Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2013 в 14:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж. желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабыядаған "Банктер және банк қызметі туралы, Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесін құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі деңгейдегі банк коммерциялық банктер жүйесі. Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет атқаратын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналатын болды.

Содержание

І.тарау. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері.

І.1 Қазақстанда қаржы нарығының қалыптасуы.

І.2.Қазақстан банк жүйесінің қалыптасуы. Құрылымы.

ІІ.Тарау .Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарғының
қалыптасуы.
ІІ. 1. Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы.
ІІ. 2. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері.DOC

— 344.00 Кб (Скачать документ)

Бағалы  қағаздар нарығы экономиканың кез келген саласының өз қажетіне ақша қорын  жасауына жол ашуда. Мысалы, акция  шығарып осы қорды үнемі, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға  болады, ал облигацияны шығару несиені  банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын өрістетуге мүмкіндік береді.

Қаржы нарығына мемлекеттік үстемдікті жойған кезде, ол әкімшілік емес, тек экономикалық зандардың әсерімен қызмет жасайды. Егер қаржы нарығы жеке меншікке негізделсе, әрине оның әкімшілік тәсілмен қызмет етуі мүмкін емес. Кәсіпорын мемлекеттік меншіктен акционерлік меншікке өткенде бүкіл табыстың салық төлегеннен кейін қалғаны өз меншігінде болады. Кәсіпорындар уақытша бос қаржысына коммерциялық банктердің төлейтін процеттік мөлшері нарық деңгейіне сай келгенде ғана оларды есеп-шоттарда сақтайды. Сонымен, шаруашылықты экономикалық әдістермен жүргізу - өндірістің өсуін қамтамасыз етіп, қаржы қорларының көбейіп, қоғамда әлеуметтік оң өзгерістердің болуының кепілі.

Бағалы  қағаздар нарығы басқа нарықтардан  онда са-тылатын өзінің айырықша тауарымен  өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар - бағалы кағаздар. Олар біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұдан бұрын айтқанымыздай, бұл тауарды өз құны аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны (номиналы) өте төмен болғанымен, мысалы, өндіріс кәсіпорнына жұмсалған нақты капиталдың белгілі бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілген құннан (номиналынан) жоғары болады (керісінше де болуы мүмкін). Бұндай на-рықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың "жалған капитал" екенін көрсетеді.

Жалған  кялитал - нақты капиталдың қағаз  белгісі, яғни өндірістік капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі (сауда, қарыз капиталдары).

Бағалы  қағаздар ақша капиталының немесе баска  материалды құндылықтардың орнына жүретін "символы" болғандықтан оны "қордың құндылықтары" деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар "қордың инструменті неме-се құралы" болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді.

Бағалы    қағаздар    нарығы    -    нарықтық    экономикада күтпеген   кездейсоқ   болатын   процестердің   реттеушісі.   Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесіне қатысты. Капи-талды инвестициялау деген оның капиталға мұқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан кері алынуы. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мына-дан   түсінікті.   Мысалы,   кейбір   тауарларға   немесе   қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі   кеміп,   ондағы    капитал   өніміне   сұраныс    өсіп тұрған   салаларға   құйылады.   Багалы   қағаздар   осы   меха-низмнің қызметін  қамтамасыз  ететін  құрал.  Олар уақытша бос   капиталды   сату-сатып   алу   арқылы   тиімді   өндіріске бағыттап отырады.

Нарықтык  экономиканың тәжірбиесінде капитал ең ал-дымен қоғамға шын мәнінде қажетті өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің ең үйлесімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика қалыптасады: қоғамдық өндіріс негізінен қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл өркендеген нарықтық экономиканың басты жетістігі. Біздің еліміздегі Мемлекеттік жоспарлау комитеті басқарған орталықтанған-жоспарлы экономика 70-жыл (1921-1991) бойы қоғамның зарарсыз өсуін қамтамасыз ете алмады. Ал нарықтық қатынастарды дамыту - қоғамдык экономиканың шарықтап өркендеуіне жеткізетіні ақиқат шындық.

Кәсіпорынның  қосымша капиталға мұқтаждығы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бастылары - негізгі қорды құру және ескі қорларды жаңарту, айналыс құралдарын толықтыру. Бұл мұқтаждықтар нарық конъюнк-турасына тікелей байланысты. Сонымен қатар конъюнктура-ның өзгеруі белгілі бір уақыт арасында болып тұрады. Сон-дықтан кәсіпорын қажетті қаражатты белгілі бір уақытта, яғни нарық конъюнктурасының өздеріне қолайлы кезінде алғаны жөн. Қазақстан Республикасында әзір бұндай жағдай қалыптасқан жоқ. Себебі, банктік несие әрі қымбат, әрі шектеулі, ал бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасу кезінде.

Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегімен қосымша капитал алу анағұрлым жеңіл. Акция және облигация сияқты бағалы қағаздарды шығаруға және оларды тіркеуге 2 жеті, эмиссиялық проспектісін шығарып және нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 жеті, оларды сатып алу-сатуға және есеп айырысуға 2-3 жеті уақыт кетеді екен. Қорытындысында 1,5-2 ай ішінде эмитент (шығарушы) өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқына ие болады. Сонымен бағалы қағаздар на-рығы - экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыланды-ратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.

Елде  дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:

сұраныс пен ұсыныс;

делдалдар мен басқа қатысушылар;

нарықтық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, 
қор биржалары, инвестициялық институттар және с.с;

4. нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер. 
Нарықтың  осы  құрамдас  бөліктері  қазіргі  уақытта  негізінен құрылып болды. Бұл жөнінде елімізде экономикалык жүйені реформалауды тереңдету жолында қабылданған Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілері - акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуде шешуші роль атқарды.

Дегенмен, экономиканың дағдарысы жағдайында толыққанды   бағалы   қағаздар   нарығы   болуы   мүмкін   емес.

Бағалы  қағаздар нарығының даму деңгейі  көп жағдайда халықтың әлауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі - Қазақстанда бағалы қағаздар на-рығы дамуының басты шарты.

Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы және бағалы қағаздардың өтімдісі қандай? Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағанындай бағалы қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі мемлекеттік қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты:

Біріншіден, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті Қаржы министрлігі;

Екіншіден, Ұлттық банк - оның (Қаржы министрлігінің) қаржы агенті (уәкілі), сонымен бірге мемлекеттік бағалы қағаздардың дилері. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсіру шарттарын анықтаушылар.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері: мемлекеттік қазыналық вексельдер; мемлекеттік қазыналық облигациялар; Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары; жекеменшіктендіру купондары.

Мемлекеттік қазыналык вексельдер мен мемлекеттік қазыналық облигацияларды ішкі мемлекеттік қарыз мөлшерінде мемлекеттік бюджетті қаржыландыру мақсатында Қаржы министрлігі шығарады. Ал қысқа мерзімді ноталарды банк жүйесінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қаржы қорын толтыру мақсатында Ұлттық банк шығарады. Жекеменшіктендіру купондары аукцион арқылы сатылған мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіруге пайдала-нылды, ал оның көптеген мөлшері жеке адамдар қолында осы күнге дейін сақталуда. Кәсіпорындар банкротқа үшырап, жұмыс істемей тұрған қазіргі кезде жекеменшіктендіру ку-пондарының орнына берген акциялар оны иемденушілерге әлі дивиденд (пайда) түсіре койған жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. 2. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы.

 

Бағалы  қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы мақсаты - бағалы қағаздармен келісімге қатысушылардың заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету.

Бағалы  қағаздар нарығында қызмет атқаратын  қаржы ин-ституттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік орган-дарға жүктелген. Республикада ондай органдар болып Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия, Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, Мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және Жекеменшіктендіру жөніндегі Мемлекеттік комитет саналады. Осы бағалы қағаздар нарығын реттейтін мемлекеттік органдардың ең негізгісі - Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құрамы 1995 жылдың қаңтарында анықталып, сол жылғы сәуірдің 21-дегі Ребпублика президентінің "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметі және өкілеттігі бекітілді.

Бағалы  қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия оның төрағасы және төрт комиссия мүшелерінен құрылады. Олар Республика заңдарымен міндеттелген жауапкершілікпен толық өкілеттілікті атқарады. Комиссия төрағасы мен оның мүшелерін Премьер-министрдің ұсынуымен 5 жыл мерзімге республика Президенті бекітеді; Қызметтен де оеы жолмен босатылады. Комиссияның тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін оның атқарушы аппараты құрылған.

Қазіргі кезде республикада бағалы қағаздар нарығының қызметін толық камтамасыз ететін инфрақұрылым құрылып бола койған жоқ. Оның ішінде бағалы қағаздар нарығында кездесетін барлық қатынастарды толығынан реттейтін жеткілікті нормативтік заң актілері жоқ. Сол сияқты бағалы қағаздар нарығында қалыптасып келе жатқан көріністі жеткілікті түрде хабарлайтын ақпарат құралдары аз. Бағалы қағаздар нарығын мемлекетті реттеу ғылымға негізделіп, алдын ала дайындалған қонцепияға жүгінгені дұрыс.

Дүнйежүзілік  тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік  реттеу  екі  түрлі  жолмей  жүргізіледі:   мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен  тікелей араласу, сойымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу. Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:

осы   мәселелер   бойынша   атқарушы   үкімет   органдарының қаулылары мен бұйрықтары; бағалы қағаздар жиытығының жұмысына жаңа ережелер 
енгізетін  немесе  ескілерін  өзгертетін  басқа да  мемлекеттік  органдардың  іс-шаралары.   Негізінен   бұл бағалы   қағаздар  нарығына   қатысушыларға  лицензия беру, бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналуына тірек қою есебімен оны тоқтату, бағалы қағаздарды 
тіркеу және с.с. жұмыстар.

Жанама  араласу тетіктеріне мыналар жатады: несие   үшін   процент   мөлшерін   өзгерту   арқылы   айналымдағы   ақша  массасын  және  несие   көлемін   мемлекеттік бақылау; мемлекеттігі салық саясаты; депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі; қарыз    капиталы    нарығына    мемлекеттің    араласуы (қазыналық облигациялар, вексельдер, орта және ұзақ мерзімді  бағалы  қағаздар,  мемлекеттік  огандардың 
міндеттемелерін және с.с. шығару) арқылы мемлекет 
пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей 
бәсекенің тууы; мемлекеттің   сыртқы   экономикалық   саясаты   (шетел 
валютасы мен алтын операцияларын, экспорт шараларын ынталандыру және с.с. жұмыстарды реттеу); мемлекеттің сыртқы экономикилык іс-шаралары (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу және с.с).

Бағалы  қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы ұйымға (бағалы Қағаздар жөніндегі комиссияға), не қаржы министрлігіне, не Мемлекетгік (орталық) банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ та тиісті заңдарды шығарып, олардын     орындалуын     тексерумен     конгрессте     құрылған. Бағалы қағаздар және қор биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрақтар Қаржы министрлігінде қаралады.

Реттеуші органдар инвесторлардың қаржысын қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады. Олар:

Біріншіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде қызмет істейтін барлық бағалы кағаздар нарығына қатысушы, сонымен қатар, бағалы қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы қажет, яғни олардың көлемді мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн. Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу құқын алады.

Екіншіден, экономиканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен қамтамасыз ету. Ол, әдетте, бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анық та толық хабар беретін комиссия проспектісін шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын ала белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардың арасында орналастырылатын жеке бағалы қағаздар қосылмайды. Одан басқа эмитенттер бұқаралық ақпарат есептеріне үнемі қаржы есебін, фирманың басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.

Үшіншідең, институционалдық органдар бағалы кағаздар нарығын тексеру және ондағы құқық тәртібін сақтау қызметімен де айналысады. Бұл органдардың өкілі заң бұзушылардың кез келгенін тексеріп, кінәлілерге әкімшілік шара қолданып, істерін сотқа беруге құқы бар. Ол үшін оларға үлкен өкілеттік берілген, мысалы, бағалы қағаздарға және ақша қаражатына тыйым салуға қажет. Құжаттарын алуға және с.с. өкілеттіктер.

Осы аталған бағалы қағаздар нарығын  мемлекеттік реттеу тәсілдерімен қатар нарықтың өзін-өзі реттеу іс-шарларының да маңызы зор. Оңың ең бір дамыган формасы -қор биржасы. Ол бағалы қағаздар нарығына бақылау жасаумен қатар оған қатысушылардың іс-әрекеттерін реттейтін біртектес ереже шығарып, оның орындалуын қатаң қадағалап отырады.

Айта  кететін жәйт, қазіргі кезде Қазақстанда екі қор биржасы, яғни Қазақстан банкаралық валюта-қор биржасы және Орталық Азиялық қор биржасы жұмыс істейді. Екі биржада да сату көлемі әзірше төмен жағдайда. Биржадан басқа бағалы қағаздар нарығына белсене араласатын басқа ұйымдар да болады. Оның бірі, инвестициялық бизнеске қатысушы - Кәсіби мамандардың қауымдастығы. Ондай ұйымдар мемлекеттік реттеудің кейбір жетіспеу жағдайлары кезінде құрылып, кейбір ассоциация мүшелерінің кесірінен бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға нұқсан келтірілгенін тексереді. Сонымен, маманданған қауымдастықтың бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет істеуіне бағытталған іс-әрекеттері көп жағдайларда осы тұрғыдағы мемлекет мүддесімен сай келеді.

Бағалы  қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар. Ол жұмыс баға белгілеу үшін және қажетті хабарларды тарататын   компьютерлік   техниканы   қажет   етеді.   Ол   үшін қазіргі уақытқа сай нарыққа әдейі  дайындалған  кәсіби мамандар  қажет.  Олардың  жалпы  экономикалық,  техникалық және   кейбір   күтпеген   жағдайды   шешетін   психологиялық дайындықтары болуы шарт. Сонымен бірге бағалы қағаздар нарығы   кәсіби   мамандарының   тәжірбиесінің   маңызы   мен олардың сезімталдығын (интуиция) да бағаламауға болмайды. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: 1. Брокерлер - делдал  ретінде  келісімге  қатынасатын адамдар. Брокер келісім жасасатын әрбір жақты табыстыруды  көздейді.   Брокер өкіл  емес,  ешбір  жактың шарттық   қатынастарына   қатыспайды,  ол   жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді.  Брокерге әрбір жеке  келісімді  жасасуға  арнаулы  өкілеттік  беріледі. Ол тек сол өкілеттік шегінде әрекет етуге міндетті.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері