Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 21:38, реферат
Қоғам мен өндірістің даму үрдісінде адамдар әр түрлі ұйымдық-экономикалық қатынастар аясында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады. Кәсіпкерлік тарихы орта ғасырлардан бері бастау алады. Сол уақыттың өзінде көпестер, оаудагерлер, колөнершілер жаңадан қалыптасып келе жат- қан кәсіпкерлер ретінде таныла бастады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің даму тарихы айырбас қатынастарының, қоғамдық еңбектің бөлінісі мен жалпы нарықтық қатынастар даму тари- хымен тығыз байланысты.
I. Кіріспе
1.1. Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны
II. Негізгі бөлім
2.1. «Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» түсініктерінің эволюциялық
тұрғыдан дамуы
2.2. Кәсіпкерліктің функциялары
2.3. Кәсіпкерлік қызметтің субъектідері мен объектілері
III. Қорытынды
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Пәні: Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет
Кафедра: Кәсіптік білім беру
Тақырыбы: Кәсіпкерлік туралы түсінік және оның мәні
Орындаған: Қанзалов О.Б.
КЖжКББ 401топ
Қабылдаған: Асаубаева А.К.
Астана 2013ж
Мазмұны
тұрғыдан дамуы
КІРІСПЕ
1.1. Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны
Қоғам мен өндірістің даму үрдісінде адамдар әр түрлі ұйымдық-экономикалық қатынастар аясында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады. Кәсіпкерлік тарихы орта ғасырлардан бері бастау алады. Сол уақыттың өзінде көпестер, оаудагерлер, колөнершілер жаңадан қалыптасып келе жат- қан кәсіпкерлер ретінде таныла бастады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің даму тарихы айырбас қатынастарының, қоғамдық еңбектің бөлінісі мен жалпы нарықтық қатынастар даму тари- хымен тығыз байланысты.
Экономикалық әдебиетке «
Fылыми термин ретінде «Кәсіпкер» түсінігі белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантильонның XVIII ғасырдың басында жарық көрген «Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала» кітабында келтіріледі. Автордың пайымдауы бойынша сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшақтық нарық жағдайында кейбір субъектілерге тауарларды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатуға мүмкіндік береді. Сондықтан, ол осы қарым-қатынастағы субъектілерді кәсіпкерлер деп атаған және француз тілінен аударғанда «делдал» деген мағына береді. Сонымен қатар, ол мұндай адамдар тек қана айналым саласында ғана емес, тауар өндіру саласында да қызмет атқаратындығына ерекше назар аударған және олар өндірістік құрал-жабдықтарға меншік иесі болуы міндетті емес деп санаған.
Ал ағылшынның атақты ғалымы Адам Смит кәсіпкер деп, өзінің қызметінің негізгі мақсаты кәсіпкерлік пайда таба- тын кәсіпорын иесі деп түсінген. XIX ғасырдағы Францияның экономисі Жан Батист Сэй, кәсіпкердің негізгі функциясыөндірістің қызметін біріктіру және үйлестіру деген пікірді ұстанған. Альфред Маршалл мен жолын ұстанушылар кәсіп- кердің ұйымдастырушылық функциясына ерекше көңіл бөлген. Олардың пікірінше әрбір қалаушы - кәсіпкер бола алмайды, оған ерекше қабілет керек деп есептеген.
Кәсіпкерлік туралы ерекше бағьггты ұстанған Иозеф Шумпе- тер, кәсіпкер тек жеке адамдар болып қана қоймайды, о л адам- дар тобынан да құрыла алады деген көзқараста болған. Сонымен қатар, оның пікірінше, кәсіпкерлікте ең басты - инновациялық қызмет, ал кәсіпорын меншігіне деген құқық кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып табылмайды деп есептеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіп- керлікке төмендегідей анықтама берілген: Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағатгандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық құқы- ғына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. «Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» түсініктерінің эволюциялық тұрғыдан дамуы
Төменде келтірілген мәліметтерден кәсіпкерлік ұғымы әр түрлі көзқарастар тұргысынан қарастырылады: шаруашылық жүргізу стилі ретінде, нарық жағдайында қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру үрдісі ретінде, нарық субъектілерінің өзара әрекеттесуі ретінде және т.б.
1-кесте. Кәсәпкерлік ұғымы бойынша әр түрлі көзқарастар
Мерзімі |
Анықтама авторы |
Анықтама мазмұны |
1723 |
Коммер- цияның жалпыға ортақ сөздігі, Париж қ. |
Кәсіпкер - өнім өндіру немесе құрылыс объектісі бойынша міндеттемені өз мойнына алатын адам. |
1725 |
Ричард Кан- тильон |
Кәсіпкер - белгісіздік жағдайларында шешім қабылдайтын және өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын адам. Кәсіпкердің табысы - ол тәуекел үшін төлем. |
1770 |
А. Тюрго |
Кәсіпкердің тек қана белгілі бір ақ- параты ғана емес, сонымен қатар капиталы да болуы керек. |
1776 |
Адам Смит |
Кәсіпкер - кәсіпорын иесі және тәуе- келді коммерциялық идеяларды жү- зеге асырушы. Негізгі функциясы - күнделікті шаруашылық қызмет ба- рысында өндірісті ұйымдастыру мен басқару. * |
1797 |
Карно Бодо |
Кәсіпқер - атқарылыц жатқан іске жа- уапты тұлға ретінде кәсіпорын қызметін жоспарлайтын, бақылайтын, ұйым- дастыратьш және оның иесі. Оның белгілі бір интеллектуалдьщ деңгейі, яғни алуан түрлі ақпараттар мен білім иесі. |
1830 |
Жан Батист Сей |
Кәсіпкерлік - бұл нарықтық кеңістіктің аталған нүктесіндегі өндіріс фактор- ларының рационалды комбинациясы. Кәсіпкер - өндірістік бірлік аясын- да адамдарды ұйымдастыратын тұл- ға. Кәсіпкер өнім өндіру мен бөлу үрдісінің аясында қызмет атқарады, ал кәсіпкерлік қызмет негізін - өнім өңдірісі мен өткізуді ұйымдастыру қабілеті құрайды. |
1876 |
Фрэнсис Уокер |
Кәсіпкер - өзінің ұйымдастырушылық қабілеттері арқасында пайданы иеле- нетін тұлга. |
1890 |
Альфред Маршалл |
Әрбір қалаған адам кәсіпкер бола алмай- ды. Кәсіпкерлердің «табиғи» таңдауы Ч. Дарвин ашқан табиги таңдауға сәйкес жүргізіледі. 1 |
1910 |
Макс Вебер |
Кәсіпкерлікқызмет- |
1911 |
Иозеф Шумпетер |
Кәсіпкерлікте ең бастысы - инно- вациялық қызмет, ал кәсіпорын меншігіне деген құқық кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып танылмайды. Кәсіпкер ретінде, өндіріс фактор- ларының жаңа комбинацияларын жүзеге асыратын кез келген адам, акционерлік қоғамның қызметкері, мемлекеттік шенеунік және меншіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорын менеджері бола алады. Бастысы «... басқалар жасайтын іспен айналыс- пау» және «...басқалар жасайтындай етіп жасамау». Кәсіпкерлік статус тұрақсыз, өйткені нарықтық экономика субъектісі тек жаңашылдық функ- цияларын жүзеге асырған кезде ғана кәсіпкер бола алады, ал өз қызметінде күнделікті ұсақ-түйек жұмыспен айналысқан кезде осы статусынан ай- рылады. |
1927 |
И.фон Тюнен |
Кәсіпкер - ерекше қасиеттерді иеле- нуші (тәуекелге бара алатын, стан- дартты емес шешімдерді қабылдай алатын және өз іс-әрекеттеріне жау- ап бере алатын) және сондықтан да жоспарланбаған (күтпеген) табысқа үміткер. Кәсіпкер тәуекел үшін, соны- мен қатар кәсіпкерлік өнері үшін та- быс алуы керек. (Ескертетін жағдай, И. Тюнен кәсіпкердіСжаңашыл болуы міндетті емес деп санаған). |
1936 |
Джон Мейнард Кейнс |
Кәсіпкер - шаруашылық жүргізушінің өзіндік әлеуметтік-психологиялық типі, ол үшін ең бастысы «... тек қана Вебердің рационалды калькуляциясы немесе Шумпетердің жаңашылдығы емес, белгілі бір психологиялық қасиеттердің жиынтығы». Негізгі кәсіпкерлік қабілеттер: тұтыну мен жинақтауды сәйкестендіру, тәуекелге бару қабілеті, белсенділік рухы, болашаққа деген сенімділік және т.б. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мотивтері - жақсыға, тәуелсіздікке ұмтылыс, мұрагерлерге байлық қалдыру. |
1961 |
Дэвид Макклел- ланд |
Кәсіпкер - шамаға қарай тәуекел ету жағдайларында әрекет ететін белсенді адам. |
1964 |
Питер Друкер |
Кәсіпкер - кез келген мүмкіндікті мак- сималды табыспен қолдана алатын адам. |
1975 |
Альберт Шапиро |
Кәсіпкер - ынталы, әлеуметтік- экономикалық механизмдерді ұйым- дастыратын, белгілі бір тәуекел жағдайларында қызмет ететін, мүмкін болатын сәтсіздік үшін толығымен жауапты болатын адам. |
1980 |
Kaprt Веспер |
Кәсіпкер - экономист, психолог, басқа кәсіпкерлер мен саясаткерлер көзқа- расында әр түрлі мәнісіне түсінік. |
1983 |
Гиффорд Пиншо |
Интрапренерлік - фирмаішілік кәсіп- керлік. Интрапренердің жаңа кәсіп- орынды құрайтын антрепренерден ерекшелігі, ол қолда бар кәсіпорын жагдайында жұмыс істейді. |
1985 |
Роберт Хиз- рич |
Кәсіпкерлік - құны бар жаңа бір нәрсені құру, ал кәсіпкер - осының барлығына уақыты мен бар күшін жұмсайтын, қаржылық, психологиялық немесе әлеуметтік тәуекелді өз мойнына ала- тын және соның арқасында сыйақы ретінде ақша мен қол жеткізгені нәтижесі үшін қанагатқа кенелетін адам. |
1988 |
М. Алле |
Кәсіпкер шаруашылық жүргізуді нарықтық ұйымдастыруда жетекші рөлді иемденетін адам. |
1993 |
Т.Ю. Горько- ва |
Кәсіпкер - бизнестегі жетекші фигура, ол өз міндеті ретінде өндірістің барлық факторларын бірегей шаруашылық үрдіске біріктіруді мойнына алады. |
Әр түрлі көзқарастарды талдай отырып, кәсіпкерлік қызмет - бүл инновациялық тәуекелді тәсіл негізінде, өндіріс факторла- рын оңтайлы үйлестіру тұрғысынан сипатталып, адамның ерекше қабілеттерін жүзеге асыру деген тұжырым жасауға болады. Кәсіпкер өндірісте жаңа техника мен технологияны қолданады, еңбекті жаңаша ұйымдастырады, жаңашылдық тұрғысынан басқарады. Ол өнім өндірудің шығындарының төмендеуіне әкеледі, оның негізінде баға белгіленеді. Кәсіпкер маркетингтік қызметті максималды тиімді түрде ұйымдастырады. О л нарықты басқадардан жақсы анықтайды, өндіріс құралдарын қандай нарықтық сегментте сатып алған тиімді екенін және дер кезінде өнімге деген тиімді төлем қабілеттілік пен сұраныстың болатындығын нақты анықтайды. Нәтижесінде ол әдеттегі шаруашылық жүргізушілерге қарағанда көп пайда табады. Со- нымен қатар, кәсіпкер ұнемі тәуекелге барады. Ол әдеттегідей тәуекелден қашпайды, керісінше оған еаналы тұрде барады. Оның себебі басқалар сияқты осы тәуекел үшін өтемақы алудың орнына үлкен табыс табуға ұмтылады.
Кәсіпкерлік табыс деп ең алдымен, қосымша табысты, басқарудан түскен табысты, кәсіпкердің табиғи қасиеттері немесе сыртқы жағдайларға байланысты ондіріс факторларын жаңа тұрғыдан үйлестіру мен ерекше талдау қабілеттерінің арқасында түсетін артық қаражаттарды түсіну керек.
Кәсіпкерлік қызмет - белгілі бір функцияларды жүзеге асы- румен байланысты екенін ескере отырып, мұндай қызметті пайда алу мен қоғамның (оныңмүщелерінің) экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында тауарлар мен қызметтердің үздіксіз, үнемі жаңартылып отыра- тын ұдайы ондірісін жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асы- ру үрдісі ретіндё сипаттауға болады.
Кәсіпкерлік қызмет келесідей жолдармен жүзеге асырылады: 1) қандай да бір тауарды, өнімді немесе қызметті тікелей өндірумен; 2) продуценттен (ондірушіден) тұтынушыға тауарды жеткізу бойынша делдалдық функцияларды жүргізу жолымен.
Кәсіпкерлік қызмет - өзіндік ынтаға, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік идеяға негізделген, пайда табуға бағытталған, қызметтің ерекше түрі.
Кәсіпкерлік идея - қандай да бір нақты экономикалық нысандық көрінісі бар, өндірушінің айқындалган мүмкіндігі мен қызығушылығын сипаттайды. Мұндай қызығушылықты анық- тау, кәсіпкер мүмкіндіктерін нарық қажеттіліктерімен сәй- кестендіру, немесе нарық қажеттіліктерін кәсіпкер мүмкіндіктерімен сәйкестендіру жолымен жүзеге асыруға болады.
Кәсіпкерлік әкономикалық белсенділіктің ерекше түрі болып табылады, өйткені оның бастапқы сатысы, әдетте тек идеямен, ал кейіннен материалдық нысанға айналатын, ойлау қызметінің нәтижесімен байланысты.
Кәсіпкерлік жаңа тауар өндірісі, қызмет ету аясын ауыс- тыру немесе жаңа кәсіпорынды құру тұрғысынан болсын, инновациялық жағдайдың міндетті түрде болуымен сипатта- лады. Өндірісті, сапаны басқарудың жаңа жүйесі, өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістері немесе жаңа технологияларды енгізу - бұл да инновациялық жағдайлар.
Кәсіпкерлікті құрамдас жүйе ретінде қарастырған дұрыс:
новаторлық инновациялық қызметті кәсіпкерліктің функ- циясы ретінде;
кәсіпкерлік іс-әрекет оның функциясын атқарушы және жүзеге асырушы механизм ретінде.
Кәсіпкерлік қызметтің әрбір үлгісінің нәтижесі болып, кәсіпкердің алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаттары ретінде келесілерді айтуға болады:
Кәсіпкерлер - коммерциялық мүмкіндіктерді көре алатын, қажетті капиталға қол жеткізуге байланысты қажет операция- ны қалай өткізу керектігін білетін және тәуекелге бара алатын, табыс пен сәтсіздік үшін жауапкершілікті өз мойньіна жүктей алатын іскерлік әлемдегі адамдар. Кәсіпкерлік - бұл жаңа иде- яларды жүзеге асыру мақсатында қандай бір материалдық құндылықтарды толығымен немесе жартылай түрде қолдана отырып, оларды бизнесті ұйымдастыру үшін ұтымды пайда- ланатын мүдделі және ынталы адамның интеллектуалды және іскерлік қарым-қабілеті. Кәсіцкерлік - бұД табыс әкелетін, кез келген өз бетінше жүргізілетін іс.
Кәсіпкерліктің мәні оның қағидаларымен жақсы сипатта- лады: адам мүддесіне бағыттау, өнімді сатып алушыға сапалы қызмет керсету, фирманың ішкі мәдени ортасын жақсы деңгейде ұстау және қорғау, серіктестік арасында өзара сыйластық ру- хын ұстану мен қолдау, үнемі алдыңғы қатарда жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Кәсіпкерлік макро-мезо-микро деңгейлерде нақты әлеуметтік-экономикалық ортада жүзеге асырылады. Демек, жоғарыда аталған ортада туындап, қалыптасады және дамиды. Оның ерекшеліктеріне байланысты жұмыс істейді, оған бейімделеді. Сондықтан, кәсіпкерлік осы ортаның өнімі болып табылады. Яғни, кәсіпкерлік - бұл өзіндік ынта-жігерге, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік ортаға негізделген, экономикалық белсенділіктің (біз табыс табуға бағытталған мақсатты қызмет деп сипаттайтын) ерекше тұрі.
Осылайша, кәсіпкердің мақсаты тұтынушыны «жаулап алу», өзінің өнімін тұтынушыларының ортасын құру қажеттілігі болып табылады.
Мақсаттарға қол жеткізу үшін кәсіпорынның ағымдык немесе болашақ саясаты шегінде кәсіпкерлік қызметтін нақты міндеттері анықталады және шешіледі. Ұйым саясаты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың әдістері мен бағытын, қоршаған ортаның қалыптасқан немесе оның өзгермелі жағдайларында ұйымның гиімді мінез-құлқын қамтамасыз ететін жағдайын, стилін анықтайды.
Кәсіпкерлік қызметтің міндеттері мен қойылған мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізетін шешімдерді екі бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт - шешімі кәсіпкердің инновацкялық қызметінің табысын қамтамасыз ететін міндеттер кешені, екінші бағыт - шешімі жүзеге асырьщған немесе енді ғана жүзеге асы- рылып жатқан өндіріс үрдісінің немесе делдалдық қызметтің тиімділігін қалыптастыратын міндеттер кешені.
Мысалы, пайданың өсуіне қол жеткізу үшін келесідей міндеттер кешенін шешуді талап етеді: өндіріс үрдісін оған қажетті факторлармен қамтамасыз ету, қаржыландыру көздерін іздестіру; бәсекенің өзгермелі жағдайларында кәсіпорынның тұрақтылық деңгейін анықтау; өнім сатып алушылардың немесе клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру; өнім сату көлемін көбейту; қызметкерлер санын төмендету; маркетингтік стра- тегияларды әзірлеу; жабдықтаушыны таңдау; бизнес бойынша серіктесті тандау; ұйым өтімділігін арттыру; қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды ұйымдастыру және т.б.
Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мәні айқын немесе сұранысты толығымен қанағаттандыру мақсатында өндіріс факторларының жаңа тұрғыдан үйлестіру (өнімді, технология- ны, ұйымдастырушылық тәсілдерді жаңарту) әдістерін іздестіру мен жүзеге асыру болып табылады.
2.2. Кәсіпкерліктің функциялары
Нарықтық экономика жүйесінде кәсіпкерлік - жалпы- экономикалық, ресурстық, шығармашылық-ізденушілік (инно- вациялық), әлеуметтік, ұйымдастырушылық функцияларды атқарады.
Жалпыэкономикалық функция кәсіпкерлік ұйымның өз атынан және жеке меншіктегі мүліктік жауапкершілігімен дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлға ретінде қызмет ететін кәсіп- керлік ұйымдардың объективті рөліне негізделген.
Кәсіпкерлік қызмет тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндіруге бағытталған және нарықтық экономиканың экономикалық заңдары (сұраныс пен үсыныс, бәсеке, құн және т.б.) жүйесінің әсері арқылы жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда, ол оның жалпыэкономикалық функциясының байқалуының объективті негізі болып табылады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсудің, ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнім көлемін көбейтудің анықтаушы шарттарының бірі. Соны- мен қатар, бұл фактор шаруашьілық қатынастар жүйесінде кәсіпкерліктің жалпыэкономикалық функциясының көрінісі ретінде анықталады.
Информация о работе Білім Беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет