Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 19:22, курсовая работа
Инновациялық кәсіпкерлік ғылымының және оның тәжірибеде жүзеге асуы арасындағы байланыстырушы буын болып табылатындықтан, ол ҰИЖ-нің маңызды бөлігі саналады. Инновациялық кәсіпкерлік негізінен жаңа өнімдер мен технологияларды құрастыру бойынша, білімдерді тауарға айналдыру бойынша тәуекелге барады. Сол себепті инновациялық кәсіпкерлік шағын фирмалар құрамы жоғары тәуекелдік нәтижесінде үнемі өзгеріп отырады, көптеген фирмалар құлдырап, оның орнына жаңалары пайда болады. Бұл белгілі бір қалыптағы құрылымдық балансты құрып, инновациялық кәсіпкерліктің «сындарлы массасын» қалыптастырады. Отандық жағдайдың ерекшелігі қазіргі кезде инновациялық кәсіпкерлік санының аздығымен және оларға қолдау көрсететін инфрақұрылымның жаңа ғана қалыптасуымен сипатталады.
Кіріспе........................................................................................................................3
1 Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні мен және инновациялық жоба элементтері...............................................6
Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні..................................6
Инновациялық жоба және оның элементтері............................................13
2 Қазақстан Кәсіпорындарындағы инновациялық даму стратегиясы және «Атырау - нан» ЖШС-нің Инновациялық-инвестициялық жоба капитал салымдары мен экономикалық тиімділігін анықтау ..................................................19
2.1 Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық кәсіпкерлік және инновациялық даму стратегиясының қалыптасуы.........................................19
2.2 Инновациялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтау.................40
2.3 Инновациялық - инвестициялық жобада капитал салымдарының көлемін анықтау.................................................................................................46
3 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу ........................................................................................58
3.1 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу..................................................................................................................58
Қорытынды...........................................................................................................63
Пайдаланылған Әдебиеттер......................................................................65
Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Инновациялық менеджменттің
экономикалық мәні мен және инновациялық
жоба элементтері...................
2 Қазақстан Кәсіпорындарындағы
инновациялық даму стратегиясы
және «Атырау - нан» ЖШС-нің
Инновациялық-инвестициялық
2.1 Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық кәсіпкерлік
және инновациялық даму стратегиясының
қалыптасуы....................
2.2 Инновациялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтау.................40
2.3 Инновациялық - инвестициялық жобада
капитал салымдарының көлемін анықтау.......................
3 Қазақстан Республикасында
инновациялық қызметті
3.1 Қазақстан Республикасында
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
Әдебиеттер....................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандардыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші - жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Дағдарыстан кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен анықталуда. Қазіргі қалыптасқан жағдайда ғылыми-техникалыќ прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің ғылыми - техникалық жобалары, озық технологияларды басқарудың қазіргі заманғы жүйесін жасаумен шұғылданатын ғылыми - зерттеу, конструкторлық және жобалық ұйымдары ерекше рол атқарады. Қазақстан тек табиғи ресурстарды ғана пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі болды. Мұның өзі дүниежүзілік бәсеке ғылыми – техникалық жобалардың өте жедел (2-3 жыл аралығында) жүзеге асуын талап етеді. Сыртқы әлемдік ортада үздіксіз жүріп жатқан өзгерістер дүниежүзілік экономикадағы біздің еліміздің де орнын белгілейді, сондықтан инновациялық кәсіпкерлік өмір сүрудің және дамудың маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты туындайтын аса маңызды жайт – инновациялық кәсіпкерлік елдің экономикасыныңөсуін және экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып табылады. Инновациялық кәсіпкерлік – бұл ғылыми – техникалық идеяларды, ұсыныстарды, өнер табыстарын іс жүзінде қолдануға және таратуға болатын деңгейде жеткізу қызметі. Инновациялық кәсіпкерлікті басқару мақсаты – жаңа идеяларды қолдау, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға шығаруға жағдай жасау болып табылады [1,56].
Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің элементтері ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйеде (ҰИЖ) венчурлық қорлар қалыптастыру арқылы қызмет атқаруда. Жаңа ҰИЖ - ге индустрия мен қызмет көрсету саласындағы шағын сектордың ғылыми – техникалық ұйымдарын, шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау жасаушы, консалтингтік т.б. орталықтарды жатқызуға болады.
Инновациялық кәсіпкерлік ғылымының және оның тәжірибеде жүзеге асуы арасындағы байланыстырушы буын болып табылатындықтан, ол ҰИЖ-нің маңызды бөлігі саналады. Инновациялық кәсіпкерлік негізінен жаңа өнімдер мен технологияларды құрастыру бойынша, білімдерді тауарға айналдыру бойынша тәуекелге барады. Сол себепті инновациялық кәсіпкерлік шағын фирмалар құрамы жоғары тәуекелдік нәтижесінде үнемі өзгеріп отырады, көптеген фирмалар құлдырап, оның орнына жаңалары пайда болады. Бұл белгілі бір қалыптағы құрылымдық балансты құрып, инновациялық кәсіпкерліктің «сындарлы массасын» қалыптастырады. Отандық жағдайдың ерекшелігі қазіргі кезде инновациялық кәсіпкерлік санының аздығымен және оларға қолдау көрсететін инфрақұрылымның жаңа ғана қалыптасуымен сипатталады.
Жоғарыда аталғандардың барлығы инновациялық кәсіпкерліктің қалыптасу және даму мәселелерінің ілімдік және тәжірибиелік мәнін анықтайды.
Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігі, ғылыми тұрғыдан алғанда оның жеткілікті оның жеткілікті дәрежеде зерттелмеуі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға себеп болды. Қазақстандық ғалым-экономистер А.Қ.Қошанов, М.Б.Кенжегузин, А.Е.Есентугелов, О.Сабден, Б.Н.Исабеков, Д.Муканов, Т.Исахметов, Р.С.Каренов, С.Шілікбаев, А.Ж.Орманбаев, А.Акчурин, А.Н.Дауренбекова, Н.Урузбаева, О.Қалдыбаев, К.Қажымұрат еңбектерінде кәсіпкерліктің инновациялық даму мәселелері кеңінен талданып, қомақты зерттеу жұмыстары жүргізілген.
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдерін дамуы мен тиімді қызмет атқаруын қалыптастыруда ілімдік-әдістемелік және тәжірибелік негізін тұжырымдау.
Аталған мақсатқа сай мынадай міндеттер қарастырылды:
Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасының инновациялық жобаларды басқару тетіктері, венчурлық, лизингтік және франчайзингтік компаниялардың инновациялық іс-әрекеттер арқылы нақты секторға соның ішінде «Атырау нан» ЖШС-ін қызмет көрсету мүмкіндіктері болып табылады.
Зерттеу заты: Қазақстандағы инновациялыќ кәсіпкерлікті басқару дағдыларын, адами қорларды, технологияларды, өнеркәсіп құрылымын жұмылдырушы бәсеке төзімділігі деңгейі алынды
Зерттеу
жұмысының теориялық-
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер (30) тізімінен тұрады. Диплом жұмысының көлемі - 66 бет.
1 Инновациялық
менеджменттің экономикалық
“Инновация” ағылшын тілінен аударғанда жаңалық енгізу, жаңашылдық деген ұғымды білдіреді. Яғни жаңа өндірістік процесті, өнімді немесе қызметті игеру, қазіргі тілмен түсіндіргенде жаңалықты инвестициялау дегенге саяды. Ал тамыры тереңде жатқан термин латын тілінде жаңару, өзгеру сөзерімен баламаланып, бұдан бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсініктеме береді.
Қазіргі уақытта әлемдік ғылыми-техникалық прогрессті инновациялық қызметтің интеллектуалдық өнімінсіз елестету мүмкін еместігіне байланысты бұл саланың өзіндік ғылыми жүйесі негізделуде. Осыған орай аталмыш сала қызметін жіктеуші ғалымдар “инновация – жаңа техника мен технологияға салынған капиталдан алынған материалдық игілік, қызмет көрсету, басқару және тағы да басқа жүйелер бойынша еңбек өндірісін ұйымдастырудың жаңа формалары” деген анықтама береді. Яғни, осы сипаттамаларды жинақтай келе инновацияның өтімділігі жоғары жаңа өнім ойлап табу екенін түсінуге болады. Бұл тұрғыдан алғанда барлық ашылған жаңалықтың инновацияға жатпайтынын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, іргелі міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана есептеледі [2,52].
Қазіргі әлемдік экономикада инновацияның алар орны орасан. Инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсауда. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімнің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, соның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді әрі таптырмас құралға айналуда.
Жаңашылдық (новшество) - өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін, бұрын қолданылып жүргендерден спалық сипатымен ерекшеленетін, жаңа техника, конструкторлық материал немесе қандайда бір өнімді өндіру формасында болатын нақты ғылыми идеяны іске асыру нәтижесі.
Инновациялық жоба - инновациялық қызметті мақсатты басқарудың формасы ретінде инновациялық жоба ғылым мен техниканың басым бағыттары бойынша нақты мақсаттарға жетуге бағытталған, ресурстар, орындаушылар мен орындалу уақыты бойынша бір-бірімен байланысты күрделі жүйені сипаттайды.
Инновациялық менеджмент – басқарушылық шешімдер қабылдау және іске асыру нәтижесінде өндірісте ұтымды өзгерістер енгізуге бағытталған басқарушылық қызмет.
Инновациялық менеджменттің негізгі міндеті – ғылым, техника, өндіріс және тұтыну бірлігін, яғни инновациялық өнімге деген қоғам қажеттілігін қамтамасыз ететін, ұйымдастыру мен басқарудың тиімді әдістерін қолдана отырып инновациялық процестерге сандық және сапалық өзгерістер енгізе отырып басқару.
Осымен қатар инновациялық менеджменттің басты міндеттерінің бірі ұйымның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін, жаңалық енгізуде мақсатты іздестірулер жүргізетін, дайындайтын және іске асыратын орта қалыптастыру.
Инновациялық ортаның негізгі элементтері:
Ұйымдағы инновациялық қызметті басқаруды ұйымдастыру үшін басқару мақсатын, өз мүмкіншілігі мен басым және әлсіз жақтарын, басқару әдістерін және т.б. сұрақтардың шешімін нақты білу қажет.
Сыртқы орта
Сурет 1
Ұйымдағы инновациялық менеджмент жүйесінің құрылымы
Инновациялық менеджмент жүйесін талдау «шығу» сатысынан басталады. Оның негізгі мақсаты – тауардың бәсекелестігін қамтамасыз ету және осының нәтижесінде фирманың табысты жұмыс жасауына қол жеткізу.
Жүйедегі «кіруге» фирманың тауар өндіруге қажетті заттарының барлығы жатады: шикізат, материалдар, энергия, ақпарат, кадрлар, құжаттар.
Сыртқы орта құрамына фирма жұмысының бәсекелестік қабілетіне, тиімділігіне, тұрақты жұмыс жасауына әсер ететін макроорта (халықаралық, саяси, әлеуметтік-демографиялық, құқтық, табиғи-климаттық факторлар), микроорта (фирманың бәсекелестері, бақылаушы органдар қызметі, кәсіподақтар қызметі және т.б.), аймақтың инфрақұрылымы (аймақтағы тұрмыстық қызмет көрсету қызметі, ғылым мен білім саласы, сауда орындары және т.б.) жатады.
Менеджмент жүйесіндегі «кері байланыс» құрамына клиенттердің талаптары, жаңа тауардың сапасының төмендігіне байланысты туындайтын ақпараттар сияқты факторлар жатады.
Фирманың ішкі ортасына басқарушы, басқарылатын, мақсатты, ғылыми қолдау, қамтамасыз етуші жүйелер саласы жатады, олардың жиынтығы фирмадағы инновациялық жүйені құрайды.
Басқарушылық шешімдер – бұл нақты мақсатқа жетудегі талдау, болжау, оңтайландыру, экономикалық негіздеудің нәтижесі. Басқарушылық шешімдердің мақсаты кездесетін проблемаларды шешу. Проблеманы шешуге қажетті ресурстар шектеулі болғандықтан, осы проблемаларды маңыздылығына, көлеміне, тәуекел деңгейіне байланысты топтастыру қажет.
Кез-келген шешім қабылдауға мынадай үш нәрсе әсер етеді: интуиция, талдау, ұтымдылық.
Біріншісінде адамдар шешімнің дұрыс екендігін өздері сезініп, шешім қабылдайды. Екіншісінде, өткен тәжірибеге сүйеніп шешім қабылдайды. Бұл шешім түрлері жедел басқаруды қолданылады. Ал стратегиялық шешім қабылдауда экономикалық талдауға негізделген ұтымды шешімдер қабылданады.
Басқарушылық шешім сапасы – бұл нақты тұтынушыларды қанағаттандыратын және оның орындалуын қамтамасыз ететін шешімдер параметрлерінің жиынтығы.
Инновациялық менеджмент жүйесіндегі қабылданаты шешімдер сапасын қарастырамыз [3,69].
«Кіру» жүйесіндегі проблемалар параметрлері: тұтынушылар талаптары, сату көлемі, баға, тапсырыс мерзімі.
Информация о работе Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау