Баға жүйесі және оның классификациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2014 в 14:54, курсовая работа

Краткое описание

басты мақсаты: баға жүйесі және баға белгілеу, оның жіктелуі туралы негізгі теориялық аспектілерді қарастыру, фирмадағы баға саясатын және баға стратегиясын қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………..3
1. Баға жүйесі және оның классификациясы.......................................................4
2. Бағаның атқаратын функциялары.....................................................................7
3. Баға белгілеу әдістері.........................................................................................9
4. Фирмадағы баға саясаты және баға стратегиясы...........................................10
Қорытынды............................................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................16

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат Баға.doc

— 166.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………..3

1. Баға жүйесі және оның классификациясы.......................................................4

2. Бағаның атқаратын функциялары.....................................................................7

3. Баға белгілеу әдістері.........................................................................................9

4. Фирмадағы баға саясаты және баға стратегиясы...........................................10

Қорытынды............................................................................................................14

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі кезде экономкалық  ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс.

Рефераттың  басты мақсаты: баға жүйесі және баға белгілеу, оның жіктелуі туралы негізгі теориялық аспектілерді қарастыру, фирмадағы баға  саясатын және баға стратегиясын қарастыру.

Нарықтық механизмнің  негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың  өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр кәсіпорынның табысты тұрақты алуына және өндіріс  бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі  бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.

Баға құрудың  негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның  қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын  анықтау. Жалпы баға – күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде  қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет.  Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның  құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы  сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Баға жүйесі және оның классификациясы

 

Баға және баға белгілеу нарықтық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Баға – күрделі  экономикалық категория. Бағада іс жүзінде  экономиканың жалпы коғам дамуының барлық негізгі мәселелері түйінделген және шоғырланған. Бұл тауарларды өндіру және сатып өткізу, олардың кұнын қалыптастыру жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты құру, бөлу мен пайдалануға қатысты болады. Барлық тауар-ақша қатынастары баға арқылы іске асады. Ең жалпы, абстракты түсінік бойынша, баға тауар құнының ақшалай көрінісі болады. Өз кезегінде, тауар құны оны өндірудегі қажетті қоғамдық еңбек шығындарымен анықталады.

Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады.

  • Баға теориясы;
  • Баға жүйесі;
  • Баға саясаты;

Баға құралу ғылымы –  баға қозғалысы мен оны қолдануды  зерттеуші ғылым.

Баға құралудың оқыту  құралы-баға теориясы мен оның тәжірибеде қолданылуы болып табылады.

Баға механизмі, баға құралуы, баға саясаты нарықтың өте  күрделі және нәзік құралы болып саналады және іс жүзінде оның құрылуы өте қиын. Сондықтан баға теориясы сұрағын бірінші қарасытуымыз керек.Оның ішінде қазіргі кезде кең таралған баға теориясының бірі шағындық баға теориясы. Бұл теорияның пайда болуы қазіргі заман экономикалық теориясының негізін қалаушылар – А.Смит, Д. Рикардо, К.Маркс ж.т.б. көзқарастарымен байланысты. 

Шығындық баға теориясы бойынша тауар құны тауар өндірушілер  еңбегінің әлеуметтік жиынтығы ретінде, ал тауар құнының өзі сол өнімді өндіру үшін қажетті өндіріске кететін шығын ретінде анықталған. Соңғысы нақты тауарды дайындау үшін қажетті жұмыс уақытымен есептеледі. Бұл жағдайда нарықтық баға сол тауарларды өндіру үшін кеткен орташа шығындар бойынша құралады. Құн екі жақты сипатталады:

  • Сандық;
  • Сапалық;

Сандық сипаттамада тауардың тұтынылуы құндылығын құратын сол тауарға кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Сапалық сипаттамада, адамдар арасындағы тауар алмасуда өндірістік қатынастар ретінде көрсетілген. Осыған байланысты, басқа өнімге айырбастау мүмкіншілігі бар еңбек өнімі, құны бар болып есептеледі. Егер баға теориясын тереңінен қарастыратын болсақ, онда бұл жайында ежелгі кезеңдерде де көп көңіл бөлінгендігі байқалады.

Нарықтық экономикада  бағаның құрылуы тек қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен ғана емес, ақшаның қайта үлестіру факторлары әсерінен де пайда болады. Оған жататындар:

  • Сұраныс    және ұсыныс қатынасы /бұл жағдайда бағаның құрылуы үшін қажет жайлардың бірі сұраным икемділігі/;
  • Әлеуметтік факторлар /бұл поблемаларды баға жүйесі арқылы шешу үшін мемлекеттің араласуы/;
  • Мода және тауар болашағы факторлары, /көбіне бұл жайлар монополиялық өндіріспен сәйкестенеді/;
  • Ұлттық және климаттық ерекшеліктер факторлары /кейбір ұлттардың тағамдық ерекшеліктеріне байланысты/.

Бұданда басқа, солтүстіктегі  суық климат оңтүстіктегі өндірістерден қарағанда жылу энергиясын көп қажет етеді.

Бағаның құрылуы факторлары, көріп отырғанымыздай, әр түрлі және олардың баға көрсеткішіне әсерлері әр жақты. Бір тауарлар үшін модалық  факторлар үшін артықшылық мағынада болатын болса, ал, екінші тауарлар үшін беделдік жайлар, ал, үшіншілерге ұлттық және климаттық ерекшеліктер болып табылады. Барлық факторлар бағаның құрылуына тек жеке-жеке әсер етіп қоймай, кейбір жағдайларда бірлескен жиынтық әсерлерінде тигізіп отырады.

Экономикадағы іс-әрекет жасаушы барлық бағалар бір-бірімен байланысты және өз-ара жеке жүйе құрады. Бұл жүйе көптеген нарықтық фактордың әсерінен әр уақыт қозғалыста болады. Баға жүйесі жеке өзара байланысты баға блоктарынан құрылады. Барлық бағалардың байланыс негізін, қан тамырлары қызметіне ұқсас байланыстық принципі құрады, бір жүйедегі баға қозғалысы басқа да барлық жүйеге автоматты түрде өзгертулер енгізіледі.

Баға жүйесінің маңызды  және негізгі блоктары төмендегідей:

    • көтерме сауда бағасы арқылы көтерме саудада өнімдердің ірі партиялары сатылады;
    • бөлшек сауда бағасы арқылы тауарлар индивидуалдық сатып алушыларға шағын мөлшерде сатылады;
    • тарифтер көрсетілген қызметтер үшін (телефонды пайдаланған үшін, электрқуаты, газ, су үшін, пәтерді жөндеушіге) төленетін баға;
    • сатып алу бағасы- ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер өз өнімдерін келесі өңдеулер үшін мемлекетке, фирмалар мен кәсіпорындарға сату бағасы.

Бағаның негізгі  блоктары бірнеше блокасты бөліктерден  тұрады. Мысалы ретінде: көтерме сауда бағасы блогы екі блокасты тобына бөлінеді, кәсіпорындардың көтерме сауда /босату/ бағасы және өнеркәсіп көтерме сауда бағасы. Жүк көлігі тарифтер блогы мынадай блокасты бөліктерінен тұрады: темір жол жүк көлігі тарифі, теңіз жүк көлігі тарифі, өзен жүк көлігі, әуе жолымен тасымалдау, автожүк көлігі, құбыр байланысы жүк көлігі тарифтері.

Барлық бағалар жүйелерінде  анықтаушы және негіздеуші роль атқаратын, бұл –базалық өнеркәсіптік салалар  өнімдерінің бағасы, яғни, отын –  энергетикалық кешендерінің, металлургия  саласының өнімдері, себебі, бұл өнімдер экономиканың барлық салаларында қандайда болмасын бір көлемде тұтынылады немесе қолданылады. Энергетикалық өнімдер бағасының өзгеруі барлық өнімдер мен қызмет түрлерінің баға деңгейіне тез арада өзгерістер енгізетіндігі айқын.

Жоғарыда аталып өткендей баға жүйесіндегі барлық бағалар бір-бірімен тығыз байланысты. Өзара жеке жүйе құрушы бағалар байланысы және өзарар тәуелділігі төмендегідей екі жағдайға негізделген:

  • Құн заңы, сұраным мен ұсыныс және де басқа экономикалық заңдарды қолданана отырып, жекеше әдістемелік негізде бағаның құралуы;
  • Бағаның әсерінен өндірістік кәсіпорындар мен салалардың шаруашылық қызметінің байлаыстылығы.

Бұл байланыспен тәуелділікті агроөнеркәсіптік, орман және басқа  да кешендік кәсіпорындар мен салалар  мысалында көруге болады. Бұл жағдайда айтатынымыз, соңғы өнімнің бағасы, келесі және аяқтаушы кезең үшін қолданылатын шикізат ретінде бастапқы кезең өнімінің баға деңгейімен анықталады.

Баға байланысы тек  қана кәсіпорындар арасындағы технологиялық  байланыс кезінде ғана емес, оның жоқ кезінде де болатындығы байқалады. Себебі, жеке салалардағы және жеке категориялық жұмысшыларға еңбек ақы деңгейінің өзгеруі, зергерлік бұйымдардың, әдет-ғұрыптық қызмет түрлерінің және т.б. арзандап немесе қымбаттап кетуіне әсер етуі ықтимал.

Жеткілікті түрде күрделі  баға жүйесінде бағыт-бағдарды таңдау үшін баға жіктемелері қолданылады. И.Жельтякова, Г.Маховикова, Н. Пузыния  бағаның келесідей жіктемесені  атап көрсетеді.

А. Айналымды  қамтамасыз ету сипаттамасы бойынша:

    • Көтерме сауда бағасы;
    • Бөлшек сауда бағасы;
    • Сметалық құн – құрылыс өнімдеріне (ғимараттар мен құрылғылар,) төлеу үшін баға;
    • Халыққа қызмет көрсету бағалары мен тарифтері.

Б. Мемлекет тарапынан  реттелу әсерлері, нарықтық бәсекелестікке байланысты:

    • Еркін нарықтағы баға- нарық коньюнктурасына сәйкес сұраным мен ұсыныс негізінде өнімдерге өндірушілердің қойған бағасы.
    • Реттелуші баға- арнайы басқару органдарының қойған бағасы, олар көбіне жоғарғы дәрежелі әлеуметтік бағыттағы өнімдер, тауарлар мен тарифтерге байланысты қойылады.
    • Париттетік баға – бағаның бұл түрі АҚШ –да мемлекеттік органдар, ауылшаруашылық өнімдері бағасы мен басқа да тауарлар және қызмет түрлері бағасының қатынасын реттеу үшін қолданылады.

В. Бағаның  қойылу әдісі бойынша:

    • Қатаң (тұрақты) баға  - келісім шарттарда қолданылады және оның аяқталуына дейінгі кезеңде өзгеріссіз қалады.
    • Ағымдағы баға - әрбір кезеңдегі баға деңгейі. Олар бір келісім шегінде өзгеруі мүмкін және баға жағдайымен айқындалады.
    • Қозғалмалы баға – келісімде белгіленген баға, екі жақтың келісімі бойынша нарықтық бағаның өзгеруіне байланысты келісімнің орындалуы кезінде болашақта өзгеріске ұшырайтын баға.
    • Сырғымалы баға  - бағаның бұл түрі ұзақ уақыт дайындалу кезеңін қажет ететін өнімдерге қойылады. Өнімді дайындау үшін қажетті, сол уақыт кезеңінде өндіріс шығындарының өзгерісін есепке ала отырып алғашқы келісім бағаны келісім-шарттың орындалуы кезінде қайта қарастыру жолымен анықталады.

Г. Уақыт әсерлерін  есепке алу бойынша:

  • Тұрақты- әрекет ету мерзімі алдын-ала анықталмаған баға түрі;
  • Маусымдық – маусымдық тауарлардың сипаттағы сатып алу немесе бөлшек бағаларының түрлері;
  • Баспалдақты– белгілі уакыт мерзімдерінде алдын-ала анықталған тәртіп бойынша біртіндеп төмендетілетін баға түрі.

Д. Баға деңгейі  туралы мәліметтерді алу әдісі бойынша:

    • Анықтамалық – каталогтарда, прейскуранттарда, экономикалық журналдарда, анықтамалар мен арнаулы экономикалық шолуларда жарияланады;
    • Прейскуранттық – сатушы фирмалардың прейскурантарында жарияланатын аныктамалық баға түрі;
    • Есеп айырысу бағасы – жеке тапсырыс бойынша өндірі стандартты емес құрал-жабдықты дайындау туралы шарттарда, келісім-шарттарда қолданылады.

Е. Нарық түрлеріне  байланысты:

    • Аукциондық— тауарлар партиясын (лотын) сатып алушы алдын ала  қарау арқылы ашык сауда кезінде ұсынылған ең жоғарғы баға деңгейі;
    • Биржалық котировка –биржа арқылы сатылатын стандартталған бір түрлі ұқсас тауарлардың бағалары
    • Сауда бағасы – мамандандырылған сауда бағасының негізгі бір түрі. Бағаның бұл түрі тауарларды жеткізуге тапсырыстар беруге негізделеді.

Ж. Фирма ішінде қолданылатын баға түрлері:

    • Трансферттік баға- бір фирма бөлімшелерінің арасында немесе бір ассоциацияға кіретін әр түрлі фирмалар арасында өнімдерді сатып-өткізу кезінде қолданылатын баға.

З. Жеткізіп беру және сату жайлаы бойынша:

    • Баға нетто –сатып алу-сату орнындағы баға.
    • Баға брутто – сатып алу – сату жайларын есепке ала отырып анықталады. (Франко) – бұл термин, тауарлардың қозғалыс кезінде сатушыдан сатыпалушыға дейін қайсы пункт аралығында бағаға транспорттық шығындардың енгендігін көрсетеді.

Баға құралу үрдісі өте күрделі және бірнеше бөлімнен құралады. Осыған сәйкес ол мақсатты таңдап алудан басталады. Кез келген фирмалар үшін негізгі мақсаттар төмендегідей:

  • Сатып өткізуді қамтамасыз ету;
  • Пайданы максималдау;
  • Нарықты ұстап тұру.

Бірінші мақсат – нарықта ұқсас тауар өндірушілер көп жағдайда, қатаң бәсекелестікте іс-жүзіне асырылады. Бұл мынадай жағдайларда қажет;

Информация о работе Баға жүйесі және оның классификациясы