Эканомиканың ғылым ретінде дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 17:34, реферат

Краткое описание

Үлгілік орта мектептің оқу кабинеттер тізбесі:
Бастауыш сынып кабинеттері (кабинеттер саны жинақ сыныптарға байланысты);
Мектепалды даярлық немесе мектепалды тәрбиелеу шағын орталығы;
Информатика және есептеу техникасы;
Қазақ тілі мен әдебиеті;
Орыс тілі мен әдебиеті;

Содержание

Бастауыш мектептің оқу кабинеттері тізбесі:
Бастауыш сынып кабинеттері (кабинеттер саны жинақ сыныптарға байланысты);
Мектепалды даярлық немесе мектепалды тәрбиелеу шағын орталығы;
Информатика және есептеу техникасы;
Қазақ тілі.

Міндетті түрде болатын кабинеттердің тізбесі:
Кітапхана;
Спорт залы (акт залымен бірлескен);
Медициналық пункт;
Санитарлық желілер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1286786890.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)

Оқу кабинетінде қауіпсіздік техникасын (ҚТ бойынша нұсқаулықты жүргізу туралы журнал), өрт қауіпсіздігін, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау (өрт сөндіргіш құралдары, дәрі қобдишалары). Күзету іс-шараларын сақтау (жергілікті сигнал беру, терезелерге торлар, темір есіктер).

Қабырға мен едендерді ашу кезінде ауаға зиянды химиялық қоспаларды шығаратын материалдарды қолдануға тыйым салынады. Кабинеттің терезесі солтүстікке, солтүстік-шығысқа қарап: жалюзи түріндегі күннен қорғайтын, реттелетін құрылғылармен, қабырға мен жиһаздармен түсіне сәйкес келетін ашық түрдегі мата перделермен жабдықталуы тиіс.

 

Информатика кабинеті үшін температура қызуының оңтайлы және мүмкін болатын параметрлері, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы

Ауа температурасы

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %

Оңтайлы

Мүмкін болатын

18

65

39

19

62

37

20

58

35

21

55

33

22

52

31


 

Орыс тілі мен әдебиеті кабинеті – орыс тілі мен әдебиетін оқытудың жоғары идеологиялық және ғылыми деңгейін қамтамасыз ететін, арнайы жабдықталған оқу-әдістемелік орталық..

Орыс тілі және әдебиеті кабинетіне қойылатын талаптар.

Жабдықтар:

  • құрылған экранмен – магнит тақтасы бар, өте қолайлы сынып тақтасы;
  • аппаратуралар кешені: телевизор -1, бейнемагнитофон -1, графопроектор-1, лингафондық кабинет;
  • ауызша – көркем түрдегі көрнекі құралдары;
  • көркем бейнелеу және графикалық көрнекі құралдар;
  • оқушы мен мұғалімдердің еңбегін ғылыми ұйымдастыру құралдары; картотека, әдістемелік әдебиет, анықтамалық баспалар.

Кабинеттің оқу-әдістемелік базасы: пән бойынша бағдарламалады орындауға себеп болатын көрсету, дидактикалық, тарату материалдары және әдебиеттер.

 

Математика кабинеті – бұл, бір сыныптық бөлмеде жинақталып, оқу жүйесімен бірыңғай, органикалық байланысқан, мұғалім мен оқушының ғылыми еңбегін ұйымдастыру талаптарына сәйкес ресімделген және математика пәнін оқытуда жоғары деңгейді қамтамасыз етеді. 

Кабинетті ресімдеуге қойылатын негізгі талап – пәнді оқыту үшін қолайлы жағдай жасау.

Кабинетті жабдықтау:

  • ашылатын, жақтаулы және кестелер, сызу құралдары мен  аспаптары бекітілген сынып тақтасы (1-2 дана);
  • графикалық жұмыстарды орындау үшін орта көлемдегі екі жақты, ауыспалы тақта;
  • магниттік тақта;
  • сызу құралдарының жинағы.

Математика кабинеті ТОҚ жабдықталады: компьютер, видеодвойка, магнитофон, телевизор, графопроектор, экран. Кабинетте ТОҚ орын-орнымен қою қажет.

Кабинетті ресімдеу кезінде ресімдеудің нақты (бірыңғай) үлгісін, стендтарды ресімдеу кезінде оларды орналастыр үлгісін сақтау қажет.

Кабинеттің әдістемелік - оқу базасы:

Кабинетте «жалпы білім беретін мектептерге арналған көрнекі оқу құралдары және оқу жабдықтарының үлгілік тізбесіне» сәйкес оқу жабдықтары, жабдықтарды тіркеу қажет. Мұғалімге арналған ғылыми-әдістемелік құралдардың жинағы болуы қажет. Сыныптар мен тақырыптар бойынша дидактикалық, тарату және көрсету материалдарының жинағы пән бойынша бағдарламалық материалдардың орындалуын қамтамасыз ету тиіс.

Биология кабинеті басқа кабинеттерге қарағанда оқытудың аудио көзбен шолу құралдарын көрсетуге арналған түрлі жабдықтармен қатар, ол жерде табиғатты жанды объектілерін бақылау, тәжірибе жасау үшін жағдай жасалуы тиіс. Биология кабинетіне сабақтан тыс жұмыстар мен тәжірибелерге арналған сыныптан тыс сабақтар өткізіледі (өсімдіктер, аквариум балықтары).

Кабинетті жабдықтау: тақта, магниттік тақта, экран, видеодвойка, графопроектор, компьютер.

Биология кабинеті тек қана жақсы және тартымды жабдықталмауы тиіс, рәсімделуде ол қарапайым болуы тиіс.

Стендтар:

  • жергілікті өсімдіктер, жануарлар әлемі, қорғалатын түрлері туралы ақпараттардан;
  • тарихи кезеңдер бойынша өсімдік және жануарлар әлемінің дамуы көрсетілген;
  • жедел ақпараттардың уақытша стендінен тұрады.

Қысқы бақ, туған өлкенің табиғи мұражайы, натуралистердің көрмелерін ұйымдастыруға болатын бірінші қабатта орналасқаны жақсы.  

Биология кабинетінде гүлдердің көп болатынын ескере отырып, терезе оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа немесе оңтүстік-батысқа қарауы тиіс.

Кабинеттің оқу-әдістемелік базасы оқу бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету тиіс. Кабинет оқу жабдықтарымен жабдықталуы тиіс: лабораториялық жұмыстар өткізу үшін микроскоптар мен оптикалық лупалар, практикалық жұмыстарға арналған құралдар мен аспаптар, лабораториялық ыдыстар мен саяхаттық жарақтар.

Көрнекі оқу құралдары: табиғи көрнекі оқу құралдары, гербари, тұлып және т.б.

Кабинет айтарлықтай деңгейде жарық болуы тиіс, өйткені оптикалық құралдармен және көрнекі оқу құралдарымен жұмыс істеу көру қабілетіне үлкен күш түсіреді.

 

География кабинеті – пәнді тиімді оқытуды қамтамасыз ететін оқу құралдарының, жиһаздардың, ТОҚ орын-орнымен орналастырылған арнайы кабинет.

География кабинетін жабдықтау мектеп кабинеттеріне деген жалпы талаптарға арнап негізделуі тиіс. Бұл жерде пәнді оқыту ерекшеліктері, оның мазмұны, оқу - тәрбиелілік міндеттер мен оқу-материалдық базалардың ерекшеліктері ескеріледі.

Оқу жабдықтарына қойылатын жалпы талаптар – оның мақсатты міндетіне сәйкес келуі. Оқыту құралдарының қызметтік міндеттерінен шыға отырып, олар ғылыми-әдістемелік талаптарға, эргономикалық және тазалық, техникалық, технологиялық және экономикалық талаптарға жауап беруі тиіс, сондай-ақ оларды қолданудағы өзіндік бейімділікке негізделген спецификалық ерекшеліктері ақталуы тиіс.

Мұғалімнің жұмыс орны – бұл шынын айтатын болсақ көрнекі оқу құралдарын көрсету орны болып табылады. Сондықтанда оны жабдықтау кезінде көрсету және жұмыс үстелін қарастыру керек. 

Заманауи мектептің география кабинеті ТОҚ жабдықталуы тиіс: компьютер, бейнемагнитофон, кодоскоп, экран және т.б.

Көрсету, лабораториялық үлгілердің, құралдар мен аспаптардың, баспа құралдарының (географиялық карталар)  жинағы «Жалпы білім беретін мектептерге арналған көрнекі оқу құралдары мен оқу жабдықтарының үлгілік тізбелерін» сәйкес келуі тиіс және пән бойынша мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз ету қажет.

Спорт зал бірінші қабатта оқу кабинеттерінен, мұғалімдер мен дәрігер кабинетінен шетте орналасу қажет. Оның көлемі оқушының денесін шынықтыру бойынша толық бағдарламаны орындау мен спорттық сабақтан тыс сабақтарды өткізу қарастырылуы тиіс. Спорт залының жанында снарядтық зоналар, қыз балалар мен ұл балаларға арналған киім шешетін орын, киімдерге арналған киім ілгіштермен жабдықталған душ кабинасы болуы қарастырылған. Баскетбол, волейбол, бадминтон, гандбол алаңдарының белгісі, бір орында тұрып секіру, секіргішті анықтауға арналған - қабырғадағы - бой өлшегіш, допты лақтыру шеңбері, белгісі - 3х10 м.

Құралдар: қоссырықтар, ат, гимнастикалық көпірше, төсеніштер, үстел теннисіне арналған үстелдер, волейболға арналған тірек, баскетбол қалқаны, гимнастикалық орындықтар, бөрене, волейбол, баскетбол торлары, армрестлингке арналған үстел, кірлер мен гантелдер. 

Спорт құрал-жабдықтар: лақтыруға арналған доптар, футбол, баскетбол, волейбол, гандбол доптары, гимнастикалық қабырғалар, арқан, трапеция, гимнастикалық шығыршық, таяқ, ұршық, ленталар, таразы (динамометр, спирометр, тыныс өлшегіш, бой өлшегіш, күштерді анықтауға арналған құрал).

Спортзалға кіретін жерде спорттық бұрыштама жабдықталуы тиіс: «Салауатты өмір салты» стенды, оқу және бағалау нормативтері, Президенттік тестілердің нормативтік талаптары, дене шынықтыру сабақтарында қауіпсіздік техникасы.

 

Алғашқы әскери даярлық кабинеті жастардың әскери істерді, төтенше жағдайлар құралдары мен төтенше жағдайда қорғау тәсілдеріне себеп болады. Мектепте алғашқы әскери даярлық әскери-патриоттық тәрбиелеумен тығыз байланысты. Алғашқы әскери даярлық пен жастарды әскери-патроиттық тәрбиелеу сапасы көбінесе оқу базасына байланысты.

Оқу базалары: АӘД кабинеті, оқу қарулары мен құралдарын сақтауға арналған темір есік пен сигнал берушімен жабдықталған бөлме, ату тирі, сапта тұру бойынша сабақтарға арналған алаңдар, күндізгі қарауылдың міндеттерін практикалық оқуға арналған орыннан тұрады.

Әскери-патроиттық тәрбиелеуге байланысты іс-шараларды өткізу үшін әрбір оқу орнында әскери құрмет бөлмесі, залы немесе бұрыш жабдықталады.

Кабинет:

  • оқушылар тақтасымен;
  • оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін оқушылық столдармен;
  • техникалық оқыту құралдары: аудиомагнитофон, бейнемагнитофон, телевизор, графопроектор, экрандармен жабдықталады.

Кабинет пен стендті рәсімдеу кезінде қатаң және бірыңғай үлгіні сақтау қажет. Кабинетті рәсімдеу өскелең ұрпақта патриотизм сезіміне себеп болуы тиіс.

Планшеттерде мынадай ақпараттарды көрсету мақсатты болар еді:

  • біздің Президент (Президенттің портреті, оның қысқаша өмірбаяны);
  • Қазақстан Республикасының рәміздері – ту, елтаңба;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны (қазақ тілінде);
  • Қазақстан Республикасы (Республика туралы негізгі мәлімет);
  • Қазақстан Республикасының қорғанысы;
  • Қарулы күштері;
  • Қарулы күштерді Бас қолбасшысы (Президенттің әскери формадағы портреті);
  • Қарулы күштер құрамы;
  • әскери ант (қазақ және орыс тілдерінде);

Стендтар практикалық, сапқа тұру даярлығы, әскери типография, азаматтық қорғаныс бойынша жабдықталады. Кабинетте оқу бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша кестелер, планшеттер болуы тиіс. АӘД кабинетін басқа пәндерді оқытуға болмайды.

Күндізгі қарауылдың міндеттерін практикалық оқуға арналған орын кабинеттен шыға берісте немесе кабинетке жақын басқа оқитын жерде жабдықталады және: құжаттамалары бар стенд, кітаптар мен журналдар макетінен, телефон аппаратының макетінен тұрады. Өрт сөндіру құралы (өрт сөндіргіш) күндізгі қарауылдың жанында орналасады.

Ату тирі – арнайы жабдықталған бөлме немесе сол оқу орны орналасқан жердің учаскесі. Ол артта оқ линиясымен, алда – оқ қағарлар және қабырғалармен, қырынан – тирдің аумағынан оқтың ұшып кетуіне кедергі жасайтын қабырға немесе стенд. Тирлер ашық, жартылай жабық, сондай-ақ 25,50 метр және одан да көп (8, 9 , 10-қосымшалар) темір бетон трубалар қолданып, ықшамдалғаны болады. Бұл жерде айналадағылар үшін толық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ату аумағына адамдар мен жануарлардың кіру мүмкіндіктерінің алдын алу керек. Стендтар атуға даярлық бойынша жабдықталады.

 

Көп мөлшерде жылу мен шаң шығаратын станоктар мен механизмдері бар мектептің оқу-өндірістік шеберханасы механикалық тартпалы желдеткішпен жабдықталуы тиіс. Мектепте ағаш өңдейтін және металл өңдейтін шеберханалар үшін жеке бөлме беріледі. Көбінесе мектептерде шеберханалар – құрамды.

Құрамды шеберханалар станоктармен жабдықталады:

  • көлденең - фрезерлік НГФ-110-Ш4                              1 дана
  • оқу қайрақтары ЭТШ-1                                                  1 дана
  • бұрғылау үстелі 2М 112                                                2 дана
  • фуговалдық аралау үстелі ФПШ-5м                            1 дана
  • токарлық-бұранда кескіш ТВ-5 немесе ТВ-6              3 дана
  • ағаш кесу бойынша токарлық СТД-120М                   2 дана
  • электр қайрақ ЭТ-75                                                      1 дана.

Станоктар мен механизмдер санитарлық нормалардың талаптарына жауап беру керек және тиісті қорғау құралдары болуы тиіс.

Шеберханаға металды өңдеу үшін – токарлық, ағаш өндеу үшін – слесарлық, құрамды – құрамды үстелдері орнатылады. Қажетті құрал-жабдықтар мен аспаптар тізбесі пәннің барлық бөлімдері бойынша оқу бағдарламаларын орындауға себеп болуы тиіс.

Кабинетті ресімдеу оқу шеберханасында қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша плакаттар сериясынан тұруы тиіс:

  • көрсету материалдары – дайын бұйымдардың үлгісі, бұйым бөлшектерінің үлгілері және т.б.;
  • дидактикалық материал – бағдарламаның барлық тақырыптары бойынша нұсқаулық - технологиялық;
  • тарату материалдары – суреттер, барлық бағдарламалардың тақырыптары бойынша сызбалар.

Мұғалім міндетті түрде кабинетте медициналық қобдишаны ұстау қажет.

Еңбекке қызмет ету кабинеті жабдықталуы тиіс:

  • магниттік үш жармалы сынып тақтасы                       1 дана
  • бейнемагнитофон                                                          1 дана
  • сызу құрал-жабдықтары               1сызу құрал-жабдықтарының комплектісі
  • асханалық ыдыс-аяқ                                                      2 жиынтық
  • шай сервизі                                                                     1 дана
  • асханалық сервиз                                                           1 дана
  • төрт комфорлы электроплита                                       1 дана
  • тігін машинкасы                                                            әр оқушыға 1 данадан
  • тігін өнімдерін пішуге арналған стол              1дана
  • асхана столы                                                                  2 адамға 1 дана
  • салқын және ыстық су жуғышы                                  1 дана
  • асханалық құрал-жабдықтар                                      2 жиынтық

Информация о работе Эканомиканың ғылым ретінде дамуы