Қазақстан Республикасы қаржыны мемлекеттік жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2014 в 14:52, курсовая работа

Краткое описание

Бұл жарлықты қабылдау жалпы қаржы жүйесінің, атап айтқанда, өндірісті ынталандыру мен салық салу механизмін халықаралық стан-дарттарға жақындатуға бағытталған салық жүйесін реформалаудың бас-тамасы болды.. Бірақ та жаңа салық жүйесі бюджеттік тараппен қабыс-пайтынын атап өткеніміз жөн. Сондықтан да республиканың жаңа бюджеттік жүйесін жасақтап, оны Салық туралы кодекспен үйлестіру керек болды. Біздің көзқарасымыз-ша, «Бюджет жүйесі туралы» жаңа заң осы міндетті шеше алатын секілді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3-4б.
І. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу................................................5б.
1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің сипаты, сыныптамасы.................5-8б.
1.2. Қаржылық реттеудің түрлері....................................................................8-9б.
1.3. Қаржылық реттеу жөнініде ой-пікірлер.................................................9-10б.
ІІ. Қазақстан Республикасы қаржыны мемлекеттік жетілдіру жолдары......10б.
2.1. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы....................................10-14б.
2.2. Фискалдық саясат нұсқасы....................................................................14-18б.
2.3. Нарықтық тепе-теңдік салық нұсқасы.................................................18-23б.
Қорытынды.........................................................................................................24б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................25б.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаржылық реттеу (1).doc

— 130.50 Кб (Скачать документ)

XX ғасырдың аяғында жаңа теория — тұрақты даму теориясы қалыптасты, онда қазіргі кездегі жағдайлар тұрғысынан ғаламдық экономикалық және қаржылық процестер түсіндіріледі,  күрделі шаруашылық жүйелердің тұрақты эволюциялық дамуы жөнінде ұсыныстар жасалынады.

Тұрақты даму теориясында тұрақты жұмыс істейтін жүйелерді — төменгі шаруашылық жүргізуші субъектіден ұлттық экономика мен бірнеше елдің экономикалық одағына дейінгі жүйелерді дағдарысты құбылысқа алып келетін себептер айшықталады. Бұл теория мына қағидаттарға негізделген.

1. Кез келген ауқымдағы күрделі экономикалық жүйелердің өздігінен дамуының мәнін қамтып көрсететін эволюциялық, қағидаты. Бұл осы теориядағы өзекті қағидат.

2.  Экономикалық мүдделерді үйлестіру қағидаты қалыптасқан тепе-тендікті түрақсыздандыратын сан алуан факторлардың үздіксіз өзара іс-қимылының күрделі жағдайларында өзара іс-әрекет ететін тараптар мүдделерінің балансын сақтауды қажет етеді.

3.  Эволюциялық қағидатының логикалық дамуы мен оны нақтылау ретіндегі ортаралықтандыру қағидаты. "Әртараптандыру"   термині кең мағынада экономикалық жүйенің құрамды бөліктерінің әр алуан түрлерінің, тұрпаттарының жиынтығы, құрылымдық нысандардың әр түрлілігі, функциялық әртараптандыру ретінде пайдаланылады.

4. Экономикалық жүйедегі оның дамуына қарай иерархиялық саралау қағидаты. Орташа деңгейді бөліп көрсетуді қажет етеді.

Бір жағынан, дағдарыстық құбылыстардың терең себептерін және екінші жағынан, өндірістің құлдырауына қарсы іс-әрекет ету механизмдерін анықтау тұрақты дағдарыссыз дамудың негізгі қағидаттарын айырып, ажыратады, оларды қоддану келеңсіз факторлардың әсерін айтарлықтай төмендетуге және тіпті экономикалық жағдайдың жалпы дүниежүзілік нашарлау кездерінде де экономикалық өсуді қолдап отыруға мүмкіндік береді.

2.3. Нарықтық тепе-теңдік  салық нұсқасы.

Салықтар саласындағы фискалдық саясат олардың ықпал етуінің екі бағытын қарастырады: сұранымға (кейнстік үлгі), ұсынымға (ұсыным теориясы).

 Бірінші жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық сұраным артады. Бұл ұлттық өнімнің көлемін және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни инфляцияның қарқыны тездейді.

Екінші жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді, өйткені халықтың табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті инвестициялауы өседі. Қызметкерлердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп, еңбекке деген ынталандырмаларды күшейтеді, мұның өзі өндірістің ұлғаюына жеткізеді, бұл ұлттық өнімнің өсуін, бағалардың төмендеуін білдіреді.

Мұнан басқа "ұсыным экономикасының" теориясы салықтардың аса төмен мөлшерлемелері салықтық түсімдердің сомаларын қысқартуға міндетті еместігін, керісінше, салық базасын кеңейту — ұлттық өндіріс пен табыстың көбеюі есебінен оның өсуіне жеткізетіндігін көрсетеді.

Салықтардың инвсстициялық қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелдемесі ретінде американ оқымыстылары — "ұсыным экономикасының" өкілдері А. Лаффэр және басқалары әзірлеген салық салудың үдемелілігі мен бюджет кірістері арасындағы тәуелділік қызмет атқарады.

Бұл теорияға сәйкес салық мөлшерлемелерінің белгілі бір шекке дейін өсуі салықтық түсімдердің (кірістердің) есуіне мүмкіндік туғызады, одан кейін өсу бәсеңдейді, сонан соң бюджеттің кірістері кенет құлдырайды. Бұдан экономиканы, ең алдымен инвестициялық белсенділікті ынталандырудың міндетін салық ауыртпалығын түбегейлі жеңілдетудің жолдарынан іздестіріп, шешу керек деген жалпы түйін жасалынған. Экономиканың қозғаушы күші, бұл оқымыстылардың пікірлері бойынша,— бұл рыноққа бағытталған экономикалық қарекеттегі шаруашылық агенттерінің ынталылығы. Егер бұл қарекет оларға пайдалы болса, онда ұдайы өндіріс интенсивті қарқындарда жүзеге асырылатын болады. Лаффэрдің ойы бойынша, бюджетке салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың табыстарының бүкіл сомасының 30%-ынан артық алуға болмайды. Егер табыстың 40-50% алынатын болса, онда бұл жинақ ақшаны, сонымен бірге экономиканың жекеше секторындағы инвестицияны да қысқартады.

Американ ғалымдарының пікірлері бойынша, егер салықтардың мөлшерлемесі белгілі бір, айтарлықтай жоғары деңгейге жететін болса, онда өндірісті үлғайтуға, кәсіпкерлік бастамаға арналған ынталандырмалар қысқарады, пайда азаяды және, тиісінше, бюджетке түсетін салық түсімдері төмендейді (19.2 сызбаны қараңыз).

Сөйтіп, қисық сызық салықтар мөлшерлемелерінің шамасы мен олардың есебінен мемлекеттік бюджетке қаражаттардың түсуі арасындағы өзара байланысты қамтып көрсетеді. Салықтың мөлшерлемесі артқан кезде мемлекеттің кірістері салықтар есебінен алғашқыда көбейеді. Егер салық мөлшерлемесі бір шекарадан —Т нүктесінен асып кетсе, онда салық түсімдерінен түсетін кірістер азая бастайды. Жоғары салықтар өндірістің ынталандырмаларын төмендетеді және олардың есебінен мемлексттің кірістерін азайтады және керісінше. Салықтардың төмендеуі мұндай жағдайда мемлекет қаржысының жай-күйін жақсартады.

Лаффэрдің қисық сызығына сәйкес салықтық түсімдер тым жоғары мөлшерлеме кезінде Т нүктесінде және тым төмен мөлшерлеме кезінде Т нүктесінде бірдей болады. Бірақ егер Т нүктесінде салықтардың мөлшерлемесі сұранымды ынталандырмайтын болса, Т' нүктесінде салықтардың мөлшерлемесі өндірісті ұлғайтуды және ұлттық табысты көбейтуді ынталандыра отырып, жұмысқа, жинақ ақшаға және инвестицияларға ынталандырмалар жасайды.

                                      19.2 сызба. Лаффэрдің қисық сызыгы

 

 

 

 

 

Жеке табыс салығын салу, фискалдық мағынасынан басқа, маңызды әлеуметтік функция орындайды — халықтың түрлі әлеуметтік топтарының табыстарын теңестіруді қамтамасыз етеді. Нақ осы функцияны әлеуметтік бағдарламалар бойынша бюджеттік шығыстар да орындайды, соның нәтижесінде табыстары төмен адамдар табыстары жоғарырақ топқа ауысады, сөйтіп әлеуметтік теңсіздік біршама қысқарады.

Бұл жағдаятты Лоренцтің қисық сызығы сипаттайды (19.3 сызба). Деңгейлес білікте (осьте) от басыларының пайызы, ал сатыласта табыс пайызы салынған. Биссектриса сызбада табыстардағы абсолюттік теңдікті, Лоренцтің сызығы теңсіздікті, бірақ қисық сызық 1 салықты төлегенге дейінгіні, қисық сызық 2 оларды төлегеннен кейінгіні, ал қисық сызық 3 мемлекеттік бюджеттен төленетін трансферттік төлеуден кейінгіні қамтып көрсетеді. Г нүктесі абсолюттік теңсіздіктің жағдаятын білдіреді. Сызбаның штрихталынған бөлігі салықтарды төлегеннен кейінгі табыстардың және мемлекеттік бюджеттен төленетін трансферттік төлемдердің теңсіздік дәрежесін қамтып көрсетеді.

Мөлшерлемелердің шамасымен және тиісінше салықтық алымдардың шамасымен байланысты болатын салықтық реттеудің маңызды аспектісі ішкі қорланымдарды "ұстаудың" және шетелдік инвестицияларды тартудың мүмкіндігі болып табылады. Жоғары салықтар капиталдарды қолданудан алынатын табыстарға салықтардың аз мөлшерлемелерімен салық салынуы мүмкін, неғүрлым жайлы салық климаты бар елдерге "капиталдардың безінуін" тудырады.

                                          19.3 сызба.

              

 

Бұл факторға сондай-ақ салық салу деңгейі төмен немесе тіпті ол болмайтын "оффшорлық аймақтардың" бар болуы жағдай жасайды. Басқа жағынан, жоғары салық мөлшерлемелері елге шетелдік капиталдың дендеп енуіне кедергі жасайды, мұның өзі ішкі қорланымдардың жетіспеуі кезінде экономиканың дамуын тежейді.

Сондықтан салықтық реттеу бұл факторларды ескеруі және экономикалық қарым-қатынаста (байланыста) болатын елдердің салықтық шарттарын теңестіруге жәрдемдесуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Қаржылық шараларды реттеу барысында экономикалық экономикалық  саясатты  жүргізуді кейнсиандық нұсқа деп атау басымдылықпен қабылданған.

Мемлекеттік қаражаттарды реттеу , бөлу мен пайдалану тиімділігін көтеру мақсатында бюджеттік процесті жетілдіру жөнінен бірқатар шаралар жүргізілетін болады. Атап айтқанда, стратегиялық жоспарлар мен бюджеттің бірлігі жасалынады, мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың бағдарламалық әдісі ендіріледі, бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар саны қысқартылды, республикалық және жергілікті бюджеттер  арасындағы өзара қатынастар түзетілді, есептеу-кассалық қызмет көрсету, бюджеттік қаражаттардың жұмсалуын реттеу әдістері жетілдірілді.

Қаржылық тепе-теңдік пен  мемлекеттік бюджетті құру кезінде қаржылық реттеудің еліміздегі әлеуметтік-экономикалық дамуының өрістеуіне, өндірістің жандануы мен  озық  шаруашылық шешімдерді атқаруға белсенді түрде әсер етуі қамтамасыз етілуі тиіс.

Қаржылық реттеудіңнегігі маңыздылығы: мемлекеттік қарыз беруді реттеу және еліміздің несиелік тұғырын жеткілікті түрде қабылдауға мүмкіндік  жасайды.  

Қаржы саясатындағы ең басты мәселе – қалайда әр аймақ өз шығынын өз табысымен жауып, республикалық бюджеттен алып отырған жәрдемақы қаржының басын босатып, оны жалпы елімізді дамытуға бағытталған шаруаларға жұмсау екені баршамызға мәлім. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Казақстан  Республикасыеың Конститутциясы.- Алматы: Қазақстан, 2000.-96 бет.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің  және Қазақстан  Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.
  3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы  туралы. (Салық кодексі).- Алматы: ЮРИСТ, 2002.-230 бет.
  4. Әмірқанов Р.Ә., Төреғұлова АҚ. Қаржы менежменті. Оқу құралы, - Алматы; 1999.-188 бет.
  5. Әубәкіров Я.А., Нарыбаев Н.К Экономикалық  ілімдер тарихы. Оқу құралы.- Алматы,1977.
  6. Қажамқұлов Т. Саяси экономия негіздері. (оқулық) Алматы. Қайнар, 1991.
  7. Құлыпбаев С. Және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы.- Алматы: Мерей, 2001.- 176 бет.
  8. Қлиясов Қ.Қ., Құлыпбаев С. Оқулық. – Алматы;2003.- 448 бет.
  9. Куликов А. Экономикалық теория негіздері. – Шымкент: 1994.
  10. Қалдыбаев О. Нарықтық экономикалық анықтамалығы.- Алматы: «Бастау», 1993
  11. Медешев Б. Нарықтық экономика теориясына кіріспе.-Алматы: «Экономика», 1995
  12. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері.  Алматы- 2002
  13. Радоставец В.К. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы.2003
  14. Сахариев С.С. Сахариева А.С. Жаңа кезең – экономикалық теоричсы. (оқулық) Алматы.  «Дәнекер» 2004
  15.   Сейтқасымов Ғ.С. Ақша несие банктер Алматы Экономика 2001
  16.   Тасмағанбетов Т.А., Омаров А.Ш., Әлібекова Қаржы есебі. Алматы: - Дәуір, 1998.

      1.7. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория Алматы – Ақтөбе - 2002

 


 



Информация о работе Қазақстан Республикасы қаржыны мемлекеттік жетілдіру жолдары