Баға жүйесі және оның классификациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2014 в 14:54, курсовая работа

Краткое описание

басты мақсаты: баға жүйесі және баға белгілеу, оның жіктелуі туралы негізгі теориялық аспектілерді қарастыру, фирмадағы баға саясатын және баға стратегиясын қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………..3
1. Баға жүйесі және оның классификациясы.......................................................4
2. Бағаның атқаратын функциялары.....................................................................7
3. Баға белгілеу әдістері.........................................................................................9
4. Фирмадағы баға саясаты және баға стратегиясы...........................................10
Қорытынды............................................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................16

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат Баға.doc

— 166.00 Кб (Скачать документ)
  • Тұтынушылардың бағалық сұранымы икемді;
  • Фирма, бір тауарға шығындарды төмендету жолымен,

Пайданың жалпы көлемін  жоғарлату және сату көлемін максималдауға бағыт алуға талпынуы;

    • Тұтынушылар нарығының кең көлемде болуы.

Бұл мақсатқа жету үшін, яғни сатуды қамтамасыз ету –ену бағасы арқылы жүргізіледі.

Екінші мақсатқа  - оның бірнеше вариантары бар:

  • Фирманың бірнеше жылғы бірқалыпты жоғарғы деңгейлі пайдаға жетуіне талпынуы (сол кезеңде фирманың нарықтағы деңгейі бірқалыпты жоғары, дегенмен де өзіне сенімсіз фирманың ыңғайлы жайларды пайдалануға бағыт алуы)
  • Пайданың орташа нормасы негізінде бірқалыпты түсімді бекіту. Бұл, өз өнімдеріне ұзақ уақыттық бірқалыпты және өзгеріске ұшырамайтын сұранымы бар, өндірісі қалыптастырылған алдыңғы қатарлы фирмалар үшін қолданылады.
  • Күрделі жұмсалымның өсуіне байланысты бағаның өсуі, яғни, жаңашылдық енгізу сипатында болуы мүмкін. Бұл жоғары немесе өсіп келе жатқан сұранымға ие өнімдер өндірісін кеңейтуді іс-жүзіне саырушы фирмаларға тән.

Баға, бәсекелестік жағдайында ғана жоғары іс-әрекетке ие бола алады.  Бәсекелестіктің жоғарғы деңгейде болуы бірде-бір кәсіпорынның баға құралуы үрдісін өз қолында ұстауына мүмкіндік бермейді, бағаны нарық анықтайды, яғни сұраным мен ұсыныс әсерлерінен баға деңгейі анықталады. Бәсекелестік, өндірушілерге тауардың , өнімнің өзіндік құнын бақылап отыруды талап етеді.

 

  1. Бағаның атқаратын функциялары

 

Бағаның әр түрлі функцияларынан анықтап көруге болады. Бағаның мағынасын, оның функциясы ашып көрсетде -мынадай жайды есте ұстауымыз тиіс: баға функциясы ақша функциясымен ұласып жатыр, яғни, ақшасыз баға болмайды, ал бағасыз, ақша экономикалық мағынаға ие бола алмайды. Бағаға тән функциялардың тәжірибе жүзінде қолданылуына байланысты көптеген экономистер оның негізгі бес функциясын атап көрсетті:

    • Есептік өлшемдік;
    • Қайта үлестіру;
    • Ынталандыру;
    • Баланыстық / теңестіру;
    • Өндірісті орналастыру.

Есепетеу және шығындарды өлшеу функциясын баға, әр түрлі шаруашылық үрдістерін, олардың көрсеткіштерін өлшеумен ұйымның құндық есепті орындауы бойынша жүргізеді. Мысалы, алдын ала дайындалған жағармай көлемі (көліктік дайындау шығындарын қоса алғанда) осы тауардың баға сомасына эквивалентті кәсіпорынның өндірген немесе сатып өткізген тауарлық өнімдерінің көлемі, оның өнімінің немесе қызмет көрсетуінің жиынтық құннына тең. Есептік-өлшемдік функцияны іс-жүзіне асыра отырып, тауарлар мен қызмет түрлерінің еңбек шығындарына байланысты әр түрлі тұтынушылық жайлардың салыстыруына мүмкіндік туындатады. Қоғамнның дайын тауарларға деген мұқтаждығының қамтамасыз етілуінің қаншаға түсетіндігін баға көрсетіп береді. Сонымен қатар өндірістік айналым шығындарын және пайда көлемін анықтайды.

Баға механизімінің көмегімен экономика секторындағы пайда мөлшері жоғары өндірістерге капиталдың шоғырлануы іс-жүзіне асады. Осыған сәйкес баға өзінің өндірісті орналастыру функциясын жүргізеді.

Сұраныс пен ұсынысты теңестіру  функциясы (баланыстық), өндірістегі  және айналымдағы келісімсіздік ( диспропорциялық) жайлардың орнын толтыру есебінен немесе бағаның өзгеруі есебінен (немесе бұл екі шараны  бір кезеңде жүргізу арқылы) жүргізілуі мүмкін.

Бағаның ынталандыру  функциясының мәндік сипаттамасын төмендегідей сипаттауға болады: Яғни оның  өндіріске әсер етуі және әр түрлі тауарларда пайданың бекітілген деңгейі арқылы тұтынылуы.

Бағаның көмегі арқылы, ғылыми техникалық прогресті, шығын үнемділігін  қамтамасыз етуді, өнімдер сапасын  жақсартуды, өндіріс және тұтыну құрылымдарын өзгертуді ынталандыруға немесе керісінше тоқтатуға мүмкіндік туындайды.

Ынталандыру функциясы, бағадағы пайда деңгейін теңестіру  жолымен бағаға қосымша баға немесе жеңілдіктер беру жолымен жүргізледі.

Бағаның үлестіру және қайта  үлестіру функциясы да негізгі орындарға ие. Ол нарықтық факторлар іс-әрекеті шегінде бағаның құнынан ауытқуына байланысты. Баға үлестіру және қайта үлестіру экономика салалары арасындағы ұлттық түсімнің, оның секторларының, әр түрлі меншік формаларының, аймақтарының, қорлану және тұтынылу қорларының, әр түрлі әлеуметтік тұрғындар тобының арасында үлестіру құралы ретінде қолданылады. Мысалы: қымбат заттарға (алтын, күміс) және беделі имеджі жоғары тауарларға бөлшек сауда бағасының жоғарлауы халықтың бір бөлігінің әлеуметтік бағыттағы қорларды құруы үшін ақша түсімін үлестіруге көмектеседі. Бағаның  бұл функциясы нақты бір тауалар тобының аксизы , ҚҚС және басқа да салықтық сипаттағы алымдар, мемлекет халқының  әлеуметтік мұқтаждығын қанағаттандыруға бюджеттік аударымдар арқылы көрініп отырады.

Баға үлестіру құралы ретінде активті түрде қолданылады. Көбіне мемлекеттік немесе реттеуші бағаны қолданғанда бұл жайлар байқалады. Дегенменде, баға-үлестіру мен қайта  үлестірудің жалғыз ғана құралы емес. Бұл жерде қаржы-несие жүйесі және еңбек ақы да үлкен роль атқарады.

Бағаның әр түрлі функцияларының арасында тығыз байланыс бар. Олар кейде бір бағытты нұсқаса, келесіде бір-біріне қарама-қайшы жағдайда болуы мүмкін. Мысалы: бағаның ынталандыру функциясы сұраным мен ұсынымды теңестіру функциясын іс-жүзіне ауыстыруға көмектеседі, сұранымға ие тауарлар өндірісін өсіруге жол ашады. Ал, бағаның төмендеуі ұсыным көлемін төмендетеді.

Бағаның үлестіру функциясы  өндірісті оңтайлы орналастыру  функциясымен бірге іс-әрекет жасайды, яғни жоғарғы сұранымға ие тауарлар өндірісі сферасына капиталдың жинақталуын іс-жүзіне асырады.

Есептік-өлшемдік баға сферасы  көп жағдайларда өзінің басқа  функцияларымен қарама-қайшы жағдайда болады, себебі, нарықтық жағдайда баға, өндірістік шығындардан көп ауытқуларға ие. Баға функцияларының бір-бірімен байланысын айта келсе, оның арнайы маркетингтік зерттеулер құралы болып табылатындығын ұмытпауымыз тиіс.

 

3. Баға белгілеу әдістері

 

Фирма баға белгілеуде келесі әдістерге жүгінуі мүмкін:

1 Өзіндік құнға  негізделіп құрылған баға тауардың өзіндік құнына стандартты үстемені белгілеу арқылы қойылады.

2. Шығынсыз  принципіне жүгінетін баға белгілеу- тауарды өткізу және жеткізу шығындары мен жабу мен мақсатты пайдаға жету үшін қажетті деңгейі бекітіледі. Баға белгілеудің бұл жүйесінде шығынсыздық графигі қолданылады. Мұнда жиынтық шығындар мен жиынтық табыстар қисықтарының қиылысу нүктесі шығынсыздық шегін анықтайды. Оны келесі өрнек арқылы анықтауға болады:

                                           Тұрақты шығындар

Шығынсыз көлем =  ----------------------------------------;

                                      Баға – Айнымалы шығындар 

        Егер компания мақсатты пайдаға  қол жеткізгісі келсе, оның  қандай да бір өнімді өндіру  көлемі шығынсыз көлемнан артық  болу керек.

3. Тауар құндылығы  негізінде баға белгілеу. Баға белгілеудің бұл әдісінің негізін сатушының шығыны емес, тұтынушының тауарды қабылдау құндылығы құрайды.

Тауар құндылығы негізінде  баға белгілеу өзіндік құнға негізделген  баға белгілеумен салыстырғанда  кері процесті құрайды.

Өзіндік құнға негізделген  баға белгілеу

Құндылықтар негізінде  баға белгілеу

 


 

 

     4.Бәсекелестердің тәртіптеріне  негізделген баға белгілеу. Әдетте тұтынушылардың тауарға деген құндылық жайлы көзқарастары бәсекелестердіңкімен салыстырыла отырып қалыптасады. Бәсекеге негізделген баға белгілеудің екі әдісі бар: ағымдағы баға деңгейлері негізінде және жабық сауда негізінде.

      Ағымдағы баға деңгейлері негізіндегі баға белгілеу әдісінде компания өз бағасын меншікті шығындар мен сұранымға байланысты емес, бәсекелестердің баға деңгейлеріне қарай қояды. Мұнда компания бағасы бәсекелестермен салыстырғанда жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Олигополиялы салалрда әдетте баға деңгейлері бірдей болып келсе, шағын фирмалар нарық лидеріне қарай бағытталады.

     Жабық сауда негізінде баға белгілеу барысында компания қандай да бір контрактіге қол жеткізу үшін баға деңгейін бәсекелестермен салыстырғанда төменірек етіп қояды.

 

4. Фирмадағы баға саясаты және баға стратегиясы

 

Кәсіпорынның баға саясатының мәні бұл бағаның ұтымды деңгейін және құрылымын қалыптастыру, қолдау, және нарық жағдайында мүмкін болатын  мол табысқа қол жеткізу мақсатында, белгілі бір уақытта тауарлар және нарықтар бойынша баға деңгейін өзгерту болып табылады.

Баға нарықтық экономика жағдайында – кәсіпорынның қызметін сипаттайтын  маңызды экономикалық параметр. Баға өндірістің құрылымына, материалдардың толассыз қозғалысына, тауар массасының бөлінуіне, кәсіпорынның табыстылық деңгейіне шешуші ықпал етеді.

Меншік формасына қатыссыз нарыққа қызмет көрсететін дербес тауар  өндірушілер үшін баға мәселесі –  бұл олардың тіршілік және жақсы  тұрмыс халінің көзі. Нарықтық қатынастардың  қатаң шарттары жағдайында, баға белгілеудің  дұрыс әдістемесін, орынды баға тактикасын, терең негізделген баға стратегиясын біртіндеп жүзеге асыру – кез келген сауда кәсіпорынының қажетті құрамдас бөліктері болып саналады. Баға кәсіпорынның табыстылығын, тиімділігін, пайдалылығын анықтайды, сондықтан да ол кәсіпорынның өміршеңдігін көрсете отырып, кәсіпорынның қаржы-қаражат тұрақтылығын сипаттайтын маңызды элемент болып саналады. Баға құрылуы – фирманың мақсаттарына жеткізетін құрал.

Кәсіпорындарда белсенді және пассивті баға саясатын бөлінеді. Белсенді баға саясаты, өндірісте орташа шығындар деңгейін, өндіріс операцияларының мақсатты деңгейдегі табысын және неғұрлым пайдалы өткізу көлемін қамтамасыз ету мақсатында, тауарды өткізуді басқару саясаты шеңберінде баға белгілеу болып табылады. Белсенді баға саясаты, баға көмегімен нарықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып өндірістің тиімділігін арттырады. Ол бәсекелестердегі баға өзгерісіне икемді болады. Сондықтан, бағаның көмегімен, кәсіпорын бәсекелестердің нарықтағы белгілі бір үлесін жаулап алу негізінде, табыс мөлшерін ұлғайта алады.

Пассивті баға саясатын ұстанған кәсіпорындар, нарықтағы үлесіне  ұзақ мерзімде келіседі және баға деңгейін көшбасшы бағасына сай қалыптастырады. Пассивті баға белгілеу – бұл баға деңгейін дәлме – дәл шығынға негізделген әдістер негізінде әлде бәсекелестердің баға шешімі негізінде қалыптастыру.

Құндылыққа  негізделген стратегияның мақсаты – тұтынушылар үшін жасалынған құндылықпен компания шығындарының арасындағы айырмашылықты барынша көбейту болып саналады. Осы стратегия аумағындағы баға белгілеудің мақсаты – бұл фирманың табысы түрінде қалыптасқан, құнның ауқымды үлесін алу болып табылады.

Баға саясаты дегеніміз, өз өнімдеріне қалыптасқан бағалар көмегімен, жүзеге асырылатын кәсіпорынның мақсаттары. Баға саясатын таңдау барысында фирма, оның ғаламдық мақсаты пайда екенін біле тұра, өз мүддесін қорғау, бәсекелестерді басу, жаңа нарықтарды жаулап алу, нарыққа жаңа тауармен шығу, шығындарды тез өтеу, табыстарды тұрақтандыру сияқты аралық мақсаттар ұсынылуы мүмкін екендігін ескергендігі жөн. Бұл мақсаттарға қол жеткізу қысқа мерзімде, орташа мерзімде, ұзақ мерзімде болуы мүмкін. Жалпы белгілі бір мерзімде қалыптасқан баға деңгейі кәсіпорынның қандай да бір мақсатының нәтижесіне әр түрлі әсер етеді, мысалы: пайда шамасына, айналым көлеміне және т.б.. Төтенше жағдайларда ғана кәсіпкерлік қызметтің бір мақсаты басым болады. Жалпы күнделікті шаруашылық әрекетте баға саясатының көмегімен көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады.

Аталған баға саясаты  мақсаттары әр түрлі уақытта, әр деңгейдегі бағамен, жүзеге асуы мүмкін, олардың арасындағы арақатынас әр түрлі болғанымен, олардың барлығы кәсіпорынның жалпы мақсаты – пайданы ұзақ мерзімді ұлғайту мақсатына қызмет етеді.

  Баға белгілеу стратегиясының жіктелуі. Баға белгілеу құрылымы тауардың өмірлік кезеңіне байланысты. Компания бағаларға сұраным мен шығындар деңгейлеріне және нарықтағы әртүрлі ситуацияларға қарай өзгерістер енгізіп отырады.

  Жаңа тауарларға  баға белгілеу стратегиялары.  Әдетте иммитатор-тауарға, аналогы  жоқ және патентпен қорғалған  мүлдем жаңа тауарға баға белгілеуді бөліп қарастыруға болады.

    Жаңа иммитатор-тауар  шығарып отырған фирманың басты  проблемасы оны бәсекелестермен  салыстырғанда дұрыс позициялау. Осы мақсатта фирма келесі  төрт стратегиялардың бірін қолдана  алады:

  • премиялы үстеме стратегиясында компания сапасы өте жоғары тауарына сәйкесінше жоғары баға белгілейді;
  • үнемдеу стратегиясында сапасы төменірек және бағасы да арзан етіп қойылады;
  • жоғары құндылықты стратегияны қолдануда компания премиялы үстемені қолданып отырған бәсекелес компанияға шабуыл жасайды;
  • қымбат баға белгілеу стратегиясында компания тауардың сапсына қарай бағасын да жоғарырақ етіп қояды және бұл әдетте тұтынушыларды жалған сапамен ғана қызықтырады да түбінде тұтынушылар бұл тауардан алшақтай бастайды.

  Нарыққа патентпен қорғалған абсолютті жаңа тауар алып шыққан фирманың алдында екі стратегия бар: қаймағын алу стратегиясы мен нарыққа мықтап ену стратегиясы.

  Қаймағын алу стратегиясын қолдануда нарықтың барлық сегменттерінен максималды пайдаға жету үшін бастапқы баға жоғары етіп қойылады.

   Нарыққа ену стратегиясын қодануда нарыққа алғаш шығарылып отырған жаңа тауарға сатып алушылардың едәуір бөлігін қамтып, үлкен нарықтық үлеске қол жеткізу үшін арзанырақ баға белгіленеді.

   Комплектілі тауарларға баға белгілеу – бірнеше тауарларды бірге жинақтап, оларға арзан баға белгілеу.

Бағаның нарықты түзетуі, психологиялық баға белгілеу, бағадан  жеңілдік.

Бағаны түзету стратегиялары

Стратегия

Сипаттамасы

Шегерімді және зачетты  бағалар

Бағаны тауардың ақысын алдын ала төлнегені немесе ноы коптеп алғаны үшін шегеру

Дискриминациялы баға белгілеу

Тұтынушылардың әртүрлі  сипаттамалрына және олардың орналасуына  қарай баға бекіту

Тұтынушылардың психологияларын  ескере отырып құрылған баға белгілеу

Сатып алушыларға психологиялық ықпал жасау мақсатында қойылатын бағалар.

Тұтыну құндылықтарына бағытталған баға белгілеу

Тұтынушыларға жақсы  сапалы тауарды жақсы сервистік  қызмет көрсетулерді үйлестіре отырып баға белгілеу

Өтімді ынталандыруға  бағытталған баға белгілеу

Өтімді қысқа мерзім бойы ынталандыру мақсатында бағаны уақытша арзандату

Бағаны географиялық принципке сай белгілеу.

Бағаларға тұтынушылардың орналасқан жерлеріне қарай түзету енгізіп отыру.

Халық аралық нарықтарға бағытталған баға белгілеу

Бағаларды халық аралық нарықтарда түзетіп отыру.

Информация о работе Баға жүйесі және оның классификациясы