Білім Беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 21:38, реферат

Краткое описание

Қоғам мен өндірістің даму үрдісінде адамдар әр түрлі ұйымдық-экономикалық қатынастар аясында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады. Кәсіпкерлік тарихы орта ғасырлардан бері бастау алады. Сол уақыттың өзінде көпестер, оаудагерлер, колөнершілер жаңадан қалыптасып келе жат- қан кәсіпкерлер ретінде таныла бастады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің даму тарихы айырбас қатынастарының, қоғамдық еңбектің бөлінісі мен жалпы нарықтық қатынастар даму тари- хымен тығыз байланысты.

Содержание

I. Кіріспе
1.1. Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны
II. Негізгі бөлім
2.1. «Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» түсініктерінің эволюциялық
тұрғыдан дамуы
2.2. Кәсіпкерліктің функциялары
2.3. Кәсіпкерлік қызметтің субъектідері мен объектілері
III. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 срс ББ мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет.docx

— 62.72 Кб (Скачать документ)

Ресурстық" функция кәсіпқерліктің маңызды функция- сы болып табылады. Кәсіпкерліктің дамуы-ұдайы өндірістің қарқынына, сонЁімен қатар шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты болады. Бұл жағдайда ресурстар құрамына материалдық және материалдық емес өндіріс фактор- ларын, олардың жұмыс істеу жағдайларын, атап айтқанда: еңбек ресурстарын, жерді және табиғи байлықтарды, өндіріс құралдары мен ғылыми жетістіктерді, сонымен қатар кәсіпкерлік қабілетті және т.б.ресурстарды қамтиды.

Кәсіпкердің жоғары табыстарға жетуі, егерде ол ғылыми- техникалық идеяларды, өзі қызмет істеп жүрген сферадағы жаңашылдықтарды жүйелі түрде жинау арқылы, оларды білікті жұмыс кұші мен ресурстарды ұштастыру жағдайында пайда- лануына байланысты болады. Алайда максималды табыстын (пайданың) соңынан түсу ; көбінесе ресурстарды тиімсіз пайдалануға алып келеді. Мұндай кәсіпкерлер оз қызметімен қоршаған ортаға және тұрғындарға зиянын тигізеді. Осыған байланысты ресурстық функцияны дұрыс қолданбағаны үшін кәсіпкерлердің жауапкершілік нысандарын анықтайтын мемлекеттің реттеуші ролі ерекше маңызға ие болады. Кәсіпкерліктің бұл функциясы бір-бірін толықтыратын басқа да функциялармен тығыз байланысты. Ол қабылданған шешімдер жағдайынан, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің экономикалыв еркіндіғі деңгейінен шығады.

Әлеуметтік функция әрбір қабілетті тұлғаның іс-әрекет жүргізуші ретінде, өзінің дара талантын және мүмкіндіктеріғ көрсетумен сипатталады. Кәсіпкерліктің бұл функциясы белгілі бір іс бастауға қабілеті бар, өз бетінше шаруашылық- экономикалық қызметті жүргізуге, өз ісін ашып жұмыс жүргізе алатын, қойылған мақсатқа жете алатын адамдарды қалыптастыруда танылады. Бірақ та өз кезегінде, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан кәбіпкерлік кәсіпорындардың тұрақты қызмет етуіне тәуелді жалдамалы қызметкерлер саны артуда.

Кәсіпкерлік кәсіпорындар тиімдірек қызмет еткен сайын, әр түрлі деңгейдегі бюджеттік жүйе мен мемлекеттік бюд- жеттен тыс әлеуметтік қорларға түсетін түсімдердің мөлшері көп болады. Кәсіпкерліктің дамуы жұмыс орындары санының көбеюін, жұмыссыздық деңгейінің томендеуін, жалдамалы қызметкерлердің өмірлік деңгейі мен әлеуметтік жағдайының артуын қамтамасыз етеді.

Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық функциясы кәсіп- керлермен өз ісін ұйымдастыру туралы өз бетінше шешім қабылдауында, кәсіпкерлік басқаруды қалыптастыруда, күрделі құрылымдарды құруда, кәсіпорын стратегиясының өзгеруінде және т.б. жұмыстарды ұйымдастыруда байқалады. Ұйымдастырушылық функция әсіресе шағын және орта бизнестің тез дамуына, сонымен қатар «ұжымдық» (желілік) кәсіпкерліктің дамуына ерекше әсер етеді.

Осылайша, кәсіпкерліктің мәні жоғарыда аталган оның бар- лық функцияларын кешенді қолданған жағдайда айқын көрінеді. Бұл жағдай қалыптасқан және дамыған кәсіпкерлікке тән. Сонымен қатар, кәсіпкерлік жұмыс субъектілерінің тиімді қызметімен қатар мемлекет тарапынан қолдауға да байланысты.

 

2.3. Кәсіпкерлік қызметтің субъектідері мен объектілері

 

Кәсіпкерлік субъектілер азаматтар (жеке тұлғалар) мен заңды тұлғалар болып табылады.

Азаматтар занды тұлға құрмай-ақ, қызмет ететін кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ретінде, сонымен қатар шаруашылық серіктестіктерді құруға тікелей қатысатын жеке тұлғалар ретінде де кәсіпкерлік қызметке қатысушылар бола алады. Кәсіпкер болып Қазақстан Республикасының әрекет ету- де қабілеттілігі бар кез келген азамат бола алады.

Азаматтардың құқық қабілеттерінің мазмұны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс імен бекітілген:

  • белгілі бір меншікті иелене алады, мұлікті мұрагерлікке алады және мүлікті мұрагерлікке қалдыра алады;
  • кәсіпкерлік қызметпен немесе заңмен тыйым салынбаған басқа да қызметпен айналыса алады;
  • өз бетінше немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен біріге отырып заңды тұлғаларды құра алады;
  • заңға қайшы келмейтін кез келген мәмілені жасай алады және міндеттемелерді орындауға қатыса алады;
  • тұрғылықты орнын өз бетінше таңдай алады;
  • ғылым, әде&иет және өнер туындыларының, сонымен қатар басқа да заңмен қорғалатын интеллектуалды меншік нәтижелерінің авторы құқығын иелене алады;
  • басқа да мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.

Осылайша, әрекет етуге қабілеттілігі бар азаматтарға кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін заңмен құқықтар берілген, сонымен қатар заңмен тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрін таңдауына мүмкіндігі бар.

Бірқатар заңнамалық актілерде кейбір қызметкерлерге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шектеулер қойылған. Мыса- лы, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларына томендегідей қызметпен айналысуға болмайды:

  • оз бетінше кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
  • оз менщігінде кәсіпорынға ие болуға;
  • шаруашылық серіктестіктің немесе қоғамның жалпы жиналысында шешім қабылдау барысында оз бетінше немесе өкілдері арқылы оларға тиесілі болатын акциялармен, салым- дармен, пайлармен, үлестермен дауыс беруге;
  • шаруашылық жүргізу субъектісінің басқару органдарын- да белгілі бір лауазымға ие болуға.

Әрекет етуге қабілеттілігі бар деп танылған тұлғалар белгілі бір тәртіпте, заңды тұлға құрмай-ақ дара кәсіпкерлікпен айна- лыса алады. Сонымен қатар осы мақсатпен заңды тұлғаларды өз бетінше немесе басқа азаматтармен және тұлгалармен біріге отырып құра алады. Заңды тұлга құрмай-ақ, кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін азамат белгіленген тәртіп бойынша - дара кәсіпкер куәлігін алуы, ал сауда жасау үшін - патент алуы керек.

Кәсіпкерлік нарықтық экономикада жалпыэкономикалық және әлеуметтік-экономикалық үрдістердің айнымас бөлігі ретінде сипатталады.

Кез келген ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда кәсіп- керлік үрдістің негізгі субъектісі кәсіпкер болып табылады. Бірақ, кәсіпкер - жалгыз субъект гана емес. Бұл категорияга тұтынушы (негізгі контрагент ретінде), мемлекет, сонымен қатар жалдамалы қызметкерлер мен бизнес жүйесіндегі әріптестер де жатқызылады.

Кәсіпкер мен тұтынушының өзара қарым-қатынастарында алгашқысы белсенді субъект категориясына, ал тұтынушы пассивті рөл атқарады.

Тұтынушы кәсіпкерлік үрдістің индикаторы рөлін орын- дайды. Оның себебі, кәсіпкер қызметінің нәтижесі, тек дайын өнімді сатып алатын нақты тұтынушының оң сараптамалық (әксперттік) багалауынан кейін гана жүзеге асырылады. Өз қызметін жоспарлау және ұйымдастыру барысында кәсіпкер тұтынушының коңіл-күйін, қалауларын, мүдделерін, күтетін нәтижелерін ескеруі керек.

Нарықтық жүйе қатынастары жағдайында кәсіпкер үшін тұтынушы мүдделеріне қарай қызмет етуден басқа жол жоқ. Бірақ, мұндай жагдай кәсіпкер тұтынушының мүдделерін гана ескеріп қатаң түрде солармен жүруі керек дегенді білдірмейді. Тұтынушының өзі тұтынушы сұранысын қалыптастырып, жаңа сатып алушылық қабілеттерін дамыту қажет. Демек, кәсіпкердің негізгі мақсаты болып өзіндік тұтынушылар ортасын құру, түтынушыны «жаулап алу» қажеттілігі болып табылады.

Егер қогамдық өндіріс тұргысынан қараганда белсенді субъект рөліне кәсіпкер шыгатын болса, кәсіпкерлік үрдіске деген көзқарас жағынан, оның мазмұны мен тишділігіне тұтынушы белсенді рөл атқарады, сондықтан да кәсіпкер осы жағдайды ескеруі керек.

Кәсіпкерлік үрдістің субъектісі ретінде мемлекеттің ролі іскерлік белсенділік аясында қалыптасқан, нақты жағдайга және мемлекеттің алдына қойылган мақсаттарға байланысты алуан түрлі болуы мүмкін. Осы тұргыдан алганда мемлекет:

  • кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайсыз жагдайды қалып- тастыратын жагдайда, кәсіпкерліқ дамуының тежеуіші болуы мүмкін;
  • кәсіпкерліктің дамуына қарсы болмаса ярне оның даму- ына септігін тигізбесе сырттай бақылаушы ретінде болады;
  • кәсіпкерліктің «жанданубіна» әкелетін, ;жаңа агенттерді кәсіпкерлік үрдіске* тартуға бағытталған шараларды тұрақты және белсенді іздеп, жүзеге асыратын жағдайда, кәсіпкерлік үрдісті жеделдетуші болады.

Кәсіпкерлік үрдістің жеделдетушісі ретінде мемлекет келесі функцияларды атқарады:

  • кәсіпкерлік жүйесінің кадрларын кәсіби тұргыдан даяр- лау мен тәрбиелеу аясы бойынша білім беру;
  • іскерлік белсенділік аясында жаңадан қосылған кәсіпкерлерді қаржылық тұрғыдан қолдау;
  • кәсіпкерлер үшін жобаларды тиімді жүзеге асыруға қажетті қызметтерді корсете алатын кәсіпкерлік инфра- құрылымды құру функцияларын атқарады.

Жалдамалы қызметкер, кәсіпкер идеясын жүзеге асырушы ретінде кәсіпкерлік үрдіс субъектілерінің тобына жатқызылады. Кәсіпкерлік идеяны жүзеге аСырудың сапасы мен тиімділігі жалдамалы қызметкерге байланысты. Кәсіпкерлердің жоспарлары мен қызметкерлердің мүдделері сәйкес болуы керек. Нәтижесін- де, пайда жоғары болған сайын, жалақы мен әлеуметтік төлемдер де жогары болады. Жалдамалы қызметкерді кәсіпорынның коммерциялық мүддесіне тарту барысында қызметкер тек өзінің жеке нәтижелерімен қатар, ұжымдық қызмет нәтижелеріне де мүдделі болатын жагдайды қалыптастыру керек. Қызметкердің мұндай екі жақты мүддесін материалдық және моральдық тұрғыдан ынталылыгын үйлестіре отырып жүргізуге болады.

Қазіргі кезде, әрбір кәсіпкер еңбек бөлінісі нәтижесінде пайда болган, өндірістің жеткілікті түрде терең мамандануы жағдайында қызмет етеді. Нэтижесінде кез-келген кәсіпкер өзара тиімді әріптестік байланыстарды қажет етеді. Тек осы жағдайда ғана ол біртұтас өндірістік үрдістің белгілі бір сегментінің шектерінде ғана іс-әрекет ете алады.

Кәсіпкерлік қызметтің объектілері ретінде адамдар өзінің алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын игіліктерді айтуға боладьі. Игіліктер ретінде материалдық заттар мен объектілер (оларды материалдық игіліктер деп те атайды), сонымен қатар белгілі бір тұлганың қажеттілігін орындау үшін атқарылатын жұмыстары мен қызметтерін (оларды материалдық емес игіліктер деп те атайды) айтуга болады.

Материалдық игіліктер әрқашанда заттық (нысандық) түрде болады және адамның сезім мүшелеріне әсері арқылы байқа- лады. Олардың қатарына ауа, су, тамақ, киім, тұргын үй, басқа да заттар мен нысандарды жатқызуга болады.

Адамдар өмір сұру барысында қолданылатын материалдық игіліктер, өзара алуан түрлі белгілері бойынша ерекшеленеді. Төмендегідей материалдық игілік түрлерін атап көрсетуге болады:

  • табиги және адамдардың іс-әрекетімен өндірілген;
  • тұтынушылық және инвестициялық;
  • жеке және қогамдық;
  • ұдайы өндірілетін және ұдайы өндірілмейтін (ерекше).

Табигаттың дамуынан ауа, су, жер пайда болды. Бұл -

адамдардың өмір сұру жагдайларын қамтамасыз ететін табиги материалдық игіліктер. Оларсыз адамның өмір сұруі мүмкін емес. Бірақ, адам табигат туындатқан заттарды (шикізатты) өңдеу барысында өзіне қажетті нақты заттарга айналдыра алады. Олар өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болгандықтан сәйкесінше өндірілген материалдық игіліктер деп аталады.

Жеке, жанұялық, топтық, ассоциацияланган тұтынушыларга арналган табиги немесе өндірілген материалдық игіліктер тұтынушылық игіліктер деп аталады. Оларга тұрмыстық техника, жиџаз, киім, азық-түлік тагамдары және т.б. жатады.

Инвестициялық материалдық игіліктерге  басқа да мате- риалдық игіліктерді өндіру, қызмет керсету және жұмыстарды орындау үшін қажетті шикізат, машиналар, құрал-жабдықтар жатады. Мысалы, шикізатты немесе дайын өнімді тасы- малдау үшін қажетті автокөлік құралдарын инвестициялық материалдық игіліктерге, ал жанұялық тұрмыста қолданылатын - тұтынушылық игіліктерге жатқызуға болады.

Материалдық игіліктердің иесінің сипатына байланысты, материалдық игіліктер жеке және қогамдық деп екі түрге бөлі- неді. Мысалы, жеңіл автомобиль - бұл жеке игілік. Ал азамат- тарды тасымалдауға арналған автопарктің көдіктері қогамдық игілік болып табылады.

Материалдық игіліктер үнемі өндіріліп кёле жатқан және ерекше өнім түрінде де болуы мүмкін. Ерекше материалдық игілік оның техникалық ерекшеліктеріне, күрделілігіне байланысты. Ал үнемі өндірілген игіліктер оңы өндіруге қажетті тетіктердің, жағдайлардың қалыптасуы мен дамуынан туын- дайды.

Материалдық емес игіліктердің заттық нысаны жоқ. Олар адам үшін көрсетілген пайдалы қызмет немесе орындалган жұмыс нәтижесінің тиімділігіне байланысты.

Қызмет корсету аясы білім беру, медицина, спорт, мэдениет, демалыс және т.б. сияқты қоғамдық өмір сүру аяларының негізін құрайды. Сонымен қатар, қызмет корсету жүйесі басқа да са- лаларда (техникалық сервистік қызмет корсету, багдарламалық қамсыздандыруды енгізу қызметтері) жүргізіледі.

Жұмыстарды орындау процедуралары кез келген объек- тілердің ідүрылысы (құрылыс жұмыстары), жөндеу (жондеу жұмыстары) үрдістерінде және т.б. жұмыстарда кездеседі.

Қажеттіліктердің игіліктерге сәйкестік критерийі бойынша еркін және шектеулі игіліктер деп екіге боліп көрсетуге болады. Еркін немесе үнемі қолжетімді игіліктер болып әрқашан сұранысты қанагаттандыруга мүмкін болатын игіліктерді ай- тады. Оларга күнделікті жағдайларда қолданылатын кейбір табиги материалдық игіліктер (мысалы, ayа сияқты табиги игілік) жатады.

Информация о работе Білім Беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет