Қазақстан Республикасы қаржыны мемлекеттік жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2014 в 14:52, курсовая работа

Краткое описание

Бұл жарлықты қабылдау жалпы қаржы жүйесінің, атап айтқанда, өндірісті ынталандыру мен салық салу механизмін халықаралық стан-дарттарға жақындатуға бағытталған салық жүйесін реформалаудың бас-тамасы болды.. Бірақ та жаңа салық жүйесі бюджеттік тараппен қабыс-пайтынын атап өткеніміз жөн. Сондықтан да республиканың жаңа бюджеттік жүйесін жасақтап, оны Салық туралы кодекспен үйлестіру керек болды. Біздің көзқарасымыз-ша, «Бюджет жүйесі туралы» жаңа заң осы міндетті шеше алатын секілді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3-4б.
І. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу................................................5б.
1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің сипаты, сыныптамасы.................5-8б.
1.2. Қаржылық реттеудің түрлері....................................................................8-9б.
1.3. Қаржылық реттеу жөнініде ой-пікірлер.................................................9-10б.
ІІ. Қазақстан Республикасы қаржыны мемлекеттік жетілдіру жолдары......10б.
2.1. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы....................................10-14б.
2.2. Фискалдық саясат нұсқасы....................................................................14-18б.
2.3. Нарықтық тепе-теңдік салық нұсқасы.................................................18-23б.
Қорытынды.........................................................................................................24б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................25б.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаржылық реттеу (1).doc

— 130.50 Кб (Скачать документ)

Жоспар.

 

 

Кіріспе................................................................................................................3-4б.

І. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу................................................5б.

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің сипаты, сыныптамасы.................5-8б.

1.2. Қаржылық реттеудің түрлері....................................................................8-9б.

1.3. Қаржылық реттеу жөнініде  ой-пікірлер.................................................9-10б.

ІІ. Қазақстан Республикасы қаржыны мемлекеттік жетілдіру жолдары......10б.

2.1. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы....................................10-14б.

2.2. Фискалдық саясат нұсқасы....................................................................14-18б.

2.3. Нарықтық тепе-теңдік салық  нұсқасы.................................................18-23б.

Қорытынды.........................................................................................................24б.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................25б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Республикамызда қаржы жүйесін реформалау 1995 жылдың 1 - шілдесіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшіне енген «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» жарлығына сәйкес жаңа салық жүйесін жасақтау мен енгізуден басталды.

Бұл жарлықты қабылдау жалпы қаржы жүйесінің, атап айтқанда, өндірісті ынталандыру мен салық салу механизмін халықаралық стан-дарттарға жақындатуға бағытталған салық жүйесін реформалаудың бас-тамасы болды.. Бірақ та жаңа салық жүйесі бюджеттік тараппен қабыс-пайтынын атап өткеніміз жөн. Сондықтан да республиканың жаңа бюджеттік жүйесін жасақтап, оны Салық туралы кодекспен үйлестіру керек болды. Біздің көзқарасымыз-ша, «Бюджет жүйесі туралы» жаңа заң осы міндетті шеше алатын секілді.

Нарыққа көшу жағдайында мемлекеттің каржы ресурстарын кешенді түрде реттеу негізгі мәселе болып табылады. Алғаш рет «Бюджет жүйесі туралы.».Заңда мемлекеттің қаржы ресурстарын реттеудегі негізгі ережелер қарастырылған. Заң түрінде мемлекеттің үйлестірілген қаржылық тепе-теңдігінің рөлі мен мәні анықталынған. Ол жалпы мүғдарда мемлекеттің барлық қаржы ресурстарын көрсететін және ескеретін әлеуметтік-эко-номикалық даму бағдарламасының ақшалық жай-күйін білдіреді.

 Бюджет осы бағдарламаны  адрестік, аймақтық және салалық тарапта нақтылай түседі. Бұл құжаттар бір-бірімен өзара байланыста, бір-бірін толықтырады. Және де экономиканы басқарудағы орталықтандырылған бастаманың рөлі төмендей, ал аймақтар мен тауар өндірушілердің дербестігі артқан сайын бюджет пен қаржылық тепе-теңдік арасындағы байланыс нығыздала түседі.

Қаржылық тепе-теңдік пен мемлекеттік бюджетті құру кезінде қар-жылық реттеудің еліміздегі әлеуметтік-экономикалық дамудың өрістеуіне, өндірістің жандануы мен озық шаруашылық шешімдерді атқаруға белсенді түрде әсер етуі қамтамасыз етілуі тиіс. Қорытындылы қаржылық реттеу бір мезгілде халык, шаруашылығында материалдық және қаржылық көрсеткіштердің үндестігін қалыптастыратын іс қимылды құрал болып табылады, сөйтіп экономика дамының тепе-теңділігіне, экономикалық болжамдардың дәлелдігіне жетуге септігін тигізеді.

Кез-келген экономикалық дамудың әлеуметтік және экономикалық , кешенді нақты бағдарламасы, ғылыми жорамалы керекті қаржы ресурстары мен оларды түзілдіретін көздерді реттеумен бекімделуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу.

1.1 Экономиканы мемлекеттік  реттеудің сипаттамас мен сыныптамасы.

Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу ке(з келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді.

Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.

Экономиканы мемлекеттік қаржылык, реттеу бұл макроэкономикалық тепе-тендікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

 Мына бастапқы негіздемелер  мемлекеттік қаржылық реттеуді  жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:

1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс-қимылын есепке алу.

2.  Қоғамның барлық, мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас,ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.

3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық, жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.

4. Шаруашылық қызметте қылықтың  нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде  жақсы жолға қойылған заңнамалық, жүйенің болуы.

Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді. 

Сонымен бірге қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мәселелер шешіледі:

- материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ресурстарының жалпы деңгейін реттеу;

- өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;

- кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;

- кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;

- кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкіөндірістік арақатысын реттеу;

- ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және инновациялық процестерді реттеп отыру.

 Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады. 

Нәтижелікке, яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай шарттарға мыналар жатады:

а)  экономиканы құрылымдық жағынан қайта қуру;

ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық, процестер мен құрылымдарды монополиясыздандыру;

б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, зандағы ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту.

в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын ынтымақтастықты дамыту жөніндсгі экономикалық одаққа бірігетін бірнешс елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өңдірістер, аумақтар арасында өндірістік өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік құқықтарының және т.б.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.

Әдетте реттеу процесі объективті жәнс субъективті факторлардың, экономиканың жұмыс істеу шарттарының сан алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеудің жүйесін межелеудің типтерге, түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.

Реттеудің екі типі бар: ол экономикалық, (оның: қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік реттеу.

1.2. Қаржылық реттеудің  түрлері.

 

Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық, ішіндегі (фирма ішіндегі, кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.б.) реттеуді қамтиды.

Қаржылық реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға  болады: мысалы, бюджетте — қаржыландыру (субвенциялар,     субсидиялар, трансферттер), салықта—тура және жанама салык, салу, валюта-қаржыда—сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар — қаржылық реттеудің негізгі нысандары.

Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады.

Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практика мынадай реттеуіштерді (әдістерді) жасады: салық салуда — салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванс төлемі және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде — шығыстарды нормалау, қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджст артығыы пайдалану; амортизацияның нормалары, кәсіпорындардың, фирмалардың қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері, әлуметтік қамсыздандырдың нормативтері және басқалары.

 Бұл реттеушілер ақша (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі, валюталық бағам), кредит (кредит үшін сыйақылар (мүдделер), есеп мөлшерлемесі мен ұлттық банктердің резервтік талаптары, ашық рыноктағы ұлттық банк операцияларының ауқымы), баға (реттемелі бағалардың деңгейі, еркін және тіркелген бағалардың арақатынасы, рентабелділіліктің шекті деңгейі) реттеуіштерімен толықтырылады.

Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды орын беріледі. Салықпен реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділіктегі ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегімен рентабелділіктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақша қорланымдарының көлемі реттеліп отырады. Бұған жоғарыда айтылған салық салудағы әдістер арқылы қол жетеді.

Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен қаржыландыруды пайдалану тиімділігінң дәрежесі болып табылады.

Валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады: валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері, халықаралық төлем қаражаттары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың сан алуан әдістері.

Реттеудің ішкішаруашылықтық түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп, қаражаттарды нормалау әдістері, қаржы қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері және оларды пайдалану қолданылады. Сонымен бірге экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды. Ол, әдетте, өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді.

 

 1.3. Қаржылық реттеу жөнініде ой-пікірлер.

Экономика туралы К. Маркс айтқан болатын: «...экономикалық формаларға анализ беруге микроскопты да, не химиялық реактивті де пайдалануға болмайды. Кез-келген процесті зерттеуде жалпы экономикалық теория  логикикалық пен тарихи тұрғыдан қараудың бірлігі әдісін қолданады. Осы ағым үшін капиталисік коғамның дамуы мен түрінің өзгеруіне арналған зерттеулер сипаты тән. Т.Вебленнің ізбасарларына "индусртиалды қоғам" теориясын жасаған америкаи ғалым-экономисі Дж.Гэлбрейтгі (1908 ж.) және "конвергенция" (латынның convergere - жақындасу, ұқсайтын деген сөзі) теориясын жасаған голланд ғалым-экономисі Ян Тинбергенді жаткызамыз. Американ ғалым-экономисі Пол Самуэльсонның (1915 ж.) айтуынша, бұл   теорияларда "аралас экономиканың" тұп-тұлғасы карастырылған.                                                                                                                                                                                                                                                                           Экономмкалык ғылым үш ғасыр бойы (ХҮІІ-ХІХ ғ.ғ.) саяси экономия ретінде дамыды.

Экономикалык теория аныктамасында таптык көзісарастық басымдылығын дәлелдей отырып, К.Маркс оны кеңінен қолдануды ұсынды. Осы ұғымды алғашқы рет француз-жазушысы әрі король Людвиг ХПІ-тің сарай кызметкері Антуан Монкретьен өзінің экономикалық ілімінің айналымына енгізіп, ол "Саяси  экономия трактаты" атты кітабын 1615 жылы жазған болатын.

Информация о работе Қазақстан Республикасы қаржыны мемлекеттік жетілдіру жолдары