Қазақстан Республикасында мүлікке салық салу: құрылу негіздері және жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 10:41, автореферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастардың қазіргі даму жағдайы, өнеркәсіп орындарының көбеюі, халықтың әл ауқатының жақсаруы, қаржы жүйесінің нығайып дамуы, мемлекетаралық экономикалық қатынастардың ұлғаюы елімізде салық жүйесін негізді түрде дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр.
Себебі ғылыми негізделген, шынайы өзгерістерді бейнелейтін әрі жүйелі түрде реттейтін салық жүйесі экономикалық процестерге оң ықпал етіп, жағымсыз жағдайлардың орын алуына жол бермей, қоғамда өркениетті құқықтық қатынастарды нығайта түседі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Макенова айгуль акимжановна -аза-стан Республикасында м-лікке са.doc

— 343.54 Кб (Скачать документ)

Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы. Диссертациялық зерттеудің жекелеген негізгі теориялық тұжырымдары мен практикалық түйіндері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен республикалық мерзімдік басылым беттерінде баяндалып жарық көрді: «Қазақстанның БСҰ-ға кіруі: жүйелік жағдайларын талдау, оң бағыты мен теріс салдары» (Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, 11-14 мамыр, Алматы, 2004); «Ұлттық экономиканың экономикалық өсуінің қазіргі мәселелері. Жаһандану және модернизациялау жағдайындағы мемлекеттік, аймақтық және салалық аспектілер» (Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды, 2004); «Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар» (Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, 18-20 мамыр, Алматы, 2005); «Бұқаралық коммуникациялар теориясы және қазіргі заманғы технологиялар» (әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, 6-7 желтоқсан, Алматы, 2006);

Зерттеу бойынша  жарияланған еңбектер. Диссертациялық зерттеу жұмысы бойынша жалпы көлемі 3,3 баспа табақ 7 ғылыми мақала ресми басылымдарда жарияланды.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және  қосымшалардан тұрады.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазіргі қаржы-экономикалық қатынастардың қарқынды дамуымен бірге мүлікке салық салудың рөлі мен маңызы өзекті мәселеге айналып отыр. Өйткені меншік қатынастары экономикалық жүйелер қызметінің әлеуметтік-экономикалық негізі екені баршамызға аян.

Ұлттық экономиканың өркендеуімен бірге, соңғы уақытта жер, мүлік, көлік және басқадай мүлік түрлері заңды және жеке тұлғалардың мүлкі ғана болып қана қоймай, сонымен қатар олар кепіл, мұра, сый және салық салу нысанына айналуда.

Біздің ойымызша, алдыменен «мүлік» ұғымын экономикалық категория тұрғысынан, сол сияқты оны салық салу объектісі ретінде анықтап алу қажет.

Мүлікке берілген түрлі анықтамаларға  талдау жасай келе, «мүлік» экономикалық категория тұрғысынан құндық бағасы бар және иелену, пайдалану немесе бір немесе бірнеше субъектінің, оның ішінде мемлекеттің де, билік ету құқығындағы әрі қарай тұтыну үшін адам еңбегімен жасалған материалдық құндылықтар. Оның материалдық құндылықтардың жиынтығынан құралатындығы, не болмаса біртұтас материалдық құндылық екендігі маңызды емес.


Мүлік салықтарының салық салу объектісі ретіндегі мүлікке бір мезгілде мынадай сипаттамаларды қанағаттандыра алатын материалдық құндылықтар жатады, яғни олардың құндық бағасы болуы керек, адамдардың игілігі үшін тұтынылып, бір немесе бірнеше субъектінің иелену, пайдалану немесе билік ету құқығында болуы керек және ұзақ уақыт бойы оны пайдалану табыс әкелетін немесе әкелу ықтималдылығы болуы керек.

«Экономикалық категория ретіндегі мүліктен» «мүлік салықтарының салық салу объектісі ретіндегі мүліктің» ерекшелігі сол, табыс алу үшін тек қана мүліктің өзі ғана емес (яғни оны сатудан – айырбастаудан), сол сияқты оны иелену мен пайдаланудан тікелей табыс алудың көзі ретінде пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ мүлікті тауар деп те тануға болады, яғни ол (экономикалық мағынада) сатуға арналуы мүмкін.

Сонымен, мүлік  салық салу объектісі ретінде екіге бөлінеді: ұзақ уақыт кезеңінде табыс алудың әлеуетті құралы ретіндегі мүлік (тар мағынада) және өткізілетін тауар ретіндегі мүлік.

Бірінші жағдайда мүлікті сатудың нәтижесі табыс салығының салық салу объектісі, ал екінші жағдайда ол мүлікке салынатын салықтың салық салу объектісі болып табылады.

Жалпы, мүліктің жылжитын және жылжымайтын болып  бөлінуі өзінің бастауын римдік құқықтан алады және барлық құқықтық жүйелерде мақұлданған.

Біздің пікірімізше, «жылжымайтын мүлік» ұғымы үш элементтің жиынтығымен сипатталады деп тұжырым жасауға болады:

- жылжымайтын  мүлік – жер учаскесінен бөлінбейтін  адам қолымен жасалған ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық екпелер түріндегі толықтыру-лар;

- жер учаскесі  – табиғи объектілер орналасқан  шектеулі жер беті;

- жылжымайтын мүлікті иелену, пайдалану, билік етумен байланысты заңдық құқықтар жиынтығы.

Біздің ойымызша, ҚР Азаматтық  кодексінің 117-бабындағы «жылжымайтын заттар» ұғымына қатысты анықтаманы сақтап, ал жылжымайтын мүлікті «оларды иелену, пайдалану және билік етуге қатысты заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ мемлекет арасындағы қатынастардың объектілері болып табылатын жылжымайтын дүние-мүлік» ретінде анықтауды ұсынамыз. Аталған анықтама, біздіңше жылжымайтын мүліктің экономикалық мәнін толық ашады деген ойдамыз. 

Әйтсе де, салық салу мақсатында, біздің ойымызша, құқықтық және экономикалық көзқарас тұрғысынан «жылжымайтын мүлік  объектісі» ұғымын пайдаланған жөн болар еді.

Мүлікке салынатын салықтар көптеген мемлекеттерге кеңінен танымал  ескіден келе жатқан дәстүрлі әрі  консервативті салықтар қатарына жатады.


Тарихи тұрғыдан алып қарасақ, мүлікке салынатын салықтар (ең алдымен жер меншігіне қатысты) табыс салықтарының негізін қалады, және өздерінің бастапқы нысанында табыс салықтары жай ғана капиталға салық салудың  жаңа тәсілі (қаржы капиталынан түскен табысқа салынатын салық, көпестерге капиталдың декларацияланған сомасы мөлшерінде салық салу) ретінде көрініс тапты. Алайда, табысқа салық салу неғұрлым қарқынды дамыған сайын, керісінше, мүлікке салынатын салықтардың мәні төмендеп, табыс салығының көлеңкесінде қалды. Дегенмен, біздің ойымызша, мүлік салықтарының салық жүйесіндегі рөлі төмендегеніне қарамастан, жергілікті бюджеттің кіріс көзі ретінде олардан бас тартуға болмайды.

Қазіргі салық заңдылығында кең қолданылатын «мүліктік салықтар»  ұғымы мәні жағынан кешенді болып  табылады. Жалпы ұғым астарында әртүрлі  мүлік түрлеріне қатысты салықтар мен алымдардың бүтін бір тобы  жинақталған. Оларды біріктіретін барынша ортақ белгі болып, біріншіден, олардың барлығы да тікелей салықтар қатарына жатады. Екіншіден, олардың төлеушілері болып мүлікті иеленуші тұлға табылады. Үшіншіден, бұл жерде мүлік табыс көзі ретінде емес, салық салу объектісі ретінде қаралады.

Мүлікке салынатын салықтардың  басқа да тікелей салықтар секілді, кемшіліктері мен артықшылықтары бар.

Қазіргі салық жүйесі мүліктік салықтардың артықшылықтарын  былайша дәлелдейді. Бұл салықтар мемлекетке табыс немесе пайданы тұтынуға салық салуға қарағанда, біршама нақты әрі болжамды табыс әкеледі, сәйкесінше, мемлекет үшін тұрақты және алдын ала болжауға болатын түсім көзі бола алады. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін бағалай және салық сомасын анықтай отырып, мемлекет аталған соманы салық төлеушілер арасында, тиісінше олардың төлем қабілеттілігіне сәйкес бөледі және болжанған табысты алуды көздейді, өйткені салық оны көтере алатын мөлшерде төлей алатын адамдарға салынады.

Егер тұтынуға, табысқа, пайдаға салынатын салықтарды алу өнімді өндіру, оны сату немесе қозғалысы кезінде, яғни әр түрлі уақытта және елдің әр түрлі жерінде болатын сәттерде топтастырылса, оларды есептеу мен бақылау қиын әрі тиісті аппараттың болуын талап етсе, ал мүліктік салықтарды жинау мұндай шығынды талап етпейді.

Әйтсе де, тағы бір ескеретін  нәрсе, тікелей салық салу кезінде  айтарлықтай шығын салық салу объектілерінің өзін есепке алуға кетеді. Мысалы, мүліктік салықтар үшін құрастырылуы айтарлықтай шығынды жұмсалуын  қажет ететін алдын ала кадастрды талап етеді. Сондай-ақ есепке алуға кететін шығындар мұнымен шектелмейді. Салық төлеушілердің төлем қабілеттілігінің барынша әділетті есебі мен бюджетке барынша жеткілікті қаржы алу үшін айтарлықтай жиі түзетулер мен толықтырулар жүргізілуі керек.

Мүлікке салық салу жүйесінің тиімділігі тек фискалдық маңызында ғана емес, әйтсе де айта кету керек, көптеген елдерде (экономикалық дамығандары  да) мүліктік салықтар бюджет кірістерінің ең тұрақты, басқарылатын көздері, жалпы салықтық түсімдердің 9-12 пайызға дейінгісін қамтамасыз етеді.


 

1 кесте - Қызылорда облысы бойынша жергілікті бюджетке мүлік салығынан түскен түсімдер динамикасы

 


 

Көрсеткіштер

 

 

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

Ауытқу, нақты 2006-2002жж.

Нақты түскені,

мың тг

Үлесі, %

Нақты түскені,

мың тг

Үлесі, %

Нақты түскені,

мың тг

Үлесі, %

Нақты түскені,

мың тг

Үлесі, %

Нақты түскені,

мың тг

Үлесі, %

(+,-)

%

Мүлік салығы, барлығы

672510

100

735824

100

773152

100

838122

100

1092008

100

419498

162,4

оның ішінде:

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден

 

651400

 

96,9

 

711435

 

96,7

 

747687

 

96,7

 

812642

 

97

 

1069418

 

98

 

418018

 

164,2

Жеке тұлғалардан

21110

3

24389

3,3

25465

3,3

25480

3

22590

2

1480

107,0

Ескерту – кесте Қызылорда облысы салық комитетінің мәліметтері негізінде жасалынды.




 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің мүлікке (жылжымайтын мүлікке) салық салу жүйесіне талдау жүргізу көрсеткендей,  бұл елдердің басым көпшілігінде жер мен басқадай жылжымайтын мүлікке салық салу мемлекет саясатының әрекетті құралы болып табылады. Сонымен қатар, әлемнің көптеген елдерінде қолданылатын жылжымайтын мүлікке салынатын салық фискалдық, ынталандырушылық және әлеуметтік функцияларды орындау тұрғысынан оң нәтижелерге қол жеткізген.

Қызылорда облысы бойынша жергілікті бюджетке түскен салық төлемдерінің динамикасы көрсеткендей, бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыруда мүлік салықтарының алатын үлес салмағын жыл сайын жоғарылап отырғанын байқаймыз және оның нәтижесі жоғарыдағы 1-кесте арқылы беріліп отыр.

Соңғы жылдарда болжамдық  мәліметтердің артық орындалуы, салық төлеушілердің салық мәдениетінің өсуімен, екіншіден, болжамдаудың қателіктерінен (асыра сілтеу). Біздіңше ойымызша, кейде түсім экономиканың даму ерекшеліктері мен есеп факторларын ескермей болжамдалады, бұл өз кезегінде көтеріңкі, не болмаса төмендетілген болжамға әкеледі.

Қазақстандағы мүлік салығының құрылу механизмін жоғарыдағы 1-сурет арқылы көрсетіп отырмыз.

Бүгінде мүлік салығын  белгілеу мен өндіріп алу тәртібі  ҚР Салық кодексімен анықталады. Оған сәйкес мүлік салығының мөлшері меншік иелерінің қаржы-шаруашылық қызметіне байланыссыз.

Мүлік салығын енгізген уақыттан, яғни 1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін қалыптастырудағы мүлік салығының деңгейін 2-суреттен және 2-кесте мәліметтерінен анық байқауға болады.

Ескерту – сызба ҚР статистика агенттігінің 2006 жылғы анықтамалық  жинағы негізінде жасалған

2 сурет - ҚР мемлекеттік  бюджет кірістерінің жалпы сомасындағы  мүлік салығының үлесі, %

2 кестеден байқағанымыздай, 2006 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің 34,9 пайызын корпорациялық табыс салығы құрап отыр. Содан кейін мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қосылған құн салығы мен әлеуметтік салық құрап отырғанын, ал мүлік салықтары жалпы салықтық түсімдерде болмашы үлесті құрайтындығын байқауға болады.


Бүкіл өндіріс сатысы бойында мүлікке салынатын салықтар өндіріске үлкен ықпал етпейді. Өндіріс шығындарына пропорционалды әсер ететін жанама салықтардан бұл  салықтың ерекшелігі сол, оны шартты-тұрақты деп қарастыруға болады. Оның бұл ерекшелігі өндірістің қарқынды дамуы кезінде өнім құнының автоматты түрде өсуін болдырмайды, бұл өз кезегінде бағаның өсуіне кедергі келтіреді. Бұл жағдай әсіресе, шығындар инфляциясын болдырмайды.

Қазіргі бюджеттік мәселелерді шешу және деңгейаралық бюджеттік қаржылық ағындарды оңтайландыру үшін бюджеттік жүйенің барлық деңгейлеріне салықтардан бөлулер немесе салықтарды бекіту жүйесін жетілдіру қажет. Осы мәселені шешуге мүмкіндік жасайтын, салықтар тізімі белгілі және шектеулі. Басты мақсат – оларды бюджеттік жүйе деңгейлері арасында орынды бөлу.

 

2 кесте - Қазақстан  Республикасы мемлекеттік бюджеттің  жалпы кірісіндегі салықтық және  салықтық емес түсімдердің үлес  салмағы 

 

Көрсеткіштер

2002 ж

2003 ж

2004 ж

2005 ж

2006 ж

Түсімдер – барлығы, о.і., пайыз (%)

100

100

100

100

100

Салықтық түсімдер, о.і:

93,2

94,3

92,2

95,2

91,5

Корпорациялық табыс салығы

27,8

28,8

32,3

41,7

34,9

Жеке табыс салығы

10,3

9,8

8,3

6,1

11,8

Қосылған құн салығы

23,4

24,4

20,5

17,2

15,9

Акциздер

3,4

2,8

2,5

1,7

2,5

Әлеуметтік салық

17,8

16,6

14,2

9,9

12,5

Жер салығы

0,7

0,6

0,5

0,3

0,1

Мүлік салығы

3,2

2,9

2,7

1,9

1,8

Өзге де табыстар

8,3

8,4

11,2

16,4

13,5

Салықтық емес түсімдер

5,6

4,5

6,3

3,1

4,3

Капиталмен жасалынған операциялардан түскен табыстар

1,2

1,2

1,5

1,7

4,2

Ресми алынған трансферттер

0,1

0,0

-

-

-

Негізгі борышты өтеу

1,6

1,7

1,4

-

-

Ескерту – кесте ҚР статистика агенттігінің 2006 жылғы анықтамалық  жинағы негізінде жасалған

Информация о работе Қазақстан Республикасында мүлікке салық салу: құрылу негіздері және жетілдіру жолдары