Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 15:17, реферат
Сезім мүшелері (органы чувств, сенсорные органы); (organum sensuum, лат. organon — мүше, ағза; sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.
Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты:экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.
Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Интерорецепторлар — ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфатамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді.
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Есту мүшесінің құрылысы (сыртқы, ішкі, ортаңғы құлақ)
2.2. Кортиев мүшесі
2.3. Дыбыстың қаттылығы
2.4. Тербелістер амплитудасы
2.5.Дыбыстың биіктігі
2.6.Дыбыстың тембрі
2.7.Дыбыстың шуы
2.8.Дыбыстың таралу жолы
2.9. Тепе-теңдік сезімі
ІІІ.Қорытынды
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер
Дыбыстың тағы да бір маңызды сипаттамасы — оның бояуы немесе музыканттардың айтуынша, оның тембірі болып табылады.
Тембр — адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
Дыбыстың тембрі бойынша біз кімнің сөйлеп жатқанын немесе қандай аспапта ойнап жатқанын анықтай аламыз, яғни дыбыс тембрі бойынша дыбыс көзі анықталады. Мысалы, қаттылығы да, жиілігі де бірдей дыбыстардың әртүрлі музыкалық аспаптардағы үні түрліше шығады, бірдей нота түрліше орындалады.
Денелердің гармоникалық тербелістері синусоидалық толқындар деп аталатын толқындарды туғызады. Алайда нақты дыбыстың белгілі бір жиілігі бар тербеліс жасауы өте сирек кездеседі.
Әдетте, дыбыс көзінің тербелісі
кезінде пайда болатын
Бұл суретте көрсетілген
Осындай күрделі дыбыстың ең төменгі жиілігі негізгі жиілік, ал оған сәйкес келетін белгілі бір биіктіктегі дыбыс негізгі тон деп аталады. Күрделі дыбыстың биіктігі дәл осы негізгі тонның биіктігімен анықталады. Осы тон бойынша адамдардың даусы, аспаптардың дыбыстары жоғары немесе төмен болады.
Әдетте, негізгі тонға обвртондар немес
Жиілігі мен амплитудасы әртүрлі қосымша толқындардың негізгі тонмен ілесе жүруі әрбір музыкалық аспаптың ерекшелігін анықтайды. 109-суретте әртүрлі екі аспапта орындалған бір нотаның тербелістері көрсетілген.
Негізгі тонға обертондар неғұрлым көбірек қосылған болса, әрбір обертонның күшіне байланысты дыбыс тембрі де соғұрлым әр алуан болып келеді. Әсіресе әншілердің даусы, скрипка үні обертондарға бай.
Әртүрлі шулардың музыкалық дыбыстардан ерекшелігі сол — оларға қандай да бір белгілі тербеліс жиілігі сәйкес келмейді.
Шу—әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.
Жапырақтың сыбдыры, өзен суының сылдыры, құстардың дауысы, судың сәл шалпылы сияқты шулар адамға жағымды естіледі. Алайда дыбыстардың мұндай табиғи үнін үлкен елді мекендер мен қалаларда өнеркәсіп, көлік және т.б. шулары басып тастауда. Мысалы, өнеркәсіп шуының қаттылық деңгейі кейбір өндіріс орындарында 90 дБ-ге жетеді және одан да жоғары болуы мүмкін. Тұрмыстық; техника деп аталатын шулардың жаңа көздері пайда бола бастаған біздің үйімізде де тыныштық жоқ.
Адамды қалыпты күйінен
Шуға бұрын көп көңіл
Адамды шудың теріс ықпалынан қорғау үшін денсаулық сақтау мекемелері шудың шекті деңгейінің сындық санитарлық нормаларын бекіткен. Осы нормаларға сәйкес шудың қаттылық деңгейі 30—40 дБ-ден артпауы тиіс.
Тепе-теңдік сезімі. Көру мүшесінен кейін дененің кеңістіктегі тепе-теңдігін сақтайтын мүшеге вестибула рецепторы жатады. Барлық рецепторлар ішінде вестибула мүшесі-адам ұрығының ең алғашқы өсіп жетілетін рецептор. Әр вестибула мүшесі өз жағының бұлшық еттерінің ширығуын басқарып отырады. Сондықтан, мысалы, сол жақ құлақ вестибула мүшесі бұзылса, онда дененің екінші жағы басым болып, адам басы оң жаққа қарай бұрылады. Вестибула мүшесінің ұшқыштар жұмысында, ғарышқа ұшқанда салмақсыздық жағдайында, парашютпен секіргенде, таудағы спортта, суда жүзгенде, велосипед коньки тепкенде маңызы зор.
Вестибула – ішкі құлақта орналасқан, өте күрделі құрылысты мүше. Ол сағалық бөлімнен және үш жазықтықтан, өзара перпендикуляр орналасқан үш доға қуыстан құрылған. Доға қуыстары эндолимфамен толы. Сағалық эндолимфада екі дорбашық-дөңгелек және сопақ дорбашықтар болад. Ол дорбашықтарда әктелген ұсақ тастар-статолиттер бар. Дөңгелек және сопақ дорбашықтар түкті рецептор клеткаларына тиіп жатады. Басты бір жаққа қисайтқанда немесе дене кеңістіктегі жылдамдығын өзгерткенде, төмен тарту салмақ күшінің және күштің ортадан тебуінің өзгеруімен байланысты дорбашықтарда қозу пайда болады. Дененің еңкеюін дорбашықтардан басқа буынның сіңірлеріндегі рецепторлар, әсіресе мойын бұлшық еттері, терідегі рецепторлар жақсы сезеді. Доға қуыстары жылдамдықтан немесе бір кеңістіктегі баяу айналу қозғалысынан және бұрыштық жылдамдықтан қозады. Вестибула мүшесінің қозуы жоғары болса, бас айналады. Ұзақ уақыт дөңгеленгеннен кейін көз жыпылықтап, мезгіл-мезгіл тартады. Есту жүйкесі құрамына вестибула жүйкесі кіреді. Есту жүйкесі сопақша мимен байланысты болғандықтан вестибула мүшесіне әсерін тигізеді. Оның тым күшті қозуынан жүрек жылдам немесе жай соғады, тыныс алу өзгереді, қан тамырлары тарылады немесе кеңейеді, қанның қысымы не жоғарылайды не төмендейді. Мұндай жағдай ұшақпен ұшқанда, теңізде жүзгенде, алтыбақан тепкенде, әр түрлі көлікпен жүргенде, кейбір дене шынықтыру жаттығуларын жасағанда байқалады. Осындай қолайсыз жағдайлардан үздіксіз жаттығу нәтижесінде құтылуға болады. Вестибула мүшесінің ең негізгі жаттығуы: басты шайқау, гимнастикамен, бокспен шұғылдану, суда жүзу, алтыбақан тебу, секіру суға секіру,т.б. Вестибула мүшесінің және вестибула анализаторы (ми қыртысындағы) аймағының жаттығуымен қатар үлкен ми сыңарлары қыртысындағы көру, тері және проприорецепторлық аймақтар да жаттығады. Мұндай жаттығулардың еңбек қабілетін дамытуда және спортта маңызы зор.
Әуен
бір естіліп, бір естілмейді...Құлаққаптарды
Не істеу керек?
Құлаққаптан біржола бас тартудың қажеті жоқ. Тек келесі сақтық шараларын сақтасаңыз болғаны:
Алаңдау негіздері
Біз есту қабілетіміздің нашарлауын байқамаймыз. Бірақ ерекше қауіпті жағдайда ағзамыз бізге белгі береді. Сонымен, қауіпті белгілер:
1. Құлағыңыз жүйелі түрде
2. Айналадағы дыбыстар бәсең естіледі;
3. Шулы кабинеттерде сөйлесіп тұрған адамды түсіне алмайсыз;
4. Жай шығып тұрған дыбыстар қатты естіледі. Мысалы, қаламның қағазды сызып жазып отырған секілді естілуі.
Өз денсаулығыңыз үшін жаман әдеттерден құтылыңыз.
Қорытынды
Қорыта келе, адам есту мүшесі
арқылы айналасындағы дыбысты
естиді. Адамның сөз сөйлеп, өзара
қарым-қатынас жасауында есту
мүшесінің маңызы зор. Есту
мүшесінен түскен ақпараттар
ішкі мүшелердің қызметіне
Пайдаланған әдебиеттер
Информация о работе Есту және тепе-теңдік мүшелерінің механизмі