Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 19:22, курсовая работа

Краткое описание

Инновациялық кәсіпкерлік ғылымының және оның тәжірибеде жүзеге асуы арасындағы байланыстырушы буын болып табылатындықтан, ол ҰИЖ-нің маңызды бөлігі саналады. Инновациялық кәсіпкерлік негізінен жаңа өнімдер мен технологияларды құрастыру бойынша, білімдерді тауарға айналдыру бойынша тәуекелге барады. Сол себепті инновациялық кәсіпкерлік шағын фирмалар құрамы жоғары тәуекелдік нәтижесінде үнемі өзгеріп отырады, көптеген фирмалар құлдырап, оның орнына жаңалары пайда болады. Бұл белгілі бір қалыптағы құрылымдық балансты құрып, инновациялық кәсіпкерліктің «сындарлы массасын» қалыптастырады. Отандық жағдайдың ерекшелігі қазіргі кезде инновациялық кәсіпкерлік санының аздығымен және оларға қолдау көрсететін инфрақұрылымның жаңа ғана қалыптасуымен сипатталады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................3

1 Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні мен және инновациялық жоба элементтері...............................................6

Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні..................................6
Инновациялық жоба және оның элементтері............................................13

2 Қазақстан Кәсіпорындарындағы инновациялық даму стратегиясы және «Атырау - нан» ЖШС-нің Инновациялық-инвестициялық жоба капитал салымдары мен экономикалық тиімділігін анықтау ..................................................19

2.1 Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық кәсіпкерлік және инновациялық даму стратегиясының қалыптасуы.........................................19
2.2 Инновациялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтау.................40
2.3 Инновациялық - инвестициялық жобада капитал салымдарының көлемін анықтау.................................................................................................46

3 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу ........................................................................................58

3.1 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу..................................................................................................................58


Қорытынды...........................................................................................................63

Пайдаланылған Әдебиеттер......................................................................65

Прикрепленные файлы: 1 файл

Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау.doc

— 870.00 Кб (Скачать документ)

«Шығу» жүйесінде: жоспарланған нәтижеге жету тәуекелі, сату сенімділігі.

«Сыртқы орта»  жүйесіндегі проблемалар: саяси жағдай, елдің табиғи жағдайы, аймақ инфрақұрылымы және т.б.

«Кері байланыс» тұтынушылардан келіп түскен мәліметтерді сипаттайды.

Жүйедегі  шешім қабылдау процесі мыналарды қамтиды: жұмысқа дайындалу, мәлімет жинақтау, ресурстық қамтамасыз ету, құжаттарды дайындау және т.б.

Инновациялық менеджменттегі шешім қабылдау сапасын арттыру  үшін негізгі мынадай шарттар  орындалуы қажет:

- шешім қабылдауда  ғылыми бағыттарды пайдалану;

- басқарушылық шешімдер  тиімділігіне экономикалық заңдар  әсерін анықтау;

- кіру, шығу, сыртқы орта, кері байланыс жүйелері туралы нақты мәліметтермен қамтамасыз ету;

- әрбір шешімді талдау, болжау, модельдеу, экономикалық  негіздеу әдістерімен байланыстыру;

- шешімнің бірнеше  вариантын таңдау;

- қабылданған шешімнің  заңды болуы;

- шешім қабылдауда  жауапкершілік және ынталандыру жүйесін жасау.

Инновациялық қызмет тәуекелмен байланысты. Әсіресе инновациялық қызметтегі мынадай тәуекел түрлерінің деңгейі жоғары:

  • экономика саласындағы заңдылықтардың тұрақсыздығына байланысты тәуекел;
  • сыртқы экономикалық тәуекел (сауда мен тауар кіргізуге шектеулер қою, шекараның жабылуы және т.б.);
  • ел немесе аймақтағы әлеуметтік-саяси жағдайдың өзгеруі;
  • жаңа технология мен техника жайлы мәліметтердің нақты және жеткілікті болмауы;
  • нарық жағдайы, баға, валюта курсының өзгеруі;
  • өндірістік-технологиялық тәуекел [3,21]. 

Сурет 2

Әртүрлі жобалар түріне сыртқы орта факторларының әсер ету  деңгейі

Жоба түрлері

әсер етуші сыртқы орта факторлары

Сая

сат

экономика

Қо

ғам

заңдылық

Ғылым мен техн.

Мәдениет

Таби

ғат

экология

Инфрақұрылым

Әлеуметтік

Экономикалық

Ұйымдастырушылық

Инновациялық

инвестициялық

3

3

 

2

1

1

3

3

 

3

2

3

3

2

 

2

1

2

3

3

 

3

2

3

1

1

 

2

3

2

3

2

 

3

3

1

1

1

 

2

1

3

2

1

 

1

1

3

2

1

 

1

1

3


Тәуекел деңгейі жоғары жобаларды іске асыруда тәуекел  деңгейін төмендететін ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдер іске қосылуы қажет. Осы мақсатта қолданылатындар:

  • күтпеген жағдайда жобаға қатысушылардың қабылдайтын шешімі туралы алдын-ала келісу;
  • жобаны іске асыру жағдайы өзгерген уақытта оны қайта реттейтін арнайы орталықтарды құру.

Тауар сапасын көтеруге байланысты енгізілетін шараның экономикалық тиімділігі мына формуламен есептеледі:

 

  Т

 

    Tc

   Tвл

ЭT =

S

t – Сt – Нt) Nt

+S Эсоп t -

  S Зк t

 

t=1

 

   tc=1

   tвл=1


 

ЭT – тауар сапасын арттырудан алынатын ти3мд3л3к

t….Т- шараның қолданылу мерзімі;

Цt – t жылында бағдарланған баға;

Сt - тауар бірлігінің өзіндік құны;

Нt  – тауар бірлігіне келетін салық мөлшері;

Nt - t жылында болжанған тауар көлемі;

Эсоп t – қосымша алынатын әлеуметтік немесе экологиялық тиімділік;

Зк t   -  тауардың сапасын арттыруға байланысты шығындар.

 

Адам қоғамының даму тарихындағы техникалық жекеленген облыстарында емес, жалпы материалды-техникалық база масштабында болған бес ірі  технологиялық революцияны бөліп  көрсетуге болады.

Ел әлуеті


 

 

 

 

 

               I                    II                   III                  IV                V                 VI            

 

        1785                  1835                       1885                      1935                    1985                       2035

Біріншісі XIII ғасырдың 70-80 жылдарында, тоқыма жэәне бұрғылау станоктарының пайда болуымен байланысты.

Екіншісі XIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында, бу двигателінің пайда болу және тарауымен байланысты. Оның нәтижесінде үш құрамдас бөліктен тұратын еңбек құралы – машина пайда болды: механикалық двигатель- жүргізуші механизм – жұмысшы құралы [4,23]. 

Үшіншісі XIX ғасырдың аяғында, XX ғасырдың басында, электр двигателі мен іштен жану двигателінің пайда болуымен байланысты. Радиобайланыс, телеграф, автомобиль, тікұшақ пайда болды, түст металлдар, қалайыны қолдану басталды.

Төртіншісі, XX ғасырдың 50-жылдарының ортасынан басталады. Осының нәтижесінде үш буынды машинадан еңбек құралдарының жаңа төр буынды құрылымына өту іске асырылды. Мұнай және мұнай өнімдерін, газды пайдалану негізінде энергетика дамыды. Компьютерлер мен ақпараттық өнімдер пайда болып, кең тарады. Қорғаныс және бейбіт мақсатта атом қолданыла бастады.

Бесіншісі микроэлектроника, ақпарат, биотехнология, гендік инженерия, космосты игеру, спутниктік байланыстарға сүйене отырып дамыды [5,63]. 

Инновациялық менеджмент ғылымында инновацияны топтастырудың  әртүрлі жолдары ұсынылған. Олардың  ішінде кең тарағаны инновацияны  мынадай белгілеріне байланысты топтастыру:

1. Инновацияның  жаңашылдық деңгейіне байланысты:

а) Радикалды (базалық). Ашылған  жаңалықты, өнертабысты, патентті енгізу.

б) Ординарлы. Оған ноу-хау, ұтымдылықты арттыруға бағытталған  ұсыныстар жатады.

2. Тауардың  өміршеңдік циклі кезеңіне байланысты:

а) стратегиялық маркетинг кезеңіндегі  инновация;

б) ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар кезеңіндегі инновация;

в) өндірісті ұйымдық-технологиялық  дайындау кезеңіндегі инновация;

г) өндіріс кезеңіндегі инновация;

д) сервистік қызметтегі инновация.

3. Инновациялық жаңалықтың масштабына байланысты:

а) әлемдік масштабтағы инновация;

б) ел масштабындағы инновация;

в) сала масштабындағы инновация;

г) фирма масштабындағы инновация.

4. Инновацияның енгізілетін саласына байланысты:

а) білім саласындағы;

б) әлеуметтік сферадағы;

в) материалдық өндірістегі.

5. Инновацияның қолданылу сферасына байланысты:

а) фирмаішілік инновация;

б) сатуға арналған инновация.

6. Инновацияның қолданылу жиілігіне байланысты:

а) бір рет қолданылатын;

б) қайталанылатын.

7. Жаңашылдық формасына байланысты:

а) жаңалық ашу, өнертабыстар, патент;

б) ұтымдылықты арттыратын ұсыныстар;

в) ноу-хау;

г) тауарлық белгі, тауарлық марка, эмблема.

Д) технологиялық, өндірістік, басқару процесін сипаттайтын жаңа құжаттар.

8. Инновацияны енгізу нәтижесінде алынатын тиімділікке байланысты:

а) ғылыми-техникалық.

б) әлеуметтік;

в) экологиялық;

г) экономикалық.

 

2. Инновациялық процестердің жіктелуі:

1. Инновациялық процестердің мазмұнына  байланысты:

а) техникалық

б) технологиялық

в) экономикалық

г) басқарушылық

д) ұйымдастырушылық

2. Инновациялық процесті ұйымдастыру   врианттарына байланысты:

а) корпоратив ішілік,

б) бағдарламалық,

в) конкурстық

3. Инновациялық процес ерекшеліктеріне  байланысты:

а) ұйым ішілік,

б) ұйым аралық,

в) инновация ұзақтығына байланысты [6,54]. 

1.2 Инновациялық жоба және оның элементтері

 

Инновациялық  жоба дегеніміз бұл ғылыми зерттеу, тәжірибелік конструкторлық, өндірістік, ұйымдық, қаржылық және тағы басқа шаралардың жиынтығынан тұратын өзара байланысты мақсаттар мен бағдарламалар  жүйесі және олардың жетістіктері. Бұл жүйе жобалық құжаттама жиынтығына сәйкес келу керек және нақты ғылымы техникалық мәселенің тиімді шешімін қамтамасыз ету қажет.

Инновациялық  жобаның негізгі элементтері:

  • жобаның негізгі мәнін сипаттайтын мақсаттар мен міндеттер;
  • инновациялық мәселені шешу бойынша және қойылған мақсаттарды жүзеге асыру бойынша және қойылған мақсаттарды жүзеге асыру бойынша қолданатын жобалар;
  • жобалық шаралардың орындалуын үйрену;
  • жобаның негізгі көрсеткіштері (жеке тапсырмалар, тақырыпшалар, кезеңдер, шаралар және орындаушылар) оның ішінде тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер.

Инновациялық  жоба міндеттері:

  • ғылыми техникалық дамудың нақты міндеттерді шешу жолдарын қарастыру;
  • инновацияларды басқаруда жобаның ғылыми техникалық дамудың сандық нақты мақсат пен нәтижесінің;
  • инновацияны қалыптастыру, меңгеру, өндіру және тұтыну үдерістерін үздіксіз басқару;
  • жоба мақсатын жүзеге асыруының тиімді бағыттарын анықтау;
  • инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті ресурстарының теңдігін қамтамасыз ету.

Инновациялық жоба оның қатысушылары арқылы жүзеге асады. Жоба түріне байланысты оны бірнеше ұйым жүзеге асыра алады. Тапсырыс берушілер жобаның болашақтағы иегері және оның қолданушылары болып есептеледі. Инвесторлар жобаға қорға салатын заңды немесе жеке тұлға кей жағдайда тапсырыс берушінің өзі де инвестор болуы мүмкін, жеке тұлға болып Қазақстан Республикасының азаматы және шетел азаматы болып табылады. Жобалаушылар жобаның сметалық құжаттарда жақтайтын маманданған жобалық ұйымдар жоба жұмысшының кешеніне жауап беретін бір ұйым, яғни генералды жобалаушы болып табылады. Жобаны қаржыландырушы басты инвестор - банк болып табылады. Шетелде жобалаушы ретінде архитектор немесе инженер болады. Архитектор жобалық сметалық  құжаттарды қалыптастыру бойынша тіркелген лицензия негізінде жұмыстарды орындайтын ұйым болып табылады. Инженер өнім жобасының өндірісімен және жүзеге асырылуымен қатар жүретін қызметтер жиынтығын орындауға лицензиясы бар жеке тұлға немесе ұйым [7,45]. 

Жабдықтаушы – жобаны материалдық  техникалық қамтамасыз ететін ұйымдар. Орындаушылар келісім шартқа сәйкес жобаның орындалуына жауапты заңды тұлғалар. Оларға ғылыми техникалық кеңестер жобаның мақсатына жету үшін ғылыми техникалық шешімдердің тандалуына, шешімдерінің жүзеге асырылуына, шараның жиынтығына жауапкершілігіне болатын жобаның ғылыми техникалық шешімдерінің таңдалуына жауапкершілікте болатын, жобаның тематикасының бағыттары бойынша мамандар.

Жоба басшысы жоба басшылығын жүзеге асыратын және жобаны жүзеге асыру  кезінде құралатын ұйым болып  табылады.

 

 

 

 

Ғылыми техникалық даму мақсаттарының көптігі және оның міндеттері инновациялық жобаның  жіктелуін талап етеді. Жобаны жүзеге асыру уақытына байланысты инновациялық жобаны ұзақ мерзімді ( 5 жылдан жоғары), орта мерзімді (3 – 5 дейін), қысқа мерзімді (3 жылдан аз) болып бөлінеді.

Инновациялық  жобаның 3 аспектісін бөліп көрсетуге  болады:

  • инновациялық қызмет кезеңдері бойынша;
  • қалыптастыру және жүзеге асыру үдерісі бойынша;
  • ұйымдастыру элементі бойынша.

Инновациялық  жоба нарыққа еңгізілген жаңа өнім немесе жетілген өсімдіктердің, сонымен ақ тәжірибеде қолданатын жаңа  ал жетінен технологиялық үдерістерінің ғылыми техникалық идеямен байланысты инновациялық үдерісңнңғ барлық кезеңдерін  қамтиды. Инновациялық жоба құрамына ғылыми зерттеулерді және жасақталынады, жобалық конструкторлық және тәжірибелік эксперименталды жұмыстары, өндірісті меңгеру жолдары, өндірісті үйрену жаңа өнім маркетингісін, сонымен қатар қаржылық шараларды қамту керек [8,95]. 

 

Сурет 3

Инновациялық  жобаның жіктелуі

 

 

              

 

Инновациялық жоба келесі кезеңдердң қамтиды:

  • инновациялық идеяның қалыптасуы инновациялы идеяның пайда болу және жобаның генералдық мақсаттарының қалыптасу үдерісі;
  • жобаны жасақтау жобаның негізгі мақсатына шешімдерді іздеу  және жобаны жүзеге асыру бойынша уақытының, ресурстарының және орындаушылардың өзара тәуелділіктердің қалыптасу үрдісі;
  • жобаның жүзеге асырылуы жоба бойынша алға қойылған мақсаттарға сәйкес  жұмыстардың орындалу үрдісі;
  • жобаның аяқталуы соңғы нәтижеге қол жеткізіп, келісім шартта тоқтату үдерісі. Мұнда тапсырыс беруші күткен нәтижені қолына алуға тырысады. Осылайша жаңа жобаның өмірлік циклы аяқталады.

Информация о работе Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау