Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2013 в 14:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж. желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабыядаған "Банктер және банк қызметі туралы, Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесін құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі деңгейдегі банк коммерциялық банктер жүйесі. Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет атқаратын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналатын болды.

Содержание

І.тарау. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері.

І.1 Қазақстанда қаржы нарығының қалыптасуы.

І.2.Қазақстан банк жүйесінің қалыптасуы. Құрылымы.

ІІ.Тарау .Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарғының
қалыптасуы.
ІІ. 1. Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы.
ІІ. 2. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері.DOC

— 344.00 Кб (Скачать документ)

2. Дилерлер - өз  капиталымен  келісім   жасайтын дел-далдар.

3. Джобберлер - нарық конъюнктурасын бақылаушылар.

Осы мамандармен  қатар бағалы қағаздар нарығына банк қызметкерлері, инвестициялық қорлардың қызметкерлері және нарық қызметін реттейтін ереже-нормалар шығаратын мемлекеттік шенеуніктер мен заң қызметкерлері қатысады.

Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлер құқықтық тұлға 
ретінде тіркелген маманданған фирма қызметкерлері. Батыс 
Еуропа мемлекеттерінде олар не жеке фирма, не акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жаңа егемен мемлекеттерде олар жауапкерщілігі шектеулі серіктестік мекемесі болып құрылған. Салық төлеуден жеңілдік алу мақсатында кіші кәсіпорын ретінде тіркелгендіктен олардың жарғылық қоры өте аз. Дегенмен, бұл фирмалар өз капиталымен қарызға алған капиталын өсіру мақсатында клиенттер санын көбейтуге ұмтылуда. 

Құрылымы  жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздарды сату бөлімі және хабарлама-техникалық бөлімінен тұрады. Шамамен фирмада 15-25 адам қызмет жасайды.

Бұлардан  басқа брокерлер ақша нарығында бірсыпыра ерекше қызмет көрсетеді, атап айтқанда, банктік несие алушыларға делдалдық жасау және мәмілені қамсыздандыру, оның ішінде биржалық келісімді сақтандыру.

Брокерлер өз қызметінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:

Клиент  брокерлік фирмамен шарт жасағанда  барлық тапсырма   бойынша   келісімге   келеді,   оның   ішінде бағалы  қағаздарды  қайдан  сатып  алу  жөнінде  (қор биржасынан ба, әлде биржадан тыс нарықтан ба); Брокер клиенттің белгілеген сомасы шамасында әрекет жасайды. Бірақ алған тапсырма көлемінде бағалы қағаздарды таңдауда өз құқын пайдаланады; Брокер    тапсырманы    орындағаны    туралы    шартта 
көрсетілген уақытта клиентке хабарлап және бағалы 
қағаздарды сатудан түскен қаржыны (өзіне делдалдық 
үшін сыйақы қалдырып) клиенттің есепшотына аударады;

Брокер  мәмілені   ерекше   кітапқа  тіркеуі   қажет.   Ол 
жөнінде клиент көшірме талап етуге құқы бар;

Клиент    брокерге    мәміледегі    барлық    тапсырманы 
тоқтатуға үкім бере алады.

Сонымен бірге, брокерлік фирма мен клиент арасындағы келісім алғашқыда ауызша болса, ол кейін жазбаша құжатта көрсетіліп, занды кушіне енеді.

Брокерлік фирма өз клиенттерінен тапсырма алғанда олардан кепілдік беруді талап етеді (әсіресе клиент сатып алушы болса). Кепілдік ретінде мыналар берілуі мүмкін:

Мәміледегі  бүкіл сомаға вексель;

Мәміленің кемі 25%-тін немесе 100%-ін құрайтын сома брокердің шотына түсірілуі керек;

Брокердің атына ағымдағы шот ашылуы мүмкін;

4. Брокерге сақтандыру полисі және с.с. кепілдіктер. 
Осылар   жөнінде   брокерлік   фирма   клиентке   хабарлап тұруы қажет. Сонымен катар, брокерлік фирма клиентке несие беріп, бүкіл операцияларды өз есебінен жүргізуі мүмкін. Бұл жағдайда брокерлік фирманың табысына делдалдық үшін сыйақы (комиссионные), несие үшін процент (өсім ақы) және тәуекел (риск) үшін ақы кіреді. Алайда, бұл жағдайда брокерлік фирма тек делдалдық қызмет  шегінен шығьш, олардың іс-әрекеті дилерлік фирманың қызметіне ұқсайды.

Дилерлер - олар да делдалдар. Олардың брокерлерден айырмашылығы шарт жасасқанда өз капиталын жұмсайды. Дилердің қызметін мына мысалмен түсіндіруге болады. Мысалы, қалалық әкімшілік 100 теңгелік облигация шығаруға шешім қабылдады делік. Эмиссиямен шұғылданатын өз аппараты болмаған жағдайда әкімшілік дилерлер фирмасына тапсырма береді. Егер қалалық заем бірнеше миллион теңгеге шығарылатын болса, онда ондай үлкен іспен тек маманданған үлкен фирмалар, мысалы, коммерциялық банктер шұғылданады. Онда делдалдық механизм төмендегідей.

Әкімшілік дилерлерге 100 теңгелік облигацияны кем бағамен (дисконтпен), мысалы, 98 теңгеге, яғни номиналынан 2 теңгеге кем сатады. Дилердің облигацияларды сатуға кеткен шығынымен одан түскен пайда 2 теңгеден кем болмауы тиіс. (Бұндай операцияны "дисконтпен сату" деп атайды).

Бағалы  қағаздар операциясына маманданған дилерлерді жауапкершілігі шектеулі дилер деп атайды. Олардың бағалы қағаздарды сатып алу-сатуға тәуекелмен шығарған шығыны (риск), эмитенттер мен инвесторлардың шығынынан әлдеқайда аз. Себебі сатып алу-сату аз уақыт аралығында болады.

Дилерлердің атқаратын кызметі: Бағалы қағаздарды шығару, олардың курсы және сапасы туралы хабар тарату; Клиенттердің тапсырмасын орындау; Бағалы   қағаздар   нарығындағы   өзгерістерді   бақылап отыру. Егер бағалы қағаздарды сату-сатып алу баяуласа (мысалы, сатушылар және сатып алушылар жетіспей    қалса),    онда    бағалы    кағаздардың    курсын тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебінен операция жүргізеді.

Сатып алушылар мен сатушыларды бір-біріне кездестіріп, бағалы қағаздар нарығының жұмысын жолға қоюға 
себепші болады. Олар нарықтың катализаторы (шапшаңдатушысы) ретінде жұмыс істейді. 

Бағалы  кағаздар нарығында дилерлердің қызметі брокерлердін қызметінен өзінін кен көлемділігімен ерекшеленетінін атап өткен жен. Дилерлік фирмалардың алғашқыда өзінің бірсыпыра капиталы болады, кейіннен ол делдалдық сыйақымен және инвестициядан түскен пайдамен үнемі толтырылып отырылады.

Джобберлер - бағалы қағаздар нарығындағы конъюнктура (өзгерістерді сипаттайтын белгілер) мәселелсрі жөнінен кеңес берушілер. Ен алғашқыда олар Лондон Сити нарығында пайда болды. Олардың іс-әрекеттері бағалы қағаздар нарығының құрылымы ксң көлемде өрістеп және үнемі өзгеріп отырғанда қажет. Олар шығарылған бағалы қағаздардың маңызын дұрыс бағалау үшін ғана емес, сонымен қатар эмитентгерге жаңа бағалы қағаздар шығаруға да олардың көмегі қажет. Джобберлер тек бір жолы кенес беріп қана қоймай, күрделі, кейде комплексті (жан-жакты) мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы, банктердің, өндіріс кәсіпорындарының, инвестициялық қорлардан шығарған акцияларының курсының келешекте өзгеруін бағдарлайды. Ол ушін олар уақытша қызмет істейтін зерттеу ұжымдарын құрады, Зерттеу ұжымдарында белгілі экономистер, банк қызметкерлері және баска да мамандар зерттеу жүргізеді. Джобберлер бағалы қағаздардың кейбір түрлеріне ғана маманданатын болғасын оларды кең көлемде жүргізілетін операиияларға брокерлер мен дилерлер пайдаланады. Джобберлердің қызметі өте жоғары бағаланып, олар жоғары жалақы алатындар қатарына жатады.

Қорыта  айтқанда, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары көбеюде. Тек олардын бір-бірімен байланысты қызметі ғана нарықтың тұрақты кызметін жәнс бағалы кағаздардын өтімділігін камтамасыз етеді.

Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарды құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру, оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрды.

Қазақстан 1992 -жылдың шілдесінде ХВҚ- ға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде "Валюталық реттеу туралы" алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстары жоқтың қасында болатын. Сонымен қатар еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң бағаны ырқына жіберу (либерализация) деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда "Валюталық реттеу туралы" жаңадан заң қабылданды.

Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізілетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда айқындалған. Олар жоғарыда айтылған занға қоса, "Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы" 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң; "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" 1995 жылдың 30 наурыздағы заң; "Асыл тастар және қымбат бағалы металдармен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы" 1995 жылдын 20 шілдедегі заң; "Банк және банк қызметі туралы" 1995 жылдың 31 тамызындағы заң; сонымен қатар ҚР Президентінің Жарлықтары, үкімет Қаулылары мен Ұлттық банк басқармасының нормативтік актілері (мысалы, 1994 жылдың 24 қарашасында ҰБ басқармасы бекіткен "ҚР-да валюталық операцияларды жүргізу тәртібі").

Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды, аффинирленген (тазартылған) алтын мен басқа да бағалы металдарды республикаға әкелу, алып кету және жіберу тәртібін белгілеу болып есептеледі. Валюталық қатынастардың субъектілері болып "резиденттер" және "резидент еместер" саналады. Резиденттерге жататындар.

Қорытынды

Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер, оның     ішінде     уақытша     шетелдерде     мемлекеттік қызметте жүргендер;

Қазақстан      Республикасының      зандары      бойынша құрылған     заңды тұлғалар,  сондай-ақ  олардың Қазақстан территориясындағы филиалдары және одан тыс жерлердегі өкілдіктері;

Қазақстан   Республикасынан   тыс   жерлердегі   дипломатиялық, сауда және басқа ресми өкілдіктер, сондай-ақ     шаруашылық     немесе      коммерциялық      іспен шұғылданбайтын өкілдіктер.

Қазақстан Республикасындағы "резидент еместерге" жоғарыда республика "резиденттері" түсінігінде көрсетілмеген заңды және жеке тұлғалар жатады.

Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу-сату    мәмілелері    Ұлттық    банк    валюта    операцияларын жүргізуге берген лицензия бойынша өкілетті коммерциялық банктер мен валюталық биржалар арқылы жүреді.

Қазақстан Республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып Ұлттық банк саналады. Ол шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы (сфера) мен тәртібін  белгілейді, шетел валютасында операциялар жүргізуге  қажетті  шектеулер  енгізеді, ондай шектеулерді сыйақы (мүдде) көлеміне де енгізеді; резиденттер   мен   резидент   еместердің   республикада 
шетел    валютасымен    және    шетел    валютасындағы бағалы  қағаздармен  операциялар  жүргізу  ережелерін белгілейді; резиденттердің  шетел  банктерінде  шот  ашу шарттарын анықтайды; беру, тіркеу ережелерін белгілеп, валюталық операциялар жүргізуге лицензиялар береді; ұлттық   валютаның   -   теңгенің   шетел   валютасына 
шаққандағы бағамын, оның ішінде бухгалтерлік есеп 
жургізу, кедендік және салык төлемдері үшін, сондай-ақ  шетел  валюталарымен  және  бағалы  металдармен жасалатын операциялар бойынша Қазақстан теңгесіне нарықтық баға  белгілеу мақсатында  Ұлттық  банктің ресми бағамын белгілеу жолымен ретгейді; алтын валюта активтерін құрап, солармен операциялар 
жүргізеді; халықаралык есеп айырысуды ұиымдастырып, шетелдермен   қаржы-валюталық   және   несие-есеп   айырысу қатынастарын жетілдіреді;

қабылданған  мемлекеттік  шарттарға  сәйкес  шетелдік 
және  халықаралық   ұйымдармен   шетел   валюталарын тартады.

Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың агенттері жүргізеді. Валюталық бақылау органдары болып Ұлттық банк және Қазакстан Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.

Валюталық бақылау негізінен мына бағытта жүргізіледі: жүргізілетін   валюталық   операциялардың   заңға   сәйкестігін анықтау және оған қажетті лицензиялар мен рұқсаттың болуы; резиденттердің   мемлекет   алдындағы   шетел   валютасымен міндеттемелерін орындауын тексеру; сондай-ақ ҚР-ның ішкі валюта нарығында шетел валютасын сату міндеттемелерінің орындалуын тексеру; шетел валютасымен жүргізілген төлемдердің дәлелділігі, валюта операциялары бойынша есеп пен есептесудің толықтығы    және    объективтілігі    тексеріліп,    сонымен бірге резиденттер еместердің теңгемен жүргізген операциялары бойынша бақылау жүргізіледі.

Сөйтіп, валюта қатынастары халықаралық  экономикалық, саяси және мәдени қатынастарға қызмет етіп, ол мемлекеттің төлем балансында көрініс табады.

 

Кез келген мемлекеттің халықаралық  экономикалық, саяси және мәдени қатынастары оның халықаралық есеп айырысу баланстарында жалпы қорытынды көрініс табады.

Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық көрсеткіштер жүйесінде маңызды орын алады, себебі ол ұлттық табысты елдер арасында қайта бөлуді көрсетеді. Сондықтан жиынтық ұлттық өнім мен ұлттық табысты бөлгенде халықаралық талаптар мен міндеттемелердің таза сальдосы есептеледі.

Халықаралық есеп айырысу баланстары - ол бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге қарағанда ақшалы талаптары мен міндеттемелерінің және түсімдері мен төлемдерінің арақатысы.

Халықаралық есеп айырысу баланстарының негізгі түрлері мыналар: төлем балансы; есеп айырысу балансы; халықаралық қарыз балансы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Абишев С. Лицом к мировой экономике //Экономика и жизнь, 1991, 
    №5.
  2. Абутыипов Ж. На пути к рынку //Казахстан: экономика и жизнь, 
    №3,№.
  3. Антикризисная программа правительства //Экспресс К°, 1993, 5, 6, 
    , 7яиваря.
  4. 4 Арынов ЕМ, Социально-экономический аспект развития пробммных регыонов СССР. -Алма-Ата, 1989.
  5. Арынов Е.М., Жаааманов Р., Елеусизов А. Иностранное участие е 
    оздоровлении  эщюмики  Казахстана //Саясат-Политика,   1995, 
    №1,2. ...
  6. Аубакиров Я.А. Экономические аспекты преобразования собствето- 
    сти. (Преобразование собственности - основа формирования рыноч- 
    ной экономики в Казахстане) - Алматы, 1995.
  7. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана за 60 лет. -Алма-Ата, 1977.
  8. Ашимбаев Т.А. Путыс рынку. -Алматы, 1994.
  9. Будущий экономический обмен Казахстана. Сборник тезисов меж- 
    вузовской научно-теоретической конференции. -Алма-Ата, 1977.
  10. Джафурнин К.Е. ТАСИС в Казазхстане //Саясат-Политика, 1995, 
    №7.
  11. Есимов А.С. Приватизация - основа реформы сельского хозяйства 
    //Саясат-Политика, 19%, №2.
  12. Ертлесова Ж.Д. Программы и планы действий по углублетю рефор- 
    мы в регионах //Саясат-Политика, 1996, №2.
  13. Жатканбаев Е.Б.  Осиовы формирования смешанной экономики. - 
    Алма-Ата, 1992.
  14. Жуламанов Р.К. Сравнительный анализ уровня конкурентоспособно- 
    сти национальной экономики //Саясат-Политика, 1996, №3.
  15. Исингарин Н.К. Реализация среднесрочной программы - основная 
    задача Правительства //Саясат-Политика, 1996, №2.
  16. Кабдиев Д. Развитие экономической мысли в Казахстане. -Алма- 
    Ата, 1978.
  17. Кажигельдин А.М. От инфляционной экономики к инвестиционной 
    //Сажат-Политика, 1995, №3.
  18. Казахстанский  справочник бизнесмена. -Алма-Ата, 1978.
  19. Кашимбоев Р. Сбшюнсированностъ и эффектность развития эко- 
    номики региона. - Алма-Ата, 1991.
  20. Кузембаев Н.К. іВетюнальные проблемы формирования территори- 
    альных эконом&ШХЩ пропорций и их совершенствования. - Аша- 
    Ата, 1985.
  21. 208
  22. Музапарова Л.М.   Горно-металлургический  комплекс Казахстана: 
    современное состояние и проблемы. - Алматы, 1995.
  23. Назарбаев Н.А. Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку. - 
    М., 1992.
  24. Назарбаев Н.А  Стратегия становления и развития Казахстана 
    как суверенного государства. - Алма-Ата, 1992.
  25. Назарбаев Н.А. Қазақстан - 2030. -Алматы, 1997.
  26. Нарибаев К.Н. Региональные аспекты управления экономикой. - Ал- 
    ма-Ата, 1986.
  27. Национальная программа разгосударствления и приватизации в Рес- 
    публике Казахстан на 1993-1995 гг. (ІІ-этап) //Советы Казахста- 
    на, 1993, 11 марта

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері