Білім Беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 21:38, реферат

Краткое описание

Қоғам мен өндірістің даму үрдісінде адамдар әр түрлі ұйымдық-экономикалық қатынастар аясында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады. Кәсіпкерлік тарихы орта ғасырлардан бері бастау алады. Сол уақыттың өзінде көпестер, оаудагерлер, колөнершілер жаңадан қалыптасып келе жат- қан кәсіпкерлер ретінде таныла бастады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің даму тарихы айырбас қатынастарының, қоғамдық еңбектің бөлінісі мен жалпы нарықтық қатынастар даму тари- хымен тығыз байланысты.

Содержание

I. Кіріспе
1.1. Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны
II. Негізгі бөлім
2.1. «Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» түсініктерінің эволюциялық
тұрғыдан дамуы
2.2. Кәсіпкерліктің функциялары
2.3. Кәсіпкерлік қызметтің субъектідері мен объектілері
III. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 срс ББ мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет.docx

— 62.72 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар материалдық және материалдық емес игіліктер салыстырмалы шектеулі немесе абсолюттік шектеулі болып бо ліне ді. Бұл жагдайда, оларга деген қажеттілік колемдері ұсыныстан артады деген сөз. Игіліктердің шектеулігі, аталган игіліктердің мазмұнының шектеулігінде емес (мысалга, сүттің нашар дәмі немесе кинотуындының қызыгушылық тудырмай- тын сюжеті), қажеттілігі айқын игіліктерді адамдардың қолдану мүмкіндігінің шектеулігінде.

Салыстырмалы немесе абсолюттік шектеулі материалдық және материалдық емес игіліктердің болуы, адам қогамында осы шектеуліліктің орнын толтырудың (жеңудің) объективті негізі болып табылады. Сондықтан да өнім өндіру, қызмет корсету немесе жұмыстарды орындау аясында адамдардың қызметі негізінде басқа адамдар үшін де және озінің де қажетті игілік- терге қол жеткізу мақсатына байланысты жүргізіледі. Демек салыстырмалы немесе абсолюттік шектеулі игіліктерге адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлік субъектілерінің маңызды кәсіби функциясы болып табылады.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

Экономикалық әдебиетке «Кәсіпкер» түсінігі бірінші рет 1723 жылы Париж қаласында баспадан шыққан «Коммерцияның жалпыға ортақ сөздігінде» келтірілген. Мұнда кәсіпкер - өнім өндіру немесе құрылыс объектісі бойынша міндеттемесін өз мойнына алатын адам деген түсінік беріледі.

Кәсіпкерлік - бұл жаңа идеяларды жүзеге асыру мақсатында қандай бір материалдық құндылықтарды толығымен немесе жартылай түрде қолдана отырып, оларды бизнесті ұйымдастыру үшін ұтымды пайда- ланатын мүдделі және ынталы адамның интеллектуалды және іскерлік қарым-қабілеті. Кәсіцкерлік - бұл табыс әкелетін, кез келген өз бетінше жүргізілетін іс.

Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық функциясы кәсіп- керлермен өз ісін ұйымдастыру туралы өз бетінше шешім қабылдауында, кәсіпкерлік басқаруды қалыптастыруда, күрделі құрылымдарды құруда, кәсіпорын стратегиясының өзгеруінде және т.б. жұмыстарды ұйымдастыруда байқалады. Ұйымдастырушылық функция әсіресе шағын және орта бизнестің тез дамуына, сонымен қатар «ұжымдық» (желілік) кәсіпкерліктің дамуына ерекше әсер етеді.

Осылайша, кәсіпкерліктің мәні жоғарыда аталган оның бар- лық функцияларын кешенді қолданған жағдайда айқын  көрінеді. Бұл жағдай қалыптасқан  және дамыған кәсіпкерлікке тән. Сонымен қатар, кәсіпкерлік жұмыс субъектілерінің тиімді қызметімен қатар мемлекет тарапынан қолдауға да байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ. Кәсіпорын экономикасы. Алматы. Экономика. 2003. (5-21б).
  2. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Экономика. 2008ж.

 

 

 

 




Информация о работе Білім Беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет