Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 14:52, курсовая работа
Қазақстан Республикасында «Қазақстан Респубикасы банктер жәе банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Қазақстанның екі денгейлі банк жүйесі бар бірінші денгейдегі мемлекеттің Ұлттық банкі, ал басқа бактердің барлығы екінші денгейлі яғни коммерциялық банктер» делінген.
Банк және тауарлы, ақшалай қарым қатынастардың даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық өмірдің орталығы барлық эконмиканың негізгі түйіні болып табылады.
Кіріспе
I Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы
1.2 Банк жүйесінің құрылымы
II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтерін талдау
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау
III Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және
жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында шамамен 38 банк және олардың 783 бөлімшелері мен филиалдары орналасқан.
Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде жинақталуы – несиелік ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдің халық шаруашылығына ұғымды бағыттауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді. Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" заңында былай делінген: "Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер кабинеті өз құзіреті шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін нормативті актілерді қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – Қазақстан Республикасының валютасын реттеудің негізгі органы болып табылады".
"Валюталық реттеу"
түсінігіне нормативті
Бұл принцип – ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының ықпалынан сенімді қорғау жолы.
Орталық банк елдегі ақша – несие саясатының жүргізілуіне толық жауап береді. Өз кезегінде ақша – несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің негізін құрайды. Сондықтан ақша – несие саясатын автономды түрде жүргізбейінше, республикадағы нарықтық экономиканың тиімділігі туралы сөз қозғауға да болмайды.
Ұлыбритания мен Францияда орталық банктердің капиталы мемлекет игілігінде, алайда акционерлер ретінде коммерциялық банктер бола алады. Оларда да орталық банктер атқарушы органдардан тәуелсіз, тек парламентке есеп береді.
Орталық банктердің автономиясы Батыс Германияда, АҚШ – та заң жүзінде бекітілген. Батыс Германияның банк жүйесі туралы заңында, Орталық банк өз саясатын үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс, алайда оның тұрақты ақша айналысын сақтау мақсаттарына қайшы келетін талаптарын орындауға міндетті емес деп жазылған. Ол канцлерге де, федерация министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк туралы заңға ғана бағынады.
АҚШ-тың несие жүйесінің жоғары органы болып табылатын – Федералды резервті жүйесінің (ФРЖ) мүшелерін – сенаттың мақұлдауымен президент тағайындайды және олардың қызметі келіспеушілік бойынша қызметіне босатылуы мүмкін емес. Басқарушылар кеңесі конгрессі алдында есеп беріп отырады.
Біздің еліміз бен шет елдердегі несие жүйесінің автономдылығының елеулі дәрежесі – экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша – несие және валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің біршама тәуелсіздігінің негізгі жағдайы бюджетке қатысты мәселенің шешімі болып табылады. Мемлекеттік қаржылар және банктік жүйелерді заңмен шектеу, яғни үкіметтің Ұлттық банк қаражаттарын пайдалануына шек қоюдың принципиалдық мәні бар.
Президенттің " Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы" заң күші бар жарлығында былай деп жазылған: "Жүргізіліп отырған мемлекеттік ақша-несие саясатының және оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк:
а) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заем алушының кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді;
б) осы шарттар бойынша үкімет жәрдемімен ашылған Қазақстанның халықаралық ұйымдарда мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдерге қатысты өзара келісілген шарттармен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қосымша несиелер береді".
Осылайша Үкімет, Ұлттық банктің басқа да клиенттері тәрізді әрбір несие бойынша қайтарымдылық, мақсатты-сипатының мерзімділігі және төлемдік шарттарына сәйкес келетін келісім негізінде қарыз алады.
АҚШ, Жапония, Англия, Канада және басқа елдерде іс жүзінде үкіметті тікелей несиелендіру жоқ; Германия, Голландия, Францияда заңмен шектелген, Австрияда үкіметтік несиеден заң алтын және конвертацияланатын валютамен 100% қамтамасыз етілуі талап етіледі.
Бөлімді қорытындылай келе, қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді.
III Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары
2003 жылы Қазақстанның қаржы секторы үшін мерейтой жылы болды. 1993жылы 15 қарашада ұлттық валютаның енгізілгеніне 10 жыл толды. Он жыл ішінде Қазақстанның қаржы секторының барлық сегменттерін дамытуда қомақты нәтижеге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД ның басқа елдерімен салыстырғанда едәуір дамыған және мелекеттің араласуынан қорғалған болып табылады.
2003 жылы акша
несие саясатын жүргізу қаржы
рыногында тұрақтылықты
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі 2006 жылы номиналы 200 теңгеден
10000 теңгеге дейінгі жаңа дизайндағы банкноталарды
айналысқа шығарды. Бұл шараға бірқатар
факторлар себепші болды және ұлттық валютаны
қолдан жасаудан қорғауды күшейтуге бағытталған.
2006 жылы жалпы инфляция денгейі 5.4 пайызды
құрады. Жыл бойы валюта рыногындағы жағдай
тенгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша
нығаю үрдісімен сипатталады. Тенгенің
нығаюы ішкі валюта рыногына шетел валютасының
едәуір әкелуіне ықпалын тигізеді.
2006 жылы Ұлттық
банктің таза халықаралық
Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі ақша агрегаттарының кеңеюіне алып келеді: ақша базасы 52,2% ға 316,9 млрд. Тенгеге дейін, қолма қол ақша 47,6% ға дейін 238,7 млрд, тенгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде 2006 жылы экономиканы модернизациялау 17,3 % дан 22%ға дейін өсті.
2006 жылы екінші денгейдегі банктердің жиынтық активтері 46,5 ға 1,7 трлн. Тенгеге дейін ( 11,7 млрд. АҚШ долларына жуық), ал жиынтық меншік капиталы 45,1% ға 233,9 млрд тенгеге дейін ұлғайды. 2006 ж халықтың (резидент еместерді есептегенде) салымдарының өсуі жалғаса түсті, олар 33,4% ға 343,2 млрд тенгеге дейін (2,4млрд АҚШ долларына жуық) өсті. 2006 жылы банктердің ресурстық базасының айтарлықтай өсуі банктердің экономиканың нақты секторына несиенің 45,5% ға 978,1 млрд тенгеге дейін өсуәне ықпал етті.
Барлық қадағалау қызметтерінің 2004 жылы 1қаңтарда құрылған Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттікке берілуіне байланысты Ұлттық банк өз қызметін сапалы дамытудың келесі сапасына өтті. Енді негізгі күш жігер өз ақша несие саясатын және валюталық реттеуді дамытуға шоғырландыратын болады. Таяу жылдардағы басым бағыт ретінде ақша несие саясатын Еуропалық Одақ стандарттарына барынша жақындату айқындалды.
2006 жылдан бастап
Ұлттық банктің негізгі
Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке келесідей міндеттер жүктелген:
- мемлекеттің ақша несие саясатын әзірлеу;
- төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеуді
және валюталық бақылауды
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.
Ұлттық банктің негізгі мақсаты мен міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін Ұлттық банктің жауапкершілігін күшейтеді және ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандартына және инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланатын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдарлар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету бұрынғыдай Ұлттық банктің құзырында қалады. Осы міндетті шешуде Ұлттық банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Қарды нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігімен тығыз үйлестіріп отырады.
2007 жылы Америкадан
басталған қаржы дағдарысы
Жалпы, банктердің
қаржы айналымын тұрақты
Берілген қаражатты
банктер тиімді пайдалануы
Үкіметтің «Қазақстанның
Халық банкі» АҚ және «
Үкімет атынан келісімге қол жеткізген «Самұрық -Қазына» ұлттық әл ауқат қоры «Халық банк», «Казкомға» акционерлік капиталдың 25 пайызы көлеміндегі жай акциялардың қосымша эмиссиясына өз қатысуын шектейді.
Қаржы саласын
басқару тетіктері бақылауды
тұр. Қаржы жүйесіндегі
«Самұрық -Қазына» ұлттық әл ауқат қоры рыноктық қағидаларды басшылыққа ала отырып, инвестор ретінде қызмет етпек. Банктердің корпоративті органдары өз жұмыстарын қазіргі заңнамаға сәйкес жүргізіп, акционерлік капитал мен акцияны сатып алуды ұлғайту жұмыстары «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес жүргізілуде.
.
Нарықтық экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша-несие және делдалдық қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.
Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болды. Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің банк функцияларын, ақша – несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің қызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне толығымен дербес әртүрлі қызметтер көрсетуде.
Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие жүйесін толықтырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі.
Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша – несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сырқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша- несие саясатын жалпы экономикалық саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикаға интеграциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
· оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
· акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
· бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
· Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.
АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.
Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары