Бастауыш сыныпта математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 11:20, дипломная работа

Краткое описание

Нақты дүниедегі заттар мен құбылыстарды, негізінен алғанда, саны жағынан зерттейтін ғылым болғандықтан, экономикалық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыруда математика пәні маңызды орын алады. Өйткені, қоғамдық өмірдегі барлық дерлік экономикалық процестерді нормативті сан көрсеткіштерісіз, әр алуан шамалардың сандық сипаттамаларынсыз және өзара қатынастарынсыз көзге елестетудің өзі қиын. Тіптен, математиканы білмейінше экономика негіздерін оқып - уйрену де мүмкін емес.

Содержание

І.Кіріспе:
1. Бастауыш сыныпта математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру
ІІ.Негізгі бөлім:
2.1 Бастауыш мектепте математикада экономикалық білім мен тәрбие беруді жүзеге асырудың жолдары
2.2 «Экономикалық математика» таңдау курсы, оның маңызы
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

фатик курсавойка.doc

— 175.00 Кб (Скачать документ)

Есептеулерді  неғұрлым дәл, әрі мінсіз орындау  қажырлық пен табандылықты, байыптылықты және тапқырлықты қажет ететін аса  қиын жұмыстардың бірі болып табылады. Әрине, қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманында есептеу жұмыстарын жеңілдету электронды - есептеу техникасын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Алайда, әрдайым микрокалькуляторды қолдану мүмкіндігі бола бермейтіндігі белгілі. Оларға шектен тыс сеніп кету, дау жоқ, оқушының есептеу мәдениетін дамытуға кері әсерін тигізуі де мүмкін.

Бүгінгі күні ол біздің бәрімізге де анығырақ көрініп  отырған ақиқат. Көпшілік жағдайда, есеп-қисап жұмыстарын кейде басқа  бір жұмыстар кезінде немесе қысылтаяң  уақытта микрокалькуляторсыз тез және тура орындауға да тура келеді. Мұндай жағдайда ауызша немесе жазбаша есептеудің тиімді, қолайлы тәсілдеріне жүгініп, сол арқылы есеп-қисапты жылдам орындауға болады. Бұл тәсілдерді меңгеру әрбір оқушы үшін қажетті іс болып табылады. Сондықтан құралда қосымша ретінде есептеулердің жылдам орындаудың кейбір тәсілдері көрсетіліп, олар нақтылы мысалдар арқылы түсіндірілген.

Сонымен, қорыта айтқанда, математикадан сыныптан тыс  жұмыстарда осы бағыттар бойынша  топтастырылған жаттығулар жүйесін  орындату барысында бастауыш сыныптарда экономикалық тәрбие беруді жүзеге асыру тұрғысынан объективті жағдайлар жасалады.

Бұл жүйеге енетін жаттығулар белгілі бір талаптарды қанағаттандыруы керек. Біздіңше ол талаптар мыналарды қамтиды;

-жаттығулар  сәйкес сыныптағы математика бағдарламасына сай құрастырылуы және математиканың бағдарламалық материалдарының баяндалуы жүйесіне қайшы келмеуі тиіс;

-жаттығулар  оқушыға таныс, нақты материалдар  негізінде құрастырылуы керек;

-жаттығулардың  мазмұнында айналадағы өмір мен  қазіргі тұрмыстағы практикалық мәселелер бейнеленіп, олар оқушыларды қызықтыратындай болуы қажет;

-Жаттығулардың  шарты сол арналған сынып оқушыларына  таныс емес ұғымдар мен терминдерді  қамтымауы керек;

-жаттығулар  әр алуан сипаттағы мәселелрден,  негізінен, сынып оқушыларына түсінікті келетін халық шаруашылық саласынан алынуға тиіс. Егер жаттығу оқушылардың таныстығы шамалы едәуір күрделі мәселені қамтитын болса, ондай жаттығуларды орындағанда оқушыларға жеңіл түрде қосымша түсінітер берілуі қажет;

-жаттығуларда сандық мәліметтер өмір шындығынан алынуы және ресми деректерге қайшы келмейтіндей болуы тиіс.

Осы талаптар орындалғанда ғана жоғарыда атап көрсетілген бағыттар бойынша ұйымдастырылатын жұмыстар бастауыш сынып оқушыларының бойында  қарапайым экономикалық дағдылардың қалыптасуына себепші болады, сөйтіп, бастауыш сыныптарда экономикалық тәрбие берудің кейбір мәселелерін шешу мүмкіндігін туғызады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

 

    2.2 «Экономикалық математика» таңдау курсы,оның маңызы

   Қазіргі заманда  әрбір адам мемлекеттің тағдыры жас ұрпақтың экономикалық, құқықтық, саяси және адамгершілік сауаттылығына байланысты екенін түсінеді.Сондықтан жалпы білім беретін мектептің негізгі  міндеттерінің бірі - оқушыларды экономика негіздеріне оқыту.

          «Экономикалық математика» таңдау курсы бастауыш сыныптың

1-4 - сынып оқушыларына  арналған.   

    Оқу мен тәрбие  егіз жүргенде жас жеткіншектің  еліне деген сүйіспеншілігін  ояту негізінде ғана біз болашақ  ел тағдырына әділ де адал  қызмет ететін азаматтар өсіріп  шығарамыз. Оқу құралы бастауыш сынып оқушыларына арналғандықтан  оқу әдісі де ойластырылып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламаға түрлі ойын элементтері енгізілген.Бұл оқу құралы бастауыш  сынып оқушыларына арнаулы курс ретінде өткізуді көздейді. Бағдарламада қамтылған  материалды меңгерту арқылы жас буынның экономикалық ойлау қабілетінің қалыптасуына, есте сақтау қабілетінің артуына, логикалық ойының дамуына зор ықпал жасаймыз. Себебі білім мазмұнының тақырыптары оқушының дүниетанымын  арттыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыратын, өзінің туған еліне байланысты  мәселелерді қозғайды.

       «Экономикалық  математика» таңдау курсын бастауыш сыныпта оқыту барысында мұғалім дәстүрлі әдіс-тәсілдермен бірге (түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, баяндау, пікір – талас, сурет салу) жаңа технологиямен оқытудың тиімді жолдарын да қарастырады. Бастауыш сынып оқушылары өз бетінше оқуға, ізденуге, жеке тапсырма орындауға, ұжымдық жұмыстарға үйренеді.Білім мазмұнын ашуда оқытудың барлық әдіс-тәсілдері пайдаланылады:

  • Балалардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері;
  • Оқу-танымдық әрекетіне қажеттілік тудыру, әсер ету әдістері;
  • Ойын элементтерін қолдану арқылы түсіндіру әдістері.

 

    Бағдарламада берілген материалдар мен тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне негізделіп құрылған. Бағдарламаға қазақ халқының Алаш ұранды қайраткері Міржақып Дулатұлының «Есеп құралы» деген алғашқы қазақ тіліндегі математика оқулығындағы ел экономикасына қатысты есептері енгізілді. «Мал басының саны», «жайылымдық жер ауданы мен аумағы», «заттардың салмағына» сол заманғы нақты қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне байланысты ұғымдармен танысады.

      «Логика» пәні енгізілгеннен бері он жылдан артық уақыт бастауыш сынып мұғалімдері Семей мемлекеттік педагогикалық институтымен оның ішінде математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасымен тығыз байланыс жасап келеміз. Оқу-тәрбие үрдісінде ұстаздардың шығармашылығын дамытуда әдістемелік кеңес беріп, іс-тәжірибесімен көмектескен Семей мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетінің математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры Нұрсұлтанов Қажи Нұрсұлтанұлы.Бағдарламаны жасауда бізге негіз болған Қажи Нұрсұлтанұлының «Ертегі есептер», «Жүлдегерлік жүз есеп» деген еңбектері көп көмегін тигізді.  Бұл математикалық экономика  сабағының басты мақсаты -  бастауыш сынып оқушыларын жаңа нарықтық-экономикалық жағдайдағы өмірге бейімдеу болып табылады. Сабақ жоспарының тақырыптарын құруда  оқушылардың жас ерекшелігі және түсініктеріне сай негізгі экономикалық принциптер мен заңдылықтар негізге алынды. Пәннің негізгі міндеті - төменгі сынып оқушыларының жаңа нарықтық заманда экономикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. Осы пәнді оқи отырып, оқушы ақша дегеннің не екенін, отбасы бюджеті неден құралатынын, тауардың құнын, байлық неден құралатынын және оның негізгі көздерін біледі. Осы сабақтан алған білімдері арқылы бастауыш сынып оқушылары отбасының экономикалық өміріне қатыса алады. Алғашқы «Есеп құралы» («Математика») оқулығының авторы Міржақып Дулатұлының ел экономикасына қатысты есептерін  (мал шаруасына, еңбекті тұрмысқа, әлеумет мекемелері, алым-салықтар туралы) шығарту арқылы сол замандағы қазақ халқының  тұрмысымен таныстырып қана қоймай, экономикаға қатысты ұғымдарды да меңгерту. Алаш ұранды қайраткер Міржақып Дулатұлының математикалық еңбегі «Есеп құралы» кітабынан ел экономикасына қатысты «мал басының саны», «жайылымдық жер ауданы мен аумағы», «заттардың салмағы» т.с.с. есептер қарастырылған.

          Міржақып Дулатұлының «Есеп құралы»  еңбегінде қосынды, теңге, тиын, шақырым, қарыс, сүйем, пұт, қадақ, таңба  сияқты математикалық терминдер енгізілген. Осы кітапқа енгізілген есептердің барлығы қазақ ауылының өмірінен алынған. Есептердің барлығы тәрбиелік және тәлімдік мәні зор есептер. Оларды шығарта отырып оқушылардың ойлау қабілеттерін шыңдай түсеміз.        

           Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бәйшешек бақшасы» деп аталған есеп – өлеңі сияқты мысалдар келтіріп, шығарту арқылы бастауыш сынып оқушыларының математика сабағынан алған білімдерін тереңдете түседі.

 

 

         Мақсаты:

   Бастауыш сынып оқушыларының нарықтық қоғамдағы экономикалық ойлау қабілеті мен мәдени тәртібін тәрбиелеуді қалыптастыру.

    Экономикалық  білім негіздерін қалыптастыру.

(Экономика туралы  қарапайым мәліметтер беру, күнделікті  тұрмыста кездесетін экономикалық  ұғымдар мен терминдерге түсініктер  беру)

          Осы жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай айналадағы отбасында, қалада, елде кезігетін негізгі экономикалық принциптер мен заңдылықтардың адам өмірінде, өзара қарым-қатынастарда кездесетін байланыстары мен шектеуліктердің себептерін түсіндіру.

          Нарықтық қоғамдағы тұтынушы ретінде алғашқы практикалық дағдыларын үйрету.

          Жоғары сыныптарда экономиканы  оқып-үйренуде терең негіз қалыптастыру.

 

            Міндеті:

 

       Логика («Математикалық экономика») таңдау курсы екі аптада бір  рет өткізіледі. Оқу жылындағы сағат саны – 17.

       1- сынып бойынша заттарды топтастыру, нақты белгілерін табу, берілген белгілері бойынша затты анықтау, заттар мен құбылыстарды салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу сияқты тақырыптар қарастырылады. Сонымен қатар әр түрлі логикалық қызықты сөзжұмбақтар мен ребустар шешкізіледі.

        2 – сынып бойынша экономикаға қатысты қажеттілік, мүмкінділік, тауарлар, айырбас, бартер ұғымдарына анықтама беріліп, мысалдар келтіру арқылы  өмірдегі әр түрлі жағдайлардан шығуға тырысады.

       3 – сыныпта қарастырылатын мәселелер ақша, шығу тарихы, Қазақстан ақша бірлігінің шығу тарихы, байлық, шығыс, кіріс, негізгі көздері, отбасы бюджеті маңызды болып табылады.  Осы сыныпта Міжақып Дулатұлының ел экономикасына қатысты есептері берілген. Мал шаруасына, еңбекті тұрмысқа, әлеумет мекемелері, алым – салықтарға байланысты есептер шығартылу жоспарланған. 

       4 – сыныпта аймақтың ресурстары, өнеркәсіп, тауар, кәсіпкерлік, меншік, банк пен банк иеленушілер, жеке кәсіпорын, бағалы қағаздар, кедендік баж, салықтар туралы білім беріледі.    

          Бастауыш  сыныптардың логикасы мектептің негізгі сатысындағы математика курсының ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған сәйкес бастауыш мектепте логиканы оқыту мынадай жалпы мақсаттарға жетуді көздейді:

  • «Логика» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұралармен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру;
  • Оқушының ақыл-ойының логикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
  • Логиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
  • Оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі сатысында оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;

            Қоғамның қазіргі даму кезеңінен  туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай анықталған осы мақсаттар мен міндеттер бастауыш логикалық білімнің жаңа мазмұнын жасаудың, онымен үйлесімді оқытудың әдіс-тәсілдерін, құрал-жабдықтарын және ұйымдастыру түрлерін анықтаудың қажеттігін көрсетеді.

 

                Ұсынып отырған бағдарламаның мазмұны:

 

  • Төменгі сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу және дамыту талаптары мен мақсатына сәйкес;
  • Төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай;
  • Қоршаған ортаның, математикалық экономиканың әдет-ғұрып элементтерін пайдалануға мүмкіндіктерін береді.
  • Есептер мен оларды шешудің әдістері: жай есептерге сәйкес амалды анықтау және оны негіздеп беру; құрама есептің жоспарын құру; экономикалық есептерді әр түрлі әдіспен шешу; логикалық есепті арифметикалық жіне алгебралық тәсілдермен шығару

Берілген тапсырмалардың міндеті – оқушылардың ой-өрісін, тілі мен сөйлеуін 3 бағытта дамыту: логикалық, жаңалық ашуы, шығармашылық.

                Сонымен қатар сабақтағы экономикалық  тапсырмалар олардың психологиялық  мінез-құлық ерекшеліктерін қалыптастырып, мектеп бағдарламасында алған білімдерін толықтырады.

      Таңдау курсының соңында бастауыш  сынып оқушылары мемлекет және  оның адам үшін маңызы, мемлекеттік  салықтар, түрлері, кедендік салықтар, акциялар, құнды қағаздар т.б. экономикалық ұғымдар мен заңдылықтар туралы түсініктері қалыптасу керек.

Өзектілігі:  Бастауыш сыныпта логикалық, математикалық ұғымдар түйсіну арқылы қалыптасады. Математика (логика) пәні логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, дұрыс шешім қабылдауға дағдыландырады. Логикалық есептерді шығарту арқылы оқушылардың танымдық іс-әректетін, белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттырып, топпен жұмыс істеуге үйренеді. Осы пәнді оқыта отырып, есте сақтаудың түрлерін, қиял мен зейінді қалыптастырып дамытады.

Бастауыш сынып  оқушылары оқу икемі мен дағдыны  пайдаланып, жаңа шешімдерді іздеп, қажетті  нәтижеге жету үшін ерекше тәсілдерін табады.

Жаңалығы:

     Логика (экономикалық математика) пәнінің бағдарламасында нарық заманы және ел экономикасына қатысты ұғымдар мен заңдылықтары түсінікті және жүйелі түрде берілген.

Алғашқы қазақ  тілінде басылып шыққан математика оқулығын «Есеп құралы» деген  атпен М.Дулатұлы шығарған. М.Дулатұлының  «Есеп құралы» оқулығындағы ел экономикасына  қатысты (мал шаруасы, еңбекті тұрмыс, әлеуметтік мекемелер, алым-салықтар) есептерін шығарту арқылы оқушылардың таным қабілетін арттырып, логикалық ойлауларын дамытамыз.

Информация о работе Бастауыш сыныпта математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру