Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 10:41, автореферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастардың қазіргі даму жағдайы, өнеркәсіп орындарының көбеюі, халықтың әл ауқатының жақсаруы, қаржы жүйесінің нығайып дамуы, мемлекетаралық экономикалық қатынастардың ұлғаюы елімізде салық жүйесін негізді түрде дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр.
Себебі ғылыми негізделген, шынайы өзгерістерді бейнелейтін әрі жүйелі түрде реттейтін салық жүйесі экономикалық процестерге оң ықпал етіп, жағымсыз жағдайлардың орын алуына жол бермей, қоғамда өркениетті құқықтық қатынастарды нығайта түседі.
Мүлік салығы бойынша түскен түсімдер бойынша жоспардың орындалғанына қарамастан, бюджетке түскен салықтардың жалпы сомасында үлесі болмашы ғана және мемлекеттік бюджетте небәрі 3,6 пайызды ғана (2006 ж) құрайды және зерттелген жылдар аралығында үлес салмағы 1996-1998 жылдар аралығында 3,3-тен 6,8 пайызға дейін жоғарылағанмен, одан кейінгі жылдарда төмендеу үдересі байқалады. Әсіресе, 2005 жылы бұл салықтың бюджеттегі үлесі мүлдем құлдырап, 1,9 пайызға жеткен. Бұл сол жылы Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық ставкаларының 0,1-ден 1 пайыз аралығындағы шкаласы 0,05-тен 0,5 пайызға төмендеуімен түсіндіріледі.
Зерттеу жұмысы жүргізілген Қызылорда облысы бойынша жергілікті бюджетті қалыптастыруда мүлік салығының соңғы бес жылдағы динамикасын төменде берілген 3-сурет арқылы анықтауға болады.
Ескерту – сызба ҚР статистика агенттігінің 2006 жылғы анықтамалық жинағы негізінде жасалған
3 сурет - 2002-2006 жылдардағы Қызылорда облысы жергілікті бюджет
кірістерінің жалпы сомасындағы мүлік салығының үлесі, %
Ал, енді Қызылорда облысы бойынша жергілікті бюджеттің кіріс көзін құрайтын салықтар мен басқа міндетті төлемдердің құрылымын төменде берілген 3-кестенің мәліметтері негізінде талдауға болады.
3-кестеден көріп отырғанымыздай, Қызылорда облысы бюджетінде 2000-2001 жылдары салықтық түсімдер жалпы кірістердің 97,6 пайызын құраған болса, 2002 жылдан бастап оның жергілікті бюджеттегі үлес салмағы жылдан-жылға төмендеу үдерісі байқалады. Оның төмендеуіне республикадағы бюджет жүйесіне енгізілген өзгерістер себеп болды.
Қызылорда облысы бюджетінде негізгі үлес салмақты әлеуметтік салық алып отыр. Мемлекеттік және жергілікті бюджеттің кіріс бөліміндегі мүлік салығы жалпы салықтық түсімдерде болмашы үлесті құрайды, сондықтан еліміздің, сол сияқты облыстың да қаржы кірістерінде мүлде рөл атқармайды десе де болады.
Ал, әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елдерінде мүлік салығы жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің 40 және одан да жоғары үлесін құрайды.
3 кесте - Қызылорда облысы бюджетіндегі салықтар мен басқа да міндетті
төлемдер құрылымы, пайызбен
Көрсеткіштер |
2002 ж |
2003 ж |
2004 ж |
2005 ж |
2006 ж |
Түсімдер – барлығы |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
Салықтық түсімдер, оның ішінде: |
51,2 |
43,2 |
34,5 |
36,1 |
36,9 |
Корпорациялық табыс салығы |
- |
- |
- |
- |
- |
Жеке табыс салығы |
13,4 |
12,8 |
8,8 |
6,4 |
8,6 |
Акциздер |
0,5 |
0,3 |
0,2 |
0,1 |
0,2 |
Әлеуметтік салық |
31,3 |
23,8 |
19,9 |
14,5 |
19,0 |
Жер салығы |
0,6 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
0,4 |
Мүлік салығы |
1,9 |
2,8 |
2,9 |
2,2 |
3,0 |
Көлік құралдарына салынатын салық |
0,7 |
0,6 |
0,5 |
0,5 |
0,6 |
Өзге де салықтар |
2,3 |
2,3 |
1,7 |
11,9 |
5,1 |
Салықтық емес түсімдер |
0,4 |
0,4 |
7,2 |
11,3 |
0,8 |
Капиталмен жасалынған операциялардан түскен табыстар |
0,5 |
0,9 |
0,5 |
0,5 |
2,5 |
Ресми алынған трансферттер |
47,8 |
55,5 |
57,6 |
52,2 |
59,7 |
Ескерту – кесте Қызылорда облысы Салық комитеті мәліметтері негізінде жасалған |
Салық салудың ерекшеліктерінің есебінің негізгі нысандарының бірі, көпшілікке белгілі, салық жеңілдіктері болып табылады. Салық заңдылығына сәйкес салықтық жеңілдіктерді пайдалану нәтижесінде түспей қалған мүлік салығының сомасы 2006 жылы 71,4 млн теңге, бұл есептелген салық сомасының 6,7 пайызы.
Бұл жағдай соңғы жылдары мүлікке салынатын салықтардың ставкаларының екі есе азайтылуымен түсіндіріледі.
Сондықтан бұл салықтар әзірге мүліктік қатынастардың ұтымды реттеушісі ролін атқара алмайды және мүлікті пайдалануды арттырудың пәрменді ынталандыру құралы болып табылмай отыр.
Бірқатар қазақстандық ғалым-экономистердің пікірі бойынша, «Қазақстанда мүлікке салық салудың қазіргі жүйесін жетілдіру үшін жер мен онда орналасқан құрылыстар мен ғимараттарды бағалаудың дамыған елдердегідей бірыңғай жүйесі болуы керек. Сондай–ақ жер учаскесі мен онда орналасқан құрылыстар мен ғимараттар бір–бірімен тығыз байланысты болғандықтан, салық салу мақсатында бұл екі категорияларды біріктіре отырып, салық салу объектісі ретінде жинақталған ұғым – жылжымайтын мүлікті алу керек. Ол бәрінен бұрын, осы саладағы қолданыстағы салықтарды (заңды және жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы және жер салығы) бір салықпен (жылжымайтын мүлікке салынатын салық) ауыстырып, салық салу жүйесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл салықтың болашағының зор екендігін әлемдік тәжірибе де растайды, өйткені «...мүліктік қатынастардың дамуымен өндірістік қызметке салық салудан мүлікке, жылжымайтын меншікке салық салуға көшу үшін алғышарттар шынында да пайда болды». Мұндай ауыстыру жылжымайтын мүлікке салық салудың бірыңғай тәсілінің негізін қалауға, салық салу мақсатында нақты нарықтық құн негізінде мүлікті бағалаудың әрекетті жүйесін құруға мүмкіндік береді».
Біз Қазақстан аумағында
заңды тұлғаға да, сол сияқты жеке
тұлғаға да бірыңғай жылжымайтын
мүлікке салынатын салықты
Жылжымайтын мүлікке салынатын салықты Қазақстанда енгізудің алғышарттары бүгіннің өзінде байқалуда. Олардың негізгілерінің бірі республика аумағындағы барлық заңды және жеке тұлғалардың иелегіндегі заңды түрде тіркелмеген мүліктерді салық салу мақсатында заңдастыру.
Мүлікті жария етудің мақсаты – біріншіден, тиісті тәртіппен рәсімделмеген, екіншіден, жасырын айналымда жүрген жылжитын және жылжымайтын мүліктерді заңды есеп жүйесі мен жаңа экономикалық қатынасқа енгізу. Сонымен қатар жария етушілерді жекелеген бір жақты құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктен босату көзделді. Олар осыған байланысты өздерінің құқықтарын тиісті дәрежеде рәсімдейді. Екінші жағынан, бұл экономиканың тіркелген секторының дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз.
2006 жылдың наурыз айындағы ҚР халқына кезекті Жолдауында Н.Ә.Назарбаев «заңды жария айналымнан шығарылған мүлік пен капиталға рақымшылық жасау мәселесіне шын мәнінде жауапты әрі салмақтылықпен қарайтын уақыт келді. Ашық түрде жүргізілген капитал мен мүлікке рақымшылық жасау Қазақстанның ашық экономикасының маңызды элементтерінің бірі болуы мүмкін. Адамдар бұл процестен қорықпаулары керек. Заңмен қарастырылған барлық кепілдіктер сақталады», - деп ерекше атап өтті.
Қазақстандағы мүлікті жария етуден алдын ала есептеулер бойынша мемлекет бюджеті шамамен 3,8 млрд. теңге алуды жоспарлаған болатын. Ал жарияланған мүліктің алдын ала бағалау құны 100 млрд. теңгені құрауы қажет еді. Ал бұл іс-шараның нақты нәтижесі күтілген көрсеткіштерден әлдеқайда асып түсті. Жария етілген мүліктен салық түрінде мемлекет қазынасына 59 млрд. теңгеден астам қаражат түсті.
Біздің ойымызша, мүлікті жария
етуге рақымшылық жасауды жүзеге
асырудың нәтижесінде республика бойынша
осы уақытқа дейін
Қызылорда облысы бойынша жүргізілген рақымшылық акциясының нәтижесін 4-кестеден көруге болады.
4 кесте – Қызылорда облысында жүргізілген мүлікті жария етуге рақымшылық акциясының нәтижелері
Қала және аудан атауы |
Түскен арыздар саны |
Рақымш. жасалған мүлік саны |
Рақымшылық жасалған мүлік құны (мың тг) |
Бюджетке түскен түсім сомасы (мың тг) |
Арал |
4175 |
3975 |
1048100 |
283,9 |
Қазалы |
3984 |
3547 |
995092 |
953,0 |
Қармақшы |
3540 |
3365 |
1742714 |
184 |
Жалағаш |
2967 |
2917 |
1269325 |
56,5 |
Сырдария |
2095 |
1808 |
713702 |
143,5 |
Шиелі |
6165 |
5920 |
4095005 |
51,5 |
Жаңақорған |
7012 |
6601 |
2834860 |
236,2 |
Қызылорда қ. |
14315 |
9003 |
1811545 |
14458 |
Облыс бойынша: |
44253 |
37136 |
14510343 |
16366,6 |
Ескерту – кесте Қызылорда облысы Қаржы басқармасы мәліметтері негізінде жасалған. |
Сондай-ақ жылжымайтын мүлікке салық салу жүйесін Қазақстанда енгізудің алғышарттарының келесісі ҚР Әділет Министрлігі жанынан «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ЦОН)» ашылуы. Бұл орталықтардың мақсаты халыққа уәкілетті органдармен көрсетілетін қызметтерді «бір терезе» принципі бойынша жүзеге асыру болып табылады. Бүгінгі күні жылжымайтын мүлікке қатысты ақпараттар түрлі уәкілетті органдардан алынатындықтан, оларды «бір терезеге» жинақтау жылжымайтын мүлікке салынатын салықты енгізуді процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Сонымен, қолданыстағы мүлік салықтарын жаңа салықпен ауыстыру жылжымайтын мүлікке салық салудың бірыңғай тәсілінің негізін қалауға, салық салу мақсатында нақты нарықтық құн негізінде мүлікті бағалаудың әрекетті жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Біздің ойымызша, қолданыстағы мүлікке салынатын салықтар жүйесін жергілікті жылжымайтын мүлікке салынатын салықпен алмастырудың бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, бұл салық барынша икемділігі төмен салық базасы бар және жергілікті бюджеттерді айтарлықтай салықтық түсіммен қамтамасыз ете алады. Екіншіден, бұл салықтан түскен түсімнің толығымен жергілікті бюджетте қалуы алынған пайда қағидасына жауап береді. Үшіншіден, бұл салықты әкімшілдендіру мәліметтерді жинау, өңдеу және саралауды қамтиды. Бұл ақпараттардың барлығына жергілікті өзін-өзі басқару органдары әрқашан ала алады.
Сонымен бірге жылжымайтын
мүлікке салық салуға көшу
бұл салықты барынша тиімді
жинауға қажетті бірқатар
Жылжымайтын мүлікке салынатын салық – келешегі зор салықтардың бірі. Оған басқа салықтардан ерекше механизм, соның ішінде салықтың басқадай дара айқындалған объектісі тән. Бірыңғай жылжымайтын мүлікке салық салу жүйесі деп нарықтық құны бойынша бағаланған жер, ғимараттар мен құрылыстардан құралатын жинақталған салық салу объектілерінен тұратын салық түсіндіріледі.
Жылжымайтын мүлікке
салынатын салыққа көшудің
Инвестициялық белсенділікті
көтерудің маңызды
Сонымен қатар, нарықтық құн негізінде салық салу жер ресурстарын барынша тиімді пайдалануға ынталандырады. Жер учаскесін пайдалануға салық ауыртпалығының өсуі оны барынша оңтайлы пайдалануға итермелейді. Нәтижесінде көптеген қалалардың орталығында сақталған ірі өндірістік алаңдар, біртіндеп ығысып коммерциялық жылжымайтын мүліктер (дүкендер, кеңселік орталықтар, қонақ үйлер және т.б.) мен беделді тұрғын үй аудандарына орнын береді.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде,
біз Қазақстан Республикасының
территориясында тіркелген
Жылжымайтын мүлікке салық салуды енгізген жағдайда салық салу базасы болып жеке және заңды тұлғалардың барлық жылжымайтын объектілерінің (түзету коэффициенттерін ескере отырып) нарықтық құндары саналады.
Енді біз Қызылорда қаласындағы «Атамекен» акционерлік қоғамының (ет-шұжық комбинаты) мүлік пен жер салығы және біз ұсынып отырған жылжымайтын мүліктерге салынатын салық бойынша бюджетке түсуге тиісті салық төлемдерінің мөлшерін нақты мәліметтердің негізінде төмендегі 5 және 6 кестелер арқылы салыстырып көрсетейік.
5 кесте – «Атамекен» АҚ бойынша мүлік және жер салықтарының мөлшері (2006 ж.)
Жылмайтын объектілердің атаулары |
Ғимараттардың орташа жылдық құны, теңге |
Мүлік салығы сомасы, теңге |
Жер учаскіс көлемі, м² |
Жер салығы-ның сомасы, теңге |
Жер учаскісі, барлығы |
- |
- |
2896 |
33817,28 |
Әкімшілік-басқару ғимараты |
1179000 |
11790 |
- |
- |
Өндіріс ғимараты |
2238360 |
22383 |
- |
- |
Көмекші цех ғимараты |
550970 |
5509 |
- |
- |
Гараж |
1175842 |
11758 |
- |
- |
Салықтардың жалпы сомасы |
85257,28 | |||
Ескерту – кесте «Атамекен» АҚ мәліметтерінің негізінде жасалынды |