Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 14:52, курсовая работа
Қазақстан Республикасында «Қазақстан Респубикасы банктер жәе банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Қазақстанның екі денгейлі банк жүйесі бар бірінші денгейдегі мемлекеттің Ұлттық банкі, ал басқа бактердің барлығы екінші денгейлі яғни коммерциялық банктер» делінген.
Банк және тауарлы, ақшалай қарым қатынастардың даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық өмірдің орталығы барлық эконмиканың негізгі түйіні болып табылады.
Кіріспе
I Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы
1.2 Банк жүйесінің құрылымы
II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтерін талдау
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау
III Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және
жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Банк - осы Заңға
сәйкес банк қызметiн жүзеге
асыруға құқылы коммерциялық
ұйым болып табылатын заңды
тұлға.
Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны
әділет органдарында (тіркеуші органдарда)
(бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде
мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын
жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды
реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті
органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы
болуымен белгiленедi.
Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды
тұлға "банк" деп атала алмайды немесе
өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде
сипаттай алмайды.
Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша
мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.
Коммерциялық банктер – кәсіорындармен ұйымдарға, ондай ақ халыққа тікелей және жан жақты кешенді қызмет көрсеттін банктер. Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банктік емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты неғұрлым жоғарғы пайда табу.
Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік опреациялар жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Алғашқыда ол (мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, немесе құрылтайшылардың жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің құрылтайшылары мен акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық акционерлік қоғам түріндегі банктің акциясын төлеуге оның несиеге алған, кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайыларға бірдей құнмен, яғни акцияның көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің оның құрылтайы қаражаттарында жарияланған жарғылық қорының елу процентін акционерлері банк тіркеуден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен кезеңнен бастап бір жыл ішінде түгел төлеуі қажет.
Жарғылық қорды молайту екі жолмен жүргізіледі:
Біріншіден, қосымша акцияларды шығару, оның ішінде банктің пайдасын капиталдандыру және банктің облигациясын оның акциясына айырбастау есебінен.
Жалпы банктердің қызметтерi:
Банк өзiнiң жарғысы бар толық шаруашылық есеп және өзiн-өзi қаржыландыру негiзiнде қызмет жасайтын заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттiк банк осы заң бойынша қызмет атқарып жоғарғы кеңесiне есеп бередi. ҚР заңына сай мемлекеттiк банк деп капиталы толығынан үкiмет иелiгiнде немесе акционерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi. Коммерциялық банктер ол өздерiнiң акционерлер жиналысында қабылданған жарғысы бойынша қызмет iстейдi.
Екіншіден акцияның көрсетілген құнын өсіру жолымен.
Банктің жоғары асқаушы органы акционерлердің жалпы жиналысы, оның ағымдағы қызметін банктің басқармасы жүргізеді. Банктің басқарушы қызметкерлері болып, қадағалау кеңесінің төрағасы және оның мүшелері, Басқарманың төрсағасы және оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және басбухгалтері мен олардың орынбасарлары саналады. Банктің заңға сәйкес банк Басқармасының төрағасы және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің келісімімен тағайындалады. әдетте оладың банк жүйесіндегі: төраға мен бас бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың орынбасарлары екі жылдан кем емес қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қыметкерлер Ұлттық банктің келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға құқы жоқ.
Акционелердін жиналысы кезекті және кезектен тыс блып бөлінеді. Кезекті жиналыс жылма жыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан кейін бір айдан аспай шақырылуы керек, ал кезектен тыс жиналыс құрылтайшылардың , қадағалау кеңесінің , Тексеру комиссиясының талабы бойынша шақырылады.
Банктің Ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндетер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады.
Жалпы кез келген банктің ұйымдық құрылымы банктік оерацияларды атқаратын міндеттерін ескеріп қалыптасады.
II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтерін талдау
Ұлттық банкінің республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк,өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелері мен бірге бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым,іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді.Әр түрлі салық жинаудан,баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқада бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді.Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Орталық банктiң қызметтерi:
Мемлекеттiк борышты басқару деп- орталық банктiң зайымдарын орналастыру және конверсия операциясын жүргiзу.
Орталық банктiң операциялары:
Олар екi түрге бөлiнедi: актив - ол осы қаражатты орналастыру операциялары. Пассив - ол операциялар банктiң ақша қаражатын тартып банктер ресурстарын құру операциялары.
Сонымен:
Орталық банктiң мiндетi - ол Ұлттық ақша өлшемiнiң төлем қабiлеттiлiгiмен валюталық курсын банк жүйесiнiң тиiмдiлiгiмен сенiмдiлiгiмен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы Республика Президентiнiң 1995 жылғы 31-шi тамыздағы заң күшi бар жарлығында Қазақстандағы 2-шi деңгейлi банк жүйесi бар дедi. Олар:
Ұлттық банк - мемлекеттiк орталық банк.
Басқа барлық банктердi заңда төменгi деңгейлi банк деп жазылған.
Ұлттық статистика көрсеткiшi бойынша 2000 жылдың басында 55 екiншi деңгейлi банк анықталған. Оның iшiнде бiреуi мемлекеттiк, бiреуi мемлекет аралық 22 шетелдiк қатысуымен, 17 шетел өкiлдiгi ашылған. республикада тiркеуден өткен 44 ломбард, 7 несиелiк серiктестiгi және кейбiр банктiк операция жәргiзетiн 46 басқа мекеме бар.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің , банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады.Ол нормативтік актілер «Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы», «Вестник Национального Банка Казахстана» атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банктің негізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады :
Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай – ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді,чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтер мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады.Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.
Екіншіден, Қазақстан
Республикасында қолданылатын
Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражатын шығаратын, теңге мен тиынның қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсуді ұйымдастыратын айырықша құқығы бар.Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып,оларды жаңасымен айырбастап,тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.
Үшіншіден, банктердің банк ісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты ( жоғары өтімді,қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк- екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, я болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгіленген тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып,олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Қазақстан территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер,банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып, олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың , бухгалтерлік, банктік және басқа есептін мерзімін, формасын, тәртібін және әдісін бекітіп, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шакырып бакылайды. Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін және басқа құжаттарын тексереді.
Алтыншыдан, ваюталық
реттеу және валюталық бақылау
қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық
банк шетел валютасының және
шетел валютасындағы бағалы
Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздарды Қазақстанға аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін белгілеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын, тәртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.
Ұлттық валютаның
шетел валютасымен салыстырып, курсын
реттейді.Халықаралық есеп
Жетіншіден , елдің
алтын валюта қорларын басқару
қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық
банк мемлекеттің алтын валюта
қорларын қалыптастырып, олармен
операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы
Президентінің «Бағалы
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және жетілдіру жолдары