Баға жүйесі және оның классификациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2014 в 14:54, курсовая работа

Краткое описание

басты мақсаты: баға жүйесі және баға белгілеу, оның жіктелуі туралы негізгі теориялық аспектілерді қарастыру, фирмадағы баға саясатын және баға стратегиясын қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………..3
1. Баға жүйесі және оның классификациясы.......................................................4
2. Бағаның атқаратын функциялары.....................................................................7
3. Баға белгілеу әдістері.........................................................................................9
4. Фирмадағы баға саясаты және баға стратегиясы...........................................10
Қорытынды............................................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................16

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат Баға.doc

— 166.00 Кб (Скачать документ)

 

  Баға саясаты нақты шаруашылық өмiрде қаржы механзмi арқылы iске асырылады. Ол бағаны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерiнiң, нысандарының және әдiстерiнiң жүйесi болып табылады. Қаржы механизмi арқылы шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтiк дамудың мемлекеттiк бағдамаларын орындау үшiн мақсатты ақша қорлары мен ақша қорландарын қалыптастыру және пайдалану жөнiндегi қаржы қатынастары басқарылады.

          Баға саясаты-  бұл бағаны басқарудың түптi мақсаты,  оның нақты нәтижесi; өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн кәсіпорынның  қаржы саласында жүргiзетiн мақсатты ойлары мен шараларының жиынтығы. Ол мемлекеттiнiң экономикалық саясатының құрамды бөлiгi болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Баға — өнімнің құндық ақшалай  сипаттамасы болып табылатын  экономикалык категория. Ол өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытының жанама өлшемі. Өнім бағасын анықтайтын факторлар: өндіріс жалпы шығыны, қоғамдық еңбек шығыны, өнім саны, өнім қызметі мен қасиеті, персоналдың квалификациясы, өндірістің технологиялық деңгейі, мемлекеттің салық туралы заңы, өнімді тасымалдау және сақтаумен байланысты шығындар, өнімді өткізу үшін ғимараттар арендасымен байланысты шығындар, өнімнің орамы, фирманың танымалдылығы, сервистік және кепілдік қызмет көрсетуінің деңгейі, фирманың маркетингтік қызметі, өнімге сұраныс пен ұсыныс, фирманың нарық баға стратегиясы.

Кәсіпорынның баға саясаты баға құрылу стратегиясын қалыптастырудың негізі болып саналады. Баға стратегиялары кәсіпорын дамуының жалпы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

Баға құрылуы стратегиясы –  бұл кәсіпорын өндіретін өнімдердің нақтылы түрлеріне нарықтық баға белгілеу жағдайында негізге алынатын факторлар мен әдістер жиынтығы.

Кәсіпорынның баға саясатын жетілдіру бағыты нақты өндіріс  орындарының тиімділігі нәтижесінде  ғана жүзеге асуы мүмкін. Оның себебі де бар, өйткені нарықтық баға бәсекесі кезінде қандай да бір өнімнің  құнын төмендету (ең төмен мөлшерде табыс таба отырып) үшін кәсіпорын өзі шығаратын басқа да өнім түрлерінен немесе қызметтерден тұрақты табыс алуы қажет. Онсыз баға бәсекесінде нәтижелі күресу мүмкін емес.

         Нарық   жағдайында  бағаны  мемлекеттік  реттеу  белгілі   бір  жүйемен  жүргізіледі:

  1. Үкімет  органдары  тарапынан  бағаларды  бақылап  отыру.  Оның мақсаты – еңбек  ақы  мен  зейнетақының  жылма-жылғы  номинальды көтерілуінің  индексін  белгілеу  үшін өмір  сүру  құнының өсуін, сонымен  қатар,  бағаның  көтерілуі  өндіріс  шығындарына  және  ұлттық бәсекелестік  қабілетіне  қалай  әсер  ететінін  анықтау. Бақылаумен орталық  статистика  басқармасы  айналысады.
  2. Бағаға  жанама  әсер  ету.  Оның  мәні  сыртқы  саудада  белгілі  бір сандық  және  кедендік  шектеулерді  немесе  алып  тастауда,  есеп нарқын  өзгертуде,  салықтардың  түрін  өзгертуде,  ақша  эмиссиясының мөлшерін  көбейтуде  немесе  азайтуда   тұр.
  3. Бағаны  белгілеу  мен   тұрақтандыру  процестерінде  мемлекеттік араласу.  Бұл  арада  әңгіме  мемлекеттік  органдар  рұқсат  беретін өндіріс  шығындарын    тым  арттыру,  яғни  өзіндік  құнға  тым арттырылған  амортизациялы  шығындарды  кіргізу  және  басқа қорларға  аудару  туралы  болып   отыр.
  4. Бағадағы  жетекшілік.  Бұндай  құбылыс  тауарлар  немесе  қызметтерді өндіретін   мемлекеттің  үлесі  едәуір  салаларда  байқалады.  Бұндай жағдайларда  мемлекеттік  органдар  тауарлар  мен  қызметтерді өндіруші  фирмалармен  келісім  бойынша  шартты  баға  белгілейді, кейін   ол  баға  бүкіл  өндіріс   саласы  үшін  негізгі  баға  болып табылады. 
  5. Бағаға  тікелей  мемлекеттік  әсер  ету.  Оны  жеке  өндірушілердің шығындарын   азайту  үшін  жұмсалатын  мемлекеттік жәрдемақы құрайды.

Бағалар елдің әлеуметтік және экономикалық  даму деңгейіне елеулі әсерін тигізеді. Бағаның тұрақты болуы инфляция қарқыны бәсеңдейді, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі артады, ел ішіндегі саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелер қалыпты болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Ералы А.Қ., Кабылбеков М.Г. Кәсіпорын экономикасы, КазҰТУ, 2004 ж.
  2. Есайдар У.С. Анализ деятельности хозяйствующих субъектов: Учебное пособие - Алматы: Дәуір, 2001 г.
  3. Мейірбеков А.К., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2003.
  4. Муравьева Т.В. и др. Экономика и фирмы: уч. пособие /под ред. Т.В.Муравьевой - М: Мастерство, 2002.
  5. Ниязбеков Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы /Алматы: Экономика, 2008.
  6. Слепнева Т.А. и др. Цены и ценообразования. Уч. пособие: М: ИНФРА - М, 2001.
  7. Оразалин КЖ., Есайдар УС., Төлегенов Б.Т. Кәсіпорын экономикасы (теория, тест сұрақтары, есептер). Оқу құралы : Алматы: АТУ баспасы, 2008
  8. Баға және баға белгілеу: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011 – 280б.
  9. Тілемісов С.     Баға-басты көрсеткіш.- Алматы: Қазақстан, 1989.- 64бет.
  10. Қасен С.Д., Әсіл Б.Ґ. Бағалар және баға ќұралуы/ Оќу құралы/ Астана/2002.- 143 б.

 

 

 

 




Информация о работе Баға жүйесі және оның классификациясы