Есту және тепе-теңдік мүшелерінің механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 15:17, реферат

Краткое описание

Сезім мүшелері (органы чувств, сенсорные органы); (organum sensuum, лат. organon — мүше, ағза; sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.
Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты:экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.
Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Интерорецепторлар — ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфатамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Есту мүшесінің құрылысы (сыртқы, ішкі, ортаңғы құлақ)
2.2. Кортиев мүшесі
2.3. Дыбыстың қаттылығы
2.4. Тербелістер амплитудасы
2.5.Дыбыстың биіктігі
2.6.Дыбыстың тембрі
2.7.Дыбыстың шуы
2.8.Дыбыстың таралу жолы

2.9. Тепе-теңдік сезімі
ІІІ.Қорытынды
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер