Есеп саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2014 в 11:17, лекция

Краткое описание

1. Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар.
2. Есеп саясатының мазмұны.
3. Есеп саясатын дайындау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

практика (2).docx

— 103.90 Кб (Скачать документ)

Дт 2410

Кт 5400

негізгі құралдар қайта бағалауда пайда болатын төленбеген қосымша капитал

Дт 5400

Кт 2420

Қайта бағалау жүргізу күнінде есептелген негізгі құралдар құнының пропорцияналды өзгеруіне әкелетін тозу


 

Қайта бағалаудың бүкіл соммасы бөлінбейтін пайдаға қандайда бір себебіне байланыссыз объектіні естен шығару сәтінде ауыстыруылы мүмкін.

Негізгі құралдар қайта бағалау ҚР заңдылығында белгіленген тәртіппен тура есептеу әдісі бойынша 31 желтоқсандағы жағдайларына сәйкес жылына бір рет жүргізіледі.

Ж) негізгі құралдар объектісінің бастапқы құның арттыру қызмет етуінің нормалық мерзімін немесе өндірілген арттыру шартын орындау бойынша капиталды жөндеу жасалған кезде жүргізіледі;

З) Бастапқы құны төмендетіледі;

- Техникалы –  экономикалық көрсеткіштердің елеулі өзгерінсіз, бөлшектеп жойылу жағадайында;

- Есепті кезең соңына негізгі құралдар ағымдағы құны бойынша тура қайта бағалау кезеңінде.

И) «ж» және «з» бөлімдерінде көрсетілген істен шығару және жөндеуге кеткен барлық қалған шығындар ағымдағы шығындарға жатады және актілерімен рәсімделіп проводка жүргізіледі.

 Дт 7210, 8410

 Кт 3310

Актіде қабылданған және орындалған негізгі құралдар жөндеуге байланысты жұмыстар

 Дт 1420

 Кт 3310

ҚҚС соммасына


 

 

 

Негізгі құралдар әрбір тобы бойынша жөндеу шығындардың нақты соммасы. ҚР «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» кодексінің 113 бабының 2 пунктінің аясында есептелінеді. Белгіленген шектеуден асатын сомма.

Нақты шығындарға пропорцияналды топтарға сәйкес келетін құндылықты балансты арттырады, не болмаса кәсіпорынның таза пайда есебінің шығынына жатады. Яғни Дт 7210.

Негізгі құралдар объектілерін жөндеуімен байланысты бүкіл шығындар пайда болатын кезеңдегі өндірістік шығындарға қосылады. Толығымеен жөндеу жүргізілгенде мердігермен келісім шарт жасалып, смета құрылады. Жөндеу жұмыстарын аяқталу бойынша коммисия орындаған жұмыс актісімен жөнделген негізгі құралдар қабылдау — өткізу актісін құрады. (негізгі құралдар — №2 нысаны)

Жөндеу жұмыстарына байналысты нақты шығындар соммасы бухгалтерлік есеп бойынша шығын шотына жазылады.

Негізгі құралдар, тауарлы материалдық қорлар, материалдық емес активтерді түгендеу, есептен шығару, арзандату материалдық емес активтер мен негізгі құралдар есебі туралы жағдайға сәйкес кәсіпорынның әрдайым әрекет ететін түгендеу коммисиясы жүргізіледі.

10 % тозған негізгі құралдар ағымдағы құны бойынша есептелінеді.

Жойылу құны – салық кодексі бойынша амортизацияның шекті норма ставкасының ½ мөлшерінде анықталады.

Негізгі құрал-жабдықтардың түсуі мынадай қүжаттармен рәсімделеді:

Негізгі құрал-жабдықтарды қабылдау-тапсыру /орнын ауыстыру/ актісі /ү. № НҚ-1/ негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайдан басқаларда, оларды пайдалануға беру үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан бөлімнен, учаскеден екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан қордан пайдалануға тапсыруды рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа субъектіге тапсыру кезінде /жарғылық капиталға қосқан үлестерді, сатуды, сыйларды/ негізгі құралдар құрамынан шығару үшін қолданылады.

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттамасы қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілеггі адамдар бекітеді. Негізгі құралдардьщ кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех /бөлім/ қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылган бірінші дана бухгалтерияға тапсырылады, екіншісі бөлімге — тапсырушы цехқа беріледі.

Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер ушін) екі дана етіп жасалады.

Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде акт үш дана болып жасалады: бірінші екеуі өткізуші субъектіде қалады /онда бірінші дана негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп-беруге, екіншісі — есеп айырысу-төлем құжаттарьша тіркеледі/, үшінпгі дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.

Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру орнын ауыстыру актісі төменде келтірілген. Eгic алқабын қорғайтын өсімдіктерді қабылдау. «Eric алқабын қорғаушы екпе ағаштарды пайдалануға қабылдау туралы актімен» жүзеге асырады, бүл құжатты сондай-ақ қорғаушы орман өсімдіктерін егудің аяқталған жұмыстарын кіріске алу және оларды /жас мөлшері 5 жылдан кем болмайтын мерзімде/ пайдалануға беруді рәсімдеу үшін де қолданады. Малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстыру ферма меңгерушісі толтыратын «Малдарды бір топтан екінші топқа ауыстыру» актісімен рәсімделеді. Егер негізгі табынға мүйізді ірі қара малын, шошқа мегежіндерін, биелерді, айғырларды ауыстыратын болса, актіге әр малдың   мүліктік тізімдеу нөмірі, туылган уақыты, жынысы, класы, түсі және басқа белгілері көрсетіліп жазылады. Ешкінің, қойдың және басқа үсақ малдың төлдері жалпы саны, негізгі табынға ауыстырылған малдардың бәріне тән белгілері /түқым, жынысы/ көрсетіліп жазылады.

Бухгалтерия келіп тускен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу  нөмірін беріп, мүлікінің тұрған орны, пайдалану орны бойынша

№ НҚ-13 улгідегі Мүліктік тізімге енгізеді, негізгі құралдарды алу туралы жазба жасайды:

Негізгі құрал-жабдықтарды бір кәсіпорыннан екіншіге беру екі дана етіп дайындалатын, №НҚ-1 үлгідегі акт арқылы жүзеге асырылады. Акт негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтардың мүліктік түгелдеу тізіміне негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі қойылады. негізгі құралдардың субъектінің өз ішінде цехтан цехқа/ орын ауыстыруы №НҚ-1 үлгідегі акт арқылы жүзеге асады. Оның негізінде негізгі құрал-жабдықтардың көшуі туралы объектілердің тұрған жеріндегі мүліктік түгелдеу тізімдеріне және мүліктік түгелдеу карточкаларына белгі соғылады. Негізгі құралдар орын ауыстырғанда 2410 «Негізгі құралдар» бөлімшесі шотының дебеті және кредиті бойынша бухгалтерлік жазу орындалады.

Амортизациялық аударымдар өнімнің, жүмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын құрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Амортизациялық аударымдар сомасын көтеру немесе түсіру өндіріске жұмсалатын шығынның, жалпы табыстың көлемінің бұзылуына, бұдан барып салық салудағы дәлсіздікке әкеліп соғады.

Амортизация (латынның өтеу деген сөзінен) — тозуына қарай негізгі құралдардың қүнын олардың көмегімен өндірілетін өнімге аударатын объективті процесс; арнайы ақша қаражатгарын-негізгі құралдарды (негізгі капиталды) қарапайым және кеңейтіп өндіру үшін өндіріс немесе айналыс шығындарына енетін амортизациялық аударымдарды пайдалану. Амортизация үшін еңбек құралдарының өндіріс процесіне және қүн жасауға қатысу ерекшеліктері объективті негіз болады. Негізгі құралдардың қызмет мерзімінің үзақтығы нәтижесінде олардың қүны өнімге бір циклда толықтай емес, олардың табиғи және сапалық тозуына қарай бөлек-бөлек өтетін болады. Өнімнің қүнының бөлігі ретінде амортизация бірнеше кезеңнен өтеді: бітпеген өндіріс, дайын және сатып-өткізілген өнім элементі болып қызмет етеді. Оның бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдеріндегі қозғалысы айналым қаражаттарының аванстандырылуын (алдын ала ақша жұмсалуын) тәлап етеді.

Амортизациялық аударымдар қатардан шыққан негізгі құралдарды қайта қалпына келтіру үшін жұмсалады. Сондықтан да қызмет етуінің бүкіл кезеңіндегі амортизациялық аударулар мөлшері жоюдан түскен таза түсімді (жою қүнын) алып тастағанда, олардың бастапқы (қалпына келтіру) қүнына тең болуы керек.

Амортизациялық аударулар амортизация нормалары бойынша жүзеге асырылады. Амортизация нормасы—амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың орташа жылдық қүнына процентпен көрсетілген қатынасы. Нормалар еңбек құралдарының өтелуінің нормативтік мерзімін көрсететін экономикалық тиімді қызмет мерзіміне қарай белгіленеді. Олардың деңгейі техникалық-құрылымдық және материалдық-заттық ерекшеліктеріне қарай бағаланатын негізгі құралдардың қанша мерзімге арналғанына және табиғи тозуына; негізгі құралдардың, әсіресе пайдаланудағы машиналар мен жабдықтардың нақты жасына; қолданылып жүрген еңбек құралдәрының моралдық жагынан тозуына тікелей қатысты.

Мынандай негізгі құралдар бойынша амортизация есептелмейді: өнім беретін малдарға, буйволдарға, өгізге, бұғыларға; кітапхана қорларына; қаланы көріктендіру ғимараттарына; ведомостволық әкімшіліктерге; ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарына; белгіленген тәртіпппен тоқтатылған қорларға; бюджеттк ұйымдардың қорларына.

Кәсіпорындар негізгі құралдардың белгіленген амортизациялау нормасына және балансты құнына сүйеніп субъект балансында тұрған жекелеген топтар немесе мүліктік объектілер бойынша ай сайын амортизациялық аударымдар жасап отырады.

Есептелген амортизация сомасы ай сайын өндірлген өнімнің, орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің өіндік құнына

апарылады; маусымдық өндірістерге амортизациялық аударымдардың жылдық сомасы кәсіпорынның жыл ішінде жұмыс істеу кезеңнің өндірістік шығындарына қосылады.

Негізгі өндірісте пайдаланылатын меншік және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша есептелінген тозу сомасына:

Дт 8045 «Негізгі құралдардың тозуы»

Кт 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» бөлімшесінің тиісті шоттары

Жалпы шаруашылық мақсатқа пайдаланылатын меншікті және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдарға есептелген тозу сомасына:

Дт 7210 «Әкімшілік шығыстар»

Кт 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» бөлімшесінің тиісті шоттары

Кәсіпорындағы негізгі құрал-жабдықтар шаруашылық процессіне қатынасып отыру нәтижесінде тозады, ал кей жерлері жөндеуді қажет етеді. Оларды үнемі жұмысқа жарамды күйінде сақтап отыру үшін жөндеу жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары көлеміне байланысты қарапайым және күрделі жөндеуге бөлінеді.

Қарапайым жөндеу деп — әдетте негізгі құралдарды күнделікті пайдалануға байланысты болатын қарапайым жұмыстарды айтады.

Күрделі жөндеу деп – үйлердің, құрылыстардың және күрделі машиналардың тозығы жеткен бөлшектері мен деталдарының бәрін ауыстыруға байланысты болатын ірі жөндеу түрін, айтады.

Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес шығындары актив өнімділігінің алғашқы есептелінген нормативтеріне сәйкес кәсіпорын күте алатын келешек экономикалық пайданың сақталуы немесе қалпына келтірілуі үшін жүзеге асырылады. Мұндай сапада олар әдетте туындауына қарай кәсіпорынның шығыны ретінде танылады (есепке алынады).

Кәсіпорын өндірістік негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған шығындарды өндіріс шығындарына жатқызады.

Кәсіпорында жөндеу шығындарын өндірістік шығындарға біркелкі енгізіп отыру үшін жөндеу қорын құруына болады. Бұл қорға кәсіпорынның өзіне бекітілген нормативтер бойынша жарналар есептелініп, өнімнің өзіндік құнына енгізіліп отырады.

Субъектіде жөндеу жұмыстары мердігерлік әдіспен және шаруашылық әдіспен орындалуы мүмкін.

Жөндеу жұмыстары шаруашылық әдіспен жүргізілгенде барлық жұмыстар шаруашылықтың өз күшімен орындалады.

Мердігерлік әдісті пайдаланғанда жөндеу жұмыстарын арнайы құрылыс және жөндеу мекемелері орындайды.

Материалды емес активтердің есебі.

38- «Материалды емес  активтер» атты Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес материалдық емес актив — бұл физикалық нысаны жоқ бірегейлендірілетін ақшалай емес актив.Материалдық емес активтердің сыныбы – бұл сипаттамасы мен тағайындалуы ұқсас активтер тобы. Материалдық активтердің жеке сыныптарының мысалдары мыналар болуы мүмкін:

1) сауда белгілері;

2) компьютерлік  бағдарламалық қамтамасыз ету;

3) лицензиялар мен  франшиздер;

4) авторлық құқықтар, патенттер мен өнеркәсіптік меншікке арналған басқа құқықтар, қызметке және пайдалануға арналған құқықтар;

5) титулдық және баспа құқықтары;

6) рецептер, формулалар, моделдер, сызбалар мен тәжірибе үлгілері;

7) әзірленім процесіндегі материалдық емес активтер.

Материалдық емес  активтердің нақты барлығы мен қозғалысын есепке алу үшін Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің келесідей шоттары қарастырылған: 2710 «Гудвилл», 2730 «Өзге материалдық емес активтер». 2710 «Гудвилл» шотында гудвиллдің нақты бар болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар көрсетіледі. 2730 «Өзге материалдық емес активтер» шотында сипаты және мекеменің қызметінде қолданылу жағынан ұқсас активтер тобы есепке алынады, мысалы: тауарлық белгілер, компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету, лицензиялар мен франшизалар, қызметтерге және пайдалануға арналған құқықтар, формулалар және т.б.

Материалдық емес активтердің осы аталған топтарына қажет болған жағдайда жеке қосымша шоттар ашуға болады. Мысалы, 2731 «Тауарлық белгілер», 2732 «Титулдық деректер және басқа құқықтары» және т.с.с.

Аталған шоттардың дебеті бойынша материалдық емес актвитердің ай басындағы және аяғындағы қалдықтары сондай-ақ олардың түсуімен байланысты операциялар көрсетіледі де, ал кредиті бойынша материалдық емес активтердің  есептен шығарылуы көрсетіледі.

Материалдық емес активтер мекемеге келесі жағдайларда түсуі мүмкін:

-         құрылтайшылардың өздерінің салымдары есебінен құрылған мекеменің жарғылық капиталына екі жақтың келісімдері бойынша енгізулер;

-         мемлекеттен, заңды және жеке тұлғалардан тегін немесе мемлекеттің  жәрдем ақшасы есебінен номиналдық құны немесе активтің жәрдем ақша берген күніндегі активті әділдік құны бойынша алу;

-         ұқсас  немесе материалдық емес активтерге айырбастау әділдік құны немесе теңгерімдік құны бойынша;

Информация о работе Есеп саясаты