Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 19:22, курсовая работа
Инновациялық кәсіпкерлік ғылымының және оның тәжірибеде жүзеге асуы арасындағы байланыстырушы буын болып табылатындықтан, ол ҰИЖ-нің маңызды бөлігі саналады. Инновациялық кәсіпкерлік негізінен жаңа өнімдер мен технологияларды құрастыру бойынша, білімдерді тауарға айналдыру бойынша тәуекелге барады. Сол себепті инновациялық кәсіпкерлік шағын фирмалар құрамы жоғары тәуекелдік нәтижесінде үнемі өзгеріп отырады, көптеген фирмалар құлдырап, оның орнына жаңалары пайда болады. Бұл белгілі бір қалыптағы құрылымдық балансты құрып, инновациялық кәсіпкерліктің «сындарлы массасын» қалыптастырады. Отандық жағдайдың ерекшелігі қазіргі кезде инновациялық кәсіпкерлік санының аздығымен және оларға қолдау көрсететін инфрақұрылымның жаңа ғана қалыптасуымен сипатталады.
Кіріспе........................................................................................................................3
1 Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні мен және инновациялық жоба элементтері...............................................6
Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні..................................6
Инновациялық жоба және оның элементтері............................................13
2 Қазақстан Кәсіпорындарындағы инновациялық даму стратегиясы және «Атырау - нан» ЖШС-нің Инновациялық-инвестициялық жоба капитал салымдары мен экономикалық тиімділігін анықтау ..................................................19
2.1 Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық кәсіпкерлік және инновациялық даму стратегиясының қалыптасуы.........................................19
2.2 Инновациялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтау.................40
2.3 Инновациялық - инвестициялық жобада капитал салымдарының көлемін анықтау.................................................................................................46
3 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу ........................................................................................58
3.1 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу..................................................................................................................58
Қорытынды...........................................................................................................63
Пайдаланылған Әдебиеттер......................................................................65
Инновациялық жобаны басқару бұл мақсаттардың, ұйымдық құрылымның анықталумен, шараларды жоспарлауымен, олардың орындалуына бақылау жасаумен байланытсы және инновациялық идеяны жүзеге асыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру үдерісі. Инновациялық жобалауда басқару кезеңдерін 2 – ге бөліп қарастыруға болады.
1. Инновациялық жобаларды жасақтау
2. Инновациялық жобалардың жүзеге асуын басқару
1-ші кезеңінде
жобаның басқару мақсаты және
күтілетін нәтиже анықталады, жоба
нәтижесінің бәсеке
Инновациялық жобаны басқару принциптері:
Жобаны басқаруда жоспарлау үрдісі жобаны жүзеге асыру бастамасы болып табылады. Жоспарлаудың негізгі мақсаты жобаның соңғы нәтижесіне қол жеткізетін жұмыстар кешенін орындауға арналған жобаның барлық қатысушылар интеграциясы.
Сурет 4
Инновациясының жобасы жоспарлау түрлері
Суреттен көріп отырғанымыздай кезең бойынша ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінсе, мақсаты бойынша стратегиялық және ағымды болып бөлінеді. Стратегиялық жоспар жобаның жүзеге асыру кезеңдерінің бағыты бойынша соңғы нәтижеге жылжуын көрсетеді. Ағымдық жоспар жұмыс кешенінің орындалу мерзімін, ресурстар қажеттілігін анықтайды, жұмыстар көлемінің шекараларын бөледі.
Өнімді- тақырыптық жоспар ресурстар,
орындаушылар мен орындау
Көлемді календарлық жоспары жұмыстың басталу және аяқталу уақытын және жобаны жүзеге асыруға қажетті уақыт қоры мен ресурстар көлемін қамтиды [9,32].
Технико-экономикалық немесе
Инновациялық жоба бюджеті бұл
сандық көрсеткіштермен
Жобаны қаржыландырудың 4 жолы бар:
Бәсекелік жағдайда инновациялық жобаның бизнес жоспары оның жүзеге асырылу жағдайларына баға береді. Инновациялық жоспарда ең алдымен жоба концепциясы жасақталады. Осы кезеңде жобаның өнімді -тақырыптық жоспары инновациялық бағдарлама ретінде қалыптасады. Инновациялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда календарлық және ресурстарының жоспар жасалады. Осы кезенде құжаттар рәсімделеді. Жоспар бойынша көрсеткіштер құрылымы өзгерісі инновациялық жобаға сәйке өзгеріп отырады.
Инновациялық жоба концепциясы
негізгі мақсаттарды
2 Қазақстан Кәсіпорындарындағы
инновациялық даму стратегиясы
және «Атырау - нан» ЖШС-нің
Инновациялық-инвестициялық
2.1 Қазақстан
кәсіпорындарындағы
XXI ғасыр жүз жылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр.
Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары болып оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары дамыту болып отыр.
Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85% беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде дамымай отыруы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға төмендеп отыр. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып табылады.
Теориялық талдау негізінде инновацияны түсіндіруде екі көз-қарастың қалыптасқаны анықталды:
біріншісі, инновация
жаңа идеялар мен үрдістер ретінде
қарап оны қолдану арқылы өз қасиеттері
бойынша ең сапалы өнімдер мен технологияны
жасауға әкелетін қоғамдық-техникалық-
екіншісі, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді (И. Шумпетер). Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа қызметі. Оның негізі - өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми зерттеу және басқа салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады.
Әр түрлі сипаттамаларды қорыта келе, инновацияның өтімділігі жоғары жаңа өнім ойлап табу деген ұғым туады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, іргелі міндетерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана есептелінеді.
Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулердің негізінде тұжырымдамалауға болады.
Инновацияның дамуына қозғаушы тетік - бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолы мен тауарын өткізетін жаңа нарықтарды іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестіктері алдында басымдылыққа ие болады. Қазіргі кезеңде жаңа тауарлар түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған уақытта, әсіресе шағын кәсіпорындардың икемділік қабілеттерін күшейту аса тиімді саналады. Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай «шағын шабақтар» қайрандап қалып қоймаулары үшін түрлі салалардағы жаңа өнімдер мен жаңа технологияларды шығару басымдық негіздегі сұрақтардың деңгейінде жүреді.
Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған.
Қазақстан Республикасының инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың басқада түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымына ретінде даму инситуттары, венчурлық қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады.
Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлық қорлар құрылады [12,87].
Венчурлік қорлар – венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті инновация жасау мен коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық және шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік қорларды құрғанда мүмкін болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендетеді. Венчурлік индустрияның қалыптасуының бастапқы кезеңінде мемлекеттің араласуының осындай үлгісі барлық елдерде өзінің тиімділігін көрсетті.
Венчурлік қорларды құрғанда мемлекеттің қатысуы (Ұлттық инновациялық қор) ҰИҚ–ң инвестициялық саясатының басты бағыттарының бірі – отандық және шетелдік инвестициялармен бірлесе отырып құрылған венчурлік қорлардың капиталындағы үлестік қатысуы (49%) арқылы венчурлік қорларды құру болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстан
венчурлық капиталы және тікелей
инвестициялау ассоциясы
Венчурлық инвестордың көзқарасы бойынша компания объектісі бірнеше даму деңгейінен өтеді (Кесте-1).
Венчурлық қаржыландыру алдыңғы үш деңгейде қаржыландыра алады. Ал көп қолданылатын міндеттемелік қаржыландыру тек үшінші деңгейден ғана басталады [13,65].
Кесте 1
Инновациялық компанияның даму деңгейлері
Деңгейлер |
Мазмұны | |
Бизнес идеясы (seed stage) |
Идеяны жобалау және оны саудалау. Сонымен қатар болашақ өнімнің үздік үлгілерін дайындау; | |
Бизнесті ашу (start-up stage) |
Жобаны жүзеге асыру меқсатында жүйелі іс-әрекеттерді жүзеге асыруды бастау; | |
Өсу деңгейі (expansion stage) |
жаңа өндірістік қуаттылықты іске қосу және персоналдар санының өсуі; | |
Кеңею деңгейі (mezzanine stage) |
нарықтың бір бөлігін жаулап алу және пайданың тұрақты болуы; | |
Өтімділік деңгейі (liquidity stage) |
бизнестің нақты (реалды) нарықтық құнының қалыптасуы. |
Информация о работе Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау