Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2015 в 22:37, курсовая работа
Жұмыстың өзектілігі: әлемдік ғылыми қауымдастықта ақпараттың таралуы және алмасуының тәсілі, ғылыми әдебиеттерді аударудың маңыздылығымен көрсетілді.
Зерттеудің мақсаты :
ғылым сферасында мәдениетаралық коммуникация құралы ретінде экономикалық мәтіннің жалпы параметрлерін анықтау.
Ағылшын тілінің, қазақ, тілдерімен салыстырғандағы ғылыми стилінің ерекшеліктерін анықтау.
Ағылшын экономикалық мәтіндерінің мысалында терминологияны зерттеу.
Экономикалық мәтіндедің терминологиясын аударудағы басты қиындықтарды көрсету және оларды шешу жолдарын анықтау.
Кіріспе……………………………………………………………………………..3
1 Экономикалық мәтіндерді аударудың теориялық негіздері
1.1 Қазақ тіліндегі және ағылшын тілдеріндегі экономикалық терминдердің ерекшеліктері……………………………………………………………………4
1.2 Экономика мәтіндерін аударудың баламалық түрлері……….…………7
2 Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері.
2.1 Экономикалық мәтіндердің ағылшын және қазақ тілдеріндегі лексикалық құрамы және олардың аударма баламасына әсері…………………..…….14
2.2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі экономикалық терминдерді құраушы компоненттердің бірінің грамматикалық өзгерісін талдау………………...16
2.3. Экономикалық мәтіндерді аударудағы
көпмағыналық пен көпнұсқалық………………………..………………….....19
Қорытынды……….…………………………………………………………….27
Қолданылған әдебиеттер…………………………….....……………….......29
Жоспар
Кіріспе……………………………………………………………
1 Экономикалық мәтіндерді аударудың теориялық негіздері
1.1 Қазақ тіліндегі және ағылшын тілдеріндегі
экономикалық терминдердің ерекшеліктері……………………………………………
1.2 Экономика мәтіндерін аударудың баламалық түрлері……….…………7
2 Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері.
2.1 Экономикалық мәтіндердің
2.2. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі экономикалық терминдерді құраушы компоненттердің бірінің грамматикалық өзгерісін талдау………………...16
2.3. Экономикалық мәтіндерді аударудағы
көпмағыналық пен көпнұсқалық………………………..………………….
Қорытынды……….……………………………………………
Қолданылған әдебиеттер…………………………….....…………
Кіріспе
Бұл жұмыс экономика сферасындағы ғылыми әдебиеттерді аударудың лексикалық және стилистикалық ерекшеліктерін зерттеуге арналады.
Экономика облысындағы аудармаларды зерттеу – маңызды және өзекті тапсырма, көптеген мәселелерді шешуде көмек құралы ретінде болатын және ғылымның соңғы жетістіктері облысында мамандар мен әр елдердің ғалымдары арасында ақпарат алмасуды жылдамдату, бара-барлық аударманың нәтижелеріне бағытталған.
Зерттеу объектісі: қаржы-экономикалық тақырыптағы ғылыми мәтіндер, ғылыми-техникалық мәтіндердің аудармаларындағы лексико-стилистикалық ерекшеліктерді анықтау.
Зерттеу пәні: ғылыми тақырыптағы мәтіндер лексикасы және оның ерекшеліктерінің аударма тәжірибесінде ғылым сферасында мәдениетаралық коммуникация құралы ретінде ашылуы.
Жұмыстың өзектілігі: әлемдік ғылыми қауымдастықта ақпараттың таралуы және алмасуының тәсілі, ғылыми әдебиеттерді аударудың маңыздылығымен көрсетілді.
Зерттеудің мақсаты :
Зерттеу дерек көздері: экономика тақырыбындағы ағылшын мәтіндері, British Telecom шет ел компаниясының ағылшын тіліндегі қаржылық есебі.
Бірінші бөлім, мәдениетаралық коммуникация құралы ретінде, ғылыми-техникалық мәтіндердің ерекшеліктерінің анализі, және ағылшын, қазақ ғылыми-техникалық мәтіндерінің стилистикалық ерекшеліктері, терминологияны зерттеудегі өзекті мәселелер.
Екінші бөлімде, экономикалық мәтіндерді мысалға ала отырып, экономикалық терминологияны ағылшын, қазақ тілдеріне аударудағы өзекті мәселелердің нәтижесі және оның шешу жолдарының ұсыныстары.
Теориялық құндылығы: ағылшын, қазақ тілдерінің экономикалық терминдерін аударудағы озық тәжірибелер зерттеулері, мақалалар, мерзімді басылымдар (газет, журналдар, әдебиеттер, сөздіктер, интернет көздері, қаржы-экономикалық есептер, талдаулар, халықаралық қатынастар, келісім шарттар және т.б. мәтіндер).
Практикалық құндылығы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін ағылшын тіліндегі экономикалық сөздерді қазақ тіліне аудару жұмыстарында, шет тілін үйрету барысында, практикалық сабақтарда қолдануға болады. Ұсынылған тың көзқарастар мен пікірлер қазақ тіл ғылымындағы аудармаға қатысты бағыттың дамуына септігін тигізетіндіктен, жасалған тұжырымдар мен анықтамаларды қазіргі ағылшын және қазіргі қазақ тілінің теориялық курстарында, аударма теориясы және салғастырмалы грамматика пәндерін оқытуда, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындауда, арнайы курстар мен семинарлардың жаңа бағдарламаларын жасап жинақтау барысында жан-жақты пайдалануға, сонымен қатар ағылшын-қазақ тіліндегі экономикалық сөздер сөздігі ретінде пайдалануға болады.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысының бірінші тарауында ағылшын және қазақ тілдеріндегі экономикалық сөздердің теориялық бағыттары сөз болғандықтан сипаттау, салыстырмалы-салғастырмалы талдау, талдау әдістері қолданылды. Жұмыстың екінші тарауы жалпы аударма теориясы мен ағылшын тіліндегі экономикалық сөздердің қазақ тіліндегі трансформациялық модельдеріне арналғандықтан онда жүйелеу, сыни тұрғыдан баяндау, жинақтау, текстологиялық, түсіндірмелі, жүйелі-кешенді талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен (тоериялық бөлім), практикалық бөлімнен, қорытынды, қосымша және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Экономикалық мәтіндерді аударудың теориялық негіздері
1.1 Қазақ тіліндегі және ағылшын тілдеріндегі экономикалық терминдердің ерекшеліктері.
Кез келген тілді еркін меңгеру сол тілдің ережелерін жақсы түсініп, оларды еркін пайдалану мүмкін емес.
Аударма ісінде ағылшын тіліндегі ғылыми, эконмикалық және т.б. мәтіндерді аударғанда, оқығанда көптеген тілдік, яғни лексикалық, грамматикалық қиындықтарға кездеседі.
Қазіргі кезде, дамып келе жатқан компаниялардың бірде-бірі шет ел жабдықтаушылар немесе тұтынушыларымен байланыссыз күн көре алмайды. Сондықтан да өздерінің кәсіби істерін жақсы атқару үшін, экономистерге батыс елдерінің экономика жүйесіндегі негізгі тұжырымдамала мен принциптерді білуі тиіс. Бір сөзбен айтқанда, экономистерге халықаралық квалификация алу, қазіргі кезде, кәсіби қажеттілік болып табылады. Ағылшын тілін меңгерген компаниялардың халықаралық сертификат алу процесін жеңілдетеді. Мамандық бойынша ағылшын тілін білу – бұл қазіргі экономистерге, экономикадан әлемдік тәжірибе мен теорияларға, аудармашылардың ашып берген есігі деп түсінуге болады. Аудармашыларға, ағылшын тілін немесе аударатын тілдін мамандық бойынша жетік меңгерулері қажет.
Кез келген шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін мамандық бойынша білу, ол аудармашының жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуіне де байланысты. Табыс аудармашының білімін қаншалықты дұрыс қолдана білуімен келеді.
Көптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша, кәсіби лексиканы игеру, аударма жұмысын ұйымдарстырудың ерекше жүйесін көрсетеді. Мұндай аудармаларда, негізінен шешуші терминдерге назар аударған жөн, өйткені мәтін аудармасында, басқа сөздермен қатынаста мағыналы блоктар мен кәсіби ақпараттық бірліктерді құрайды.
Мысалы, «есеп-құжат балансы» термині, мына көрсетілген сөздермен үйлесе жазылуы қажет, - нақты бір датаға баланс, баланс құру, балансқа кіргізу, қорытындылау, т.б. Осылай ұйымдастырылған кәсіби лексика, тәжірибеде жеңіл қабылданатынын көрсетеді.
Шет тілі жүйелі, ретті жұмысты талап етеді, басқаша жақсы нәтижеге кол жеткізу мүмкін емес.
Бұл кұрстық жұмыста аутентикалық мәтіндер берілген, олар экономист мамандықтары ескере отырылып іріктеліп алынған.
Тіл дыбыстары – дыбыстары белгілі ұғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек. Дыбысты айтамыз және естиміз, ал әріпті жазамыз және көреміз.
Іс –әрекет беруге арналып, сөйлемде қаратпа сөз болса, оның оқылуы сөйлемдегі орнына байланысты болады. Сөйлемнің басында тұрған қаратпа сөз екпінді айтылады. Мыслы: basic earnings per share - базовый доход на одну акцию (без учета дробления акций) – бір акцияға базалық кіріс. және diluted earnings per share - уменьшенный в результате дробления акций /разводненный доход на одну акцию– бөлшектену нәтижесінде кішірейтілген акция.basic net profit per share - чистая базовая прибыль на одну акцию (без учета дробления, разводнения) – бір акцияға нақты базалық кіріс және diluted net profit per share - разводненная чистая прибыль на одну акцию–бір акцияға ажыратылған кіріс. (уменьшенная в результате дробления акций); термин dilutive securities - ценные бумаги, разводняющие капита – құнды қағаздар, ажыратылған капитал. [1]
Кез келген тілді еркін меңгеру сол тілдің ережелерін жақсы түсініп, оларды еркін пайдалану мүмкін емес.
Қазіргі кезде, дамып келе жатқан компаниялардың бірде-бірі шет ел жабдықтаушылар немес тұтынушыларымен байланыссыз күн көре алмайды. Сондықтан да өздерінің кәсіби істерін жақсы атқару үшін, экономистерге батыс елдерінің экономика жүйесіндегі негізгі тұжырымдамала мен принциптерді білуі тиіс. Бір сөзбен айтқанда, экономистерге халықаралық квалификация алу, қазіргі кезде, кәсіби қажеттілік болып табылады. Ағылшын тілін меңгерген компаниялардың халықаралық сертификат алу процесін жеңілдетеді. Мамандық бойынша ағылшын тілін білу – бұл қазіргі экономистерге, экономикадан әлемдік тәжірибе мен теорияларға, аудармашылардың ашып берген есігі деп түсінуге болады. Аудармашыларға, ағылшын тілін немесе аударатын тілдін мамандық бойынша жетік меңгерулері қажет.
Экономика мәтіндерін аударуда баламаның жетістіктері, экономика құжаттарына қарағанда кең түсінікті, аудармашының лингвистикалық және мәдениеттанушылық терең біліктілігін білдіреді. Ағылшын, қазақ тілдерін баламалық аударма үшін, аудармашы тіларалық және тіл қатысынсыз аудару механизімін мәтіннің түпнұсқа мағынасын дәл және толықтай жеткізу үшін қолданады.
Ағылшын тілінде етістік мағынасы және сөйлемдегі қызметіне байланысты толық мағыналы, модальды, көмекші және дәнекер етістік болып бөлінеді. Экономика терминдерін ағылшын, қазақ тілдеріне аударуда, осы көрсеткіштер аса маңызды. Өйткені ағылшын тіліндегі сөздер, сөзтіркестері ретінде аударылғанда басқа мағыналы болып шығады да, тіл заңдылықтарын орындау аударылған мәтіннің мағынасына әсерін тигізетін болғандықтан, тілдерге байланысты заңдылықтарды зерттеу жұмысында көрсеттік. Етістіктің ағылшын тілінде төрт түрі бар. Мысалы:
Infinitive Етістіктің тұйық райы |
The past simple tense Жалпы өткен шақ |
Participle tense II ЕсімшеII Ырықсыз есімше |
Participle I Есімше I Жай есімше |
To make (жасау) To take (алу) |
Made (жасаған) Took (алған) |
Made (жасалынған) Taken (алынған) |
Making (жасалып жатқан) Taking (алып жатқан) |
Сан есім септік және реттік болып екі топқа бөлінеді. Есептік сан есім how many? Қанша? Сұрағына жауап береді. Осы ескертулерді аудармашы , аударма ісі кезінде әркезде де назардан тыс қалдырмауы керек. Реттік сан есім which ? қайсы ? сұрағына жауап береді.
Rouble shortage – недостача 10000 рублей – 10000 рубль жетіспейді.
Through (for) lack of money – нехватка наличности–қолма –қол ақшаның жетіспеушілігі.
Cash deficit (shortage) – из–за отсутствия денег– ақшаның жоқтығынан.
Inventory shortage – дефицит запасов–қордың жетіспеушілігі.
lack of information-нехватка кредита–
Ағылшын тіліндегі сөйлемде бастауыш міндетті түрде болуы тиіс, сондықтан форамльды бастауыияың орнына it қолданылады.
Құрмалас сөйлем салалас және сабақтас құрмалас сөйлем болып бөлінеді. Аударма ісінде берілген сөйлемдерге өзгеріс енгізе отырып, зат есімдер мен есімдіктерді көпше, және жекеше түрлерде қолданады.
Экономикалық мәтіндерді аударудың теориялық негіздерін талдауда, қазақ тіліндегі және ағылшын тілдеріндегі экономикалық терминдердің ерекшеліктері талданып, қаралды. Ол үшін көптеген зерттеу материалдары мен озық тәжірибелер қолданылды. [2]
1.2 Экономика мәтіндерін аударудың баламалық түрлері.
Қазіргі кезде ғылыми тұрмыста «баламалық», «бара-барлық», «теңбағалылық», «тепе-теңдік», синонимдік терминдері қолданылуда. Кейбір ғалымдар оларды бір-бірімен ауыстырылатындар деп санайды: басқалары бұл терминдерді біркелкі емес (дифференциалды) деп есептеп, «салыстырмалылық», «түпмәтіндік», «бейресмилік» анықтамасымен қолданылып жүрген «теңбағалылық» терминіне артықшылық береді. «Теңбағалылық» сөзінің аз кесімділігі осы сөзді қазіргі кездегі аударма ісінде бағалы артықшылығын көрсетіп жүр, дегенмен, баламалық, тепеңдік, құнды және ұқсастық (тақылеттес) сөздерінің мағынасы семантикалық алаңда қалып қояды және бір-бірін қосарлайды.
Егер баламалық ұғымын бір объектінің (мәтін аудармасы) екіншіге (мәтін түпнұсқасы) теңбағалы ұқсастығы деп түсінсек, онда аудармашылардың басым көпшілігімен келесі көрсетілетін принципті пункттер бойынша келісуге тура келеді.
Біріншіден, абсолюттік баламалықты (тепе-теңдік) аудармада көптеген себептер бойынша табу мүмкін емес, француз лингвисті және аудармашысы Ж.Мунэнның пікірінше ең маңыздысы төмендегілер болып табылады: [3]
1) әртүрлі тілдердегі семантикалық тілдік белгілердің ерекшелігі:
2) тілдермен жасалған «әлем картасының» сыйымсыздығы;
Информация о работе Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері