Қазақстан Республикасы қаржыны мемлекеттік жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2014 в 14:52, курсовая работа

Краткое описание

Бұл жарлықты қабылдау жалпы қаржы жүйесінің, атап айтқанда, өндірісті ынталандыру мен салық салу механизмін халықаралық стан-дарттарға жақындатуға бағытталған салық жүйесін реформалаудың бас-тамасы болды.. Бірақ та жаңа салық жүйесі бюджеттік тараппен қабыс-пайтынын атап өткеніміз жөн. Сондықтан да республиканың жаңа бюджеттік жүйесін жасақтап, оны Салық туралы кодекспен үйлестіру керек болды. Біздің көзқарасымыз-ша, «Бюджет жүйесі туралы» жаңа заң осы міндетті шеше алатын секілді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3-4б.
І. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу................................................5б.
1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің сипаты, сыныптамасы.................5-8б.
1.2. Қаржылық реттеудің түрлері....................................................................8-9б.
1.3. Қаржылық реттеу жөнініде ой-пікірлер.................................................9-10б.
ІІ. Қазақстан Республикасы қаржыны мемлекеттік жетілдіру жолдары......10б.
2.1. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы....................................10-14б.
2.2. Фискалдық саясат нұсқасы....................................................................14-18б.
2.3. Нарықтық тепе-теңдік салық нұсқасы.................................................18-23б.
Қорытынды.........................................................................................................24б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................25б.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаржылық реттеу (1).doc

— 130.50 Кб (Скачать документ)

Ағылшын ғалым-экономисі Альфред Маршалл (1842-1924 жж.) өзінің "Саяси экономия приінциптері" (1890 ж.) деген еңбегінде "саяси экономия" термині "экономикалык теормя" ұғымымен пара-парлығын айтты. "Саяси экоиомня, -деп жазды ол. — "ол-аукаттылыктың материалдық негізін кұру және қолданумен өте тығыз байлаиысты саласы болып табылады.

 Бұл накты шыңдык жиынтығы емес, тек накты шындықты ашу үшін құрал-сайман ғана". Содан бері 100 жылдан астам уакыт өтті және экономикалық ғылым жаңа зерттеулермен толыктырылады. Осы зерттеулер дамыған елдерге кең тараған және "Экономикс" (авторлары П.Самуэльсон, Кэмпбелл Р. Макконелл, Стэнли  Л.Брю және басқалары) типтес оқулықтарда баянлалды.

 

 

 

 

 

ІІ. Қазақстан Республикасы қаржыны мемлекеттік жетілдіру жолдары.

2.1. Макроэкономикалық тепе-теңдік  және қаржы.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді қажет етеді: сұраным мен ұсыным; тауар және ақша массасы; жинақ ақша мен инвестициялар; инфляция және жұмыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржы ресурстары және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері; мемлекеттік бюджеттің кірістері мсн шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшсрі және оны жабудың көздері; төлем балансының активі мен пассиві. Аталған арақатынастардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңсіздікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларында тепе-теңдікті тудыратыны анық.

Қаржы теориясында мемлекет қаржыларының ұлттық өнім мөлшерімен өлшенетін өндіріске әсерін түсіндіру үшін "мулътипликатор" ұғымы пайдаланылады.

Мультипликатордың тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымын екі әдіспен анықтаудан барып шығады:

1)  шығыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға қажетті экономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша;

2) кірістер (немесе бөліс) бойынша, яғни субъектілердің өнім өндіруден алатын табыстары тұрғысынан.

Тепе-тенді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімдердің осы өзгерісін тудырған бастапқы өзгерістен ауытқудың арақатынасын шығыстардың мультипликаторы, ал салық төлемдеріндегі өзгерістің тепе-теңді ішкі ұлттық өнімнің одан туындайтын өзгерісіне қатынасын салықтардың мулътитикаторы деп атайды.

Бірінші критерий бойынша ЖҰӨ-нің (GNР) құны мына формула бойынша қалыптасады:

 

ЖҰӨ (GNP) = С+Іg +G+Хn

Мұндағы: С - үй шаруашылығының немесе елдің бүкіл халқының тұтыну шығыстарының көлемі;

Ig — жалпы жекеше ішкі инвестициялар;

G — тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік көтере сатып алу (өндірісті арттыратын трансферттік төлемдерді шығара отырып);

Хn — таза экспорт, яғни экспорт көлемінің импорттан асып түсуі.

Барлық кірістердің сомасы бойынша ЖҰӨ-ні өлшеу мына элементтерді жиынтықтау арқылы жасалады:

1)   тұтынылған капиталдың көлемі (амортизация);

2)   бизнеске салынатын жанама  салықтар;

3)   жалдамалы қызметкерлердің  жалақысы;

4)   ренталық төлемдер;

5) пайыз (ақшалай капиталдың жеткізушілеріне  жекеше бизнестің ақшалай табысын  төлеу);

6)   меншіктен (жеке жұмсалымдардан) түсетін кірістер;

7) корпорациялардың пайдасы (бұл пайдаға салынатын салық, дивидендтер, бөлінбеген пайда).

Бұдан әрі, жалпы ұлттық өнімнен ЖҰӨ мен капиталды тұтынуға аударылатын аударымдар, яғни амортизациялык, аударымдар арасындағы айырма ретіндегі таза ұлттық өнім (ТҰӨ) бөліп шығарылады.

Инфляцияны немесе дефляцияны (бағалардың төмендеуі) ескере отырып түзетілген ЖҰӨ көрсеткіші нақты ЖҰӨ деп аталады.

Мультипликатор іс-әрекетінің негіздемесі "үнемдеуге шекті бейімділік" — МРS және "тұтынуға шекті бейімділік"— МРS ұғымдарымен анықталады. Бірінші жағдайда бұл үнемдеулердегі өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы, екіншісінде — тұтынуға өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы. Осыны негіздей отырып, мультипликатордың сандық мәнін мына ара салмақпен білдіруге болады.

                                                                                                                                                                                                                     

                                                me =

Мультипликатордың құбылысы ұлттық өндірістің нақтылы көлемі мен жұмыстылықты өзгерту, инфляцияның үстінен бақылау және экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің шығыстарымен және салықтармен саналы айла-шарғы жасау болып табылатын дискредициялық фискалдық саясатты жүргізген кезде пайдаланылады.

Салықтар тұтыну мен үнемдеудің көлемін төмендетуге және тепе-теңді ТҰӨ-нің мөлшерін азайтуға жеткізетін кірістердің қысқаруын тудырады. Өнімнің көлеміне (салықпен бірге) үнемдеу мен импорт осыған ұқсас әрекет етеді.

Салықтардың төмендеуі жиынтық шығыстардың графигінің ауысуын және ТҰӨ-нің еселенген артуын тудырады. Шығыстар мультипликаторының іс-әрскетіне қарама-қарсы салық мулътипликаторының іс-әрекеті осылайша көрінеді.

Салық мультипликаторының маңызды сипаттамасы оның кірістердің тұтыну компонентіне тәуелділігі болып табылады, яғни ол мынаған тең:

                                                        

                                                     M1 = ТхМРС,

Мұндағы: Т — салықтық төлемдердің мөлшері.

Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы мемлекет шығыстарының мультипликаторынан аз болады (МРС пен МРS-тің осы мелшерлері кезінде). Демек, мемлекеттің шығыстарындағы өзгерістер осындай мөлшердеп салықтардың өзгерістеріне қарағанда жиынтық шығыстарға күштірек ықпал жасайды. Кірістер мен шығыстар мультипликаторларының бұл қасиеттері мемлекеттің шығыстары мен салық салудың тең артуы сол мөлшерге тепе-теңді ТҰӨ-нің өсуіне жеткізетін теңдестірілген бюджет мультипликаторының феноменін тудырады. Мысалы, егер Т мен G әрқайсысы 10 млрд. теңгеге көбейтетін болса, онда ТҰӨ-нің 10 млрд. теңгеге көбейтетінін күтуге болады. Сонымен, тендестірілген бюджеттің мультипликаторы мынадай өлшемге тең болады:

m в  = m e + m 1= 1

Мұндағы:    m в — теңдестірілген бюджеттің мультипликаторы;

me – шығыстардың мультипликаторы;

m 1— салықтардың мультипликаторы.

 

2.2. Фискалдық саясаттың нүсқалары

Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты — бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай — күйі де осын-дай төртіппен реттеледі.

Мультипликаторлардың іс-әрекеттерінің жоғарыда баяндалған мүмкіндіктері ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдың саясаттық нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды қарастырады:

1)  мемлекет шығыстарының кебеюі;

2)   салықтардың төмендеуі;

3)  млекеттің шығыстары артуының  үлкен нәтижесін ескере отырып  фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.

Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.

Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:

1)  мемлекет шығыстарының азаюы;

2)  салықтардың кебеюі;

3) бұл бағыттардың үйлесуі.

Дискредициялық емес фискалдық саясат акцентті нарықтық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы процестеріне аз араласуын қажет етеді.

Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктерме тұрақтандырғыштардың (кіріктірме тұрақтылық) механизмі негізінде іс-әрекет етеді. Бұл жағдайда экономикалық циклдің түрлі фазаларында салық алынымдарының сомасы ұлттық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық өсуді тежейді; құлдырау кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің азаюын жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді. 19.1 сызбада мемлекеттің шығыстары мөлшерінің (G сызығы) тұрақтылық жағдайы кезіндегі бұл өзгерістер (Т сызығы) көрсетілген.

 

 

Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады, бұл инфляцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары деңгейі инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталандыратын бюджет тапшылыгы біртіндеп өсе бастайды.

Практикада тепе-теңдік үлгілерінде қаралған тәуелділіктер қосымша факторлардың әсерін бастан кешіреді:

1)  фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы (уақыттың кешеуілдеуі);

2)  ығыстыру әсерінің іс-әрекеті, бұл ақша рыногында пайыздық мөлшерлемелердің өсуімен байланысты үкімет шығыстарының көбеюі кезінде жекеше инвестициялар элементтерінің қысқаруында көрінеді;

3) сұранымды ынталандыру жиынтық ұсынымға әсер етеді, бұл бағалардың инфляциялық көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық шығыстардың көбею әсерін төмендетеді;

4) ашық экономикада ұлттық өндіріс жиынтық шығыстардың элементі ретінде таза экспорттың мөлшерін өзгертетін валюта бағамдары өзгерістерінің ықпалын басынан кешіреді.

Сондықтан ынталандырушы фискалдық саясаттың шаралары жоғарыда айтылған факторлардың іс-әрекетінен әлсіреуі мүмкін. Сөйтіп, кейнсшілдік тауарлар мен қызметтер көрсетуге болатын сұранымды экономиканы реттеудің негіз қалаушы факторы ретінде бөліп көрсетеді: мемлекет жиынтық сұранымды ынталандыруға мүмкіндік туғызады, ресурстардың қамтылу деңгейінің артуына ықпал етеді, мемлекет көтере сатып алудың көлемін кеңейтеді, кредиттің құнын реттейді. Кейнс шаралары салықтарды төмендетуді, шығыстарды көбейтуді, инвестицияларды ынталандыруды (пайыз мөлшерлемелерін төмендетудің көмегімен) қажет етеді.

Монетаризмнің кейнс және неокейнс теорияларынан айырмашылығы ол ақша айналысын экономикалық процестерді реттеудің басты құралы деп мойындайды. Сонымен қатар рыноктар-бәсекелестер макроэкономикалық тұрақтылықтың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді деп болжанады. Экономиканың жұмыс істеуіне мемлекеттің араласуын азайту жөнінде курс жүргізіледі.

 Ақша экономикалық процестерді жанама реттеудің шешуші факторы ретінде қаралады. Айырбастың МхҮ = Рх<Q тендеуіне салынған қағидат пайдаланылады. Тендеудің сол жақ бөлігінде сатып алушылардың өндірілген игіліктердің көлемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың жалпы саны көрсетіледі, ал оң жағындағы бөлігінде бұл көлемді сатушылардың түсім-ақшасы көрсетіледі.

Монетаристердің түрақтандыру бағдарламалары мыналарды қамтиды:

1) бюджет тапшылығын қысқарту (мемлекеттік инвестицияларды, әлеуметтік шығыстарды, субсидияларды секвестрлеу, мемлекеттік сектордың қызметтер көрсетуінің бағасын арттыру, салықтарды көбейту);

2) тұтыну сұранымын қусыруға бағытталған жалақының өсуін шектеу;

3) шектеулі кредит-ақша саясаты, ақша эмиссиясына және Орталық банктегі мемлекеттік қарыздарға лимит енгізу, банк пайызының мөлшерлемесін кебейту;

4) бағаға және экспорт-импорт  операцияларына бақылауды әлсірету, экономиканың экспорттық секторына  ресурстардың қайта құйылымын көтермелеу;

5) төлем балансын сауықтыру үшін ұлттық ақша бірлігін девальвациялау;

Бірақ бұл үшін мына шарттарды орындау қажет:

1)  ақша массасына бағалардың  жоғары икемділігі;

2) дүниежүзілік бағалардың қозғалысына  ішкі бағалардың жеткілікті икемділігі;

3) бағалардың қозғалысына тауарларды  өндірудің (ұсынудың) жоғары икемділігі.

4)экономикалық ресурстардың едәуір өзара алмасушылығы (ұсынымның өзгергіштігімен байланысты).

Стагфляцияны жеңу үшін ұсыным экономикасы теориясының жақтаушылары ұсынған шаралар жарамды. Түжырымдаманың мәнісі — өндіріс шығындарын төмендету жөніндегі қаржы және ақша саясаты шараларының кешені есебінен ұсынымға нысаналы ықпал ету, бұл рынок субъектілерінің инфляциялық болжамдарын төмендетуге жеткізеді. Ұсынымды ынталандыру жөніндегі шаралар мыналарды қамтиды:

1) өндіріс шығындарына қосылатын  салықтарды қысқарту;

2) еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығындарды тежеу (еңбек өнімділігінің өсу қарқынын оған ақы төлеудің өсу қарқынынан озық жүруі);

3) өндіріс ауқымын арттыру жөніндегі ұйымдық-техникалық сипаттағы шаралар (жабдықтың тиелімін, оның жұмысының ауысымдылығын арттыру, бос тұрып қалуларды азайту, өндірістің ырғақтылығына жету);

4) өндірісті техникалық жағынан жетілдіру женіндегі инновациялық бағдарламаларды енгізу.

Бұл бағытта зандылыққа сәйкес Филлипс ауытқымасы бойынша анықталғандай тұрақтандыруға және инфляцияны төмендетуге жұмыссыздықтың өсуі есебінен жетуте болмайды. 

Информация о работе Қазақстан Республикасы қаржыны мемлекеттік жетілдіру жолдары