Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2013 в 14:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж. желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабыядаған "Банктер және банк қызметі туралы, Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесін құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі деңгейдегі банк коммерциялық банктер жүйесі. Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет атқаратын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналатын болды.

Содержание

І.тарау. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері.

І.1 Қазақстанда қаржы нарығының қалыптасуы.

І.2.Қазақстан банк жүйесінің қалыптасуы. Құрылымы.

ІІ.Тарау .Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарғының
қалыптасуы.
ІІ. 1. Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы.
ІІ. 2. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері.DOC

— 344.00 Кб (Скачать документ)

Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің қоймасында сақтау үшін үкіметтік (бюджеттік) резервке алынған құндылықтарды қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды, өндеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып алу және сату операцияларын жүргізеді.

Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты: жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы провизияларынан (резервтерінен) құрылады.

Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылык капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қордың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан кұрылады.

Резерв  капиталы жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.

Алтын валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Баскармасы бекітеді. Алтын валюталық резерв теңгенің ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшін құрылып және сол мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі элементтерден құрылады:

Алтыннан, банкнота,   монета түріндегі   шетел   валютасынан,   шетелдердегі және республикадағы Ұлттык банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан; ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан; шетел   үкіметтері   немесе   халықаралық   қаржы   мекемелері шығарып, кепілдік берген бағалы қағаздардан;

шетел вапютасындағы жай және аударым вексельден;

өтімділігі     және     қауіпсіздігі     қамтамасыз     етілген 
жағдайдағы шетел  валютасындағы  басқа сыртқы активтерден құрылады.

Арнайы  провизиялар (резервтер) Ұлттық банктің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден, бағалы қағаздардан, есеп аиырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы қалдықтардан және басқа активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктің монетарлык емес талаптары және әлеуметтік сипаттағы төлемдер кіреді.

Ұлттык банктің қаржылык жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең. Шығынға шығарылып тасталған күмәнді борыштар, активтердің, оның ішінде айналымға шығарылған банкноталар мен монеталардың амортизациясы (тозуы) қосылады. Табыс жоғарыда айтқанымыздай, жарғылықк, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған бөлігі келесі қаржы жылының республикалық бюджетіне жіберіледі.

Ұлттық банктін басқарушы органы болып Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) саналады. Оның жоғары органы - Басқарма, ол 9 адамнан тұрады. Оған Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазымды адамы және президенттен бір, Респубдика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен және Ұлттық банктен кірген басқарма мүшелерін тиісінше Президент, Үкімет және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады.

Ұлттық банктің төрағасын республика Президенті Парламентпен келісе отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға кызметтен кеткісі келсе 2 ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент босатады. Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Оның орынбасарларын төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне тәуелсіз 6 жыл мерзімге бекітеді. Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады. Сондай-ақ төрағаның орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе, онда 2 ай бұрын төраға арқылы Президентке арыз береді.

Ұлттық банктің Баскармасының мәжілістері қажетті кезде, бірақ айына кемінде 1 рет өткізіліп, онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтылған қызметтерін орындайды, ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган - Директорлар Кеңесі. Директорлар Кедесі Президенттің "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.2.Қазақстан  банк жүйесінің қалыптасуы. Құрылымы.

 

"Қазақстан Республикасындағы банктер жяне банк кызметі туралы" республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында "Қазақстанда екі деңгейлі банк жұйесі бар. Ұлттық банк - мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жұйесінің жоғары (бірінші) денгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіндегі банктер" делінген.

Ұлттық банктің статистикалық көрсеткіштері бойынша 2000 жылдың басында республикада екінші деңгейдегі 55 банк тіркелген: онын ішінде 1 мемлекеттік банк, яғни жарғылық капиталынын 100%-і республика үкіметінің қатысуымен құрылған; 1 мемлекетаралық банк; 22 шетелдердін қатысуымен құрылған (резидент емес банктердін еншілес банктерін косқанда) банктер, Республикада шетел банктерінің 17 өкілдігі ашылған. Республикада сондай-ақ тіркеуден өткен 44 ломбард, 7 несие серіктестігі және кейбір банктік операция жүргізетін 46 басқа мекемелер бар, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінін Қазыналық департаменті, оның 14 облыстық басқармасы мен Алматы қалалық басқармасы; Ұлттық банктің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніңдегі Мемлекеттік орталығы", Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны; "Қазақстандық қор биржасы" ЖАҚ; "Бағалы қағаздар Орталық депозитарийі" ЖАҚ; "Кіші кәсіпкерлікті дамыту коры" ЖАҚ; "Қауымдастықтарды несиелеудін қазақстандық қоры" Қоғамдық кор; "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" ЖАҚ; "Ақмола қоры" ЖАҚ; "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және жабу жөніндегі агенттігі" ААҚ; "Шағын несие" үкіметтік емес ұйым" Қоғамдық қор және т.б.

