Эканомиканың ғылым ретінде дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 17:34, реферат

Краткое описание

Үлгілік орта мектептің оқу кабинеттер тізбесі:
Бастауыш сынып кабинеттері (кабинеттер саны жинақ сыныптарға байланысты);
Мектепалды даярлық немесе мектепалды тәрбиелеу шағын орталығы;
Информатика және есептеу техникасы;
Қазақ тілі мен әдебиеті;
Орыс тілі мен әдебиеті;

Содержание

Бастауыш мектептің оқу кабинеттері тізбесі:
Бастауыш сынып кабинеттері (кабинеттер саны жинақ сыныптарға байланысты);
Мектепалды даярлық немесе мектепалды тәрбиелеу шағын орталығы;
Информатика және есептеу техникасы;
Қазақ тілі.

Міндетті түрде болатын кабинеттердің тізбесі:
Кітапхана;
Спорт залы (акт залымен бірлескен);
Медициналық пункт;
Санитарлық желілер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1286786890.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)

Кабинетті жабдықтау еңбекке қызмет көрсетуші кабинетте қауіпсіздік техникасының Ережелері жөніндегі плакаттар сериясынан тұруы тиіс:

  • көрсету материалдары – тамақ өнімдерінің, бірінші, екінші, үшінші тамақ түрлерінің муляждары, тігін өнімдерінің үлгілері, тігін бұйымдары бөлшектерінің үлгілері және т.б. 
  • дидактикалық материал –бағдарламаның барлық тақырыптары бойынша нұсқаулық – технологиялық карталар;
  • тарату материалдары – бағдарламаның барлық тақырыптары бойынша суреттер, сызбалар, тамақтардың рецепті;
  • бағдарламаға сәйкес – лабораториялық, практикалық жұмыстар үшін, практикумдар үшін материалдар: тігу үшін маталар, бірінші, екінші және үшінші тамақты даярлауға арналған тамақ өнімдері, тігін бұйымдарының муляжы, үлгілері.

Кабинеттегі жиһаздар – стандартты мектеп үстелі мен орындықтар, мұғалімнің жұмыс үстелі. Мұғалім кабинетте міндетті түрде медициналық қобдишаны ұстау қажет.

 

Кітапхана бөлмесінде мынадай зоналар анықталған: оқырмандарға арналған орындар, ақпараттық пункт (әдебиеттерді беру және қабылдау), каталогтармен жұмыс істеуге арналған орындар, жабық сақтау қорлары, ТОҚ және телекоммуникация жүйелерімен жеке жұмыс істеуге арналған зона. 

Толық ақпараттық – библиографиялық жұмыс үшін қажетті мерзімдік баспалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 3 шілдедегі № 522 бұйрығымен бекітілген. Мектеп кітапханасындағы мерзімдік баспалардың саны 40-тан 100-ге дейін болуын Министрлік ұсынған.  

Мектеп кітапханаларының қоры кітаптарды қорғау шарттарын сақтау кезінде барынша пайдаланылуы тиіс. Бұл құжаттарға тез қол жетімділік, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, кітапханашылар мен оқырмандарға жайлы жағдай жасау.

Абонемент пен оқу залының алаңы бір оқырманға қажетті нормадан шыға отырып есептелінеді: абонемент – 1,5м². Өртке қарсы қауіпсіздік пен тазалық талаптары стеллажарды мынадай орналастыруды ұйғарады: стеллаждар арасынан өтетін жол – 25 см, стеллаждар арасынан өтетін басты жол – 120 см; столдар: столдар арасында – 75 см, столдардың қасында – 60 см.

 

Жалпы білім беретін мекеменің медициналық пункті алаңы 18 шаршы метр, ұзындығы 7 метрден кем емес (оқушының тыңдау және көру қабілеттерін анықтау үшін) ем-дом қабылдайтын кабинетте тартпалы шкафпен жабдықталуы тиіс. Медициналық пункт жанында дербес санитарлық желі болуы тиіс. Медициналық қызметкер болмаған жағдайда мектеп әкімшілігі балаларға медициналық қызмет көрсету туралы аумақтық емханамен (СВА, ФАП) келісімге отырады. 

 

«Оқушы үстелі» мен «Оқушы орындығы» МемСТ бойынша жиһаздар көлемі мен оны маркалау

МемСТ бойынша жиһаздардың номерлері 11015-93, 11016-93

Бойлары бойынша топтар (мм)

МемСТ бойынша оқушыға қарасты еден үстіндегі биіктік 11015-93 (мм)                                                            

Маркалау түсі

МемСТ бойынша орындықтың алдыңғы шетінен еден үстіндегі биіктік  11016-93 (мм)

1

2

3

4

5

6

1000-1150

1150-1300

1300-1450

1450-1600

1600-1750

1750 жоғары

460

520

580

640

700

760

Қызғылт сары

Күлгін түсті

Сары

Қызыл

Жасыл

Көк

260

300

340

380

420

460


 

Оқу бөлмесінің мақсатына қарай бір және екі орындық, сызу және зертханалық үстелдерді қолдануға болады.

 

Жалпы білім беретін мекемелерге қойылатын талаптар

 

      1. Жалпы білім беретін мекемелердің ғимараттары көліктің жүру арақашықтығы 100-170 метр болатын, квартал аралық өтетін жерден шеттетілген, шағын ауданның квартал аралық аумағында орналасуы тиіс.
      2. Жалпы білім беретін мекемелердің квартал ішіндегі жолдардағы автокөліктердің ара-тұра (тұрақты емес) қозғалысы мектеп аумағының шекарасынан жолға дейін ең кем дегендегі ара қашықтығы 15 метрден 25 метрге дейін болған жағдайда ғана мүмкін болады. .
      3. Квартал ішінде және әсіресе кварталдар арасындағы шығатын жолдарда мектептердің орналасуына жол берілмейді.
      4. Мектептен 3 километр қашықтықта тұратын оқушылар тасымалданады. Село оқушыларын тасымалдауды арнайы мектеп көлігі жүзеге асырады. 
      5. Көліктік қызмет көрсетілуі мүмкін болатын қашықтықтан алыста тұратын оқушылар үшін, сондай-ақ көлікке қол жетімділік болмаған жағдайда, күн-райы қолайсыз болған кезде мекеменің жалпы сыйымдылығынан 10 % орын есебінен мектеп жанындағы интернат қарастырылуы тиіс.

 

Жалпы білім беретін мекемелердің аумақтарына қойылатын талаптар

        1. жалпы білім беретін мекемелер қызыл линияға дейін мекеме ғимаратынан 25 метрден кем емес қашықтықтағы өзінің жер телімі болуы тиіс (2-қосымша). 
        2. Жер телімдерінің алаңдары мекеменің сыйымдылығына байланысты және 2.07.01-89 СН және Е сәйкес қабылданады.
        3. Жер телімінің аумағы биіктігі 1.5 метрлік дуалмен қоршалып, жан-жағына гүлдер отырғызылуы тиіс. 
        4. Жер телімі аумағының кем дегенде 50 % гүл отырғызылуы тиіс. Аумақты жасылдандыру кезінде улы жемісті жидектер мен ағаштар отырғызуға тыйым салынады.
        5. Жер телімінде мынадай аймақтар бөлінуі тиіс: оқу-тәжірибелік, дене шынықтыру – спорттық, демалыс, географиялық алаң, шаруашылық.
        6. Оқу-тәжірибелік алаң жер телімінің 25 % кем емес алаңын құрау тиіс. Ол қала мектептерінде биология және химия кабинеттерімен органикалық түрде қатысты жер телімдерінде павильондар, жылыжайлар салу есебінен қысқаруы мүмкін.   
        7. Дене  шынықтыру – спорт зоналары мекеме ғимаратынан 25 метрден кем емес қашықтықта орналасуы тиіс. Оны оқу кабинеттерінің терезе жақтарына қарай орналастыруға жол берілмейді. Спорт зонасын жабдықтау дене шынықтыру бойынша оқу бағдарламаларын орындауды, сондай-ақ спорттық секциялық сабақтар мен сауықтыру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету қажет. Спорттық - ойын алаңдарына қатты төсеніш, футбол алаңдарына – жасыл шөп төсеніштері төселуі тиіс.
        8. Демалыс зонасы баққа, гүлдерге жақын орналасып, спорттық және шаруашылық зоналарынан шетте орналасуы тиіс. Ол жерде қозғалмалы ойындар мен демалу үшін алаңдар болуы тиіс. Қозғалмалы ойындар мен тыныш демалуға арналған алаңдар ғимаратқа жақын орналасып, оқытудың әр деңгейіндегі оқушылар үшін бөлек болуы тиіс.
        9. Географиялық алаң мектеп географиясының материалдық базасының қажетті құрылымы. Тегіс участкіде алаңы 12х12 метр жерде орналасады. Мектеп ғимаратынан, ағаш, талдардан шетте, полюске қарай бағытталған.
          • биіктікті өлшейтін құрал – бағана;
          • гномон;
          • қашықтық және аудан эталондары;
          • метеорологиялық будка солтүстікке қараған шығатын есігі бар оңтүстік бөлігіне орнатылады;
          • флюгер;
          • жауын-шашын өлшеуіші;
          • көлбеу күн сағаттары.
        10. Шаруашылық аумағы жалпы білім беретін мекеменің ғимараты 35 метрден кем емес қашықтықтағы учаскенің шекарасымен асхананың өндірістік ғимаратында шығатын жағында орналасып, айналасы жасылдандырылып, көшеге шығатын жеке есігі болуы тиіс.
        11. Қоқыс жинағыштың қақпағы қатты тығындалып, жабылуы тиіс. Оларды асханадан 25 метр кем емес қашықтықта бетондалған алаңда орнатылады.
        12. Участкіге кіру және шығу, аула әжетханаларына баратын жол асфальтпен, бетонмен және т.б. қатты төсемдер төселуі тиіс. Мектеп ғимаратына дейінгі кіреберіс 100 метрден кем емес қашықтықтан бастап қатты төсемдермен жабылуы тиіс.
        13. Ғимарат аумағы, кіреберіс жолдары түнде жарық болуы тиіс..

 

Мектеп ғимаратына қойылатын талаптар

 

  1. Ғимарат 3-қабаттан жоғары болмауы тиіс. Қалаларда құрылыстардың тығыз орналасу шартында 4-қабатты мектеп салуға рұқсат беріледі. Жалпы білім беру мекемелерін бұрын салынған 4-5 қабатты ғимаратқа орналастыру кезінде төртінші және бесінші қабаттар оқушылардың сирек баратын кабинеттері ретінде берілуі тиіс.
  2. Бөлмелерді жинақтау міндетті оқу пәндерін, сондай-ақ бір, екі-үш пәндерді тереңдетіп оқытуға арналған бағыттар бойынша саралау және олардың қызығушылықтарына сәйкес оқушылардың таңдауы бойынша қосымша пәндерді оқыту үшін жағдай жасау қажет. Оқу сыныптары айқай-шу мен иістердің көзі болып табылатын бөлмеге жақын орналаспауы тиіс.
  3. Кабинеттердің ауданы жалпы жұмыс нысандары мен жеке сабақтарды өткізу кезінде 1 оқушыға арналған 2,5 шаршы метрді ескере отырып, қабылданады.
  4. Ыңғайластырылған ғимараттарға мектептерді орналастыру кезінде ғимараттардың міндетті түрдегі жиынтығы болуы тиіс: оқу сыныптары, дене тәрбиесімен шұғылдануға арналған зал, асхана немесе буфет, медпункт немесе медициналық қамтамасыз етуге арналған бөлме, әкімшілік-шаруашылық бөлмесі, санитарлық желілері, дәліз бен гардероб. Ғимараттың алаңы жалпы білім беретін мекемелердің  түрінен, оқушылардың саны мен жасы, сыныптардың саны есебінен аумақтық Мемлекеттік санитарлық қадағалау орталығының келісімі бойынша анықталады.
  5. Оқу бөлмелері мен зертханаларды ғимараттың жертөле қабатында орналастыруға тыйым салынады. Мектептерде гардероб әр сынып үшін жәшіктермен міндетті түрде жабдықталып, 1 қабатта орналасуы тиіс. Гардеробты оқу бөлмелері мен дәліздерді орналастыруға үзілді-кесілді тыйым салынады.  Гардеробтар киімдерге арналған киім ілгіштермен және аяқ-киімге арналған жәшіктермен жабдықталуы тиіс.
  6. Әрбір қабатта ұл балалар мен қыз балаларға арналған санитарлық желілер болуы тиіс. Душ, санитарлық желілер, жуынатын бөлмелерге керамикалық плиткалар төселу тиіс. Цемент, мрамор немесе басқа да осыған ұқсас заттарды пайдалануға тыйым салынады. 
  7. Селолық мектептерде сыныптардың аз толымдылығы кезінде оқу кабинеттерін 2 пәнге пайдалануға рұқсат беріледі. Мына пәндерді бір-бірімен бірлестіру аса қолайлы болып табылады: химия-биология, математика-биология, математика-сызу, сызу-бейнелеу, тарих-география, әдебиет-шетел тілі.

Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар

 

      1. Мекеме аумағы үнемі таза болуы тиіс. Жанатын материалдардың қалдықтары, жерге түскен жапырақтар мен құрғақ шөптерді үнемі жинап, мекеме аумағынан шетке шығару керек. Ғимаратқа және сумен қамтамасыз ету желілеріне қараған жолдар, жүретін жерлер және кіре берістер, сондай-ақ өрт сөндіруге арналған керек-жарақтар мен жабдықтар тұратын орындар әрқашанда бос болуы тиіс. 
      2. Ғимараттар арасында өртке қарсы үзіктер материалдар мен жабдықтарды жинау, сондай-ақ автокөлік тұрақтары үшін пайдаланбауы тиіс.
      3. Сыныптар, кабинеттер, шеберханалар, жатын бөлмеле мен басқа да бөлмелерде жиһаздар мен жабдықтарды орналастыру адамдарды апатты жағдайда шығаруға және өрт сөндіру құралдарына кедергі келтірмеуі тиіс.
      4. Шатырларда қойма (терезе көсегін сақтаудан басқа), мұражай, кептерхана, шеберхана және т.б. жасауға, жылыту үшін шымтезек, жоңқалар, ағаш үгінділерін пайдалануға тыйым салынады.
      5. Білім беру ұйымдарының ғимараттарында:
        • Қабырғалар мен төбелерді, апатты жағдайда шығатын жолдарды (рекреацияларды, баспалдақ торларын, фойені, вестибюльдерді, дәліздерді және т.б.) жөндеу үшін (сырлау) жанатын материалдарды пайдалануға;
        • Жылыту үшін қолдан жасалған жылыту құрылғыларын қолдануға тыйым салынады.
      6. Ішкі өрт сөндіру крандарына оқтын-оқтын техникалық қызмет көрсетіліп, су жіберу арқылы жұмысқа қабілеттілігі тексерілуі тиіс.
      7. Ішкі су құбырларының өрт сөндіру крандары шкафтарға орналастырылып, пломба салынып, қолғаптармен және ұңғылармен жабдықталуы тиіс.
      8. Өрт сөндіру автоматикасына техникалық қызмет көрсету өрт сөндіру құрылғыларын, өрт және күзет  өрт сигнал берушілеріне реттелген техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу Нұсқаулықтарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
      9. Білім беру ұйымдары ғимараттары өрт сөндіру құрылғылары мен өрт сөндіру крандарымен жабдықталғанына қарамастан алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жарақтануы тиіс.
      10. Өрт посттары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады: сыйымдылығы 10 литр көпіршікті немесе сыйымдылығы 5 литр болатын түйіршікті өрт сөндіргіштер, шелек, балта, қосымша сатылар, сыйымдылығы 0,25м³ суы бар бөшкелер.  
      11. Өрт сөндіруге қатысы жоқ шаруашылық және басқа да қажеттер үшін алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
      12. Ғимараттардан апатты жағдайда шығу жолдары жасыл фонда «Шығу» деген ақ бояумен боялған жарық көрсеткіштерімен көрсетілуі тиіс.

Информация о работе Эканомиканың ғылым ретінде дамуы