дамушы елдер стагнациядан шыға алмады және жаңа шетел инвестицияларын тарта алмады, олар тіпті өз капиталының шетелге ағып жатқанын да тоқтата алмады. Кедей елдерден бай елдерге капитал құйылуларының мұндай табиғи емес бағыты өсудің жаңа теорияларының, соның ішінде, әсіресе эндогенді өсу теориясының пайда болуына әкелді. Оның пайда болуы даму теориясы аясында 90 ж. маңызды құбылыс болды.
Информация о работе Экономикалық өсу қоғамның әл-ауқаты мен өндірістің тиімділігін арттыру ретінде