Қазіргі Қазақстанның нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Солардың әркайсысына сипаттама берелік.

Мемлекеттік банк - үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.

Инвестициялық банк — негізінен тікелей және портфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші деңгейдегі банк.

Шетелдің қатысуымен құрылған банк - акциясынын 50 проценттен астамы төмендегі иеленушілердің қарамағанда, меншігінде және немесе басқаруында болатын екінші денгейдегі банк:

Қазақстан Республикасының резиденті емес;

Қазақстан Республикасының резиденті - занды тұлға, акциясының 50 процентінен көбісі республиканын резиденті еместің қарамағында, меншігінде және немесе басқаруында;

Қазақстан     Республикасының     резиденттері     еместің 
қаражатын   басқаратын   сенімді   адамы   -   республиканың резиденті.

Мемлекетаралық банк - халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның жарғылық қорының иеленушісі -Қазақстан үкіметі және келісімге қол қойған мемлекеттердің үкіметі.

Банк емес несие-каржы мекемелері - Ұлттық банктің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банк емес заңды тұлғалар.

Коммерциялык  банктер - кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа тікелей және жан-жақты кешенді кызмет көрсететін банктер. Бұл олардың баска арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банк емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердін негізгі мақсаты - неғұрлым жоғары пайда табу.

Қазақстан Республикасының Конституциясына  және заңдарына сәйкес банк емес несие мекемелері өзінің негізгі немесе қосымша қызметтері ретінде депозиттер қабылдауға құқы жоқ. Сондай-ақ өзінің атауында, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамаларында "банк" деген сөзді, ия болмаса депозиттер қабылдап, басқа банктік операциялар жүргізеді немесе банк ісіне аудиторлык бақылау жүргізеді деген   ұғым   қалыптастыратын   туынды   сөздерді   қолдануға тыйым салынады. Бұл тыйым Ұлттық банкке, банктердің филиалдары мен өкілдіктеріне, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды. Ұлттық банктің лицензиясыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз деп табылады.

Егер  банк мемлекеттік банк болмаса және банк пен мемлекет өзара міндеттеме алмаған жағдайда банктер мен мемлекет бір-бірінің міндеттемелеріне жауапты емес. Мемлекет банктің міндеттемелері бойынша тек мемлекеттік банктің жарғылық қорына салған қаражаты шегінде ғана жауап береді. Мемлекет Қазақстан Республикасының резиденттері мемлекетаралық банктердің қабылдаған депозиттерінің сақталуына олардың жарғылық қорындағы Үкіметтің үлесіне пропорционалды міндеттеме алып жауап береді.

Банктік заңцарға сәйкес банктер үшін заңды  тұлғалардың жаргылық капиталдарына қатысуға мынадай қызметтерге тыйым салынған және шектелген: банктердің, мемйекеттік емес жинақтаушы зейнетақы 
қорларының, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі 
компаниялардың,   инвестициялық   қорлардың,   сақтандыру ұйымдарының, лизинг беруші ұйымдардың, сондай-ақ акциялары қор биржасында листингтен өткен заңды  тұлғалардың  (шығарған  акцияларының  жалпы санынан бір эмитенттің акциялары он бес проценттен аспайтын  мөлшерде)  жарғылық капиталдарына  банктердің қатысуына; қаржы   нарығының   инфрақұрылымдық   бөлігі   болып 
табылатын және (немесе) банк қызметін автоматтандыруды   жүзеге   асыратын   занды   тұлғалардың   және банк   операцияларының   жекелеген   түрлерін   жүзеге асыратын   ұйымдардың  жарғылық   капиталына   банктердің қатысуына; бағалы   қағаздар  нарығында   кәсіби   қызмеггі   жүзеге асырушы   ұйымдардың   жарғылық   капиталына   банктердің қатысуына; банкротгық рәсімдерінде төлем қабілеті  жоқ борышкерлер мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметке тыйым салу қолданылмайды.

Осы айтылғандай занды тұлғалардың  жарғылық капи-талына қатысуға тыйым салынғаннан басқа банктерге мы-иадай қызметгермен шұғылдануға рұқсат етілген: банк   операцияларының   жекелеген   түрлерін   жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын маманданған бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға; кез келген ақпарат тарату түрлерінде банк қызметінің     мәселелері жөніндегі арнаулы әдебиеттерді сатуға; өз мүліктерін сатуға; заем  алушының  кепілге  берген  мүліктерін  заңцарда белгіленген тәртіппен сатуға; қаржы    қызметіне    байланысты    мәселелер    жөнінде кеңес беру қызметін юэрсетуге; банк қызметіне байланысты мәселелер жөнінде басқа да тұлғалардың мүддесін білдіруге; банк-қаржы қызметі саласындағы мамандардың білік- 
тілігін көтеру жөніндегі оқуды ұйымдастыруға.

Банк  жұйесінің екінші деңгейіндегі банктер  өз қызметтерінің үйлестіру, ортақ мүдделерді қорғау және білдіру, бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ басқа да ортақ мақсаттарын   орындау   үшін   банктік   ассоциациялар   және коммерциялық ұйымдар емес. Оларды банк жүйесіндегі – бәсекелестікті шектеу, проценттік төлемдермен қатар заем беру және басқа банктік қызметтер жағдайының мақсатынада қолдануға болмайды. Банк жүйесінің  кез келген  жерінде және  оның шекарасынан тые жерлерде өзінің еншілес банктерін, филиалдарын    және    өкілдіктерін    ашуына    болады.    Еншілес (дочерные)   банк -  жарғылық  қорының  елу   процентінен артамы  енші  беруші  бас  (родительский)  банкке  қарайтын екінші деңгейдегі банк. Ол - дербес занды тұлға.

Банктер алғашқыда ұсынушы акциясын шығаруға құқы жоқ жабық типті акдионерлік қоғам формасында ұйымдастырылады. Егер банк Ұлттық банктің депозит қабылдауға келген лицензиясын алғаннан кейін бір жыл ішінде үздіксіз шығынсыз қызмет істеп және ақша формасында несие беріп, сондай-ақ жыл бойы Ұлттық банк бекіткен лимиттер мен міндетті нормаларды орындағын жағдайда ашық типтегі акционерлік қоғам ретінде қайта құрылады. Банкті құрушы акционерлердің ол ашық типті акционерлік қоғам болып қайта құрылғаннан кейін қандай да болсын қосымша артықшылығы болмайды немесе олар басқа акционерлерге қарағанда қандай да бір қосымша міндет атқармайды.

Банкті   құрушы   және   акционері   Қазақстан   Республикасының резиденттері және резиденттері емес - занды және жеке тұлғалар болуы мүмкін. Үкімет банктің құрушысы және  акционері болуы   мүмкін.   Жарғылық  капиталының елу проценттен   астамы   мемлекетке   қарайтын   мемлекеттік   кәсіпорындар  мен ұйымдар банктің құрылтайшысы  және  акционері   бола   алмайды.   Банкті   құрушылардың   (акционерлердің)  бірден-біреуі оның құрылуы кезінде де және  одан кейін де банктің дауыс құқығы бар акциясының жиырма бес проценттен астамын тікелей немесе жанама иелене, қолдана және немесе  басқара  алмайды. Бұл  шектеудің  мемлекеттік, мемлекетаралық банктер мен  бас банкті құрушыларға (акционерлерге) қатысы жоқ екенін айта кеткен жөн.

Банк  құрушы заңды немесе жеке тұлға ұлттық банкке банк ашуға рұқсат алу үшін өтініш беруі керек. Арызға келесі құжаттар қоса тіркеледі, жаңадан   құрылатын   банктің   құрылтай   құжаттары: құрылтай шарты, жарғысы, жарғыны қабылдаған және банктің органдарын бекіткен хаттама; құрылтайшылар туралы мағлұмат (ұлттық   банктің белгіленген тізімі бойынша), құрылтайшы-заңды тұлғаның соңғы екі жылдағы бухгалтерлік балансы, құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық фирманың (аудитордың) қорытындысы; егер құрылтайшылардың біреуі немесе одан көбі Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда: сол мемлекеттің мемлекеттік немесе қадағалау органының    Қазақстан    Республикасының    резидент-банкісінің жарғылық қорына қатысуға берген жазбаша рұқсаты. 

Ұлттық банк - банк ашуға рұқсат беру үшін қажет басқа да қосымша құжаттарды сұрап алуы мүмкін.

Банк құрылтайшылар  шартты негізінде құрылып, өзіңің 
жарғысына сай қызмет атқарады. Банк құру туралы құрылтайшылар шартыңда шаруаландық серіктестіктері туралы 
заңда қарастырылған мәліметтерден басқа міндетті тұрде 
төмендегі анықтамалар болуы керек: 

құрылтайшылар    туралы    мәліметтер,    оның    ішінде олардын әрқайсысының толық фирмалық атауы және тұрған     мекені,     сондай-ақ     оларды     мемлекеттік тіркеуден     өткізгендігі     туралы     анықтама    (занды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін аты,  азаматтығы, тұрған жері және жеке басын куәландыратын құжаттағы белгілер. 

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері