Есеп саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2014 в 11:17, лекция

Краткое описание

1. Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар.
2. Есеп саясатының мазмұны.
3. Есеп саясатын дайындау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

практика (2).docx

— 103.90 Кб (Скачать документ)

Қоғамның негізгі құралдарын  бөліп алу  уәкілетті органмен келісіле отырып,  «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес  жүргізіледі [16].

Активті  мойындауды тоқтатудан немесе активтің құрамдас бөлігінен туындаған  пайда немесе залал істен шығу мен  активтің теңгерімдік құнынан  болатын таза түсімдердің  бағалау сомасы арасындағы  айырма ретінде  кірістер мен шығыстар туралы  есепте  айқындалуы тиіс. Істен шығудың нақтылы күні тауарларды  сатудан түскен  түсімдерді мойындауға қатысты ҚЕХС (IAS)18 белгілеріне сәйкес  анықталады. Негізгі құралдар объектілерін  тарату кезінде Қоғам алатын  пайда немесе залал  басқа кірістер және залалдар ретінде  жіктеледі.

Активті мойындау белгілері қанағаттандырылған жағдайда негізгі құралдардың  сындарлы біріктірілген  құрамдас бөліктерін ауыстыру кезінде  бастапқы құрамдас бөліктің  теңгерімдік құны  ол амортизацияланды ма, бұл жеке алмастырылған бөлігі ме,  немесе алмастырылған жоқ па,  оған қарамастан  есептен шығарылуға жатады. Егер орны алмастырылған  құрамдас бөліктің  теңгерімдік құнының  дұрыс бағалануы мүмкін болмаса,  онда  орны алмастырылған бөліктің  көрсеткіші ретінде  құрамдас бөлікті сатып алу және салу сәтіндегі оның құны пайдаланылады. Бұл ретте, орны алмастырылған бөліктің теңгерімдік құнын бағалау  кәсіби пікір-сайысты талап етуі мүмкін.

Қоғамның шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімінен  негізгі құралдар объектілерін есептен шығару  мыналардың нәтижесінде болады:

- табиғи және моралдық тозу, дүлей апаттар, авариялар салдарынан тарату;

- сату;

- заңды немесе жеке тұлғаларға  ақысыз беру (сыйға тарту);

- жарғылық капиталға үлес  ретінде беру;

- активтермен алмасу;

- басқа себептер (жетіспеушілік, бүлінуі және басқалай).

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұйрығына сәйкес негізгі құралдардың жай-күйі мен қозғалысының жинақтамалы есебі 2400 «Негізгі құралдар» кіші бөлімінің 2410 «Негізгі құралдар» шотында жүргізіледі, онда негізгі құралдардың жекеленген нысандары бойынша бөлшектеуге байланысты оларды есепке алу үшін қоымша жинақтамалы мүліктік шоттар ашылады. Негізгі құралдардың түрлері бойынша бөлшектеуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады.

Активт ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша  немесе барлық  жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі жинақталған шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.

Негізгі құралдардың амортизациясын шоғырландыру үшін 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шоттар тобына арналған. Негізгі құралдарың құнсыздануынан болатын шығындарды  шоғырландыру үшін 2430 «Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар» шоттар тобы арналған [17].

16 – «Негізгі құралдар» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес амортизация – бұл активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу. Амортизацияланатын құн – жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе  бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заңына сәйкес ұзақ және қысқа мерзімді активтер есебін ұйымдастырады. Және де қаржылық есеп беру халықаралық №38 «Материалдық емес активтер», №16 «Негізгі құралдар», Бухгалтерлік есеп №6 «Негізгі құралдар», №28 «Материалдық емес активтер» деп аталатын стандарттар негізінде есепті жүргізеді.

Ұзақ мерзімді активтер деп – кәсіпорынның шаруашылық қызметінде бір жылдан артық мерзімге пайдаланылатын және қайта сатып-өткізуге жатпайтын құралдарды айтады. Егер қандай да бір құндылықтар қайта сатып-өткізуге арналған болса, оларды тауарлы-материалдық босалқыларға, яғни айналым құралдарына жатқызу қажет. Ұзақ мерзімді активтерге: Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, өзге ұзақ мерзімді активтер жатады.

Мысалы, сатып-өткізу үшін жасалынған жазу столы оны жасаушы кәсіпорын үшін айналым құралы болып табылады, ал оны өзінің шаруашылық қызметіне пайдалану үшін сатып алған кәсіпорынның негізгі құралдарының бір бөлігін құрайды.

Ұзақ мерзімді активтерді мынадай категорияларға жіктеуге болады:

-          Материалдық активтер (негізгі құралдар, табиғи ресурстар)

-          Материалдық емес активтер[18].

Материалдық активтердің табиғи натуралдық нысаны бар. Мысалы, оларға жерді жатқызуға болады. Жердің пайдалану мерзімі шексіз болғандықтан, оған амортизация (тозу) есептелінбейді. Ғимараттар, құрал-жабдықтар, құрылғылар амортизациялауға жатады, яғни пайдалану мерзімі ішінде олардың құнын бөліп-тарату үшін тозу есептелінеді. Тозудың есебі бағалау процессі емес, бөліп тарату процессі болып табылатындығын есте сақтау қажет. Бұл мәселелердің барлығы осы тауардың келесі параграфында егжей-тегжейлі қарастырылады.

Негізгі құралдар бұл-кәсіпорын дайын өнім өндіру үшін қолданатын материалды активтер. Яғни басқа ұйымдарға ұзақ мерзімді уақыт пайдаланады деген болжаммен жалға беру үшін жасайды.

Негізгі құралдың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау жіберу актісімен рәсімделеді [19].

Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша операциясының синтетикалық есебі компьютерде шоттардың типтік жоспарында 2410 бөлімінде көрініс табады. Негізгі құралдар негізгі құралдар -6 нысан бойынша негізгі құралдардың инвентарлы карточкаларда саналады. Алғашқы құны бойынша келіп түскен сәттен бастап бағаланатын негізгі құралдар 2410 бөлім шоттарына дебеті бойынша сәйкес көрсетіледі. Корреспонденциялар:

Дт 3310

Кт 1010, 1030

Негізгі құралдардың обьектісі есебінен шығарылған шоттар бойынша төлем жүргізілді.

Дт 2410

Кт 3310

ҚҚС-сыз негізігі құралдар кірістелді.

Дт 1420

Кт 3310

ҚҚС сомасында проводка жасалуда.

Дт 3130

Кт 1420

ҚҚС бойынша сома.


 

Негізгі құралдардың келуі осы обьектінің техникалық құжатнамасымен қабылдау-өткізу актісімен рәсімделеді. Мекемелердің жарғылық капиталға салымы ретінде негізгі құралдарды кіргізу кезінде осы құралдың бастапқы құны болып Қ.Р заңнамасында анықталған құн болады және негізгі құралдар -1 нысанындағы қабылдау-жіберу актісімен келесі проводкалармен рәсімделеді:

Негізгі құралдар 2 топқа бөлінеді:

- Өндірістік арналымды.

- Өндірістік емес арналымда.

Негізгі құралдар анықтау әдісі өндірістік процесске тура және тікелей қатысу.

 

 

Дт 5110

Кт 5000

Мекемелердің негізгі құралдарды жарғылық капиталға салымы ретінде салуы.

Дт 2420

Кт 5110

Мекемелерден келіп түскен негізгі құралдар келісімділігіне.

Дт 2420

Кт 727

негізгі құралдар қайтарымсыз алыну кезінде бастапқы құны аталған құралдардың негізгі құралдар -1 нысаны бойынша қабылдау жіберу акті деректері бойынша анықталады бірақ оның нарықтық құнынан артық емес.

Дт 2410

Кт 2420

Қабылдау жіберу актісінің деректері бойынша тозу соммасына.


 

 

 

Б) негізгі құралдар нормативтік қызмет мерзімін анықтау келесі мәліметтер негізінде жүргізіледі:

- Техникалық жағдайлары;

- Пайдалану қарқыны;

- Болжамды моральды  тозу деңгейі;

- Техникалық құжатнама мәліметтері;

- Компанияның келешектегі қызметтерін бағалау;

В) Бастапқы құны-бұл негізгі құралдарды сатып алу бойынша хабарландырылмайтын салық пен жиындар туралы нақты шығындар құны, сонымен қатар жеткізу, монтаждау, құру бойынша және пайдалануға қосу мен басқа да кез-келген активті жұмыс істеу жағдайына келтірумен байланысты және оның арналымы бойынша пайдалану үшін кеткен шығындар.

Ағымдағы құны — бұл негізгі құралдар белгілі бір күндегі нарықтың бағасы бойынша құны .

Баланстық құн — бұл бастапқы немесе ағымдағы жиналған амортизациялық құннан алынған құн, ол бойынша актив есепте және есептілікте көрініс табады.

Сату құны — бұл негізгі құралдар дербес жақтар арасында ауысу бойынша болатын құн.

Жойылу құны — негізгі құралдар өтімділігі кезіндегі пайда болатын артық бөлімдері, сынықтар, қалдықтар құны.

Пайдалы қызмет мерзімі-бұл негізгі құралдар пайдаланудан алынатын экономикалық пайданың болжамды кезеңі.

Нормативтік қызмет мерзімі-бұл негізгі құралдар 110 бабында белгіленген нормаларына сәйкес негізгі құралдарға тозуды есептеу кезіндегі мерзім.

Амортизацияны есептеу үшін кемімелі қалдық әдісін қолданады.

Жаңадан пайдалануға енгізілген негізгі құралдар амортизациясын есептеу енгізілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал істен шығарылған негізгі құралдар шығарған айдың кейінгі айдың бірінен бастап шығарылады.

- негізгі құралдар бойынша амортизация келесі жағдайда есептелмейді:

- Амортизацияланбайтын  негізгі құралдар бойынша.

- Негізгі құрылымды қайта құру мен техникалық қайта жабдықтау кезінде, олардың толық жұмысын тоқтату шартында;

- Консервацияға аудару кезінде;

- Ағымдағы жалға алу шарттымен алынған негізгі құралдар бойынша

- Пайдалы қызмет мерзімі нормативті қызмет мерзімінен асып кеткен жағдайда.

Амортизация есептеуге келесі проводка жасалады.

 Дт 8410,7210

 Кт 2420

Амортизацияны есептеу


 

Негізгі құрал-жабдықтың істен шығуы.

Негізгі құралдар объектілері кәсіп орынның бухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде шығарылады:

- Физиккалық немесе моральді тозудың;

- Шаруашылық қызметте қолданылмайтын негізгі құралдар сату;

- Басқа субъектілерге негізгі құралдар жарғылық капиталға салым түрінде беру;

- Басқа заңды және жеке тұлғаларға кайтарымсыз беру;

- Объектілерді ұзақ мерзімді жалға беру;

- Кемшілік, дүлей апат және басқалар.

Негізгі құралдар шығару нәтижесінде пайда болатын кіріс және шығындар баланстық құны мен сату құқының арасындағы айырмалық ретінде анықталады, ал басқа да активтерді сату мен шығаруға байланысты шығыстар.

Негізгі құралдарды шығару кезінде олардың баланстық құны жазылып, мынадай проводкалар жасалады.

 Дт 7410

 Кт 2410

негізгі құралдардың шығарылуы


 

Жиналған тозу сомасына проводка

 Дт 2420

 Кт 2410

Жиналған тозуға


 

Негізгі құралдар объектісін өтімділік нәтижесінде шығарылса келесі проводкалар жасалады:

 Дт 7410

 Кт 2410

Есептен шығарылған негізгі құралдар баланстық құны

 Дт 2420

 Кт 2410

Алдында есептелген тозу соммасы

 Дт 7410

Кт 3350, 3310, 8310

негізгі құралдар ликвидациялау мен байланысты шығындар

 Дт 1310

 Кт 6210

негізгі құралдар есептен шығару кезінде алған тауарлы материалдық құндылықтар құны

 Дт 5420

 Кт 5510

Ликвидацияланған негізгі құралдар бойынша бағалауға дейін есептеп шығарған сомма


 

Бөліну жағдайында негізгі құралдар шығындары;

негізгі құралдар баланстық құнына жататын құн бөлімінен ҚҚС алып тасталынады яғни, негізгі құралдар қалдық құнын.

ҚҚС = (Қалдық құн х % ҚҚС есептеу) / 100 %

Мынадай проводка жүргізіледі.

Жоғалтқан мүлікті есептен шығарумен байланысты ұстап қалынбайды.

Есептен шығару 3 данадан тұратын негізгі құралдар есептен шығару актісімен рәсімделеді. Актіде объекті жайында толық мінездеме беріледі, жойылу себебін, бастапқы құнын, жиналған тозу соммасын және объектіні жөндеу санын көрсетеді «объектіні есептен шығару нәтижесінің есебі» бөлімі бойынша сонымен қатар құрал-жабдықтарды бөлшектеуден түскен материалды құндылықтардың құны, шығыны ғимаратпен құрал-жабдықтарды бұзу және бөлудің нәтижесіндегі құны мен шығындары да көрсетіледі. Актіні ҚР ТЖМ «Казавиақұтқару» РМК-нің бас директоры бекітеді.

 

 

Дт  7210

 Кт 3130

негізгі құралдар бөліну шығыны кезіндегі ҚҚС есептеу құнының бөлімінен алынады.


 

Негізгі құралдар объектілерінің сату негізгі құралдар Р қабылдау өткізу актісімен рәсімделеді, ол үш дананы құрайды: алғашқы 2-уі беріп жатқан кәсіп орында, 3-сі негізгі құралдар объектісінің қабылдаушыға беріледі. Актіде объектінің берілу сәтіндегі жағдайы яғни алғашқв құны тозу деңгейі және тозудан есептеледі. Сатылған негізгі құралдар объектісінің баланстық құнына проводка жасалынады.

Дт 7410

Кт 2410

Сатылған объектінің баланстық құны


 

Д) Нәтижесінде ағымдағы құны бойынша есептілік пен есепте негізгі құралдар көрсетілетін объектілерді белігілі уақытта бағалауды жүргізудегі нақты бағасына сәйкес негізгі құралдар бастапқы құның анықтау мақсатында жасалынады.

Жүргілген қайта бағалау нәтижесіндегі негізгі құралдар алғашқы құнының арту сомасы келесі проводкада көрінеді.

Информация о работе Есеп саясаты