Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 14:52, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында «Қазақстан Респубикасы банктер жәе банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Қазақстанның екі денгейлі банк жүйесі бар бірінші денгейдегі мемлекеттің Ұлттық банкі, ал басқа бактердің барлығы екінші денгейлі яғни коммерциялық банктер» делінген.
Банк және тауарлы, ақшалай қарым қатынастардың даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық өмірдің орталығы барлық эконмиканың негізгі түйіні болып табылады.

Содержание

Кіріспе
I Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы
1.2 Банк жүйесінің құрылымы
II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтерін талдау
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау
III Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және
жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

мемлекеттік банк жүйесінің құрылымы.docx

— 70.34 Кб (Скачать документ)

 Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің қоймасында сақтау үшін үкіметтік /бюджеттік/ резервке алынған құндылықтарды қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды, өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды, ішкі және сыртқы нарықта сатып алу және сату операцияларын жүргізеді.    

 Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты: жарғылық, резерв капиталынан , қайта бағалау шоттары және арнайы  провизияларынан /резервтерінен/ құрылады.    

 Ұлттық банктің  жарғылық капиталы 20 млрд теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан , мемлекет берген негізгі қордың құнынан  және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.      

 Резерв капиталы жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген  операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.       

 Алтын валюта  активтерін қайта бағалау шоты  оларды қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын валюталық резерв теңгенің ішкі және сыртқы  тұрлаулылығын  қамтамасыз ету үшін құрылып және мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв  төмендегі элементтерден құрылады:       

. алтыннан;        

. банкнота, монета  түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы  қаржылардың қалдықтарынан;      

. Ұлттық банкте  сақтаулы валюталық құндылықтардан;      

. шетел үкіметтері  немесе халықаралық қаржы  мекемелері шығарып, кепілдік берген  бағалы қағаздардан;         

.шетел валютасындағы жай және аударым вексельден;       

. өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел валютасындағы басқа сыртқы  активтерден құрылады.

Арнайы провизиялар /резервтер/ Ұлттық банктің  шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден,  бағалы қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі  шығындардан, шоттардағы қалдықтардан және басқа да активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және  Ұлттық банктің монетарлық емес талаптары және әлеуметтік  сипаттағы төлемдер кіреді.   

 Ұлттық банктің  қаржылық жылдағы таза табысы  оның  іс жүзінде алған кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең Шығынға  шығарылып тасталған  күмәнді борыштар, активтердің , оның ішінде айналымға шығарылған  банкноталар мен монеталардың амортизациясы /тозуы/ қосылады. Табыс жоғарыда айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға  жұмсалып, қалған бөлігі келесі қаржы жылының үлесіне жіберіледі.      

 Ұлттық банктің  басқарушы органы болып Басқарма  және директорлар Кеңесі /Директорат/ саналады. Оның жоғарғы органы- Басқарма, ол 9 адамнан тұрады. Оған  Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазымды адамы және  Президенттен бір, Республика Үкіметінен екі өкілі кіреді. Президенттен,  Республика Үкіметінен  және Ұлттық  банктен кірген  басқарма мүшелерінен тиісінше Президент, Үкімет және  Ұлттық  банктің  төрағасы бекітеді және  қызметтен босатады.     

 Ұлттық банктің  төрағасын республика Президенті  Парламентпен келісе отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға қызметтен кеткісі келсе 2 ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент босатады. Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Оның орынбасарларын төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне тәуелсіз 6 жылмерзімге бекітеді.Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады. Сондай-ақ төрағаның орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе, онда 2 ай бұрын төраға арқылы Президентке арыз береді.        

 Ұлттық банктің  Басқармасының мәжілістері қажетті  кезде, бірақ айында кемінде 1 рет өткізіп, онда Ұлттық банктің ,жоғарыда айтылған қызметтерін орындайды, ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган –Директорлар Кеңесі. Директорлар Кеңесі Президенттің «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы » Заң күші бар Жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.       

 Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті.                 

2.2 Коммерциялық  банк және оның  қызметтерін талдау

Елдің несие жүйесіндегі коммерциялық банктердің рөлі мен орнын бөліп көрсету, олардың қоғам ішінде, жалпы мемлекет экономикасында маңыздылығын ашу – бұл бөлімнің басты мақсаты.  

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» және 1995 жылы 31 тамыз айында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады. Бұл заңдарда Қазақстан Республикасының банктерді құрудың, қайта ұйымдастырудың және таратудың барлық ерекшеліктері көрініс тапқан.

Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

90-шы жылдың басында  банктердің саны 200-ден асты, әрине  бұл олардың экстенсивті жағынан  дамуын сипаттаса, сол жылдың  орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін коммерциялық банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.

Қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді.

Коммерциялық  банктер қарыз  капиталы  нарығының  әртүрлі  секторларында  қызмет  ететін  көп  қызметті  мекемелер  болып  табылады. Олар  кәсіпкерлік  тәжірибесінде  белгілі  бір  көптеген  қаржылық  операцияларды  орындайды. Коммерциялық  банктер  кез  келген  елдің  несие  жүйесінде  әдеттегідей  негізгі,  базалық  буын  рөлін  атқарады. 

Олар  үкіметтің,  іскерлер  мен  миллиондаған  жеке  тұлғалардың  салымдарын  шоғырландыра отырып,  қаржы  жүйесінің  орталығы  болып  қала  береді.  Коммерциялық  банктер  қарыздық  және  инвестициялық   операциялар  арқылы  өздерінің  әртүрлі   қорларына  қарыз  алушылардың  қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді.

Коммерциялық  банктер  қаржы нарығында  ең маңызды делдалдық қызметті атқарады.  Несиелік жүйенің төменгі буыны  халық шаруашылығына тікелей қызмет  көрсететін және  коммерциялық негізінде  кең көлемді қаржылық  қызмет  жасайтын  дербес  банктік  мекемелер  тарабынан  тұрады.  Бұлар  коммерциялық,  кооперативтік  және  жеке  банктер,  банктік  заңдылықтарда  коммерциялық  банктер  деген  жалпы  атпен  біріктіріледі.

«Коммерциялық  банк»  термині  банк  ісінің  ерте тегі  даму  кезеңінде,  банктердің  сауда,  тауар  айырбасы  операциялары   мен  төлемдеріне  қызмет  көрсетуі  барысында  пайда  болды.  Негізгі  клиенттері  саудагерлер  болған (міне  осында «коммерциялық  банк» деген  атауға  ие  болды ). Бірақ өнеркәсіптің  және  басқа  салалардың  дамуымен банктер  экономиканың  өзге  де  сфераларында  қызмет  көрсете  бастағандықтан  да  банктің  «коммерциялық» деген  атауы  бастапқы  мағынасын  біртіндеп  жоғалтты.  Ол  банктің  «іскер» деген  сипатын  білдіреді,  оның  шаруашылық  агенттердің  барлық  жұмыс  түрлеріне  қызмет  көрсетуі олардың  қызметтерінің  саласына  байланыссыз  болады.  Коммерциялық  банктер – нарық  экономикасында  қаржылық  операциялар  мен  қызмет  көрсететін  несиелік  мекемелердің  тобын білдіреді.

Коммерциялық банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің негізгі қызметі - кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие - қаржылық қызмет көрсету.

Коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғалар үшін бүкіл операциялық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап буыны ретінде қатысады.

Бүгінгі  коммерциялық  банктер  өз  клиенттеріне  200-ге  жуық  әр  алуан  өнімдер  мен  қызмет  көрсетуге  әзір.  Мұндай  кең  көлемді  операциялар  коммерциялық  банктерге  өз клиенттерін  сақтай  отырып,  қолайсыз  жағдайда  өзінде  пайдалы  жұмыс жасауға  септігін  тигізеді.

Бір  операциялардан  болған  зиян,  екінші  бір  опеациялардан  түсетін  пайда  есебінен  жабылады.  Нарық  экономикасы  дамыған  барлық  елдердің  коммерциялық  банктері  несие  жүйесінің  негізгі  операциялық  буыны  болып  қалуы  кездейсоқтық  емес.  Олар  өзгермелі  ақша – несие  нарығының  жағдайына  көндіретін  қабілетінің  барлығын  көрсете  алады.    

 Соңғы кездері  екінші деңгейлі банктер мен  басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсекелестік банктердің жаңа операциялар түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынылатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды меңгеріп, елдің жалпы экономикадағы ролін арттыруда.

Қазіргі коммерциялық банктер активті және пассивті операцияларын орындайды. Бұл екі түрлі операция бір бірліктің екі қарама-қарсы жақтары секілді көрінеді, себебі, пассивтік операциясыз активті операцияның болуы мүмкін емес, ал активті операциясыз пассивтік операцияның мәні де жоқ. Алайда, жүзеге асырылатын банктік операцияларының барлығы, күмәнсіз, бір мақсатты көздейді – табыстың өсуі және шығынның кемуі.   

 Қазақстан Республикасының 31.08.1995ж. № 2444 «Қазақстан Республикасындағы  банктер және банктік қызмет  туралы» Заңының 30 бабы бойынша  қызмет көрсету – бұл «банктік  операцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ  бап бойынша көрсетілген басқа  да банктік операциялар». Бұл заңда, сонымен қатар, банктік операцияларды жекелеген түрлерін ұйымдастырудың ерекшеліктері көрініс тапқан.

Аталған заңға сәйкес коммерциялық банктер келесі операцияларды орындауға құқылы:

  • заңды және жеке тұлғалардың ақылы негізде депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
  • банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
  • заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
  • кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұстау, сорттау, қаптау және сақтау;
  • банкнота мен монеталарды және бағалы қағаздарды инкассациялау және жөнелту;
  • аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аудары мен байланысты тапсырмаларын орындау;
  • есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
  • қарыздық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
  • заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент- банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
  • клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
  • ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
  • коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);
  • заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,   вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және өзге де міндеттемелерді);
  • төлем карточкаларын шығару;
  • төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
  • ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндетемелерді беру;
  • инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе оларды иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;

Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Олар: брокерлік, дилерлік, кастодиандық. Бұл банктік операциялар бойынша қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету.

Осыған орай, банктік заңдарына сәйкес, банк – уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтауға, клиенттердің тапсырысы бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізуге құқылы несие ұйымы.

Екінші деңгейлі банктер заңнаманың барлық құқықтық жағынан қамтылған кең көлемде операциялар түрлерін ұсынады. 

Коммерциялық банктің кіріс алу және өтімділікті қамтамасыз ету мақсатымен  банктің шоғырландырылған ресурстарын орналастыру оның активті операцияларының мазмұнын анықтайды. Яғни, банктік активті операциялар  – табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында иелігінде бар ресурстардың орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.

Шынында  да,  банктер  мұндай  операциялардан  пайда  көреді.  Олар  салымдарға  төлейтіндеріне  қарағанда,  қарыздарға  біршама  жоғары  пайыз  мөлшерлемесін  белгілеп  табыс  табады.

Жалпы  қоғамға  көмек,  олар  банктен  алған  қарыздары  есебінен  өздерінің  өнімдерін  өндіріп,  алға  қойған  мақсатына  жеткенде  ғана  пайданы  сезінеді (мысалы  жалпы  пайда  нормасын  4-тен  5%-ға  ұлғайтқанда).  Болашақ  қарыз  алушыларды  дұрыс  таңдай  отырып,  олардың  ішінде  берілетін  қарыз  бойынша  жоғары  пайызды  төлеуге  кімнің  жағдайы  келсе,  соларға  банктер  ақшалай  қаражаттарын  бере  алады.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне (Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.

Коммерциялық  банктер  өз клиенттерінің сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсыныды, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады. Қазіргі комммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.

Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма – қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс – тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары