Бастауыш сыныпта математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 11:20, дипломная работа

Краткое описание

Нақты дүниедегі заттар мен құбылыстарды, негізінен алғанда, саны жағынан зерттейтін ғылым болғандықтан, экономикалық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыруда математика пәні маңызды орын алады. Өйткені, қоғамдық өмірдегі барлық дерлік экономикалық процестерді нормативті сан көрсеткіштерісіз, әр алуан шамалардың сандық сипаттамаларынсыз және өзара қатынастарынсыз көзге елестетудің өзі қиын. Тіптен, математиканы білмейінше экономика негіздерін оқып - уйрену де мүмкін емес.

Содержание

І.Кіріспе:
1. Бастауыш сыныпта математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру
ІІ.Негізгі бөлім:
2.1 Бастауыш мектепте математикада экономикалық білім мен тәрбие беруді жүзеге асырудың жолдары
2.2 «Экономикалық математика» таңдау курсы, оның маңызы
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

фатик курсавойка.doc

— 175.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

                        Жоспар

І.Кіріспе:

1. Бастауыш сыныпта математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру

 

ІІ.Негізгі  бөлім:

2.1  Бастауыш мектепте  математикада экономикалық білім   мен   тәрбие беруді жүзеге асырудың жолдары

 

2.2 «Экономикалық математика» таңдау курсы, оның маңызы

 

ІІІ.Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Кіріспе:

1.  Бастауыш сыныпта математика  сабақтарында экономикалық тәрбие  беру

Нақты дүниедегі  заттар мен құбылыстарды, негізінен  алғанда, саны жағынан зерттейтін ғылым болғандықтан, экономикалық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыруда математика пәні маңызды орын алады. Өйткені, қоғамдық өмірдегі барлық дерлік экономикалық процестерді нормативті сан көрсеткіштерісіз, әр алуан шамалардың сандық сипаттамаларынсыз және өзара қатынастарынсыз көзге елестетудің өзі қиын. Тіптен, математиканы білмейінше экономика негіздерін оқып - уйрену де мүмкін емес.

Математика  пәнінің, сондай-ақ математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнына бағдарламалық  білім, білік және дағдының негізін құрайтын экономикалық білім элементтерін енгізу-өмір талабы. Біздің пікірімізше, бастауыш сыныптарда математикадан сыныптан тыс жұмыстарда экономикалық тәрбие беруді жүзеге асырудың нақтылы жолдары мыналар болмақ:

  1. Тиімді іс-әрекеттер орындаумен байланысты практикалық мәселелерді шеше білуге оқып-үйрету;
  2. Ең үлкен немесе ең кіші мәндер табумен байланысты практикалық мазмұнды жаттығуларды орындай білу дағдыларын қалыптастыру;
  3. Экономикалық мазмұнды жаттығуларды орындай білуге оқып-үйрету;
  4. Оқушылардың есептеу мәдениетін дамыту.

Енді осылардың  әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.

   Бастауыш  сыныптарда математиканы оқыту  барысында экономикалық тәрбие  беруді жүзеге асырудың маңызды  бір шарасы оқушыларды тиімді  іс-әрекеттер орындаумен байланысты  мәселелерді шешуге оқып-үйрету болып табылады. Мынандай мәселені қарастырайық.Әкелері Рахат пен Қанатты ертіп жорыққа шықты. Біраз жүргенне кейін олардың алдынан өзен кездесті. Алайда, жағада тұрған сал 100 кг жүкті ғана көтере алатын еді. Рахаттың массасы 41 кг, Қанат-38 кг, ал олардың әкелелерінің массасы 75 кг. Олар өзеннен қалай өтеді?

 

ІІ.Негізгі  бөлім:

2.1  Бастауыш  мектепте  математикада экономикалық  білім   мен   тәрбие беруді  жүзеге асырудың жолдары

      Күнделікті жұмыста қандай да бір жағдайлармен байланысты осы сияқты практикалық мазмұндағы мәселелермен жиі ұшырасуға болады. Олардың басты ерекшелігі-айналадағы өмір шындығын бейнелейді және оларды шешу барысында математикалық білімді шын мағынасында қолдану керек болады. Сондықтан олардың қай-қайсысы болмасын бастауыш мектеп оқушысы үшін аса пайдалы болмақ. Әрине, жоғарыдағы мәселені шешу барысында математиканың күрделі формулалары мен аса қиын ережелерін білу талап етілмейді. Сондықтан, бір қарағанда, ол өте оңай және тым қарапайым болып көрінуі мүмкін. Ойы ұшқыр оқушы оны шешу жолын тез тауып кетуі де мүмкін. Бірақ осы сияқты мәселені шешу тіптен де оңай шаруа емес екендігі аңғарылады. Өйткені, оларды шешудің жалпылама, ортақ әдісі жоқ, әр мәселенің өзіне тән құпия сыры бар. Ал ол сырды шыдамды да табанды балалар ғана аша алады.

Жоғарыдағы  ұқсас мәселелердің әрбіреуін шешу барысында бала туындап отырған  жағдаяттан шығу жолын іздей отырып, әр-алуан іс-әрекеттер, соның ішінде ақыл-ой іс-әрекеттерін (салыстыру, салғастыру, қарама-қарсы қою, бақылау, талдау, қорытындылау,т.б) орындайды. Мәселен, жоғарыдағы келтірілген жаттығу ұсынылғаннан кейін оқушы мына сияқты талқылаулар жасауы мүмкін. Олардың үшеуін бірге сал көтере алмайды, өйткені 41+38+75тең154>100. Сондай-ақ, салға олардың біреуі ғана да отыруы мүмкін емес, себебі салды қайтадан бергі жағаға алып өтетін адам керек. Олай болса, алдымен салға 2 адам отыруы керек. Егер әкелері мен балалардың бірі ғана отырады десек, онда бұл да мүмкін емес, өйткені, 75+41тең116>100 немесе 75+38тең113>100. Ендеше, өзеннен алдымен екі бала өтеді, өйткені олардың екеуін сал көтере алады, яғни 41+38тең79>100. Олардың бірі арғы жағада қалады да, екіншісі қайтадан бергі жағаға өтеді. Келесі кезекте олардың әкелері өтеді (75<100) де, арғы жағада қалған бала салды алып өтеді.

Осы сияқты талқылаулар жүргізу барысында оқушылар біртіндеп тиімді іс-әрекеттер орындауға үйренеді. Бұл, бір жағынан, оқушының бойындағы ойлаудың логикалық стилін дамытуға, екінші жағынан математикалық білімді өмірде қолдана білумен байланысты шеберліктің қалыптаса түсуіне себін тигізеді. Мұның бәрі, сайып келгенде, оны қандай да бір дәрежеде өмірге бейімдейді. Ең бастысы, оның қарапайым экономикалық дағдылары қалыптаса түседі.

Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып  оқушыларының қарапайым экономиакалық дағдыларын қалыптастырудың маңызды элементтерінің бірі-олардың ең үлкен және ең кіші мәндер табумен байланысты практикалық мазмұнды жыттығуларды орындай білуге оқып-үйрету болып табылады.

Адам баласының  күнделікті тұрмыстың қажетті мәселелеріне байланысты тәжірбиелік мұқтаждықтары мейілінше әр алуан болып келеді. Осы мұқтаждықтарды өтеу барысында оған  қандай да бір нәтижеге жету үшін бірнеше тәсілдермен әрекет етуге тура келеді. Көпшілік жағдайда мұндай мәселелер қандай да бір шаманың ең үлкен немесе ең кіші мәнін табуға келіп тіреледі. Мәселен, мына бір есепті қарастырайық:

Есеп Жер бөлісі кезінде ауылдағы отбасылардың әрқайсысына периметрі 80 метрге тең болатындай етіп, тік төртбұрыш пішінді бақшалық жер қоршап алу тапсырылды.Бақшаның ауданы мейілінше үлкен болу үшін оның өлшемдерін қандай етіп алу керек?

Есепті шешу барысын мынадан бастауға болады; тік төртбұрыштың (бақшалық жердің) бір қабырғасының ұзындығы 40 метрден  кем болуы керек. Егер 40 метр етіп алсақ, онда оның периметрі 80 метрден  асып кетер еді. Сонда мына сияқты кесте шығуы мүмкін;

Периметрі

80м

80м

80м

80м

80м

80м

...

80м

80м

80м

Ұзындығы

39м

38м

37м

36м

35м

34м

...

22м

21м

20м

Ені

...

18м

19м

20м

ауданы

39м2

76м2

111м2

144м2

175м 2

204м2

 

396м 2

399м2

400м2




 

Бұдан бақшалық жерді қоршап алуды әр түрлі 20 тәсілмен жүзеге асыруға болатыны және солардың ішінде қабырғасының ұзындығы 20м етіп, шаршы түрінде қоршап алу ең тиімді болатындығы байқалады. Өйткені, оның ауданы 400 шаршы метрге тең, яғни басқа тік төртбұрыштың кез келгенін ауданынан үлкен.

Осы сияқты тәжірбиелік  мәселелермен біз күнделікті тұрмыста қадам басқан сайын істес болып  отырамыз десек артық айтпаған болар  едік. Әсіресе, қазіргі кезде нарықтық қатынастар жағдайында мұндай есептердің маңызы ерекше артып отыр.

Мұндай есептердің сан алуан үлгілерін келтіруге  болады. Өйткені, тиімділік ұғымының өзі күнделікті өмір мен тұрмыстағы әр алуан мұқтаждықтарға байланысты ең үлкен немесе ең кіші мәндерді табумен, анығырақ айтқанда, «ең үлкен аудан», «ең аз уақыт», «ең қысқа қашықтық» және т.с.с. әр түрлі сандық керитерийлермен сипатталады. Бірақ соған қарамастан олардың мазмұны мен құрылымында және шешу жолдарына төмендегідей ортақ ерекшеліктер болатындығы аңғарылады;

  1. мүмкін болатын шешімдер вариантының көп болуы;
  2. ең үлкен немесе ең кіші мәнді іздеу талабының болуы;

Көп жылғы іс-тәжірбиелер  оқушылардың ең үлкен және ең кіші мәндер табумен байланысты есептерге  құштарлығын байқатты. Ал, мұндай есептер  мектепке арналған математика оқулықтрында бола бермейді. Осындай есептерді шешу барысында балалар бірнеше шешеімдер варианттары ішінен есеп шартына сәйкес тиімді шешімді таңдап ала білуге үйренеді. Бұл олардың шығармашылықпен ойлай білу қабілеттерін дамтып, танымдық ой-өрісін кеңейте түседі және математиканы оқытудың өмірмен байланысын нығайтуға көмектеседі. Ең негізгісі, олар оқушылардың бойында қарапайым экономикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мәселенің негізгі түіні де, міне осында.

Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда экономикалық мазмұнды есептерді шығартып отырудың маңызы ерекше.

Адам баласының  күнделікті тіршілік әректетері, жалпы  алғанда, өзі өмір сүріп отырған  қоғамның жағдайын жақсарта түсуге, сондай-ақ өзінің әл-ауқатының өсе түсуіне, күннен күнге өз тұрмысының жеңілірек, дастарханның молырақ бола түсуіне бағытталады. Ал, бәріміздің де және жеке-жеке алғанда әрқайсысымыздың да әл-ауқатымыздың өсуінің негізі материалдық игіліктерді тиімді және үнемді пайдалана білуде жатыр. Сондықтан күнделікті тұрмыстағы экономикалық сипаттағы мәселелермен байланысты есептерді қарастырудың зор маңызы бар.

Мынадай мәселені қарастырайық.

Пойыз Алматыдан Үштөбе станциясына дейін 7 сағат жүреді және билеттің бағасы 380теңге тұрады. Үштөбеге 600теңге  төлеп, жеңіл машинамен 4 сағатта  жетуге де болады. Жолаушы үшін осының қайсысы тиімді болар еді?

Егер «тез жету»  тұрғысынан алып қарасақ, жолаушының екінші жағдаймен әрекет еткені тиімді болады. Ал, егер «ақшаны үнемдеу» тұрғысынан алып қарағанда, жолаушыға пойызбен жүру тиімді болатындығы түсінікті.

Әрине, бүл аса  күрделі мәселе емес және оны шешу де соншалықты үлкен қиындық тудырмайды. Алайда, шаруашылықтың әр түрлі салаларында, сондай-ақ ғылым мен техникада осыған ұқсас, бірақ бұдан күрделі мәселелермен жиі ұшырасуға болады. Көпшілік жағдайларда шаруашылықты ұйымдастыруды дұрыс жолға қою мәселесі мейілінше аз шығын жұмсай және жоғары еңбек көрсеткішін сақтай отырып, материалдық игіліктерді тиімді пайдаланумен байланысты болады. Мәселен, ракеталардың, спутниктер мен космос корабльдерінің ұшатын жолдарының (траекторияларының) ең тиімдісін алдын ала анықтау оларға ұқсас, бірақ аса күрделі есептерді шешуді талап етеді. Сол сияқты спутникті көздеген орбитаға шығару үшін шығынды (мәселен отынды) мейілінше аз жұмсауға байланысты есептерді алдын ала шешіп алуға тура келеді.

Байқап қарасақ, осындай мазмұндағы қарапайым тәжірбиелік мәселелермен байланысты есептермен күнделікті тұрмыста жиі істес болып отырамыз. Әсіресе, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында мұндай есептер айырықша мәнге ие болып, оларға деген қызығушылық арта түсуде. Оларды шығару оқушылардың бойында ұқыптылық, үнемділік, ақшаны ойластырып жұмсау сияқты қасиеттердің қалыптасына пәрменді әсер етеді. Сонымен бірге математиканың практикалық маңызын, оның күнделікті тұрмыстағы, экономикадағы, ғылым мен техникадағы ролін терең түсіне білуге жәрдемдеседі. Ең маңыздысы, осы сипаттағы есептерді шығару барыснда оқушылардың қарапайым экономикалық дағдыларын қалыптастыруға кең жол ашады.

Олар қарапайым  экономикалық ұғымдарды меңгерумен бірге, нақты тәжірбиелік мәселелерді экономикалық талдау шеберлігіне бейімделе түседі. Әрине, ұсынылатын есептердің оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне сай болуын басты назарда ұстаған жөн. Бұл біздің ғылым-әдіскерлер мен мұғалімдеріміз үшін педагогикалық ізденіс пен сынақтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Бастауыш сынып  оқушыларының экономикалық сауаттылығының аса маңызды элементтерінің бірі-олардың  есептеу мәдениетін дамыту болып  табылады.

Есеп-қисап жүргізіп отырудың адам өміріндегі мәні орасан зор. Бізге дүкенде, базарда, асханада, автобуста, барлық жерде де есеп-қисап жүргізуге тура келеді. Әсіресе, бүгінгі күні нарықтық  қатынастардың және осыған орай сауда-саттық ісінің кең қанат жаюы  кезінде тұрмыстың барлық салаларында есеп-қисап жүргізу ісінің маңызы одан сайын артып отыр.

Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың басты және аса  маңызды нәтижелерінің бірі-оқушылардың  есептеулер жүргізе білу машығын  қалыптастыру. Натурал сандармен  есептеулер жүргізуді шапшаң, мінсіз, әрі дәл орындауда қажет болатын  шеберліктер мен дағдыларды меңгеру бастауыш мектепті бітіретін бала үшін міндетті болып табылады.

Қолданылатын  әдісіне қарай есептеулер жүргізудің үш негізгі түрі бар. Олар; ауызша есептеу, жазбаша есептеу және есептегіш  құралдарды пайдаланып есептеу.

Жалпы алғанда, бастауыш сыныптар үшін есептеу тәсілдерінің түрлерін іріктеп алу өте оңай шешілетін мәселе емес. Қазіргі әдістемелік ғылымда және мектеп тәжірбиесінде бұлардың алғашқы екеуіне басымырақ мән беріліп жүр. Ал, соңғы мәселе жөнінде ғалымдар арсында ортақ пікір жоқ. Алайда, қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктер мен өмір талабы бастауыш сыныптарда есептеулер жүргізу тәсілдерінің ара қатынасын түбегейлі қайта қарауды талап етіп отыр. Біздіңше, бастауыш сынып оқушыларына осылардың қай-қайсысы да болмасын оқып-үйретілуі тиіс. Мұғалім оқу процесінде оларды үйлесімді ара қатынаста пайдалана білуі керек.

Информация о работе Бастауыш сыныпта математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру