Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 17:34, реферат
Үлгілік орта мектептің оқу кабинеттер тізбесі:
Бастауыш сынып кабинеттері (кабинеттер саны жинақ сыныптарға байланысты);
Мектепалды даярлық немесе мектепалды тәрбиелеу шағын орталығы;
Информатика және есептеу техникасы;
Қазақ тілі мен әдебиеті;
Орыс тілі мен әдебиеті;
Бастауыш мектептің оқу кабинеттері тізбесі:
Бастауыш сынып кабинеттері (кабинеттер саны жинақ сыныптарға байланысты);
Мектепалды даярлық немесе мектепалды тәрбиелеу шағын орталығы;
Информатика және есептеу техникасы;
Қазақ тілі.
Міндетті түрде болатын кабинеттердің тізбесі:
Кітапхана;
Спорт залы (акт залымен бірлескен);
Медициналық пункт;
Санитарлық желілер.
Қостанай облысы әкімдігі
білім басқармасының
алқа мәжілісінде бекітілген
2009 жылғы 29 қаңтардағы
№ 1 хаттама
Алқа мәжілісінің төрағасы: ________________Г. Шек
« » ____________ 2009 жыл
Білім беру ұйымдарының ғимараттарын оқу-материалдық және техникалық жарақтандыру бойынша ұсыныстар
БАСТАУЫШ МЕКТЕП
Бастауыш мектептің оқу кабинеттері тізбесі:
Міндетті түрде болатын кабинеттердің тізбесі:
НЕГІЗГІ МЕКТЕП
Үлгілік негізгі мектептердің оқу кабинеттер тізбесі:
Міндетті түрде болатын кабинеттердің тізбесі:
ОРТА МЕКТЕП
Үлгілік орта мектептің оқу кабинеттер тізбесі:
Міндетті түрде болатын кабинеттердің тізбесі:
Оқу ғимаратына қойылатын талаптар
Оқу кабинеті мыналардан тұруы тиіс: жұмыс аумағы, мұғалімнің жұмыс аумағы, оқу-көрнекі құралдарды, техникалық оқыту құралдарын (бұдан әрі – ТОҚ) орналастыру үшін қосымша кеңістік, оқушылармен жеке шұғылданатын және мүмкін болатын белсенді қызметтер аумағы.
Жұмыс аумағында оқушылардың бой және жас ерекшеліктеріне қарай сәйкес келетін оқушылар столы орналасады. Орындық орнына табуреткалар немесе скамейкаларды пайдалануға тыйым салынады. Мұғалімнің жұмыс аумағына жұмыс столы мен сынып тақтасы орналасады.
Қосымша кеңістік қажетті көрнекі оқу, көрсету құралдарын, мұғалімнің шығармашылық зертханаларын орналастыру үшін қызмет етеді. Ұсынылатын ТОҚ: графопроектор, телевизор, бейне магнитофон, аудио магнитофон, компьютер.
Оқушылармен жеке шұғылдануға арналған аумақтар, мысалыға алатын болсақ компьютермен жабдықталған информатика кабинетінде жеке жұмыс орнынан тұрады .
Мүмкін болатын қызметтер аумағы дұрысында мектеп алды даярлық және бастауыш сынып кабинеттері – ойын аумақтары.
Химия, физика, биология кабинеттері мен компьютерлік сыныптарда міндетті түрде зертхананың болу керек.
Мектепте 6-жастағы балаларға арналған столдар мен орындықтардың көлемі ГОСТ 19301.1 және ГОСТ 19301.2-73 «Мектепке дейінгі балалар жиһазы. Фукционалдық өлшемі».
Жиһаз |
Жиһаздар тобы |
Белгілеу түсі |
Балалардың бойы бойынша топтары, мм. |
Столдың биіктігі, мм. |
Орындықтың отыру биіктігі, мм. |
Мектепке дейінгі |
«Г» |
Қызғылт сары |
1000-1150 |
460 |
260 |
«Д» |
Сары |
1150-1300 |
520 |
300 | |
«Ж» |
Қызыл |
1300-ден жоғары |
580 |
340 |
Қазақ тілі кабинеті – оқыту құралдарын, жиһаздар, пәнді тиімді оқытуды қамтамасыз ететін ТОҚ орынды орналастырылған арнайы бөлме. Бүгінгі күні Қазақстанның білім беру кеңістігінде жаңа бағдарламаларға арналған жүйелік үдеріс үстінде. Бұл үдеріс қазақ тілі кабинетіне деген талаптарды өзгертуге итермелейді.
Кабинетті жабдықтау:
Кабинетті ресімдеу:
Кабинеттегі көрнекі құралдар тілді (сөйлеу тілін) дамытуға себеп болуы тиіс. Кабинетке көптеген көрнекі құралдарды, сондай-ақ тұрмыстық ыдыс-аяқтар мен ұлттық киімдерді қою ұсынылмайды. Классиктердің портреттері хронологиялық тәртіпте немесе оқу тақырыбына сәйкес ілінеді. Фабрикалық үлгіде даярланған мемлекеттік рәміздер болуы тиіс.
Кабинеттің оқу-әдістемелік базасы:
Дидактикалық, көрнекі, тарату, анықтама материалдары жеткілікті көлемде болуы тиіс және пән бойынша бағдарламалық материалдарды орындауды қамтамасыз ету қажет.
Физика және химия кабинеттерін арнайы көрсету столдарымен жабдықтау қажет, бұл жерде проекттық аппараттарды басқару пульты, су, электр, канализация жүйелері болуы қажет. Көрнекі құралдардың жақсы көрінуі үшін көрсету столы жоғары қойылуы керек. Оқушылар аумағында су, электр қуаты (физика лабораториясы) бар екі орындық оқушылық зертханалық столдар (қондырғылары бар және қондырғыларсыз) орнатылуы тиіс. Кабинеттегі барлық қосқыштар мен розеткаларға белгі соғу керек
Химия зертханалары оқытушының столы жанында орналасқан тартпалы шкафтармен жабдықталуы тиіс. Бұдан басқа, мектептегі барлық бөлмелердің ішінде химия кабинеті өрт қауіпсіздігін тудыратын негізгі орын болып табылады. Осы ерекшеліктерге сәйкес химия кабинеті мен препараторларға талаптар ерекше.
Оңтүстікке қараған кабинеттің терезелеріне күннен қорғайтын жеңіл перделер ілінеді. Бұл жағдайда синтетикалық пленкаларды пайдалануға жол берілмейді, өйткені олардан практикалық сабақ өткізу кезінде пластификаторлар ретінде пайдаланылатын зиянды органикалық заттар шығады.
Химия кабинетінде қабырға мен еденді бояу практикалық сабақ өткізу кезінде денсаулыққа зиянды әсерін тигізетін булар мен газдардың сыныптағы ауаға тарауын ескере отырып жүргізіледі. Майлы бояуларды пайдалану кезінде қабырғаға барлық булар жиналып қалады және бөлініп шыққан газдар сорылмайды.
Еденді паркетпен жабуға болмайды, өйткені кездейсоқ төгілген реактивтер тесіктен өтіп кетуі мүмкін және ауанын ластау ошағы болып табылады. Ағаш тақтайдан жасалған едендерді тесіктер болмау үшін тығындап, бояумен бояп тастау қажет.
Физика кабинетіне оқушының астрономия пәнін оқу кезінде және мұғалімнің барлық оқу қызметтерінің түрлері қамтамасыз ететін астрономиялық бұрыштама құру қажет, атап айтатын болсақ:
Химия және физика кабинеттерінде медициналық қобдиша, өрт сөндіру құралдары, химиялық препараттар (химия кабинеті үшін) мен электр токтарынан (физика кабинеті үшін) зақымданудан қорғауға арналған құрал-жабдықтар.
Химия және физика кабинеттерінде бағдарламалардың барлық тақырыптары бойынша жеткілікті көлемде көрсету, дидактикалық, тарату материалдары болуы қажет. Зертханалық және практикалық жұмыстарды орындауға арналған жабдықтар тізбесі «Жалпы білім беретін мектептерге арналған көрнекі оқу құралдары мен оқу жабдықтарының үлгілік тізбесіне» сәйкес келуі тиіс және пән бойынша мемлекеттік стандарттарды орындауды қамтамасыз ету қажет.
Шетел тілі кабинетінде мынадай жабдықтар болу керек: пультпен басқарылатын оқытушы столы мен проекциялық аппараттарға арналған тумба; көрнекі құралдар мен ТОҚ сақтауға арналған секциялық шкафтар (құрылған); лингофондық рецептивтік құрылғылар.
Кабинеттің оқу-материалдық базасы: көрсету, дидактикалық, тарату материалдары, пән бойынша әдебиеттер (аударма және түсіндірме сөздіктері), тақырыптар мен деңгейлері бойынша оқыту бағдарламалары. Дидактикалық, тарату материалдары мен пән бойынша әдебиеттер тізбесі «Жалпы білім беретін мектептерге арналған көрнекі оқу құралдары мен оқу жабдықтарының үлгілік тізбесіне» сәйкес келуі тиіс және мемлекеттік стандарттарды орындауды қамтамасыз ету қажет.
Тарих кабинеті – мектептегі идеялық-саяси жұмыстың базасы, оның басты міндеті мемлекеттік саясатты жүйелі түрде көрнекі насихаттау болып табылады. Бұл жұмыс техникалық оқыту құралдарын кең көлемде қолдану, өздік және практикалық жұмыстар жүргізу, кітаптар, анықтама және тарату материалдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Тарих кабинеті ТОҚ жабдықталады: компьютер, магнитофон, бейнемагнитофон, графпроектор, экран.
Кабинетті әдістемелік қамтамасыз ету:
Тарих пәніне арналған оқу құралдары дайын және қолдан даярланған болуы мүмкін:
Информатика кабинеті – бұл оқушыларды әлемдік ақпараттық қоғам шартына, Қазақстан Республикасында білім беру деңгейін көтеруге даярлауды қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы Президентінің білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру құралы болып табылатын мектептің оқу-тәрбие құрылымы.
Информатика кабинетін жабдықтау: есептеу техникасының сыныбы, көрнекі оқу құралдары, оқу жабдықтары, оргтехникалар, «Информатика» курсы және ЭЕМ пайдалана отырып, басқа да жалпы білім беретін тәндер бойынша теоретикалық және практикалық сынып, сыныптан тыс және факультативтік сабақтарды өткізу үшін ыңғайластырылған жиһаздардан тұрады.
Информатика кабинетінде жүргізіледі:
Информатика кабинетіне қойылатын талаптар:
Оқу жабдықтарымен, оқу-әдістемелік кешендердің оқыту құралдармен, телекоммуникация (тиісті техникалық базасы болған жағдайда) құралдарымен жинақталуы пән бойынша білім беру бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ету қажет және білім беру стандартына сәйкес келуі тиіс.
Үш нұсқада жұмыс орындарының орналасуы болуы мүмкін: периметрлік, қатар-қатар (1-3 қатарлы), орталық. Периметрлік орналасу кезінде кабинеттегі столдар қосымша оқушылық столдарымен және орындықтармен жабдықталады.